1.2. Домбыра мен гитараның үндесуі. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалғанда көңілде қазақтың тәлім – тәрбиесі, дәстүр мен салты тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлтымыздың болмысы мен қасиетін түсінеміз, бойымызда тарих пен тілге деген құштарлық пайда болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас дүниелерді тазартуға, күнәдан арылуға, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы адам іспеттес:басы, екі құлағы, екі көзі, екі ішегі, мойны, тілі, кеудесі бар.
Домбыра суреті IV ғасырда Арал теңізінің батыс жағындағы «Қойқытыс» деген жерде тасқа қашалып салынған. Қазақтың аспаптық мәдениетінің өте ерте заманнан қалыптаса бастағаны археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр. Қойқырылған қаласын қазғанда археологтар осыдан 2400жыл бұрын қазіргі қазақ домбырасына ұқсас қос ішекті аспап ұстаған әуезшілердің қыш мүсіндерін тапқан.
Домбыра аспабын меңгеру арқылы ойлау қабілетінің дамуына, білім сапасының жақсаруына, мәдениет этикасының деңгейі жоғары, еңбек жемісінің нәтижесін көруге ықпал етеді.
Домбыра– бабаларымыздан қалған мұра.
Жыр, терме, айтыс, толғау, ән, күй, желдірме, қиса-дастан, т.б. шығармалардың барлығы бізге домбыра арқылы жетті. Күйдің шығу әңгімесі, әннің әуенге қосылуы, терменің тәрбиелік мәні,өсиеттің нақылы, жырдың ұзақ оқиғалары әуен негізінде орындалды. Әсем дауыс ырғағына қосылған маржан сөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді.
Өйткені, айтушы домбыраның құлақ күйін өз ыңғайына келтіріп, оның мүмкіндігін құлаққа жағымды етіп орындайды.
Домбыра басқа аспаптар сияқты тура тимейді, ол адам бойына кеулеп, сезімді оята отырып жүрекке жетеді. Домбыраның үні тыңдаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауға әсер етеді. Әсем әуен поэзияны құнарлы етіп көрсетеді. Поэзия, өлең сөздердің мәнгі сақталуына түрлі ырғақ, мақамдарын ықпалы зор болды. Домбыра шанағында бірнеше жанрлардың сақталып келуі өмірдегі мыңдаған бірлестердің куәсі болды.
Домбыра дәстүрлі тәрбие көзін бойына жинап, сақтай білді. Оның бойынан ұлттық тәлімді іздейтін болсақ, көптеген ұлағатты, үлгілі тәрбие қасиеттерді көруге болады. Өркен жайған қазақ халқының ертеңіне өз үлесін қосып, одан әрі дамыта түсетін үлгілерді құя алатын домбыра дәлелдеп отыр. Сондықтан домбыра негізінде жеткен атакәсіп үрдістерін толық пайдалану арқылы жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеді. Домбыра өзінің табиғи үнін сақтай отырып, жаңа технологияның даму процесіне ілесе білді.
Домбыра аспабының бойына бірнеше ерекшеліктер шоғырланған. Осының бәрін меңгеріп орындау, домбыра аспабының халық арасында жоғары дәрежеде қалыптасып, жоғалмай жоғалмай бізге жетуі және екінің бірі домбыра ойнай білуі осы құндылықтың негізінде жатыр.
Домбыра аспабы болмаса жыр, ән, күй, терме, желдірме толғау, айтыс жанрлары тумаған болар еді. Хан, би-шешен, ақын, батыр, бұхара халық домбыра аспабы негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастырды.
Гитараның отаны – арабтар елі. Үш-төрт ішекті күйінде ІІІ-ІV ғасырларда ғана Қытайға келген аспап кейін Еуропаға ситар деген атаумен жеткен. Ал бізге гитара деген атпен келді, – деген ол әр елдің гитарада ойнау ерекшелігі түрліше екенін айтты.
Айталық, түріктер немесе үнділер ойнаса, солардың ұлттық аспабындай көрінеді екен. Мінекей, осыдан кейін ұлтжанды азамат гитараға қазақы үн беруді ойға алған. Өзі кәсіби музыкант болмаса да, осы істі қолға алған Қадырғали Көбентайдың арманы орындалды десек те болады. Ал «бард» деген ұғымды зерделеп көрген кейіпкеріміз бұл түркі тілінде «ақын» дегенді білдіретінін анықтады. Демек, бард – өлеңді өзі шығарып, өзі орындайтын өнер иесі. Мұндай атаудың да қазаққа жат емесін білген ол гитараның жетіген сынды ұлттық аспапқа ұқсастығына мән берді. Екеуінің үні де сарындас. Гитара ең көп дегенде 12 ішекті болады, ал жетігенде – 24. Гитараны өнердегі серігіне айналдырған өнер иесі нейлон ішегі арқылы оны жетігеннің үніне жақындатыпты. Осылайша, Қадырғали Көбентай мен Ершат Қайырхан ойнаған гитарадан ұлттық аспаптың әуені төгіліп тұрғандай болатынына біз де көз жеткіздік.
– Музыка саласында оқытылатын «гармония» бөлімінде әдетте гитаристер Еуропа нотасын меңгереді. Ал біз соны қазақиландырдық, – деді кейіпкеріміз тағы бір жағымды жаңалығымен бөлісіп. Сөйтіп, арабтардан қазақтарға дейін жеткен гитара бірде домбыра болып күмбірлесе, бірде қобыз болып күңіренеді. Гитараның осындай әуезді үнімен олар елімізге келген шетелдіктерді де таң қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: |