Мүсіндеудің мақсаты



бет3/3
Дата04.07.2018
өлшемі475 Kb.
#46463
1   2   3
Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Күз сыйлығы» Мақсаты: Білімділік: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту. Тұзды қамырмен мүсіндеу әдістерін пысықтау қол қимылын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тұзды қамырды еркін қолдану арқылы көкөніс-жемістердің мүсінін жасауды үйрету.

Көрнекілігі: Күзгі бақ көрінісі. Күз және жеміс-көкөніс суреттерімен муляждар.

Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: алма-яблоко, қияр-огурец.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялау



- Балалар, бізде бүгін ерекше күн.

- Біз оқыту іс-әрекетімізді шаттық шеңберінен бастайық.

Ия балалар, әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық.
-деп оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Бүгін аптаның нешінші күні?

Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Айларын атаңдар.

Күз мезгілі екенін қалай білеміз?
-Дұрыс айттыңдар.

-Балалар, біз күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?

Қанекей кім айтады?

-Ғажайып сәт:

Көңілді әуенмен, күз кіреді.
Сары жібек көйлегімді

желбіретіп,

Жапырағын ағаштың

селбіретіп.

Тойға бөлеп елімді

«Күз» боп келдім

Нұр тамшысын аспанның

мөлдіретіп.


Балалар, біз де күзге тақпақ айтып берейік.
-Рахмет балалар!

- Мен сендерге ойын алып келдім.


- Жарайсыңдар балалар!

Дәмін татып қай жеміс екенін тез және тура таптыңдар.


Сергіту жаттығуы.

Ойын: «Ғажайып қоржын».

мақсаты: қоржыннан алған жеміс-көкөністерді атау.


Алма – домалақ, түсі қызыл, сары, жасыл, дәмі тәтті.

Қияр – сопақша, түсі жасыл.

Сәбіз – түсі қызыл-сары, өте дәмді.

Анар – домалақ, дәмі қышқыл-тәтті.

Барлық көкөніс пен жемістер дәруменге бай.

Алма мен қиярдың мүсінін жасалу тәсілін балаларға көрсетіп,оларды екі орталыққа бөлу:

I – Жемістер орталығы.

мақсаты: алманың мүсінін алақан арасында тұзды қамырды есіп жасау.
II – Көкөністер орталығы.

мақсаты: қиярдың мүсінін алақан арасында тұзды қамырдан жасау.


Қонаққа кім келді?

Қандай жеміс пен көкөністің мүсінін жасадық?

Ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінберілген тақырыпта сұрақ-жауап арқылы қортындылау, балаларды мақтау.


Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал қанекей бәріміз!

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме Апайлар!!!

Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша!

Балалар сұрақтарға толық және нақты жауап береді.


Ағаштардан сары, қызыл, қоңыр жапырақтар ұшып жерге түседі.

Ауа-райы суық болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жылы киінеміз


Жантөре:

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.
Аружан:

Түсіп жатыр аулада

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келді ма?

Сарғайыпты жапырақ.

Жомарт күз

Жемісті мол теретін

«Күз» дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен «Күз» деген!
Ойын: «Дәміне қарай тап!»

Орнымыздан тұрамыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз.

Сәбіз, қияр тереміз,

Бәрін себетке саламыз,

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.


Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.

Алма,қияр,сәбіз, анар.


«Шебер қолдар» тақырыбында балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.


Күз келді!

Алма, қияр.


Балалар өзінің іс-әрекетін әңгімелейді, мүсіндеген жұмысына баға береді.



Күтілетін нәтиже :

Білуі немесе хабардар болуы: Күз мезгілінде барлық жеміс, көкөністер пісіп, жиын-терім болатынын түсіне білді.

Қалыптасқан әдет: Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық танытады.

Істей біледі: Балалар өз бетімен іс-әрекет жасап, алма мен қиярдың мүсінін жасауды меңгере білді.

Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 18.09.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Добым, добым дөңгелек, Тоқтамайсың дөңгелеп»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Достастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әр түрлі, әр түсті доптар.

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, сүлгі.
Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Доп-мяч

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш: 06-04-«Б» №18

Балалар сендер кілемінің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі, дөп - дөңгелек доптар күтіп тұр. Сендермен ойнағымыз келеді дейді. Ал сендердің доппен ойнағыларың келеме?

Олай болса ең алдымен, топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.

- олай болса, топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады?

- Доптар сондай жеңіл олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін. Сол үшін сендер оларға топтың ішінде қалай ойнау керек екендігін үйретіңдер.



Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

  • Балалар ия жақсы көреміз.

Балалар доптарды көріп, ойнағылары келетіндерін айтады.

Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін? (допты тым биікке лақтырсақ, жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін)


(бір - бірімізге дөңгелетіп, еденге соғып немес бір - біріміздің қолымызға лақтырамыз т. б.)


Балалар жауабы


Доппен ойнай отырып, олардың дөңгелек, жұмыр екендігін анықтайды

Іздену барлау

Енді доптарымыз біраз демалсын, кілемнің үстінде қалдырайық та үстелімізге келіп отырайықшы.
- Балалар доп қандай болады екен? (Добымызға қарап,

«Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» деп айтсақ болама?


Біздің тобымызда бұлардан басқа қандай доптар бар? Және ойнаған доптарымыз кішкентай болған. Ал мұналар қандай? (үлкен) Демек доптар үлкен, кішкентай пішінде бола береді екен.

Мен сендерге бүгін тұзды қамыр арқылы доп жасауды үйреткім келеді. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп болғанын қалайсыңдар ма?


Олай болса мұқият болайық. Бізге ол үшін қандай құралдар қажет екен?(өзім жасау жолдарын көрсетемін)
1. Доптың көлемі мен түсін анықтаймыз. Сол доптың түсіне сәйкес тұзды қамырда таңдаймыз.
2. Тұзды қамырды жұмсартамыз
3. Екі алақанымыздың ортасына тұзды қамырды салып дөңгелетеміз
4. балаларға ауада осы іс - әрекеттерді орындатамын
5. Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін)

дөңгелек, дөңгелегенді ұнатады

Доп туралы 2 шумақты қайталап айтады


Үстел үстіндегі заттарды атайды. (тұзды қамырды, тақтайша, сүлгі)
Мұқият тыңдайды
Ауада қайталайды
өз еріктерімен допты мүсіндеді

Рефлексивті – қорытындылау

Сонымен барлығымыз тұзды қамыр арқылы не жасап алдық?

Допты жасаған сендерге оңай тиді ме? Ендеше кімнің добы әдемі болғандығын жәнеде ата - аналарымызға көрсету үшін көрмеге орналастырайық.


Үйге барған соң да осылайша тұзды қамыр арқылы доп жасап алуларыңа болады.
(доппен еркін ойнауға рұқсат беріледі)
Балалар жауабы

Доп жасадық

Ия. Доп жасаған оңай екен.

Көрмеге жұмыстарын орналастырып, ең әдемі допты таңдайды



Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі. Істей біледі: Мүсіндей алады

Тексерді: _______

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 2.10.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Жүзік»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға зергерлік өнер туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сөздік қорларын бейнелі дұрыс жеткізе білу іскерліктерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрлерін және үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зергерлік бұйымдар, алқа, білезік, жүзік

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: Зергер, шебер.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Жүзік-кольцо.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш: 06-04-«Б» №18

Балалар, жылдың неше мезгілі бар? Аптаның неше күні бар?

Балалар, біздер өткен іс-әрекетімізде нені мүсіндедік? Қане, бәріміз есімізге түсірейік. Нені мүсіндедік? Ал енді бүгін біздер жүзікті мүсіндейік және оны бояумен бояйық. Сонда мүсіндеген жүзігімізді әжемізге сыйлаймыз. Ал, мына жерде зергерлер бұйымы көп екен,сендер нені көріп тұрсыңдар? Бұны кімдер тағады?

Бұл жерді не деп атаймыз?

Дүкендегі заттарды кімдер сатады?

Балалар, сендерге не ұнады?




Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

Жылда 4 мезгіл бар.

Аптада 7 күн бар.

Доптың бейнесін.

Алқа, білезік, сырға, сақина өте көп екен.

Әжелер, тәтелер, апалар, тағады

Зергерлік дүкені деп атаймыз. Сатушы сатады. Ал,біздер сатып алушылармыз.

Жүзіктің ұнағанын айтады.



Іздену барлау

Алдымен, сендер қалай жасалу жолдарын түсініп алыңдар, әуелі қамырымызды жақсылап араластырып оны тұзға былғаймыз, сонда тұзға былғанған қамырымыз дайын болады. Енді одан жүзікті мүсіндейік, алақанымызды арасына салып жұмсартып алып, оны ұзынша етіп аламыз. Соны екі саусағымыздың ұшымен екеуін біріктіреміз. Сонда жүзігімізді мүсіндедік. Енді өзіміздің қалаған бояуымызбен бояймыз. Боямас бұрын қылқаламның ұшымен жұқалап бояймыз. Боялған соң қылқаламның ұшын жуып қоямыз, ал қолымызды шүберекпен сүртеміз.

Сергіту сәті:

Балалар тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.

Тәрбиешіге қарап жүзікті мүсіндеуге кіріседі.

Оңға-оңға түзеу тұр Солға-солға түзеу тұр, Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.



Рефлексивті – қорытындылау

Балалар, біздер не жасадық, зергерлер, шеберлер деген кімдер?

Олар не жасайды? Зергерлік бұйымдар сендерге ұнай ма? Ойын : «Сақина» ойынымен аяқтау.



Жүзік жасадық.

Зергелік бұйымдар жасайды.




Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі. Істей біледі: Мүсіндей алады

Тексерді: ______

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 16.10.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Алтын балық»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға балық туралы жан-жақты түсінік беру, тіршілік ортасымен таныстыру, алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін жалғастыру.

Дамытушылық: Мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру, бірнеше бөліктен тұратын заттарды бір-біріне біріктіруді дамыту.

Тәрбиелік: Саусақ ептілігімен пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Балықтардың суреттері, аквариум.

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: алтын балық, балдыр, жүзу, аквариум, ұлу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Балық – рыба.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш:

Жұмбақ жасыру:



Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не?
- Балалар, дұрыс шештіңдер. Бүгінгі мүсіндеу ерекше болмақ. Өйткені біз жай балық емес, ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз. Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық.
- Балықтың аттарын білесіңдер ме?
- Балықтар қайда тіршілік етеді?


Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.


Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!

Ол- балық.



Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі:
Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс, дем алады. Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі.

Іздену барлау

1.Балықтың денесін жасау үшін тұзды қамырды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру.
2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау.
3.Қанатын есу.
4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды
5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын, құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу.
Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза, ұқыпты орындауға қадағалау.)
Тосын сый:
6.Осы кезде өзен, су тасқыны естіледі. Су перісінің қызы кіреді.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, мен су перісінің қызымын, суда ғана өмір сүремін. Мен сендердің балықты мүсіндеп жатқандарыңды көріп, еңбектеріңе риза болып, аквариум ала келдім, өйткені балық суда ғана тіршілік етеді.
Тәрбиеші: - Рақмет, сізге су перісі!
Біз жай балықты емес, тілегімізді орындайтын балықты мүсіндедік аквариумыңызға рақмет! Сергіту сәті:


Тұп-тұнық мөлдір суда
Балық жүзіп жүр екен
Біресе керіледі, біресе жиырылады
Біресе құмға тығылады.

Рефлексивті – қорытындылау

Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру.
- Балалар ақ тілектеріңді айтып, балықтарыңды мына аквариумға жібере қойыңдар.
- Жұлдыз, сен қандай тілек айтасың?
Су перісі балалардың жұмыстарына баға береді.
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды




Балалар мүсіндеген балықтарын көрмеге қояды.
- Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін.т.с.с.



Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі. Істей біледі: Мүсіндей алады

Толтырған: Тексерді: _____


ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 13.11.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Үйрек»

Мақсаты: 1. Білімділік: Тұзды қамырмен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету. Қиялдарын дамыту. Үйректі мүсіндей алуға үйрету. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Үйректің суреті, мүсіні. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, үй құсы. Қос тілділік компоненті : Мүсіндеу – лепить, үйрек – утка.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш «Біз бақытты балдырған» 06-04-«Б».№21
Ғажайып сәті: Есік тарсылы естіледі.

Топқа, қолында тұзды қамыры бар қуыршақ Еркежан келеді.

Еркежан: Балалар менің қолымдағы не нәрсе? Мұны жеуге бола ма?


Қане, қане тұрамыз. Үлкен шеңбер құрамыз. Біз бақытты балдырған Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз. Тату-тәтті боламыз.
Балалар қызығушылық танытады.

Балалар, оның тұзды қамыр екенін айтады.

Тұзды қамырды жеуге болмайды.


Іздену - барлау

Тұзды қамырмен не істеуге болады?
Сендер маған мүсін жасауды үйретесіңдер ме?
Тәрбиеші: Еркежан, сен балалардың қасына отыр. Мен сендерді тұзды қамырдың қасиеттерімен таныстырамын.

Тұзды қамырды алақанның ортасына салып есуге, илеуге, үзіп алып, мүсіндер жасауға болады. Ол жұмсақ болады. Тұзды қамырды ауызға салуға болмайды.

Жұмыс соңында қолдарыңды сүлгімен сүрту керек.

Тұзды қамырды таратып береді. Үйректі көрсетіп, мүсіндеулерін сұрайды.

Балалар сендер не жасайсыңдар?
Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1


Тұзды қамырмен мүсіндер жасауға болады.

Жарайды, бізбен бірге отыр, біз саған мүсін жасауды үйретеміз.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Мен, Еркежанға үйрек жасауды үйретемін. Мен, Еркежанға мүсіндеуге көмектесемін. Балалар ермексаздан үйректі жасауға кіріседі.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.


Рефлексивті - қорытындылау

Еркежан, балалардан не жасағандарын сұрайды.
Рахмет сендерге балалар, енді мен ермексаздың не үшін керек екенін білетін боламын. Сау болыңдар - деп кетеді.

Балалар өздерінің мүсіндерін Еркежанға беріп, мен, үйрек жасадым.


Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады. Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады. Істей біледі: Мүсіндей алады. Толтырған: Тексерді: ______________

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 21.11.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Торғай»

Мақсаты: 1. Білімділік: Тұзды қамырмен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету. Есу, үзу арқылы торғайды мүсіндей алуға үйрету. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Торғайдың суреті. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, қиял, ойлау. Қос тілділік компоненті : Мүсіндеу – лепить. Торғай-птица.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш 06-04 «Б»№28

Ғажайып сәті: Есік тарсылы естіледі.

Топқа, қолында тұзды қамыры бар қуыршақ Еркежан келеді.

Еркежан: Балалар менің қолымдағы не нәрсе? Мұны жеуге бола ма?


Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қолдаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз!
Балалар қызығушылық танытады.

Балалар, оның ермексаз екенін айтады.

Тұзды қамырды жеуге болмайды.


Іздену - барлау

Тұзды қамырмен не істеуге болады?
Сендер маған мүсін жасауды үйретесіңдер ме?
Тәрбиеші: Еркежан, сен балалардың қасына отыр. Мен сендерді тұзды қамырдың қасиеттерімен таныстырамын.

Тұзды қамырды алақанның ортасына салып есуге, илеуге, үзіп алып, мүсіндер жасауға болады. Ол жұмсақ болады. Тұзды қамырды ауызға салуға болмайды.

Жұмыс соңында қолдарыңды сүлгімен сүрту керек.

Ермексазды таратып береді.




  • Балалар, осы тұзды қамырмен біз бүгін торғайды жасап үйренеміз.

  • Сендер торғай туралы қандай тақпақ білесіңдер?


Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1

Тұзды қамырмен мүсіндер жасауға болады.

Жарайды, бізбен бірге отыр, біз саған мүсін жасауды үйретеміз.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Торғай, торғай тоқылдақ. Жерден бидай шоқып алып, Бөтекесі бүлкілдеп, Отыр талда шықылдап.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.


Рефлексивті - қорытындылау

Еркежан, балалардан не жасағандарын сұрайды.

Рахмет сендерге балалар, енді мен тұзды қамырдың не үшін керек екенін білетін боламын. Сау болыңдар - деп кетеді.



Балалар өздерінің мүсіндерін Еркежанға беріп, мен, торғай жасадым - деп өз жасаған мүсіндерінің аттарын айтады.

Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады.

Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады.

Істей біледі: Мүсіндей алады. Толтырған:

Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 11.12.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу «Қозы»

Мақсаты: 1. Білімділік: Үй жануарлары жайлы білімдерін кеңейту. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Үй жануарларының суреті. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, қиял, ойлау. Қос тілділік компоненті: Қозы-ягненок.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш 06-04 «Б»№28

Ғажайып сәті: Есік тарсылы естіледі.

Топқа, қуыршақ Айгерім кіреді.



  • Сәлеметсіңдерме балалар?

  • Сендерді аналарың қалай еркелетеді?




Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қолдаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз!
Балалар қызығушылық танытады.


  • Сәлеметсізбе!

  • Мені, анам құлыным- деп еркелетеді.

  • Мені,ботам –деп еркелетеді.




Іздену - барлау




  • Көрдіңдер ме, балалар! Сендерді аналарың төрт түлік малдың атымен еркелетеді екен.

  • Тағы қандай үй жануарларының атарымен еркелетеді?

«Төлін тап» д.о


Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Моп-момақан –өзі, сүп-сүйкімді –көзі, ол кім?


  • Олай болса біз сендермен қозының мүсінін жасайық.


Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1

-Ботам, қозым, лағым, құлыншағым.

Балалар суретке қарап үй жануарларының төлдерін айтады.


  • Балалар, «қозы» екенін айтады.

Балалар тұзды қамырмен мүсінді жасауға кіріседі.


Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.



Рефлексивті - қорытындылау

Айгерім, балалардан не жасағандарын сұрайды.

Жұмыс соңында «өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастыру.

Рахмет сендерге балалар, енді мен үй жануарлары туралы, олардың төлдері туралы көп нәрсе білетін болдым. Сау болыңдар - деп кетеді.


Балалар өздерінің мүсіндерін Айгерімге беріп, мен, қозы жасадым - деп өз жасаған мүсіндерінің аттарын айтады.

Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады.

Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады.

Істей біледі: Мүсіндей алады. Толтырған:

Тексерді:
ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 19.02.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Машина»

Мақсаты: 1. Білімділік: Көліктер жайлы білімдерін кеңейту. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  одан  әрі дамыту.                                               

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Көліктердің суреті. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, қиял, ойлау. Қос тілділік компоненті: Көлік-транспорт.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш 06-04 «Б»№43



Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Сіздерге сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Әдептен біз озбаймыз,

Жадымызда ұстаймыз.

Жол тәртібін уйреніп,

Аман-есен журеміз.



Іздену - барлау

«Көліктер аялдамасы» ойыны. Ойын шарты: балалар үстел үстінен қалаған көлік түрін таңдап алады да, әр қайсысы өзінің тоқтайтын аялдамасын тауып ажырату.

Тәрбиеші: Балалар  сендерге тапсырма: Сен көліктің қандай түрін таңдадың, қандай аялдамаға тоқтадың? Неліктен? Барлығың бірігіп, ойланып, пікірлесіп жауап беріңдер.

 
II. Мағынаны тану:

1.Тәрбиеші: Балалар  Ас атасы не?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Нанның дастарқанға үлкен еңбектің арқасында келетінін бұрыннан білесіңдер. Қане, есімізге түсірейікші.

Тәрбиеші: Өздеріңнің аналарыңның күнде дайындап жүрген нан  ашытқысын білгілерің келе ме? Олай болса, маған назар аударыңдар, мен қамырды қалай   дайындайтынын көрсетемін. Алдымен табақшамызға қажетті мөлшерде ұн салып аламыз да, жылы суға аз мөлшерде ашытқы саламыз, дәмді болуы үшін оған кішкене шекер,тұз, жұмыртқа қосып араластырып, оны табақшадағы ұнға құйып қамыр илейміз де, кішкене уақыт көтерілуге қоямыз,одан соң көтерілген қамырымызды арнайы пешке қойып,нанды пісіреміз. Бұрын мүсіндеу сабағында ермексазды пайдалансақ, бүгін ермексаз орнына тұзды қамырды пайдаланамыз. Бүгінгі жасайтын жұмысымыз тұзды қамырдан машина кесіп дайындау.

Алдымен ыдысқа 250-300 гр. Бидай ұнын салып, оған 150 гр.тұз, 3 ас қасық май, 240 гр. су қосып қамыр илеп,дайындап қойдым. Біз бүгін осы алдымыздағы дайын тұзды қамырды оқтаумен, қалыңдығы 0,5см етіп жаямыз да,оның бетіне кескішпен қалаған машина суретін салып кесеміз Ал, енді жұмысқа кірісейік.
2.Сергіту сәті: «Көліктер-2» мультфильмін тамашалау.  



Біз тікұшақты таңдадық.

Біз тік ұшақты таңдаған себебіміз…. Ол әуе жолдарымен ұшады.


Балалардың жауабы: Ас атасы-нан.

 

Балалардың жауабы: Көктемде егінші  жер жыртып, дән себеді. Оны жаздай баптап күтеді.Күзде комбайынмен орады.т.с.с әңгімелейді.



Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдап отырады.

Балалар алжапқыштарын киіп, жұмыстарына кіріседі де, аяқтаған жұмысты пешке қойып кептіре береді. Дайын болғанша, бой сергітіп, мультфильм көреді.




Рефлексивті - қорытындылау

«Ой толғаныс»

 

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын талдап, сабаққа жақсы  қатынасқандарын  мадақтап, балаларға белгі таратылып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



 


Балалар: Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Айтамыз бізге келген қонақтарға

Сақтаңыздар жол жүру ережесін.




Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады.

Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады.

Істей біледі: Мүсіндей алады. Толтырған:

Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 5.02.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: 1. Білімділік: Көліктер жайлы білімдерін кеңейту. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  одан  әрі дамыту.                                               

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Көліктердің суреті. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, қиял, ойлау. Қос тілділік компоненті: Көлік-транспорт. Ұшақ-самалет

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш 06-04 «Б»№43



Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Сіздерге сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Әдептен біз озбаймыз,

Жадымызда ұстаймыз.

Жол тәртібін уйреніп,

Аман-есен журеміз.



Іздену - барлау

«Көліктер аялдамасы» ойыны. Ойын шарты: балалар үстел үстінен қалаған көлік түрін таңдап алады да, әр қайсысы өзінің тоқтайтын аялдамасын тауып ажырату.

Тәрбиеші: Балалар  сендерге тапсырма: Сен көліктің қандай түрін таңдадың, қандай аялдамаға тоқтадың? Неліктен? Барлығың бірігіп, ойланып, пікірлесіп жауап беріңдер.

 
II. Мағынаны тану:

1.Тәрбиеші: Балалар  Ас атасы не?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Нанның дастарқанға үлкен еңбектің арқасында келетінін бұрыннан білесіңдер. Қане, есімізге түсірейікші.

Тәрбиеші: Өздеріңнің аналарыңның күнде дайындап жүрген нан  ашытқысын білгілерің келе ме? Олай болса, маған назар аударыңдар, мен қамырды қалай   дайындайтынын көрсетемін. Алдымен табақшамызға қажетті мөлшерде ұн салып аламыз да, жылы суға аз мөлшерде ашытқы саламыз, дәмді болуы үшін оған кішкене шекер,тұз, жұмыртқа қосып араластырып, оны табақшадағы ұнға құйып қамыр илейміз де, кішкене уақыт көтерілуге қоямыз,одан соң көтерілген қамырымызды арнайы пешке қойып,нанды пісіреміз. Бұрын мүсіндеу сабағында ермексазды пайдалансақ, бүгін ермексаз орнына тұзды қамырды пайдаланамыз. Бүгінгі жасайтын жұмысымыз тұзды қамырдан ұшақ кесіп дайындау.

Алдымен ыдысқа 250-300 гр. Бидай ұнын салып, оған 150 гр.тұз, 3 ас қасық май, 240 гр. су қосып қамыр илеп,дайындап қойдым. Біз бүгін осы алдымыздағы дайын тұзды қамырды оқтаумен, қалыңдығы 0,5см етіп жаямыз да,оның бетіне кескішпен қалаған машина суретін салып кесеміз Ал, енді жұмысқа кірісейік.
2.Сергіту сәті: «Көліктер-2» мультфильмін тамашалау.  



Біз тікұшақты таңдадық.

Біз тік ұшақты таңдаған себебіміз…. Ол әуе жолдарымен ұшады.


Балалардың жауабы: Ас атасы-нан.

 

Балалардың жауабы: Көктемде егінші  жер жыртып, дән себеді. Оны жаздай баптап күтеді.Күзде комбайынмен орады.т.с.с әңгімелейді.



Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдап отырады.

Балалар алжапқыштарын киіп, жұмыстарына кіріседі де, аяқтаған жұмысты пешке қойып кептіре береді. Дайын болғанша, бой сергітіп, мультфильм көреді.




Рефлексивті - қорытындылау

«Ой толғаныс»

 

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын талдап, сабаққа жақсы  қатынасқандарын  мадақтап, балаларға белгі таратылып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



 


Балалар: Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Айтамыз бізге келген қонақтарға

Сақтаңыздар жол жүру ережесін.




Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады.

Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады.

Істей біледі: Мүсіндей алады. Толтырған:

Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 19.03.2014. Білім беру салалары: « Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған моншақтар»

Мақсаты:

1.Білімділік: Әшекей бұйымдары жайлы білім беру.

2.Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту, тізбектей алуға

үйрету.



3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Көрнекілік: Моншақтардың суреттері.

Сөздік жұмысы: әшекей.

Қостілділік компоненті: моншақ –бусы.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Ш.ш «Жақсы сөздер» 06-04-«Б».№5

Балаларды ұйымдастыру.


Есік тарсылы естіледі.

Тәрбиеші: Балалар бұл кім болды екен?

Балалардың назарын есікке аударады.

Топқа хат келеді.

Хатта, бүгін қонжықтың туған күні екені жазылады.

Тәрбиеші: Балалар біз қонжықтың туған күніне сыйлық апарсақ қайтеді?

Тәрбиеші: Қонжыққа арнап моншақ жасауларын ұсынады.


Балалар шеңбер бойымен тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар дыбысты естіп, тыңдайды.
Балалар қандай сыйлық жасайтындарын айтады.

Балалар келіседі.



Іздену- барлау

Қауіпсіздік ережесімен таныстырады.

Тұзды қамырмен жұмыс жасағаннан кейін қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпауларын естеріне салады.


Тұзды қамыр таратылып беріледі.
Қозғалмалы ойын: «Моншақ»


Балалар тыңдайды.

Балалар тұзды қамырды екі алақанның ортасына салып, есу арқылы домалақтап моншақтарды жасайды.


Балалар ойынға қызыға қатысады.



Рефлексивті – қорытындылау

Жасаған моншақтарын қонжыққа апарып береді.

Қонжық балаларға рахмет айтады.



Балаларды шеңберге тұрғызып өз ойларымен бөлісу.


Күтілетін нәтиже

Білуі не хабардар болуы: Тұзды қамырдан моншақ жасауға үйренеді, оны түрлі-түсті бояулармен бояйды. Қалыптасқан әдет: Тұзды қамырмен жұмыс жасай біледі. Істей біледі: Екі алақанмен тұзды қамырды есе алады.

Толтырған:

Тексерді: ______________


ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 19.05.2014. Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Үлкен және кіші саңырауқұлақтар»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Тұзды қамырмен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету. Көкөністер жайлы білімдерін кеңейту.

  2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Саңырауқұлақтың суреті, муляжы.

Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша.

Сөздік жұмыс: Көкөніс, дәрумен, салат.

Қос тілділік компоненті : саңырауқұлақ-грибы

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш «Жақсы сөздер» 06-04-«Б»№5

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар. Қазір жылдың қай мезгілі?


Көктем екенін қайдан білдіңдер?

Балалар, бізге біреу келе жатқан сияқты. Кім екен?



Қазір жылдың көктем мезгілі.


Далада ауа-райы салқын.

Талға жапырақтар шыға бастады.


Балалар қызығушылық танытады.

Іздену - барлау

Қызықтыру сәті:

-Балалар бізге қонаққа кірпі келіпті, арқасында саңырауқұлағы бар екен.

-Кірпі сен бұларды қайдан алдың?

Кірпі: Мен орманда келе жатсам, талдың түбінде бір саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Соны үзіп алдым.

Кірпі: Жылап, мені үйде балаларым тосып отыр,мен оларға көп саңырауқұлақтар алып келемін деп едім, орманда бір ғана саңырауқұлақ қалыпты, қалғандарын басқа кірпілер жинап әкетіпті. Енді не істесем болады?

Тәрбиеші: балаларды тұзды қамырдың қасиеттерімен таныстырады, оларды үзуге, есуге болатыны жайлы айтады. Қауіпсіздік ережесін естеріне салады.

Жұмыс соңында қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпау керектігі жайлы айтады.

Балаларға тұзды қамыр таратылып беріледі.




Сергіту сәті:

Балалар кірпіні көріп қуанады.


Кірпіден саңырауқұлақты қайдан алғанын сұрайды?

Балалар кірпіге көмектесетіндерін айтады.

Біз саған тұзды қамырдан көп саңырауқұлақтар жасап береміз, сен жылама.

Тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.

Тұзды қамырдың қасиеттерімен танысады.
Тұзды қамырдан үлгіге қарап саңырауқұлақтарды мүсіндеуге кіріседі.

Кірпі, кірпі, кірпі

Үстің толған ине

Бірін берсең шіркін.

Тігер едім түйме.


Рефлексивті - қорытындылау

Кірпі: Балаларға ризашылығын білдіреді.

Рахмет, сендерге балалар, сендер өте мейірімді екенсіңдер. Енді мен саңырауқұлақтарымды алып өзімнің балаларыма барайын. Сау болыңдар.



Балалар жасаған игі істеріне қуанады.

Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Көктем мезгілі жайлы білімдерін кеңейтеді. дұрыс жұмыс жасай білуге үйренеді.

Қалыптасқан әдет: Тәрбиеші сұрағына жауап береді. Жемістердің аттарын айтады.

Істей біледі: Тұзды қамырмен жұмыс жасай алады.

Толтырған:

Тексерді: ______________


ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 14.04.2014. Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Адам бейнесі»

Мақсаты:

  1. Білімділік: «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру.Туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.Адам бейнесін бейнелей алуға үйрету, саусақ маторикаларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Адамгершілікке , өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Үнтаспа, ойыншық жүрекше, суреттер.

Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша.

Сөздік жұмыс: адамгершілік, мейірімділік, ізгі сөздер.

Қос тілділік компоненті: Туыстар-родня.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Шаттық шеңбері: 06-04-«Б».№4

Сәлеметсіндер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік. Енді бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық.



Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел,балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік!


Сен әдептісің.

Сен мейірімдісің.

Сен қамқорсың.

Сен ақкөңілсің.

Сен шыншылсың.


Іздену - барлау

Әңгіме құрастыру: «Өзіммен-өзім»

Туыс деп кімді айтамыз?



Бес саусақ:

Ойы «Дүкен»

Балалар сендерді дүкенге шақырамын. Бұл жай дүкен емес,сиқырлы дүкен.Әр қайсылырың, осы дүкенннен өз жақындарыңмен туыстарыңа бір нәрсе сатып алып,она не үшін алғандарың жайлы айтып бересіңдер.


Ғажайып сөздер:
Енді балалар біз тұзды қамырдан адам бейнесін жасауды үйренейік.
Сергіту сәті:



Бас бармағым-атам,

үйдің данасы.

Балаң үйрек-әжем ошақ анасы,

Ортаң терек-әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек-шешем,шаңырақ ажары.

Титтай бөбек-мен, бәрінің базары.
Мысалы: Мен сіңіліме жүрекше сатып алдым, себебі ол мейірімді болса екен деймін

Туыстарыммызды сыйлаймыз,

Туыстарымызбен татумыз.

Балалар тұзды қамырды алып адам бейнесін жасауға кіріседі.


Бас, иық, тізе, саусақ.

Бас,иық,тізе,саусақ.

Саусақ,саусақ,саусақ.(саусақ пен тарсылдату)
Бас, иық, тізе, саусақ.

Бас, иық, тізе, саусақ.

Көз, мұрын, көз, мұрын,

Құлақ, ерін, құлақ,ерін. (жылдамдатып тез-тез қайталату)



Рефлексивті

қорытындылау

Қорытындылау:

Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұқтақтары тәрізді екен. Барлығымыздың да туған туыстарымыз бар. Бүгін туыстармен қалай қатынас жасау керектігін үйрендік.



Мен туыстарыма денсаулық тілеймін,

Менің туыстарым көңілді жүрсе екен деймін.

Мен туыстарыма ашық аспан тілеймін!


Күтілетін нәтижесі:

Білуі немесе хабардар болуы: «Туыстары» жайлы түсініктерін кеңейту. «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсінеді. Тұзды қамырдан бейне жасай алуға үйренеді.

Қалыптасқан әдет: Тыңдай біледі, әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді, өзіне баға бере білуі.

Істей білуі: Тыңдайды, әңгімелейді, бейне жасайды.

Толтырған:

Тексерді: ______________
ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 8.01.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Мен, менің достарым жануарларым» Мақсаты: 1. Білімділік: Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы) туралы әңгімелеу. 2. Дамытушылық: Туған өлкенің жануарларын қорғау. Сөздік қорларын молайту. Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Жануарларды қамқорлыққа алу сезімдерін тәрбиелеу. Көрнекілік: Жануарлардың суреттері, муляждары.

Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мейірімділік. Қостілділік компоненті: Жануарлар –животные.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы


06-04-«Б». №22 «Әдепті сөздер»

Ғажайып сәті:

Тәрбиеші: - балаларға, сиқырлы дорбаны көрсетеді.

Дорбада жануарлардың муляждары жатыр екен.

Балалар, бұл не заттар?





Балалар жартылай шеңберге тұрады.

  • Сен әдептісің.

  • Сен мейірімдісің.

  • Сен қамқорсың.

  • Сен ақкөңілсің.

  • Сен шыншылсың.

Балалар назарларын дорбаға аударады.


Балалар оның жануарлар екенін айтады.

Іздену-барлау


Оқу іс –әрекетін жабайы аңдар туралы суреттерді көрсетуден бастау.

  • Балалар, сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

  • Мынау қандай аңның суреті? Аю туралы кім тақпақ біледі.



  • Неге біз оларды жабайы жануарлар деп атаймыз?

Тәрбиеші, балаларға жабайы аңдар туралы қысқаша әңгімелеп береді.

Ақ аю мен қоңыр аюды көрсетеді.


  • Ақ аю немен қоректенеді екен?

  • Қоңыр аю немен қоректенеді?

  • Қыс мезгілі келгенде аюлар не істейді?

Біз жануарлар жайлы көп мәліметтер алдық. Енді әркім өзіне ұнайтын жануардың мүсінін жасасын.

Сергіту сәті: 06-04-«Ә». №4

Аю, қасқыр, түлкі, арыстан.


Бұл, аюдың суреті.

Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық. Аузымызға салайық.

Себебі олар елсіз далада өз беттерімен өмір сүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді.

Балалар зейін қойып тыңдайды.


Ақ аю суға сүңгіп, балықтарды ұстап жейді.

Қоңыр аю жеміс-жидектерді теріп жейді.

Қыста аюлар ұйқыға кетеді.



  • Балалар мүсінді жасауға кіріседі.

Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен.



Рефлексивті-қозғаушы

Жануарлар туралы мақал-мәтелдер айтып береді.

Белсене қатысқан балаларды мақтау.



Балалар мақалдарды тыңдап, жаттайды.




Күтілетін нәтижесі:

Білуі немесе хабардар болуы: Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы) туралы хабардар болады. Туған өлкенің жануарларын қорғауға үйренеді.

Қалыптасқан әдет: Тыңдай біледі, әңгімелейді.

Істей білуі: Ойынға қатысады, тыңдайды, әңгімелейді. Толтырған: Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 5.03. 2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Анама арналған гүл»

Мақсаты:

1. Білімділік: Балаларға аналар мерекесі туралы жалпы мағлұмат беру. Біздің еліміздегі аналардың қоғамда алатын орны, мамандығы, ерлік істері туралы әңгімелеп беру. 2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту. 3. Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Аяулы ана, адал ниет, шын жүрек. Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер. Бейнетаспа.

Құрал-жабдық: Ойыншық жүрекше, тұзды қамыр, бояу,сүлгі. Қостілділік компоненті: Мереке – праздник.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

Ш.ш: 06.04 «Тату достар болайық» «Б»№31
Ғажайып сәті: Сазды әуен естіледі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін «Анаға сәлем» деген (Сөзі О.Иманалиевтікі, әні Е.Хасанғалиевтікі) тыңдаудан бастау.




Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оң жақтағы көршіге, Сол жақтағы көршіге Күлімсірей қарайық. Көкке қолды созайық, Бір-бірімізден озайық, Құшақтасып әр кезде Тату достар болайық.
Балалар тынышталып әнді тыңдайды.

Іздену-ұйымдастыу-шылық

-Бүгін біз іс-әрекетімізді аналарға арналған әнді тыңдаудан бастаймыз.

- Балалар, зер салып тыңдап отырыңдар.

- Сендер қандай ән тыңдадыңдар?

- Әннің авторы кім екен?

- Әннің сөзін кім жазды?

- Балалар, кім ана туралы өлең, тақпақ біледі?

- Өмірдегі ең жақсы қандай сөз деп ойлайсыңдар?

- Аналар меркесі қай күн?


-Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

- Аналардың еңбегін қалай бағалауға болады?

Сюжетті суретті көрсетіп, аналар мерекесі туралы әңгімелеп беру.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1


Балалар зейін қойып тыңдайды.

«Анаға сәлем» әнін тыңдадық.

Әннің авторы Е.Хасанғалиев атамыз. О.Иманғалиев жазды.

Балалар білетін тақпақтарын айтып береді.

Өмірдегі ең жақсы сөз – ана, мама! Ана-өмірдің гүлі.

Аналар мерекесі- 8-ші наурызда болады.

Үйді тазалаймыз, еден жуамыз, дастарханды әзірлеуге көмектесеміз.

Менің анам-жақсы адым.Ондай адам менде ғана бар. Аналарымызды жақсы көруіміз керек, оны ренжітуге болмайды.

Балалар, зейін қойып тыңдайды.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.



Рефлексивті-түзеуші

Балаларға аналарының мерекесіне арнап сыйлық жасауды ұсыну.

Тұзды қамырмен, бояуды таратып береді.

Балалар, бүгін біз қандай мереке туралы әңгімелестік?

Жақсы, аналарыңды құрметтеп, сыйлап жүріңдер.



Балалар ұсынысты қуана қарсы алады.

Қылқаламмен, тұзды қамырды алып мерекелік сыйлық жасауға кіріседі.

Аналар мерекесі туралы.


Күтілетін нәтиже

Білуі немесе хабардар болуы: Балалар аналар мерекесі туралы мағлұмат алады. Біздің еліміздегі аналардың қоғамда алатын орны, мамандығы, ерлік істері туралы хабардар болады.

Қалыптасқан әдет: Өз беттерінше ойларын қорытындылай алу.

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 5.05.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Гүлді алма ағашы»

Мақсаты:

1. Білімділік: Көктем мезгілі жайлы білім беру. Көктемде қар еріп, алма ағаштары гүлдейтінін айту.

2. Дамытушылық: Тұзды қамырмен бояуды пайдалана білулерін ары қарай дамыту. Саусақ

маторикаларын дамыту.



3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тапсырманы тыңдап, орындай

біліге тәрбиелеу.



Көрнекілік: Гүлді алма ағашының суреті. Құрал –жабдықтар: Қылқалам, бояу, сүлгі, тұзды қамыр.

Сөздік жұмысы: Бақылау, жер жаңарып, гүлдер өседі.

Қостілділік компоненті: Ағаш-дерево.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш «Біз бақытты балдырған» 06-04-«Б».№21


Ғажайып сәті: Балаларды киіндіріп ойын алаңына шығару. Ойын алаңында көктем мезгілінің ауа-райына, ағаштарға бақылау жасату.

Қане, қане тұрамыз. Үлкен шеңбер құрамыз. Біз бақытты балдырған Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз. Тату-тәтті боламыз.

Балалар далаға шыққандарына қуанады. Қоянды көріп қызығушылық танытады.



Іздену - барлау


  • Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы далада, ауа-райы қандай екен?

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Біз бүгін гүлді алма ағашының мүсінін жасаймыз.

Қылқаламмен қалай қолдану керектігі жайлы айтады. Қауіпсіздік ережесі жайлы айтып кетеді.

Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1

  • Күн жылынып, ағаштар бүршік атыпты.

Балалар тыңдайды.

Қылқаламды бір-біріне сілтемеулері жайлы айтады.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.



Рефлексивті - қорытындылау


Балалардың жасаған мүсіндерін бір-біріне көрсетіп, мақтау.

Келесі жолы бұдан да әдемі жасауларын айту.




Балалар өз мүсіндерін бір-біріне көрсетіп мақтанады.

Кешке ата-аналарына көрсететіндерін айтады.

Балалар қоянмен ойнап, қуанады.


Күтілетін нәтиже :

Білуі немесе хабардар болуы: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысады. Гүлді алма ағашының мүсінін жасауға үйренеді. Қалыптасқан әдет: Тұзды қамырмен мүсіндей алады. Істей біледі: Қылқаламмен бояй біледі. ұстай біледі. Тапсырманы тыңдап, орындайды.

Толтырған: Тексерді: ______________


ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 2.04.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Түймедақ»

Мақсаты:

1. Білімділік: Гүлдер туралы, олардың әр түрлілігі туралы білім беру. Әр-түрлі түстерді пайдалана отырып гүлдерді бояу. 2. Дамытушылық: Қылқаламмен бояуды пайдалана білуге үйрету. Саусақ

маторикаларын дамыту.



3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тапсырманы тыңдап, соңына дейін орындай біліге тәрбиелеу.

Көрнекілік:Гүлдердің суреті. Құрал –жабдықтар: Қылқалам, бояу, сүлгі, тұзды қамыр.

Сөздік жұмысы: түрлі-түсті.

Қостілділік компоненті: гүлдер-цветы. Түймедақ-рамашка

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш «Мен қандаймын!» 06-04-«Б». №29
Ғажайып сәті: Топқа көктем мезгілі келеді. Қолында гүлдері бар.

  • Балалар, мен сендерге гүлдер әкелдім. Бұл гүлдердің қалай аталатынын сендерге айтып берейін.

  • Гүлдердің аттарымен таныстырады.

  • Мына гүл қалай аталады екен?

  • Осы түймедақтың мүсінін жасайық.

Жақсылық көрсең біреуден «Мен қандаймын» - деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?»- деп ойла
Балалар қызығушылық танытады.
Көктем мезгілін мұқият тыңдайды.


  • Түймедақ - деп аталады.




  • Балалар келіседі.

Іздену барлау

Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді.
Түймедақтың мүсіндеу жолдарын көрсетеді.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә». №23


Қылқаламды ауызға салуға болмайды.

Бір-біріне қарап сілтемеу керек.

Жұмыс соңында қолымызды сүлгімен сүртеміз.

Балалар гүлдерді бояуға кіріседі.


Тік ұста бойыңды, Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағы да, Жеткіз жираф мойнына.

Рефлексивті – қорытындылау

-Балалар, біз қандай гүлдермен таныстық?

- Түймедақтың түсі қандай екен?

-Сендер қандай түсті пайдаландыңдар? - Бұл гүлдерді бізге кім әкелді?
Балаларды мақтау. Келесі жолы бұдан да әдемірек салуларын айту.


-Түймедақ, қазтаңдай т.б.
- Ақ екен.
Қызыл, сары, көк, жасыл т.б.

- Балалар, Көктем мезгілінің әкелгенін айтады.

Балалар өз суреттерін бір-біріне көрсетеді.


Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Гүлдер туралы, олардың әр түрлілігі туралы білім беру. Әр-түрлі түстерді пайдалана отырып гүлдерді бояуға үйрену. Қалыптасқан әдет: Зейін қойып тыңдай біледі. Істей біледі: Сұрақтарға жауап береді.

Толтырған:

Тексерді:
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты : 25.12.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Шыршаға арналған ойыншықтар»

Мақсаты:

1. Білімділік: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл

мезгілінің ерекшелігін аңғара білуге үйрету.



2. Дамытушылық: Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістерін ажырата

білуге үйрету. Саусақ маторикаларын дамыту.



3. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге

тәрбиелеу. Зейін қойып тыңдай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Қыс мезгілінің суреттері. Шырша. Аққала.



Құрал-жабдықтар: тұзды қамыр, сүлгі. тақтайша. Сөздік жұмыс: суық, қарлы, ызғар. Қостілділік компоненті : Қыс-зима.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық– қозғаушы


Ш.ш«Арайлап таң атты!» 06-04-«Б».№17
Қызықтыру сәті:

Қонаққа Ақпан келеді.

Ақпанның балаларға арналған тапсырмалары бар.


Балалар шаттық шеңберін айтады.
Балалар қызығушылық танытады.

Іздену - барлау


-Тәрбиеші: Балаларды жартылай шеңбер бойымен отырғызып қыс мезгілі туралы әңгімелеседі.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Неге олай ойлайсыңдар?
- Қыста қандай мереке болады?
- Мерекеде бізге кім келеді?
Шыршаны немен безендіреді?
Қыстың балалар үш айы бар екен. Олар желтоқсан, қаңтар және ақпан.

Сюжетті суретке қарап әңгіме құрастырту.

Ақпан келеді.

Тәрбиеші: Сен кімсің?

Балалар Аяз ата Ақпаннан бізге хат беріп жіберіпті.

Бұл хатта былай деп жазылыпты.

Балалар сендер сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме?

Олай болса менің тапсырмаларымды орындаңдар.

Орындайық па балалар.


  1. Тапсырма: Жұмбақ жасырыпты.

Тікен-тікен тік пісте. Қысы жазы бір түсте - ол не балалар?

  1. Екінші тапсырмам осы шыршаға арнап әдемі ойыншықтар жасаңдар депті.




Қазір жылдың қыс мезгілі екенін айтады.

Өйткені дала суық, қар жатыр т.б

Қыста жаңа жыл мерекесі болады.

Мерекеге Аяз ата мен ақшақар келеді.

Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.

Менің атым-Ақпан

Келдім суық жақтан.

Тоңып қалмай балалар.

Аязымнан сақтан!

Қуана «иә» деп жауап береді. Біз сыйлық алғанды жақсы көреміз.


Иә, тапсырмаларды орындайық.

«Шырша»


Балалар тұзды қамырдан ойыншық жасауға кіріседі.






Рефлексивті - қорытындылау


Ойын: «Иә немесе жоқ»
Сұрақтар:

  1. Қарды жеуге бола ма?

  2. Қыста жылы киіну керек пе?

  3. Мұзды жеуге бола ма?

  4. Қыста жаңбыр жауа ма?

  5. Қыста қар жауа ма?

  6. Шанамен сырғанап ойнауға бола ма?

Шыршаның шамы жаңып шыршаның ойыншықтары тәттіге айналады.

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына ия, жоқ деп жауап береді.
Жоқ

Иә
Жоқ

Жоқ

Иә.


Иә.
Балалар мәз болып тәттіні алады. Өз ойларымен бөліседі.

Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Қыс мезгілі жайлы, қыста болатын өзгерістер жайлы біледі. Қыста қандай ойындар ойнауға болатыны жайлы, қардың қасиетімен танысады. Қалыптасқан әдет: Ойындарға белсене қатысады. Өз ойларын жеткізе алады. Істей біледі: Тақпақтарды айтады. Ойындарға қатысады.

Толтырған:

Тексерді:

ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты : 22.01. 2013

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты :

  1. Білімділік: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді

мүсіндей білуге үйрету.

  1. Дамытушылық: Мүсіндеу техникасы дағдылары мен біліктерін

дамыту.

  1. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Аққаланың суреті.

Сөздік жұмыс: Қыс қызығы, қысқы ойындар.

Қостілділік компоненті: Аққала-снеговик.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш: 06-04-«Б» №18


Қызықтыру сәті:

Есік тарсылы естіледі.

Топқа қуыршақ Айгерім келеді.

Айгерімнің қолында суреттері, бар.




Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!
Балалар, бұл суреттер не үшін керек екен деп, қызығушылық танытады. Балалар таңырқай қарайды.

Іздену - барлау


Қуыршақ: Балалар әр мезгілдің өз қызықтары бар.

Қыс мезгілінің қандай қызықтарын білесіңдер?


Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:

Оны қардан жасаймыз, мұрны оның сәбіз, қолында сыпырғыш, басына шелек кигіземіз. Біледі оны барлық бала Кім екен ол? (Аққала)

Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол аққала екен.

Олай болса барлығымыз бірігіп аққаланың мүсінін жасайық.

Тәрбиеші: Балаларға қалай жұмыс жасау керектігін айтады. Қауіпсіздік ережесін естеріне салады.

Жұмыс соңында қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпау керектігі жайлы айтады.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә» №3


Қыс мезгілінде Жаңа жыл мерекесі болады.

Қыс мезгілінде қар атысып ойнауға, шаңғы тебуге, шанамен сырғанауға болады.
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады.

Балалар жұмбақтың жауабы Аққала деп айтады.

Балалар үлгіге қарап аққаланың мүсінін жасайды.
Санайық жаңаша, Бір,екі,үш! Желбіре жалауша, Бір,ек, үш! Достықта-біздің күш. Бір,екі,үш!


Рефлексивті - қорытындылау


Қуыршақ балаларды далаға серуенге шақырады. Далада қардан аққала жасайық деп ұсыныс айтады.


Балалар өз жұмыстарын қуыршаққа береді.

Істеген жақсы істеріне қуанады. Серуенге шығып аққала жасайды.




Күтілетін нәтиже :

Білуі немесе хабардар болуы:

Үлгіге қарап, пішіндерден заттарды құрастыра білуге үйренеді.



Қалыптасқан әдет: Тәрбиешінің айтқанын тыңдайдытапсырмасын орындайды.

Істей біледі: Үлгіге қарап құрастырады, бейнелейді.

Толтырған:

Тексерді: ______________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет