Мустафина Гулсум Зияшевна Көкшетау қаласы №4 орта мектебі кмм



Дата26.08.2017
өлшемі68,63 Kb.
#29593
түріСабақ

Мустафина Гулсум Зияшевна Көкшетау қаласы №4 орта мектебі КММ

Пән: қазақ тілі

Сынып: 8 «А»

Өтілетін мерзім: 28.12.2016 ж

Тақырыбы:

Қорытынды сабақ

Мақсаты:

Театр модулінен алған білімдерін жинақтайды, және есімше мен көсемшенің ережелерін айта алады.

Күтілетін нәтиже

  • Театр жайлы өз ойларын жеткізеді.

  • Сөз ішінде есімше мен көсемшені таба алады.

  • Есімшені жіктей, септей, тәуелдей алады.

  • Сөздерден сөз тіркестерін құрайды.

  • Мәтіннен көсемшенің жұрнақтарын табады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық, жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, түсіндіру, диалог, синквейн

Қолданылатын модульдер

АКТ; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқуды басқару және көшбасшылық

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалармен тапсырмалар

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау түрі

Үйге тапсырма

1-тапсырма 101-бет

Ережелерді қайталау



30 сек

Мұғалім тақтаға жазып қояды.

Оқушылар күнделіктеріне жазады




Кіріспе

Балалармен сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

30 сек

Оқушылармен амандасады, оқушылардың назарын сабаққа бағыттайды.

Сабаққа дайындық, зейіндерін аударады.




Тренинг

Шаттық шеңберінде, «Сәлемдесу» ойынын өткізу

4 мин

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Сәлемдесу» ойынын өткізеді. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек, «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар.

Өзара жылы қарым-қатынас орната отырып, «Сәлемдесу» ойынын ойнайды.

Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар.

Сонымен,

Көзбен ...

Қолмен...

Құлақпен...

Өкшемен...

Арқамен...



Мадақтау.

Топқа бөлу

Оқушыларға түрлі түсті қағаздарда есімшелі, көсемшелі сөздер жазылған қима қағаздар ұсынылады.

1 мин

Қима қағаздарды оқушыларға таратады

Оқушылар берілген қима қағаздардағы есімшелі, көсемшелі сөздерді тауып, өз топтарына отырады.




Жаңа сабақ

Интерактивті тақтада «Театр өнері жұлдызының тележобасы» бейнебаян көрсетіледі.

3 мин

Интерактивті тақтаға назар аудартып, «Театр өнері жұлдызының тележобасы» атты бейнебаян көруге ұсынылады. «Сендерің ойларыңша, бейнебаян не туралы?» деген сұрақ қойылады.

Бейнебаянды көріп, мағлұматты тыңдап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. «Театр» туралы тыңдай отыра, сабақтың тақырыбын ашады.

АКТ

Топпен жұмыс

Шығармашылық тапсырма



Бағыттаушы сұрақтар негізінде әр топқа тапсырма беріледі.Бағыттаушы сұрақтар:

1.Біздің қалада қандай театрлар бар?

2.Олар қай көшеде орналасқан?

3. Театрдың директорлары кімдер?

4.Театрда қазір қандай спектакльдер өткізіліп жатыр?

5.Қазақ драма театр қай жылы ашылды?

6.Орыс драма театр қай жылы ашылды?

Ендеше мен сендерге қазақ және орыс драма театрлары туралы мағлұмат берейін, сендер постер құрастырыңдар.

1-топ: Орыс драма театр туралы постер құрастырады.

2-топ: Қазақ драма театр туралы постер құрастырады.


1-топ: «Театр» туралы диалог құрастыру.

2-топ: «Театр тарихынан» шағын шығарма жазу.



3 мин

10 мин


10 мин

Бағыттаушы сұрақтарды талқылайды, аудартады. Орындалған жұмыстарды тыңдайды, бағыттап отырады.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық тапсырма береді.Бірінші топ диалог құрастырса, екінші топ шағын шығарма құрастырады.



Әр топ өздеріне берген тапсырмаларды орындайды, сұрақтары болса, сұрайды. Орындаған жұмыстарын сыныпқа таныстырады. Әр топ өздерін және басқа топтарды бағалайды.

Оқушылар топ ішінде тапсырманы орындайды.



Өзара бағалау.

Жұптық тапсырма

1-жұп: бармас сөзін септеу. (тақтада жұмыс)

2-жұп: көрген сөзін жіктеу

3-жұп: Айтқан сөзін тәуелдеу

4-жұп: Келген сөзімен сөйлем құрастыру.

5-жұп: (оқулықпен жұмыс) 2-тапсырма 102-бет


3 мин

Мұғалім оқушыларға жұппен жұмыс атқарылатындығын айтады, сынып ішіндегі безендірілген шыршаның арасынан мереке қарсаңына әзірленген тапсырманы жұптар алып, әр жұпқа жеке өз тапсырмаларын орындайды.

Оқушылар мұғалімнің дайындаған сыйлығын, шырша арасынан тауып, тапсырманы орындайды.




Сабақты қорыту.

Жеке жұмыс



Тест тапсырмасы.

7 мин

Грамматикалық ережелерді қайталау барысында 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын ұсынады.

Оқушылар жеке жұмыс атқарады, тесттік сауалдарға жауап береді.




Кері байланыс

1Қолымнан бәрі келеді.

2. Бәрін үлгердім, бірақ…

3.Қолымнан ештеңе келмейді.

Смайликтер таратылады.



2 мин

Оқушыларға суреттер таратылады, қажеттісін көтеріп, сұрақтарға жауап беруін талап етеді.

Оқушылар өз көңіл күйлерін білдіріп, суреттерді көтеріп, сұраққа жауап береді.

Мадақтау, қолдау

Жиынтық бағалау

Бағалау парағы

1 мин









Ақмола облысы Көкшетау қаласы

№4 КММ орта мектебі

Ашық сабақ

Қорытынды сабақ. Театр модулі.

8 «А» -сынып

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі:

Мустафина Г.З.



2016-2017 о.ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет