Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы


Халықтық музыкалық шығармашылық



бет36/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95
6.1.1 Халықтық музыкалық шығармашылық
Сондықтан орта арнайы, жоғары арнайы музыкалық мекемелерде тәрбие жұмысы келесі қалыптарды сақтайды:
1) музыкант-оқушыны музыкалық дәстүрге, дыбыс атмосферасы арқылы фольклор үлгілеріне бағыттау (саз, дыбыс қатар, биіктік, интонация, тембр бірінші орында тұрады);
2) үйрету процесінде жоғары деңгейдегі дыбыс аппараттарын қолдану (аудио, видио);
3) оқу процесінде халық дәстүрлі музыкасына бағыттау;
4) оқу барысында фольклор музыкасының көркем-мәнерлеушілік негізін байқау;
5) оқыту барысында жаттығу жұмысын жүргізуде халық әуендерін қолдану, оны екі, басқадай көп дауыстыға әндетуге үйрету;
6) оқыту барысындағы теориялығы, оқушыларды халық музыка үлгілері, нота, жинақтармен танысу (жаңа техникалық құралдарды қолдану).
Жоғарғы аталған ережелерді қолдану барысында әдіснамалықты қарастыру:
- халықтық музыкалық шығармашылықпен танысу, есту сезімін дамыту арқылы, жаңа интонация жүйесімен, музыкалық метроырғақтық ұйымдастыру арқылы және де жоғары деңгейдегі халық музыкасының үлгілерін пайдалану. Осы жұмысты мектептен, сыныптан тыс үйірмесінде, не музыкалық студияларда жетілдіру;
- сабақ барысында оқушыларды халық музыка ерекшелігіне, оның түрлеріне, оның аймақтық ерекшелігіне, қасиеттеріне, орындау ерекшелігіне, орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлу;
- оқыту барысында екі бағытты сақтау: есту арқылы және визуальды;
- музыканың поэтикалық мәтініне көңіл аудару.
Үйрету барысында келесі ережені сақтау: бірінші әннің мәтінімен орындау (сөзі мен әні бірге жүреді), сосын әнді толық орындау. Ондай кезде ән жатталмайды, ол қайта туғандай болады. Осы кезде ән жылдам және саналы түрде қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет