Пән
|
Ана тілі
|
1 «А»
|
Уақыты
|
2014 ж.
|
Тақырыбы
|
Кітап ескірмейді
|
Мақсаты
|
Оқу – жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімдерін кеңейту
|
Міндеттері
|
Мәтін мазмұнын айтуға үйрету
Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, жуан және жіңішке айтылатын сөздерді ажыратуға үйрету
оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
|
Күтілетін нәтиже
|
топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
|
Түйінді түсініктер
|
жуан және жіңішке айтылатын сөздерді ажыратуға мүмкіндік алады, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратады
|
Сабақ кезеңдері, модуль
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Тапсырмалар мазмұны
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
3 мин.
|
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу
|
Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді.
|
Стикерлер үлестіріледі. Әркім өз таңдаған сөздер туралы түсінік бере отырып, топқа бөлінеді.
|
Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады.
|
сөздер жазылған үлестірмелі карточкалар
|
Көркем жазу 3 мин.
|
Ауызша сұрау
|
Дәптерге Ее көркем жазу
|
Ее сөз және сөйлем құрастыру
|
Өзін-өзі бағалау
|
|
Зерттеу жұмысы
АКТ-ны пайдалану
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
5 мин.
|
АКТ- ны пайдалана отырып топтық тапсырмаларды орындату.
Тапсырманы орындау барысында топтың жұмысын қадағалау, бағыт-бағдар беру.
|
Топта біріге отырып, талқылау.
Талқылау барысында топта бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келу.
|
1-тапсырма
Сұраққа жауап беру. Кітап не үшін керек?
2-тапсырма
Кітап ескірмейді мәтінін оқу
3-тапсырма Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру
|
Бірін-бірі бағалау
|
Флипчарттар, маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.
|
Жаңа сабақ
5 мин
АКТ-ны пайдалану
|
Мәтіндегі оймен өз ойларының айырмашылығын таныту. Дыбыс пен әріптің айырмашылығына оқушылардың көзін жеткізу..
|
Мәтінді оқиды, сұрақ қояды. Жаңа сөздермен танысыады.
|
Жаңа сөздердің мағынасын ашу.
|
Өзін-өзі бағалау
|
Интер. тақта
|
Оқулықпен жұмыс
10 мин.
|
Әр топтың жұмыс жүргізу барысын бақылау, бағыт беру
|
Жеке жұмыс
Оқушылар ауызша тізбектей орындайды.
50 -жаттығуды ауызша орындайды.
Өзін-өзі тексереді.
|
50 -жаттығу. Ауызша орындайды.
Бір сөзден сөйлем құрау, айту, оқу, талдау.
1 топ. Әріптер беріледі, сол әріптен сөз құрап, неше әріп, неше дыбыс барын айту керек.
2 топ Жіңішке дауысты дыбыстарды басталатын сөздер жазу
3топ Жуан дауысты дыбыстарды жазу
4 топ Жуан дауысты дыбыстан басталатын сөздер жазу
5 топ Жіңішке дауысты дыбыстарды жазу
|
Өзін-өзі бағалау
Өзін-өзі бағалау
Топтың бағалауы
|
Флипчарттар, маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.
|
Шығармашылықпен жұмыс
10 мин.
|
Әр топқа өз бетінше берілген сурет бойынша мәтін, өлең құрастыруды тапсырады.
Оқушыларды шығармашы-
лықпен жұмыс істеуге баулиды. Оқушылардың жұмыстарын қадағалайды, жетекшілік жасайды.
|
Топтық жұмысқа даярланады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді.
|
1-2 топ. Сурет бойынша сөздерді пайдаланып қыс көрінісін суретте.
3-4 топ. Сурет бойынша сөздерді пайдаланып өлең құрастыр..
|
Топтың бағалауы
|
Флипчарттар, маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.
|
ІҮ Сабақты қорытындылау
5 мин.
Акт
|
Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі.
Уақыты: 5 минут
Тест тапсырмасын орындату
|
Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату. (қалыптастырушы баға)
|
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» рефлексия жазу
|
Үйге тапсырма:
18-жаттығу.15- бет
|
Оқу құралдары
|
4 мин.
|
|
Кері байланыс
(оқушылар рефлексиясы)
|
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...
|
|
|