Айран. Қаймағы алынған иемесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ.
Ашыма көже, Бидай, тары, арпа, күріш жармаларыиан жасалғаи көжеге айран қосып ашытылады. Мұндай тағам көбінесе қауырт жұмыстар, егін, шөп жинау кезінде жұмысшыларға сусын ретінде әзірленеді.
Қойыртпақ. Қатыққа, айранға, қымызға, ішетін іркітке сүт немесе су қосып, торсыққа құйып, қанжығаға байлап жүріп далада ішетін ақ, сұйық айран. Қанжығада жүріп көп шайқалғандықтан қойыртпақтың ашыған дәмі білінбейді, ішуге дәмді, асқазанға жеңіл болады. Қойыртпақ көбінесе малшыларға, сондай-ақ жолаушыларға қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |