Музыка негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға белгілі бір әсер беретін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі


Домбыра мен гитара туралы зерттеулер



бет7/15
Дата04.01.2022
өлшемі58,83 Kb.
#109568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
000277b7-de2d8d9c

1.3.Домбыра мен гитара туралы зерттеулер.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа,түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі

түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.

Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев,Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:



  • 1932 – 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И. және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев, т.б. еңбек етсе, оны 1960 – 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.

  • 1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор,бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді.

  • 1990 – 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.

Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд». Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа,түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.

Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев,Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Ал гитара аспабының ерекшеліктері:

Бұл аккустикалық құрал болып табылады. Гитараның дыбысы оның ағаш корпусы арқылы ғана күшейтіліп шығады.

Кем дегенде гитараның ішектері нейлон және синтетикадан құралады. Жануарлардың шегінен кейде ғана жасалады.

Жалпы гитара жасағанда қызыл ағаш, шырша, балқарағай,қайың ағаштарын қолданады.

Гитараны ойнаған кезде нотаға дәл түсу үшін көп күш қажет болады.

Сонымен қатар дыбыстардың анық болуы үшін саусақтардың жүйелі

басылуы үлкен рөл атқарады және шебер гитаристер ғана оның үнін дұрыс шығара алады.

Гитараның мойын жазықтығында белгілері орналасады. Бұл белгілер дизайндерге сәйкес болады. Қымбат аспаптарды бұл белгі жоқ болуы мүмкін. Кейбір гитараларда 12 белгі, кейбіреулерінде 14 белгі орналасқан. Әдетте классикалық гитара ішекгінің астында пластик деген жоқ. Тырнақтың зақымдауынан қорғайтын арнайы медиатор болады. Әдетте микрофонсыз немесе күшейткішсіз гитараны ойнауға болады, адам көп, шулы жерлерге ғана микрофон міндетті түрде қолдану керек. Гитараны ойнағанда тізеге тірейтін және аяқтың астына арнайы тақтайша қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет