Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы



бет60/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95
С.Сейфуллин
Домбыра

Алқа-қотан әлеумет


Отырды кең ордада.
Өткен-кеткен әңгіме
Сөйленіп өтті ортада.

Домбырамды қолға алып,


Шертіп, толғап күйледім.
Түрлі сарын, түрлі күй
Пернелерін сөйлеттім.

Біресе сөйлеп рухтанып,


Домбырам менің зарлады.
Біресе жылап күңіреніп,
Біресе тағы аңырады.

Біресе шалқып шаттанды,


Сөйледі, күлді сыңқылдап,
Біресе, қызып күйінді,
Күрсініп, уһілеп, ыңқылдап.

Құмарланып біресе,


Елжіреп мас боп былқылдап,
Жалындай жанға, созылып,
Үзіліп, толғап қыңқылдап.

Домбыраға қосылып


Көкірегім де сарнады.
Кернеді, толды, тасыды,
Кезімнен жас парлады.

Біресе толып күш келіп,


Құлаштап бипыл шалқыды.
Біресе еріп балдай боп,
Үлбіреп және балқыды.

Тындаушы үйде әлеумет


Көңілденді, ойнады.
Тұнжырасып біресе
Тереңге сүңгіп ойлады.

Домбыраның күйлері:


Жас жүректің сыры еді,
Көңілдің зары, мұңы еді,
Көкірек сарын-үн еді.
Кеулеген рухтың иманы,
Шалқыған екпін күші еді.
Үлбірек, нәзік әм сезгіш,
Қайнаған жанның ісі еді.


1922 жыл, Ташкент. Дурмеи

Сейфуллин С. Өлеңдер мен поэмалар


/Бес томдық шығармадар жинағы Т.І -
Алматы: Жазушы, 1986. - Б.90-91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет