a нүктеде барлық шығындар өтелмейді, фирма банкрот деп
жарияланады. Нарықты баға b нүктесінен төмендеген кезде
кәсіпорын саланы тастай бастайды. Егер олар басқа өнімдерді
шығаруды игерсе өндірісті жалғастыруы мүмкін.
Ұзақ мерзімді кезеңде барлық шығындар өзгермелі болады.
Жалпы шығындар, қысқа мерзімді кезеңде сияқты, алдымен азаяды,
содан кейін көбейеді. Бұнда да масштаб тиімділігі әрекет жасайды.
1.15-сурет. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
LATC жалпы шығындардың мөлшерін көрсетеді. Сынық
қисықтағы қөрініс, LATC қисығы түріндегі жалпы шығындар.
Бұл қисық фирманың таңдауы қисығы. Жағдай өзгерсе, фирма
қуатын көбейту немесе азайтуға тиіс.