М.Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет26/88
Дата22.02.2022
өлшемі264,27 Kb.
#132821
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88
Байланысты:
16.05.2023 ж. Электр және магнетизм, 08.05.2023 ж. Атомдық физика және ядролық физика, Ñáîðíèê ïî ïðåäìåòó «Ðóññêèé ÿçûê è ëèòåðàòóðà»
қалдықпен бӛлудің мағынасын ашу.
Оны практикалық іс-әрекет үстінде енгізген тиімді, яғни табиғи заттарды пайдаланып, теңдей бӛлу арқылы бӛлінгіш және бӛлгіш бойынша бӛлінді мен қалдықты табудың жолын кӛрсету керек. Мәселен, 7 дәптерді 3 дәптерден неше оқушыға беруге болады? 3 дәптерді бір оқушыға береміз, тағы 3 дәптерді екінші оқушыға береміз. Ал 1 дәптерді келесі оқушыға беруге болмайды, ӛйткені оған 3 дәптер беруіміз керек. Демек, 7:3=2(қалд.1) Тексеру: 3·2+1=7. Бӛлінгіш шықты, Яғни қалдықпен бӛлу дұрыс орындалған.
Жалпы алғанда екі таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бӛлуді шапшаң орындауға оқушыларды бейімдеу мақсатында бӛлінгіштен кем бӛлгішке бӛлінетін кестелік сандардың ішінен үлкенін анықтау керек. Осы ең үлкен санды берілген екі таңбалы саннан азайтқанда шығатын айырма бӛлгіштен аспайды. Мәселен, 39:7, 39-дан кем және 7-ге бӛлінетін кестелік сандар: 14,21,28,35. Осы сандардың ең үлкені 35 және 35:7=56 39-35=4. Демек, 39:7=5 (қалд. 4). Тексеру: 7·5+4=39.
Қалдықпен бӛлу-ілгеріде қарастырылатын бӛлу алгоритмінің ең негізгі кезеңдерінің бірі. Ендеше оған машықтандыру – бӛлуді дұрыс және шапшаң орындаудың алғышарттарының бірі.
Әрі қарай біртіндеп күрделене беретін жаттығуларды орындау барысында қалдықпен бӛлу тәсілі бекітіле түседі және бӛлу кезінде шығатын қалдықтың бӛлгіштен артық бола алмайтыны жайында қорытынды жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет