Он бесінші сабақ
Практикалық сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның орманды дала және дала зоналарына саяхат
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
Қазақстанның орманды дала және дала тақырыбы бойынша оқушыларға табиғат комплексінің зоналары деген ұғымды әрі қарай жетілдіре түсіндіру.
Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына ықпал ететіні жөнінде ұғымды оқушылардың санасына жеткізу.
Оқушыларды картаны пайдалану арқылы табиғат зоналарына жинақы сипаттама құрастыра алуларына баулу.
Оқушылардың дала және орманды дала зонасының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: физикалық, ауа-райы, табиғат зоналарының картасы, суреттер, гербарийлер, қолдан жасалған жануарлардың бейнесі (муляжи).
Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға мынандай тапсырмалар береді.
Табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясында табиғат зоналарының қандай түрлері бар екенін анықтаңдар.
Қазақстанның табиғат зоналары картасын физикалық картасымен салыстырып қорытынды жасаңдар.
Қазақстанның табиғат зоналары картасын климатының картасымен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
Қазақстанның табиғат зоналарына ықпал жасайтын факторларды анықтаңдар. Мұғалім осы тақырып жөнінде жұмыс ретімен оқушыларды таныстырады. Бірнеше сабақ бойынша барлығымыз ой жүзінде зоналарды аралап қайтамыз. Бүгін біз тек орманды дала және дала зонасын ғана аралаймыз. Жол бойы күнделік жазамыз. Кейбір зоналарда ерекше жағдай жөнінде тұған-туыстарыңа хат жазасыңдар. Қазақстанның табиғат зоналарына саяхат күнделігі. Күнделікке не жазамыз? Қысқаша әңгіме, әртүрлі өсімдік пен жануарлар туралы мәлімет жазуға болады. Енді бір табиғат жанашырының Арқа даласы туралы жазған әңгімесін тыңдайық. Алдыңыздан көк жиекпен шектесіп жатқан ұшы-қиыры жоқ керемет дала шығады. Көктемде алдыңыздан гүлге бөленген жасыл кілемі әртүсті ашық өрнегін жайып салады, қош иісі аңқыған шөптеріне сыңғырлата ән салған музыкант шегірткелердің үні қосылып керемет әсер қалтырады. Жазда оның кең жазығы ақселеу даланы теңіздей толқытады. Ал екінші жерде бүкіл жер бетіне бидайдың алтын дәні шашырап жатқанындай болып көрінеді. Жаздың екінші жартысында дала күнге күйіп, сардалаға айналады. Бұл кезде жолаушыны арқа даласы қапырық демімен, жолсыз даласымен қарсы алады. Осы кезде далада алтын бидай пісіп жайқалып тұрады. Бұл кезең далада арқада еңбек кезеңі болып есептеледі. Күзгі жауын қурап қалған шабындықты жандандырады. Тағы да біраз уақытта шөп бетеге, бидайықтар көгеріп, үй жануарларының жайылуына жарап қалады. Бірақ та дала тез арада қурап тіршіліксіз сұрғылт далаға айналады. Әр жерде желге ілесіп домалап жүрген қаңбақты көруге болады. Ақырында даланы аңызақ суық боран мен аязы қысып қыс құрсауға алады. Егерде бір уақытта сендер өз республикаңа саяхат жасай қалсаңдар әңгіме жазуды үйреніңдер. Ол жұмысты қазірден бастауға болады.
Мұғалім: бірінші қатар дала зонасына, екінші қатар орманды дала зонасына саяхатқа аттаныңдар.
Стол үстінде оқушылардың географиялық атластары, оқулықтары, қабырғада суреттер, фотосуреттер ілу тұрады.
Оқулықтан тексті оқып шығып, соның негізінде күнделік жазу керек. Жазбаларыңды қызықты, мазмұнды етуге тырысыңдар. Өзеннің, көлдің, ойпаттың аттарын жазуды ұмытып кетпеңдер. Оқушылар жұмыстарын аяқтаған соң мұғалім бірнеше оқушының жазбаларын дауыстап оқуды сұрайды.
Осыдан кейін үйге тапсырма беріледі (156-162 бет).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Қазақстан табиғат зоналары картасын жер бедері және климат карталарымен салыстыра отырып сипаттама беріңдер.
Орманды дала және дала зоналарының топырақ ерекшелігіне сипаттама беріңдер.
Кескін картаға орманды дала, дала зоналарын түсіріңдер.
Он алтыншы сабақ
Аралас сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның шөл және шөлейт зонасы
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
Қазақстанның шөл және шөлейт зонасының ерекшелігін оқушыларға түсіндіру.
Адам әрекетінің әсерімен табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.
Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп сипаттама бере білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Өткен сабақтағы карталар, суреттер, гербарийлер, қолдан жасалған жануарлар бейнелері.
Сабақтың барысы: Оқушылармен әңгімелесу.
1. Қазақстаның табиғат зоналарын атаңдар.
2. Табиғат зонаға бөлінуіне қандай факторлар әсер етеді?
3.Орманды дала зонасының табиғат жиынтығының негізгі компоненттерін, олардың бір-бірімен байланысын атаңдар.
4. Дала зонасының табиғат жиынтығының негізгі компоненттерін, олардың бір-бірімен байланысын атаңдар.
5. Төменгі жоспар бойынша екі табиғат комплексіне салыстырмалы сипаттама беріңдер (тақтаға ілінеді).
1. Географиялық орны
2. Жердің келбеті
3. Ауа-райы
4. Топырағы
5. Өсімдіктері
6. Жануарлары
Егерде ауызша сипаттама беру қиын болса, қағазға жазуға болады. Біраз уақыттан кейін мұғалім бірнеше оқушыны жауап беруге шақырады. Жаңа тақырып мұғалімнің әңгімесінен басталады.
- Сонымен, біз екі зонаның бір-бірінен өзгешілігін анықтадық. Оны қалай түсіндіруге болады? Барлық табиғи зоналардың арасында бір-бірімен байланысты жағдайлар бар. Дала зонасында жылу орманды зонаға қарағанда ылғалды азырақ алады, бірақ жауын мұнда көбірек түседі. Осы жағдайға байланысты құнарлы топырақ әртүрлі өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл өсімдіктер осы жерде тіршілік ететін жануарларға азық ретінде пайдаланылады. Егер де осы жердің ауа-райы аздап жылынса қалай болар еді? Оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.
Осындай табиғат жағдайын біз Қазақстанның территориясының қай жерінен кездестірер едік?
- Шөлейт зонасынан.
- Ол зона қай жерде орналасқан? Қай зоналардың аралығында?
- Бұл зонада қандай өсімдік пен жануарлар кездеседі? Неге бұл жерде? Қазақстанның территориясында шөл зонасы қай жерде орналасқан? Олардың мұндай жерде тіршілік ету себептерін түсіндіріңдер. Карта арқылы ауа-райына сипаттама беріңдер.
Мына шөлдің суретіне қараңдар, құмды, тастақ, сазды жерлер көрінеді. Осы шөлдің түрлерінің бәрі де Қазақстанда кездеседі. Неге олар әртүрлі? Осы сұраққа жауапты оқулықтан іздейік. Оқулықтан әртүрлі шөл туралы жазылған сипаттаманы оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер (сұрақтар тақтаға жазылады).
Шөлдің пайда болуы, себебі неде?
Шөлдің түрлері.
Шөлдің жағдайына бейімделген өсімдіктері мен жануарлары.
Гербарийден оқулықта көрсетілген өсімдіктерді табу.
Оған ауызша сипаттама беріңдер.
Мұғалім оқушылардың берген жауабын өзі толықтырады. Енді дәптерлеріңді-күнделіктеріңді ашып бүгінгі жұлдызды жазып «Жолдасыма хат» - деп бастаңдар. Бұл хатты сендер шөл даладан жазасыңдар. Шөлді толық етіп сипаттауға тырысыңдар, ол жердің климаты, өсімдігі, жануарлары т.б. туралы, яғни ол сендерден хат алғанда қай зона екендігін түсінетін болсын. Енді біз мына хатты тыңдап көрейік.
«Аман-есенсің бе, досым Болат. Бүгін біздің география мұғалімі Ерлан ағай шөлді далаға алып шықты. Бұл жерді құм теңізі деуге болады, себебі құмды дала жүздеген километр жерге созылып жатыр. Айналаңда көретінің тек құм. Тек кей жерлерде бұталардан жыңғыл, түйетікен, шөптерден арқабас көзі шалынады. Шөлдің ең әсем өсімдігі – жыңғыл. Оның өркені кипарлікке ұқсас әдемі көкшіл, кейде қызғылт гүл шоғырлары гүлдеп тұрған сиреньді еске түсіреді. Егер жыңғыл тоғайына тап болсаң ол алыстан сирень плантациясына ұқсайды, жыңғыл ыстықтан қорықпайды, тұзға шыдамды. Сен сексеуілді көрген боларсың, ал сексеуіл тоғайын көрсең ғой, еш уақытта естен шықпайтын құбылысқа тап боласың. Сексеуіл тоғайын қыңыр-қисық бұтағы бар жүздеген қурап кеткен ағаштарды жерге қадап қойған, нағыз өлі тоғай сияқты. Бірақ, бұл нағыз тірі орман ағаштары, ол мынадай ыстыққа қалай тіршілік етеді десеңші. Бұл да табиғаттың көп сырының бірі. Күннің ыстығы сондай құмға қол тигізе алмайсың, көлеңкенің өзінде ыстықтық 40º-50º градусқа жетеді. Ерлан ағайдың айтуынша құм кейде 70º градусқа дейін қызатын көрінеді. Қанша күн қуаты зая кетіп жатыр десеңші. Адамгершілік үшін ең қымбат зат су екенін мен осы күнге дейін білмегенмін. Үздіксіз шөлдеймін де жүремін. Ішейін десең кездескен судың бәрі тұзды. Ол суды бөкендер мен жайрандар қалай ішеді екен? Жылан, кесіртке, өрмекшілер үшін судың қажеті жоқ болар. Бұл жердегі жерлердің аттарын ұмытпай жазып қой – Сарыесік Атырау. Бұл жерде «қара», «қызыл», «мойын» деген сөздерден басталатын құмдар бар, түгел аттарын ұмытып қалыппын, кітаптардан тауып маған жазып жібер. Кездескенше сау бол. Сәлеммен Жәнібек».
Мына хат қай шөл зонасы туралы жазылған? Сендерге осы хаттың мағынасы ұнады ма? Қай жерлері ұнады?
Иә, бұл хат өте дұрыс, қызықты, маңызды етіп жазылған екен. Ол оқушы шөлдің ауа райы, тағы да басқа жағдайлары туралы жазған.
Хаттың соңында Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм жөнінде болып отыр.
Енді сендер де хат жазыңдар. Бірінші қатар сазды шөл, екінші қатар тастақ шөл туралы жазыңдар.
Мұғалім үй тапсырмасын жазып, содан кейін жұмысқа кірісулерін тапсырады.
Егер де класта бітіріп үлгермесеңдер, үйде ары қарай жалғастырып келесіңдер.
Сабаққа қосымша материалдар.
Сексеуіл. Шөл далада сексеуіл тоғайы болады. Сексеуіл жөнінде келімсектер «жаңалықсыз, өркен, сабақсыз ағаш» деп кеткен. Шынында сексеуілдің сабағы болмайды, себебі өркен түбінен бастап бұтақтанып кетеді «жаңалықсыз» дегенін ботаниктер теріске шығарады, өркендерінің бетінде кішкене бүршіктер бар, ол редукцияға ұқсаған жапырақ. Бұл қасиетінің өзі сексеуілдің ыстыққа төзімділігін қамтамасыз етеді, суды өте аз буландырады. Сексеуілдің жапырағының қызметін жас бір-екі өркендер атқарады. Жапырақтың әлгіндей қалдықтары арқылы сексеуілдің түрін анықтауға болады. Сексеуілде «көлеңке жоқ» деген түсініктер бар. Бұл да дұрыс емес. Шөлдің жан-жануарлары осы сексеуілдің түбіне жасырынады, түгелдей болғанмен шашыраңқы көлеңкесі бар. Сексеуіл ағашы қыңыр-қисық болғандықтан бұйымдар жасауға жарамайды, өте қатты, бірақ қатты нәрсеге ұрғанда оңай жарылады. Жылуы өте күшті болғандықтан жергілікті халық отын үшін пайдаланады, ол 50-60 жыл тіршілік етеді.
Жүзген-нағыз құмді шөлдің бұта өсімдігі. Бұтақтарының қалың қабығы болады және жылдың көп мезгілінде сексеуілге ұқсап жапырағы болмайды. Тек көктем кезінде жас өркендерінде қылқанға ұқсаған ұсақ жапырақтары болады, бірақ бұлар да тез түсіп қалады да, өркендегі қураған ағаш тәрізденіп, жасыл түрінен айырылады. Бұдан әрі жапырақтар қызметін жас өркен атқарады. Гүлдері өте ұсақ, аңқыған хош иісі болады. Жемісі кішкене кірпіге ұқсас болады да, жан-жағынан қабыршақ қанаттары шығып тұрады.
Боз – жіңішке жапырақты астық тұқымдас шөп. Өркендері өте жиі болғандықтан тығыз шым жасайды. Гүлдеген кезде ұзын, жіңішке масақ қылқандары пайда болады. Оның түпкі кең бөлімінде дәні бар кейінірек қылқандар дәнмен үзіліп түседі де, оларды жел ұшырып таратады. Жел болмаған жағдайда дәні бар қылқан үшкір жағымен жерге қадаларда бұрандалып жерге сіңіп кетеді. Ол жерден жаңа өсімдік шығады. Мал одан жаралы болып, арықтап тіпті өліп қалуы да мүмкін. Боздың дәні сүйір, жерге сіңуге ыңғайлы. Гүлдеген кезде бозды дала өте әдемі теңіздей толқиды. Боздың ақ үкідей шашағы күміс түске ұқсап жалтырап тұрады.
ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ
Құмды жақсырақ қарау үшін еңкейгенде, жер бетінде әртүрлі іздері бар екендігін көреміз. Құм класс тақтасы сияқты. Оны шексіз жазып, өшіріп отыруға болады. Бірақ оның бетіне кішкене оқушылар емес, әртүрлі аңдар, құстар, желдер өрнек салады. Қандай өрнек жоқ десеңші. Ол әсіресе таңертең жақсы көрінеді, өйткені аңдар түнде жортып жүреді де күндіз көлеңкеде дем алады. Құмда жүгіргенде ешкімі із қалдырмай кетпейді, кейде тіпті бір нәрседен қорыққан кесірткелер құйрығын қалдырып та кетеді. Міне шілтерге ұқсас ұзын-ұзын із. Ізін қалдырып қоңыздар алысқа кеткендей. Енді міне жіңішке саусақтың көлеміндей ғана бір тілім із ирелеңдеп жатыр, бұл жыланның ізі болуы керек. Жотаға көтерілген кезде оның төбесінде спираль тәрізді иіріліп күнге қызып жатқан жыланды көрдім. Аяқтың астынан кішкене кесіртке шығып құм бетіне білінбес із қалдырып, бір жаққа асыққандай секіре жөнелді. Ал мынау не? Бұл қисық қоянның ізі болуы керек. Ол жүріп кеткен жерде шұңқырға ұқсас терең із қалады. Мына жерде ойыншық гусеницалы танкінің ізіндей екі қатар ирек із жатыр. Мен ол ізге түсіп едім інге дәл келдім. Еңкейсем, әрине ің иесі бар екен. Қолымды іңге тығып, оның сауытынан ұстадым. Тасбақа, төрт табанын іннің қабырғасына тіреп, ысылдап қарсылық көрсетті. Құмда бұдан басқа да іздер көп, білмеген жағдайда олардың шетіне жетіп, тану мүмкін емес.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?
Шөл және шөлейт зоналарының жануарларының таралулары неге байланысты?
2 немесе 3 өсімдікке сипаттама жазып келу.
Он жетінші сабақ
Эвристикалық сабақ
Тақырыбы: Биік таулы өлкелердің биіктік зоналары
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
1. Қазақстанның таулы аймақтары туралы оқушылардың білімдерін тұжырымдау.
2. Жер бедерімен ауа райының таулардағы биіктік зоналар және олардың шаруашылықтағы орнымен таныстыру.
3. Оқушыларды Қазақстандағы таулардың табиғи байлықтарының орналасуымен, алатын орнымен оқушыларды таныстыру.
Көрнекі құралдар: Физикалық, климаттық, табиғи зона карталары. Коллекциялар. Макеттер бірнеше оқушыдан шөл аудандардан жазған хаттарын оқып шығу талап етіледі. Осы уақытта бірнеше оқушы билеттегі сұрақтарға орындарында отырып жауап жазуға кіріседі.
№1 белет
«Шөлейт зонасы» деген кестені толтыру керек.
Орны
|
Ауа-райы және топырағы
|
Өсімдіктері мен жануарлары
|
|
|
|
Ойпаттарының, өзендерінің, көлдерінің, зоналарының атын жаз.
№2 белет
«Құмды шөл» деген кестені толтыру керек.
Орны
|
Ауа-райы және топырағы
|
Өсімдіктері мен жануарлары
|
|
|
|
Өзендерінің, тауларының, шөл зонасындағы ойпаттардың аттарын жаз. Жаңа сабақ әңгімеден басталады.
- Балалар! Сендердің іштеріңде кім тауда болды ?
Жоғарыға көтерілген сайын тау өсімдіктері қалай өзгереді ?
- Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады ?
- Біздің тауларда қандай зоналар кездеседі?
- Әр зонаға қандай өсімдіктер тән? Олардың кейбіреулерін атап бер.
- Ал енді табиғат зонасының картасын қарап, барлық жерде зона саны бірдей ме? Соған жауап берейік.
- Оны қалай түсіндіруге болады?
Бұдан әрі Алтай тауының табиғат зоналарын мұғалімнің өзі сипаттап береді. Өзінің әңгімесіне оқушылардың бұрын дайындаған әңгімесін қосады.
Сонымен, жұмыстың реті былай болады. Әңгімелесу кезінде оқушыларға сұрақ беріледі.
Біздің тауларымызда қандай жануарлар кездеседі? Солар туралы айтыңдар (оқушылар айтады).
- Әңгіме соңынан мұғалім оқушыларға төмендегі есеп жұмысын орындауды тапсырады. Ол былай деп түсіндіріледі.
- Қазір сендер жұмысты істеуге кірісесіңдер. Бұл кезде сұрақ туады. Сол туған сұрақты тұжырымдап жазып, жауап беруге тырысыңдар. Дәптерлеріңе тапсырманы жазып алыңдар: Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньның өсімдіктерін салыстырыңдар (жазбаларыңды кесте түрінде жазыңдар).
-
Солтүстік Тянь-Шань
|
Батыс Тянь-Шань
|
Белдеудің аты
|
өсімдіктері
|
Белдеудің аты
|
өсімдіктері
|
Жусанды-астық тұқымдас шөл дала
|
боз ақ жусан эфемерлер
|
шөлді дала бетеге
|
Жабайы арпа шашақты бидайық, жуалар
|
Осы кестеге керекті деректерді оқулықтың 72-73 бетінен таба аласыңдар. Жұмыстарың аяқталған соң, кесте бойынша әңгіме жүргіземіз.
Балалар жазбаларыңа мұқият қараңдар, не байқадыңдар, қандай сұрақ қойғыларың келіп отыр?
Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньның айырмашылығы неде?
Ол айырмашылықтарды қалай түсіндіруге болады ?
Енді оқулықтарыңа қараңдар, біз бүгін тағы қайсы таулар туралы айтқан жоқпыз? Бұл материалды өз беттеріңмен оқисыңдар.
Үйге тапсырма жазып алыңдар. «Жоңғар Алатауы» деген қосымша тақырыпқа жоспар дайындап келіңдер. Келесі сабақта табиғат зоналары туралы кез-келген сұраққа дайын болыңдар.
Оқушылардың әңгімесіне қосымша материалдар.
1. Маралдар. Көгалды таудың ортасында әкпен ағартып қойған қоршаудың ішінде маралдар тұрады. Олар адамға өте үйір болып кеткен. Қыстың күні қоңыраудың сылдыр үніне тамақтануға жиналады, жемдерін арнаулы науаларға салып даярлап қояды. Тамаққа тойған соң қайтадан жайылымға кетеді. Тамақ беріп жүрген адам да маралға жақын бара алмайды, себебі ол өзін өте сақ ұстайды. Егер де бір күтпеген жағдай болса, алдыңғы тұяғымен тарпып жіберуге даяр тұрады. Осыған қарамастан олардың құлағына ең алдымен ен салынады, оған номері мен туған жылы жазылады. Маралдың мүйізінен қасиетті шипалы зат – панта алынады. Ен маралдың құлағына туа сала тағылады. Анасы қай уақытта болса да баласын төнген жаудан құтқаруға дайын жүреді. Ен салынғаннан кейін маралдың бұзауы өз алдына жайылады.Барыс туралы да көп әңгіме айтуға болады. Бір уақытта бұл аң өте жұмсақ секіріп келіп жалпақ тастың жырығына бұралып тұра қалды. Ол сұр мысыққа ұқсап, өзінің тұяғын алға ұмсындырып басбағып жатыр. Оның терісінде қара жолақтары да бар. Бұны алыстан дүрбі арқылы қарау өте қызықты. Ол өзінің жемі үшін құрбанын ұстар кезде осындай қимылдар жасайды. Алыстан жанына лағын ертіп жан-жағына жалтақтай қарап тау ешкісі келе жатыр. Анда-санда тоқтап айналасына көз тігіп бөтен иіс іздейді. Біртіндеп барыс тығылып тұрған тас жырығына қатар келді-бұл тау ешкісінің бұл өмірдегі ақырғы қадамы еді. Осы кезде көз ілмес жылдамдықпен секірген барыс тау ешкісі құз жартастан тастан-тасқа соғып құлатып барады. Бұл кезде жан ұшырған тау ешкінің лағы бірнеше секіріп тау жотасының екінші бетіне жеткен болатын.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Биік таулы өлкелердің ауа-райы және топырағы.
Биік таулы өлкелердің өсімдіктері мен жануарларына сипаттама беріңдер.
Өсімдіктердің таралу ареалдары туралы түсінік беру.
Он сегізінші сабақ
Оқушылардың баяндамасы
Қазақстанның табиғат байлықтары мен табиғатын қорғау
Тақырыбы: Қазақстанның табиғи қорықтары
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
Қазақстандағы табиғат қорғау жағдайымен оқушыларды таныстыру.
Табиғаттың ресурстарын ұтымды пайдалану, табиғат комплекстерін ластанудан, сарқылудан сақтау, қорғау жөнінде жасалып жатқан шаралармен оқушыларды таныстырып, білім дәрежесін тұжырымдау.
Жер асты байлығын, топырақты, ауаны, өсімдіктерді, жануарлар дүниесін қорғау туралы заңмен таныстыру.
Еліміздегі кеңінен жасалынып жатқан қорықтардың, қорықшалардың, ұлттық парктердің ғылыми практикалық маңызын оқушыларға түсіндіру.
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы» туралы айту.
Оқушылардың туған өлкенің табиғат қорларын ұқыпты пайдалану, оны құрып кетуден, ластанудан сақтау жолдарын білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: карталар, суреттер, «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы».
Сабақтың барысы: Сабақ материалдарды түсіндіруден басталады да әңгімемен алмастырылып отырады. Мұғалім мысалға төмендегі келтірілген әңгімелерді айтады.
- Біздің жеріміздің байлығы орасан көп және жомарт болып келеді. Қазақстанның табиғи сыйы өте көп. Алайда байлық қанша көп болса да, оны ұқыпты, дұрыстап пайдаланбаса сарқылуы мүмкін. Қазақстанның байлығын сақтау мәселесіне республика тәуелсіздік алған кезінен бастап көңіл бөлуде.
Мұғалім плакатқа жазылған табиғат қорғауға арналған указдардан үзінділерді класқа көрсетеді. Одан әрі әңгіме басталады.
- Біз қандай байлықтарды қорғауымыз керек? Сендер енді Қазақстанның табиғи байлықтарын жақсы білесіңдер. Мәңгінұр бізге Тянь-Шань тауының байлығы туралы айтады. Оның әңгімесінен кейін, мұғалім әңгімесін жалғастырады.
Осы байлықтарды сақтау үшін Шымкент облысындағы Талас Алатауының баурайында 1926 жылы көлемі 74 мыңға Ақсу Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Картаны қараңдар.
Бұл қорытқа неше және қандай зоналар кездеседі? Қазір осылардың кейбіреулері туралы әңгіме тыңдайық ( әңгіме оқулықтың соңында).
Мұғалім әңгімесін жалғастырып, Іле Алатауының баурайында 1931 жылы көлемі 91 мың га. Алматы қорығы құрылды. Бұл қорық қандай табиғат зоналарын алып жатқанын қараңдар (оқушылар картаға талдау жасап, қорықтың әртүрлі аңдары туралы әңгіме тыңдайды).
Қазақстанның таулары ғана бай емес оның дала, шөлдері де бай болып келеді. Картадан далалы, шөлді жерлерде орналасқан қорықтарды табыңдар. Дала зонасының байлығы туралы Назерке, шөл зонасының байлығы туралы Жансая бізге әңгімелеп береді.
Мұғалім қорытынды жасайды.
Біз тәуелсіз мемлекеттер достығындағы үлкен республиканы оқуды аяқтадық. Келесі сабақты «Қазақстанды кім жақсы біледі?» - деген тақырыпқа көңілді білгірлер клубын (КБК) өткізіп қорытындылаймыз. Сабаққа жақсы дайындалып келіңдер, барлық жұмыс бағаланады.
Мұғалім сабақты өткізуге, әртүрлі жұмыстарға жауап беретін оқушылардың аты-жөнін атайды. Жауапты оқушылар белгіленеді.
Ауа-райын бақылаушылар.
Гербарий, коллекцияларды жасаушылар.
Әңгімелерді, хаттарды, күнделік жазбаларды жинақтаушылар.
Карта, көрнекті құралдар дайындаушылар.
Кітап көрмесін ұйымдастырушылар.
Суреттер, фотосурет жинаушылар.
Оқушылардың әңгімесіне қосымша материалдар.
Алматы қорығы. Бұл жерде «Әнші құмдар» сияқты қызықты құбылысты байқауға болады. Үлкен және кіші Қалқан тауларының ортасында Іле өзенінің жанында орналасу ерекшеліктеріне байланысты желорай пайда болады, ол жел өзен жағалауындағы құрғақ құмды есе айдайды. Ғасырлар бойы құрғақ жел есіп, биіктігі 150 м-ге, ұзындығы 2 км-ге жететін төбесі сүйір, құлама жар болатын құмды тау жасайды. Жел ақырын соғып тұрғанның өзінде құмды қысып төбеден асырып жібереді. Жел күшейсе құм төбенің үсті түтіндеп тұрған сияқты, жел құйыны құмдарды жерге түсірмей үйіріп тұрады, түтін сияқты көрінетіні сол. Жел басылған кезде ғана төмен ағады. «Әнші құм» біздің еліміздің біраз жерінде және шетелде аздап кездеседі, олай аталу себебі аяқпен басқан кезде сықырлап үн шыққандай болады. Ал біздің әнші құм заводтың не параходтың гудогына ұқсас үн шығарады. Бұл құбылысты жоғалтпай сақтап қалу керек. Оның сырын ғылым әлі түсіндіре алмай отыр. Бұл тек құрғақ кезде құмдардың бірімен бірінің үйкелісінен болады. Мұндай құм үні бірнеше шақырым жерден естіледі. Дыбыс шығаратын құмды жер шарының жүзден аса нүктесінен кездестіруге болады. Олар: Африкада, Гавай аралдарында, Америка континенттерінде. Біздің елімізде Қола түбегіндегі құмдарда,
Байкал маңында, Ока, Днепр, Лена өзендерінің бойында бар. Олардың ішіндегі ең зор ән салатын құм біз білетін Алматы қорығындағы «Әнші құм». Күшті жел соққан кезде құм шығаратын үннің күштілігінен үш шақырым жердегі бакеншіктің терезесі сықырлайды. Бұл табиғи құбылыс шаруашылық үшін ешқандай мыңызы жоқ, бірақ ғылым үшін өте қызықты.
Ақсу-Жабағылы қорығы. Қазақстандағы сәнді жерлердің бірі. Бұл қорық жер шарына белгілі. Батыс Тянь-Шаньның қайталанбайтын табиғи көріктілігі осы жерде. Теңіз деңгейінен биіктігі 1000-нан 4000 м-ге дейін даланың әсем шалғыны мен аяқ жетпес биік шатқалдары осы жерде. Құрғақ дала төселіп өскен биік аршалы тау бөктерімен жалғасып, ол субальпі шалғынына ауысады. Одан жоғарырақта мәңгілік қарлы тау шоқыларымен мұздықтар түйіседі. Бұл таудың өсімдіктері мен жануарлары да ерекше. Олардың көбі құрып бара жатқан немесе сирек кездесетін түрлер болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Шындығында да, бұл жерде сендерді өте қызықты көріністер күтіп тұрады. Міне көзіңіздің алдында шұбар ала құс сып етіп ұясына еніп кетті. Тығыз арша тоғайының астынан орман аруы теңбіл елік жүгіре жөнелді. Алыстан көрінетін әсем хош иісті гүлдер алыстан шақырғандай, Ақсу-Жабағылы қорығында тастың бетінде тау ешкісінің, архардың, маралдың өрнектеп салған суреттерін кездестіруге болады. Тас бетінде жануарлардың бейнесі бар, бірақ олар тау жануарларына тән емес – түйе және тасбақалардың бейнелеріне ұқсас.
Осы суреттер салынғанына қанша жыл болды екен? Ғалымдардың көпшілігі оны біздің санауымызға дейінгі IV-V ғасырларда жазылған дейді. Ал профессор П.И.Мариковский өзінің «Талас Алатауы» деген көпшілікке арналған кітабында, біздің ата-бабамыздың тас дәуірінен, орта ғасырдан келе жатқан ескерткіші деп есептейді.
Ақсу-Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Қорықта жер бетінің өткен тарихынан сыр шертетін көптеген палеонтологиялық ескертіштер бар. Атап айтсақ осыдан 120 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар (балықтар, жәндіктер, тасбақалар, т.б) мен өсімдіктердің таста қалған іздері кездеседі. Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер - Ақбиік ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да көптеген көрікті табиғат қойнаулары. Олардың жер бетіндегі органикалық әлемнің эволюциясын зерттеуде қосқан үлесі, маңызы зор. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады.
Үстірт қорығы. Қазақстанның батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу. Үстірт қорығының басқа қорықтардан бір ерекшелігі, мұнда табиғи ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт жонының ең қиыр оңтүстігі тақтайдай тегіс қыр бірден бітіп, шың-құзға айналады. Құз етегі ұшы-қиырына көз жетпейтін, тіршілік белгісі жоқ Кендірлі сорына ұласады. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жайғасқан сордың батыс жиегін бойлай құмдар мен тақырлы-тегістіктер кезектесе орналасқан. Шың басынан зер сала қараған адамға осы жал-жал құмдар мен көкшіл- сұр сор ішек-қарыны ақтарылып жатқан түйе малына ұқсайды. Табиғатпен етене араласып, қыр- сырын толық меңгерген аталарымыз да, бұл аймақты Қарынжарық ойы, Қарынжарық құмы деп атаған. Қорық солтүстігінде Қараған Босаға тау аңғарларынан басталады. Мәмек таулары қарақұйрық пен арқардың негізгі жайылымы, мекені. Шың басына орналастырылған тарихи ескерткіштердің бір парасы–арандар, бұл маңайда аңшылық өнерінің дамығандығын көрсетеді. Арандар-дала тұрғындарының географиялық, геометриялық және биологиялық білімдерінің нәтижесі. Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін құпиясы мол, жеке тақырып. Мәмек таулары шығысында оңтүстікке қарай иіле жалғасқан Көкесем шатқалдарына ұласады. Көкесем – қорық аумағындағы жер бедері, табиғаты жөнінен ерекше жаратылған аумақ. Қорық аумағындағы тауларда негізінен бор дәуірінің тау жыныстары басым болып келеді, ал Көкесем шатқалдарының негізгі тау жыныстары дәуірінің геологиялық құрылымынан түзілген. Топырақ жамылғысы қызғылт-жасыл түсті саз.
Көкесем – қорық аумағындағы бірден-бір тұщы сулы өңір. Тау үстіндегі құдық адам баласының нәпақасы болса, етектегі тамшы бұлақ – осы маңайдағы жан – жануарлардың тіршілік көзі. Қорықтағы табиғи ескерткіштердің бірі – Қарамая тау жоталары. Болжамда жасы жетпіс миллион жылдан асатын, мұхит түбіндегі вулкандық қозғалыстардың жерінен пайда болған тау жоталарының көркемдігіне көз тойғысыз. Шығыстан батысқа созыла орналасқан тау-түсі мен тұрпатына байланысты Қарамая деп аталады. Шығыстан солтүстігіне орай батыс беткейіне дейін сазды, оңтүстігі Кендірлі сорымен шектесіп жатқан тау жоталары Үстірт арқарының негізгі тұрақ – мекені. Көкесемнен оңтүстікке қарай, сордың шығыс бетін қоршай орналасқан биік кереге шыңдар- Кендірлі, Елшібек таулары деп аталады. Кендірлі тау алқабы – оазистік мекен. Мұндағы бұлақтардың ірілері Кендірлі бұлағы және кіші Кендірлі көзі. Мұнан басқа тау етегінде әр түрлі ызалар, жылымшылап ағатын су көздері кездеседі.
Елшібек шыңдарының тау аңғарлары арасында Сарыбұлақ бұлағы, Қансу су көзі- өз алдына зерттеуді қажет ететін нысандар. Үстірт шыңдары оңтүстікке қарай аласарып барып, қорық аумағындағы ірі су көзі - Өнере бұлағына тіреледі. Табиғаты тылсым, құпияға толы шөл даланың табиғаты өз зерттеушілерін сарғая күтіп жатыр.
Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан-алуан болып келген. Қорық аумағында 43 тұқымдас, 163 туыстан тұратын өсімдіктердің 263 түрі кездеседі. Олардың 5 түрі қызыл кітапқа енген (кәдімгі жұмсақ жеміс, майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, бор рияңы). Қорықта өсетін өсімдіктердің ішінде – сәндік, дәрілік, тағамдық, бояу беретін, жемшөптер және улы шөптер кездеседі. Дәрілік өсімдіктерден: жантақ, қылша, ақтікен, ақ, қара жусандар, изен, мия, адыраспан, татар рауғашы, киікоты кездеседі. Киік оты өзінің әдемі иісімен және емдік қасиетімен өте құнды болып есептеледі. Қорық жерінде өсетін сәндік өсімдіктер- қызғалдақтар, сарғалдақтар және қойжелкектер гүлдеген кезде, қорық табиғаты жайнай түседі.
Үстірт қорығы аумағында жануарлардан: сүт қоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, омыртқасыздардың 300-ге жуық түрі және құстардың 110-ға жуық түрі кездеседі.
Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі – бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар. Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі – Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді. Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында 2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі. Қызыл кітапқа енген, қорық аумағында мекендейтін қарақұйрықтар – 250 бас шамасында.
Наурызым қорығы. табиғаттағы жаратылыс музейі. Бұл географиялық әсем де алуан түрлі көріністердің ерекшелігін көрсететін ерекше жер. Онда тұзды көлдердің жағасындағы орман, құм, далада өсіп тұрған қарағай, орманның ортасында тұзды сорлар, жусан басқан сортаң, қайың, топ тоғайлары да кездеседі. Осының бәрі Қорықтағы қайталанбайтын ғажайып ерекшеліктерін есте қалдырады. Қорықтағы ең таңқаларлық жағдай орманды қарағайлар. Бұл Қостанай даласындағы, ең оңтүстіктегі дала мұхитындағы орман аралы. Оны Арқа даласында кездестіргенде таң қаласың. Бұл орман құмды даладағы қатаң қорғауды талап етеді. Оның көлемі 1909 жылдан 1922 жылға дейін 80% азайды. Наурызым қарағайы – оңтүстіктегі сирек кездесетін ағаштардан тұратын арал іспетті.
Қорғалжын қорығы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді.Жер аумағы 258,9 мың га. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41,-42 ºС суық болса, шілдеде температура 38,39ºС жетеді. 125-130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсімдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен,борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжын көліне 32 мыңдай қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан аққұтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады.
Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі маырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін –қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде «Қызылқанат» деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Халықаралық маңызы бар, қорғауға алынған батпақты сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері табиғат шежіресі күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Қорық аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60 түрі бар.Қорықтың көлдерінде әлемдегі бұйра бірқазанның 20 пайызы және тағы бір сирек кездесетін түр ақбас үйректің 10 - 20 пайызы шоғырланған. Сондықтан 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясына сәйкес, әлемдік маңыздылығы бар сулы-батпақты жерлер қатарына жатқызылған. 2000 жылы Теңіз көлі әлемнің нағыз бірегей көлдері кіретін "Тірі көлдер" халықаралық желісіне қосылды. 2007 жылы аталмыш табиғат қорғау аумағының қорықтық көлдері "Әлемнің басты орнитологиялық аумақтары" тізіміне қосылған. Ал қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра конвенциясының аясына ену мәселесі қарастырылуда. Қорық Жаһандық экологиялық қор жобасының, БҰҰ мен Қазақстан Республикасы үкіметінің сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі даму бағдарламаларының қамқорлығындағы жерлердің бірі болып табылады. Аталмыш жоба аясында 2004-2005 жылдары мұнда ауқымды гидрологиялық, геоботаникалық, флористикалық және фаунистикалық зерттеулер жүргізілген.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың қандай маңызы бар?
Республика жерінде қандай қорықтар бар?
Өз облыстарындағы қорықтар туралы хабарларың бар ма?
Қорықтардың орналасуы, құрылған жылдары, ерекшеліктері туралы баяндама даярлау.
Он тоғызыншы сабақ
Қазақстан бойынша қорытындылап – қайталау сабағы.
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
1. Қазақстан территориясының физико-географиялық дамуы жөнінде оқушылардың білімін жүйелеп жинақтап, тұжырымдау.
2. Қазақстан табиғатын қорғаудың мәні туралы білімдерінің қалыптасуын жинақтап, тұрақтандыру.
3. Табиғат жағдайы және байлығы мәселесіне көп көңіл бөлу арқылы оқушылардың өз республикасына деген мақтанышын патриоттық сезімдерінің артуын қалыптастыру.
4. Табиғаттың әртүрлі компоненттерінің біртұтастығын оқығанда физико-географиялық сипаттамалардың мазмұнының сәйкестілігін қайталау.
Сабақтың барысы: Бұл сабаққа оқушылардың дайындығы әр тақырыпты оқыған кезде үздіксіз жүреді.
Екі топқа бөлінген оқушылар жеке және топтық тапсырма алады.
Гербарийлер мен коллекциялар дайындау.
Сөзжұмбақтар жасап, әңгімелер таңдап алу.
Географиялық карталар, суреттер, фотосуреттер даярлау.
Табиғатты қорғау туралы берілген кейбір тапсырманы орындау.
Қазақстан туралы жазылған кітапты мүмкіндігінше көп оқу.
Қазақстанның әр жерінде тұратын жергілікті тұрғындармен байланыс жасау.
Оқушылардың өз бетінше ықылас білдіруіне рұқсат беру. «Көңілді білгірлер клубы» сияқты мұнда да топтарға капитандар тағайындалады. Мұғалімнің өзі басқарады. Ол екі топты даярлап, кеңес береді, олардың құпияларын жарияламайды.
Көрнекі құралдар:
Республиканың туы мен елтаңбасы.
Физикалық және табиғат зоналарының карталары.
Атластар.
Қатесі бар жазбалар.
Топтың елтаңбасы.
Топтың жауаптарына санау үшін елтаңбалы ромбикке жасалған шартты белгілер.
Оқушылардың жұмысынан көрме.
Кітап көрмесі.
Әрбір конкурс белгілі мөлшерде топтың қағаздан жасалған ентаңбалы ромбиктермен сыйланады. Сабақтың соңында, ромбиктерді санау арқылы әр топтың ойындағы ұпайы есептеледі.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, бұл сабақта біз өз Республикамыз туралы білімімізді сынаймыз. Тұған Қзақстанымызды кім жақсы біледі? Топтардың капитандары шақырылады. Оларға оқытушы карта бойынша тұратын жерін ұсынады. Ойын саяхатта жүрген кезіндегі жерде топ оқушылары тұруы керек. Мысалы: бір топ Алтай тауын араласа, екінші топ Торғай ойпатының қапырық құмына саяхат жасайды. Мұғалім капитандарға осы жерлердің табиғат жағдайларын төмендегі жоспар бойынша сипаттап, тақтаның екі жағына жазуды тапсырады.
Ендігі.
Температурасы.
Жауын-шашын мөлшері.
Өсімдіктері.
Жануарлары.
Капитандар тақтаға жазып жатқанда қалған оқушылар қате жіберілген жазбаны тыңдайды. Дұрыс жауап, қатысу белсенділігі ромбик арқылы есептелінеді. Қате жіберілген хабарлардың мазмұны. Жаз айында біз аң мен құсы көп Іле Алатауының етегінде орналасқан Қорғалжын қорығында болдық. Бұл аймақ ешуақытта құстар елеңдеп қорықпаған жер екен. Миллиондаған үйрек пен қаздарды, екі миллионнан аса құрларды санадық. Бұл есте қалатын кеш болды. Кеш өте тыныш еді. Кенеттен ұялары орналасқан аралда шағалалар сапырылысып тынышсыз қозғала бастады. Шағалар сұңқылдап ұшып, аспанға көтеріледі де, айнала ұшып, қайтадан қонып тағы да ұшып, азан-қазан шу болып кетті. Біз оларды суырлар қорқытатынын білдік. Біз ол жерде бір қайғылы жағдайдың куәсі болдық. Айқас өмір үшін емес, өлім үшін еді. Бір уақытта екі бірдей зубр жалғыз қабанға тап берді. Бірақ бұл қанды айқаста қабан жеңіп шықты, екі бірдей зубрдың өлі денесі сол жерде қалды. Ал, қабан ештеме болмағандай өз жөніне жүре берді. Үйге қайту жолы бізге ауыр болып, көп шөп түрлерінен гербарий жасай алмадық. Біраз шөптерден: жусан, бетегеден, еңлік гүлден гербарий жасап әкелдік. Аздығына байланысты құрып бара жатқан қоқиқаз (фламинго) бұл қорықтың сәні іспетті. Қонақтап отырған қоқиқаздың бір тобы бір нәрседен шошып, жапырлап ұшып, ол жерде қалған от лап еткендей болды, ол қаздардың қауырсындарының қызыл түсіне байланысты екен. Үйге қайтуымыз оңай болмады. Пароходпен еш жерде тоқталмай үйге келдік.
Оқушылар әңгіме аяқталған соң, қанше қате тапса, сонша ромбик көтереді. Әңгіме мазмұны талданады. Осыдан кейін капитандардың жұмыстары тексеріліп, ол үшін әр топқа белгілі мөлшерде ромбик қосылады. Енді капитандарға берілетін тапсырма орындалады, құрамында үш адамы бар әр капитан геологиялық карта бойынша пайдалы қазбаларды іздестіруге кіріседі. Бұл кезде қазбаны неге оны осы жерден іздегенін айтып отырулары керек. Екі экспедиция екі картамен жұмыс істеп, бір ауданды зерттейді. Кен орнын ашқан кезде картада белгілі шартты белгілер пайда болады. Топтарға қатені түзетуге, толықтыруға рұқсат беріледі. Енді мұғалім топтардың капитандарына жолға шығу үшін экспедицияға дайындық жүргізуіне рұқсат береді. Бір топ Мұғалжар тауына, екінші топ Маңғыстауға ұшады. Жолға шығу 15-ші тамызға белгіленеді. Капитандарға келесі тапсырмалар беріледі.
Топ қандай ауа-райына тап болуы мүмкін?
Өздерімен қандай киімдер алу қажет?
Экспедицияға қатысушыларға тау жыныстарының үлгілерін алу тапсырылады.
Экспедицияға қатыспағандар сол аймақтың табиғат жағдайына сипаттама жазады да, сынып алдында есеп береді.
Осы жарыстан кейін топтар карточкаға жазылған сұрақтарға жауап береді.
1-КАРТОЧКА
1. Қазақстанның қай жерінде компостың магнит стрелкасына сенуге болмайды?
2. Қазақстан тауын зерттегені үшін белгілі орыстың қай ғалымы өзінің фамилиясына қосымша ат қосты?
3. Алюминийді неден алады? Қазақстанда алюминий алатын шикізаттың қандай түрлері бар және қай жерде?
4. Алматы мен Владивасток қалалары бір ендікте, бірақ біреуі Еуразияның түкпірінде, екіншісі теңіз жағалауында орналасқан. Қай жерде жаз айының орташа жылдық температурасы төменгі температура болады? Себебі не?
5. Неге Қазақстанның табиғатын алуан түрлі деп айтады?
2-КАРТОЧКА
1. Цирктің әртістері артқы етегі шлейфпен көркемделген ұзын көйлек киіп, мойындарына сәнді медальондар тағып шығады. Қазақстанның қай тауынан медальондарды, шлейфтерді кездестіруге болады?
2. Қазақстан территориясында кездесетін пайдалы қазбалардың ішінде жеуге жарайтын минералдар бар дейді, ол қай минерал? Шаруашылықта қолданылуы қандай? Қазақстанның қай жерінде кездеседі?
3. Тараз бен Якутск қалалары тәуелсіз мемлекеттер достығының ең түкпірінде орналасқан. Тараз республикамыздың оңтүстігінде 43˚С ендігінде орналасқан. Біздің білетініміз бойынша бұл жарқыраған күн астындағы, өте жылы қала болса, онда оңтүстікке тән өрік, шабдалы, грек жаңғағы өседі. Якутск тайга зонасының 62˚С ендігінде орналасқан. Біздің түсінуіміз бойынша қалың қарлы, қысы қатты аязды қала. Бірақ осы екі қаланың ауа-райының ұқсастығы бар. Ол қандай?
4. От жақпай табиғи пеште тауықтың жұмыртқасын пісіруге бола ма? Қазақстанның қай жерінде мұны істеуге болады?
5. Қазақстанда сазды, құмды, тастақ шөлдер бар. Осылардың қайсысының шөлдігі басым, ол неден?
Сабақтың соңында қорытынды жасалынады. Топ капитандары ромбиктерді санайды. Женген топ анықталады. Мұғалім қорытынды сөзінде оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы көп деректермен танысқандарын, одан да көп білуге болатынын, ол үшін үздіксіз туған табиғатты бақылап отыру керек екендігін ескертеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Қазақстан жерінде болып тұратын қандай табиғат апаттарын білесіңдер?
Тұған өлкенің табиғатын аялау, қорғау озық қоғамның алғы шарты дегенді қалай түсінесіңдер, мысал келтіріп дәлелдеңдер.
Шаруашылық түрлерін дамытуда ғылыми болжамды ескермеу неге әкеліп соғады? Жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер. Дәптерге жазбаша түсіндіру.
Өз облыстарында ерекше қорғауға алынған жерлер бар ма?
ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫ ШОУ САБАҚ
«XXI – ҒАСЫР ГЕОГРАФЫ»
Мақсаты: География пәні бойынша 8 сынып оқушыларының алған білімдерін қайталау, қорытындылау, материалды меңгерілуі, пәнге қызығушылығы, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық көзқарастарын дамыту, сынып лидерін табу, өз елін сүюге тәрбиелеу мақсатында шоу сабақ түрі оқушыларға өте маңызды.
Сабақтың формасы: Сайыс сабақ
Сабақтың құрылымы:
I тур: «Бәйге».
II тур: «Полиглот».
III тур: «Жорға».
IV тур: «Ділмар».
V тур: «Оратор».
I тур: «Бәйге». Ұраны: «Бәйгеден ат келмейді, бап келеді». Тур тапсырмасы: кім тез жауап береді. Дұрыс жауапқа 20 ұпай.
1. Қазақстанның жер көлемі жағынан дүние жүзіндегі алатын орны.
Жауабы: Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина. Жауабы: 9 орын.
2. Қарағанды көмірін кім ашты, нешінші жылы?
Жауабы: 1833 жылы, кедей қазақ баласы Байжан ұлы Аппақ.
3. Ертіс өзенінің бастауы мен құяр сағасы.
Жауабы: Моңғол Алтайынан басталып, Объ өзеніне барып құяды.
4. Әкімшіліктік-аумақтық бөлінісіне қарай Қазақстан неше облысқа, және ауданға бөлінеді?
Жауабы: 14 облысқа, 168 ауданға бөлінеді.
5. Республиканың халқы 1 маусым 2008 жылғы статистикалық мәлімет бойынша неше млн адам бар?
Жауабы: 15,7 млн адам.
6. Қазақстан шекарасы батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қанша км-ге созылып жатыр?
Жауабы: батыстан шығысқа дейін 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км.
7.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қанша км, Каспий теңізімен есептегенде. Жауабы: 15394 км.
8. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеп, Іле Алатауындағы жануарлардың биікте таралу сызбанұсқасын алғаш рет жасаған зерттеуші.
Жауабы: Ш.Уәлиханов.
9. Қазақстанның ең төмен және ең биік жері.
Жауабы: Маңғыстау түбегіндегі ең төмен жер –Қарақия ойысы -132 м, ең биік нүктесі Тянь-Шань тауындағы –Хан тәңірі 6995 м.
10. «Тараз-бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала» деп X ғасырда қай араб географы жазған?
Жауабы: Әл-Макдиси.
11. 1908 жылы жарық көрген «Арал теңізі» атты еңбегінің авторы кім?
Жауабы: Л.С.Берг.
12. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уалихановтың өмір сүрген жыдары?
Жауабы: 1835-1865 жылдар аралығында.
13. Геохронологиялық кесте бойынша ең алғашқы тіршілік бастамасы эралардың бірі.
Жауабы: архей.
14. 1984 жылы жер сілкінісін өлшейтін қандай шкала-кесте жарық көрді?
Жауабы: ММSK-84.
15. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі?
Жауабы: Үлкен Боқтыбай (657 м).
16. Қазақстанда қанша алтын кен орны бар?
Жауабы: 196.
17. Қазақстан климатын түзуші факторлар.
Жауабы: күн рад, атмосфера циркул, жер беті жамылғысы.
18. Ауа массасының трансформациясы дегеніміз не?
Жауабы: ауа массасының бір жерден екінші ауданға ауысуынан қасиетінің өзгеруі (арктикалық ауа массасы – қоңыржайға ауысуы).
19. Қазақстанның ең суық жері – Атбасар (-57˚С).
20. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Батыс Алтай.
21. Ылғалдану коэффиценті дегеніміз не?
Жауабы: жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы.
22. Қазақстанның кең байтақ аумағында ірілі-ұсақты қанша мыңнан астам көлдер мен бөгендер бар?
Жауабы: 48 мыңнан астам көл, 3 мыңға жуық бөген.
23. Сауыр жотасында қанша мұздық орналасқан?
Жауабы: 18 мұздық.
24. Қазақстандағы ең үлкен мұздық қай тауда орналасқан?
Жауабы: Іле Алатауындағы Корженевсккий мұздығы, ұзындығы 14,4 км, ауданы 36,8 км², мұздың қалыңдығы шамамен 300 м-дей.
25. Қазақстандағы құстар саны қанша?
Жауабы: 489.
2 тур: Полиглот. Жұмбақтарды шешіп, жауабын қазақша, орысша айту.
Дұрыс жауапқа 30 ұпай.
Жолдың шаңын ұшырап,
Ағаштарды жұлқылап,
Бұтақтарды сындырып,
Көрінбей жүр зырқырап. (Боран, метель).
2. Қоя алмайсың байлап,
Табаны тым тайғақ. (Мұз, лед).
3. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (Аяз, мороз).
Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды бірден тапқанша-ақ. (Бұршақ, град).
Бар ма, жоқ па
Оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің. (ауа-воздух).
Бейнесі суда дірілдейді
Қармаққа бірақ ілінбейді. (ай-луна).
Аспаннан далалап
Көк моншақ төгілді,
Буланып, жол алап
Терледі, керілді. (жаңбыр-дождь).
Қия шыңнан құлайды,
Тасты бұзып арыны,
Құлақ жарар сарыны. (сарқырама-водопад).
Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзіңе,
Тіл қатқанмен қаймықпай,
Көрінбейді көзіңе. (жаңғырық-эхо).
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар-снег).
3 тур. «Жорға» Тапсырмалар 20, 30, 40 ұпайлармен бағаланады.
20 ұпайлық сұрақтар:
1. Қай жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді? 1997ж; 1998ж 6 мамырда Ақмола → Астана деп аталды.
2. How many oceans and continents are there world? (There are 4 oceans and 6 continents).
30 ұпайлық сұрақтар:
1. Құрылымды топырақ пен құрылымды емес топырақты қалай ажыратуға болады?
2.Топырақ жамылғысын құрайтын факторларды ата.
40 ұпайлық сұрақтар:
1. Абылай ханның шөбересі, Уалиханның немересі, Шыңғыстың баласы. Ол кім?
2. Эбі желі Жетісу Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналасқан қай көл қазаншұңқырында, жоғарғы қысымда пайда болғанда соғады.
4 тур. «Ділмар». Шарты: Тақтадағы сандарды алып, қай пәннен сұрақтар келді, соған жауап беру.
Фотосинтез процесі дегеніміз не? – күн сәулесінің қатысуымен органикалық зат түзілуі.
Оксид дегеніміз – екі элементтен құралған, біреуі оттегі болып келетін бинарлы қосылыс.
Тарих: Қазақстанда тыңайған жерлерді игеру нешінші жылы болды?
Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомалунгма 8848 м.
Қазақ т: Оқшау сөздер деген не? – Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер және сөз тіркесі.
Физика: Бір стақанға суық су, екінші ыдысқа ыстық су құйылған, сулардың массасы бірдей, ішкі энергиясы туралы не айтуға болады? /ыстық судың ішкі энергиясы көп.
5 тур. «Оратор». Қазақстанның жоғалуға қауіп төніп тұрған өсімдіктері мен жануарларын қорғауды шешу жолдары.
Сабақты қорыту: Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша көрермендермен жұмыс.
Географияны пәні бойынша сабақ жүргізу әдістемесі
Тақырыбы: Шығыс Қазақстан облысының зерттелу тарихы (8 сынып)
Сабақ түрі: «Ғылыми конференция».
Мақсаты: Физикалық-географиялық зерттеу туралы ұғымды қалыптастыру. Шығыс Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайын, оның географиялық координаталарын, оқулықпен, картамен, контур картамен жұмыс істей отырып, дағдыларын дамыту. Оқушылардың ұйымшылдық және өмірге деген дұрыс көз қарастарын сабақ жүйесінде тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, Шығыс Қазақстанның картасы, табиғат туралы жасалынған буклеттер, зерттеушілердің суреттері.
Сабақ түрі ғылыми конференция болғандықтан оқушыларға тапсырма бір жұма бұрын беріліп, өзінің жұмыстарын реферат ретінде жазып келулері талап етіледі.
Сабақтың барысы:
Сыныпты ұйымдастыру. Оқытушы сабақтың мақсатын, барысын түсіндіреді.
Жаңа тақырып.
Оқутышының сөзі: 1997 жылы Қазақстанның облыс аймақтарының қайта құрылуы кезінің негізінде біздегі екі облыс біріктірілді. Шығыс Қазақстан облысы болып (1932 ж.) және Семей облысы болып (1939 ж.) бекітілген (тақтаға жазылады).
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының ең шығыс бөлігіне еуразия материгінің терең жерінде орналасқан. Көлемі үш Балтық маңы мемлекеттерінің көлеміндей.
Сыныпқа сұрақтар қойылады: Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде, оңтүстігінде, шығыс, батыс жақтары қай жерлермен шектеседі.
Оқушылар жауап береді: Солтүстігінде Алтай өлкесімен.
Солтүстік батысында-Павлодар облысымен,
Оңтүстігінде-Талдықорған облысымен,
Батысында-Қарағанды, Шығыс Мемлекеттік шекара Қытай Халық Республикасы.
Облыс Атлант және Тынық Мұхитынан бірдей қашықтықта.
Оқушылар өздіктерінен төмендегідей жұмыстарды атқарады:
Солтүстігінде-Алтай
Оңтүстігінде-Балхаш-Алакөл ойысы
Батысында-Қазақстан ұсақ шоқысы
Шығысында-Сауыр, Алтай тауларымен шектеседі.
Оқытушының сұрақтары: Шығыс Қазақстанның географиялық орналасуы табиғат жағдайларына қалай әсер етеді.
Оқушылардың жауаптары: Шығыс Қазақстанның географиялық жағдайы табиғат жағдайына әсер етеді (өте құрғақ континентальды климаттан қоңыржай континентальды климатқа). Мұғалім толықтырады.
Оқытушы: Шығыс Қазақстан облысының физикалық-географиялық экономикалық жағдайы өте ыңғайлы, бірақта экономикалық жағдайды дамытуда келеңсіз жағдайлар көп болған. Себебі:
Темір жол қатынасы болмаған;
Пайдалы қазбалары кең таралмаған;
Ертіс өзенінде жүк тасу жағдайлары да дұрыс ұйымдастырылмаған;
Енді ғылыми конференцияға қатысатын оқушылардың ең артта қалған өлкеден қалай дамыған регионға айналғандығын тыңдап көрелік.
1-ші оқушы: «Шығыс Қазақстан облысы туралы бастапқы деректер» тақырыбына баяндама жасайды.
2-ші оқушы: «Шығыс Қазақстанның белгілі ғалым, саяхатшылары» туралы баяндама жасайды.
3-ші оқушы: «Тұрғындардың зерттеу жүргізулері туралы баяндама жасалынады»
Баяндамаға қосымша материалдар өлкетену мұражайларынан алынады.
Оқытушы: Атақты ғалым Қ.И. Сатпаевтің еңбегі туралы толық мәлімдеме береді.
Оқытушы, зерттеушілердің аттары, еңбектері туралы оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріледі.
Сабақ қорытындыланады.
Кескін картаға Шығыс Қазақстанның шекарасы, қалалары белгіленеді.
Үйге тапсырма беріледі: Оқулық бойынша Шығыс Қазақстанның зерттелу тарихын оқып, төмендегі кестені толтыру қажет.
Кесте 6. Шығыс Қазақстанның географиялық жағдайлары
Шығыс Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайының қолайлығы
|
Физикалық-географиялық жағдайының қолайсыздығы
|
|
|
Сабақ соңында, қорытынды жасалынып, баға қойылады.
Тақырыбы: Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері (7 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Оңтүстік Америка материгінің өзен және көлдерінің аса маңызды ерекшеліктері жайлы білім беру
Балаларды өз ойын ашық жеткізе алуға, картамен жұмыс жасауға, өткен материалдарды қайталау арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту
Оқушыларға материктің қайталанбас тіршілік дүниесін қорғау және сақтауда экологиялық бағытта тәрбие беру
Сабақ түрі: аралас
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық, климаттық, жануарлар әлемінің картасы, слайдттар, кино, интерактивті тақтаны тиімді пайдалану.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Өткенді қайталау
2.1. Оңтүстік Америка климатының қалыптасуына әсер ететін факторлар
2.2. Оңтүстік Американың климаттық белдеулері және оларға сипаттама
А) экваторлық және субэкваторлық белдеу
Б) тропиктік және субтропиктік
В) қоңыржай белдеу
Үй тапсырмасын қорытындылау: Солтүстік Америка материгімен салыстыра отырып қорытындылау
3. Жаңа сабаққа даярлық.
Жаңа материалды оқып үйрену жоспары:
1. Өзендердің жалпы сипаттамасы, су жинайтын алабы, маусымдық құбылыстар, ағын сипаты, сарқырамалар, су қорлары
2. Ең ірі Амазонка, Парана, Ориноко өзендерінің сипаттамасы
3. Титикака көлі
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға өзен, өзен алабы, суайрық дегеніміз не? Өзен сулары қалай толығады деген сұрақ қоюдан басталады.
Өзендері –Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена. Анд тауы Атлант және Тынық мұхит арасындағы суайрық жота екендігін баяндап, картадан көрсету.
Амазонка-Ең мол сулы өзен. Төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 секундта 220 000 м³ су ағады. Арнасының ені 5 км, төменгі ағысында 80км-ге жетеді.
Амазонкада-500 саласы бар
«Ақ өзендер» - «Қара өзендер» сипаттама беріледі
Жаңа сөз «Поророку»-жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын кері ағысты жергілікті үндістер амазуну (пороруку) деп атайды.
Көлдері-Титикака, Маракайбо, Поопа (сипаттама беріледі)
Титикака (қорғасынды немесе қалайылы көл) - тереңдігі-304м. Су t +11,12С болады.
Интерактивті тақтадан Жак Ив Кусто бастаған экспедиция Амазонканың табиғат сұлулығы жайлы бейне таспадан үзінді көрсетіледі.
Кодоскоп арқылы адасқан обьектілерді табу
Анд ағыс
Кариб үстірт
Патагония жазық
Перуана тау
Гран-Чако теңіз
Картамен жұмыс. Кескін картаға Амазонканың аса ірі салалары мен қалған өзендерінің аттарын жазып, сарқырамаларды белгілеу. Амазонканың су жинау алабын көк түспен, Амазонка ойпатын жасыл түспен қоршап сызады
4. Бекіту. Географиялық диктант.
1. Анд тау биіктігінде орналасқан көл-...........
2.Анхель сарқырамасының биіктігі - .....м
3. Амазонкада тіршілік ететін жыртқыш балық __________
4. Амазонка өзенінің .....-ден астам саласы бар
5. Пороруку дегеніміз-
6.Титикака көлінің тереңдігі-....
7.Амазонканы зерттеген әйгілі саяхатшы есімі?
5. Қорытындылау 1. Бағалау
2. Үйге §40 Кескін картаға ірі өзендерін, сарқырамаларын, көлдерін түсіру
Тақырыбы: Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары (10 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқушылардың білімін бекіту;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, баяндай білу, есте сақтау, картамен жұмыс істеу, шығармашылық дағдыларын дамыту;
3.Оқушылардың арасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: аралас
Типі: семинар сабақ
Сабақтың әдістері: топтық әдіс, ауызша сұрақ-жауап әдісі
Көрнекілігі: Ресейдің ОЭК (отын-энергетика кешені), экономикалық аудандары, минералды ресурстар карталары, кескін карта, слайдттар, интерактивті тақтаны тиімді пайдалану.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау, бүгінгі сабақтың мақсатын, жүру барысын айту)
2. Үйге берілген тапсырмаларды сұрау (сұрақ-жауап әдісімен).
Әрбір оқушыға сұрақтар қойылады.
РФ - 11 экономикалық ауданына сипаттама беріледі
Орталық экономикалық аудан
Волга-Вятка
Орталық қара топырақты аудан
Солтүстік-Батыс аудан
Солтүстік аудан
Солтүстік Кавказ аудан
Волга бойы
Орал
Батыс Сібір
Шығыс Сібір
Қиыр Шығыс
Оқушылар интерактивті тақтада төменде көрсетілген карта бойынша өз ауданың белгілеп, жауап береді.
3. Топпен жұмыс. Әр қатар келесі қатарға сұрақтар қояды
4. Кескін картамен жұмыс
1 топ: Ресейдің басты кен орындарын кескін картаға түсіру
2 топ: Ресей Батыс Сібір экономикалық ауданының мұнай, газ негізгі өңдеу орталықтарын көрсету
3 топ: Ресей Федерациясы Шығыс экономикалық ауданының тас көмір, қоңр көмір, жанғыш тақтатас алаптарын көрсету
5. Шығармашылық жұмыс. Үйге алдын-ала тапсырма берілген. Ресейдің табиғаты алуан түрлі екені белгілі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында табиғаты әсем де, көрікті жерлері көп. РФ салыстыра отырып, экологиялық апаттан шығу жолдарын қалыптастыру
1 топ: Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
2 топ: Үлбі өзенінің экологиясы
3 топ: Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
6. Бекіту. Интерактивті тақтадан сөзжұмбақты шешу, жазу.
РФ мемлекеттік құрылымы қандай? (федерациялы)
Ресеймен сыртқы саудада маңызды рөл атқаратын Батыс Еуропа елі (Франция)
Ресейдің ең суы мол өзені? (Енисей)
Ірі мұнай құбыры? (Достық)
Халқының саны 8,3 млн/адамға жететін миллионер қала? (Мәскеу)
Ресейдің ұлттық валютасы (рубль)
Халқының саны жөнінен РФқай мемлекеттен кейін 7-ші орын алады?(Пакистан)
РФ сыртқы экономикалық байланыс ең негізгі түрі? (туризм)
99% алмаз өндіретін Ресей аумағы (Якутия)
Солтүстік Кавказ экономикалық ауданына кіретін республика: (Калилинград)
Махачкаланың астанасы (Дағыстан)
7. Қорытындылау а) бағалау б) Үйге §50 мазмұндау, қайталау
1. Қосымша ақпарат көздері мен баспасөз материалдарын пайдалана отырып Ресейдің Қазақстанмен қандай байланыстары бар және оларға қысқаша сипаттама беретін баяндама әзірлеу (оқушының таңдауы бойынша мәдениет, білім, ғылым саласында)
Сарамандық жұмыстар:
1. Қазақстанның физикалық картасынан шеткі нүктелерінің координаттарының және шекарасын анықтау, оларды кескін картаға түсіру.
Мақсаты: Географиялық координаталарды анықтай білу және кескін картамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
Құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, ТМД-нің саяси әкімшілік картасы.
Жұмыстың мазмұны:
Кескін картаға Қазақстанның шекарасын түсіріңдер. Шекаралас мемлекеттердің аттарын жазыңдар.
Кескін картаға Қазақстанның шеткі нүктелерін түсіріп, олардың координаталарын жазыңдар.
Солтүстік пен Оңтүстік және Батыс пен Шығыс шеткі нүктелерінің арақашықтарын анықтаңдар.
2. Тектоникалық және физикалық картадан нақты шекараларының мысалында тектоникалық құрылым, жер бедерінің формалары және пайдалы қазбалары арасындағы байланысты анықтау.
Мақсаты: Оқушылардың алған теориялық білімдерін практикалық есептерді шешуде қалай қолданылуын тексеру, карталарды салыстырып және талдау жасай алатын дағдыларды бекіту.
Құралдар: Тектоникалық, геологиялық және физикалық карталар, атлас, оқулық.
Жұмыстың мазмұны:
Кесте толтыру.
Тектоникалық құрылымы, жер бедері және пайдалы қазбалардың бір-бірімен өзара байланысты болуына қорытынды жасау.
Кескін картаға сипаттайтын территорияның, жер бедерінің формаларының аттарын жазу.
негізін құрайтын тектоникалық құрылымдарды түсті бояумен көрсету.
пайдалы қазбаларды түсіру.
тектоникалық құрылымдарды және пайдалы қазбаларды шартты белгілермен көрсету.
Ескерту: Бұл жұмыстар бірнеше сабақтарда «Қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары» тақырыбын өткенде орындалады.
Кесте 1. Қазақстанның жер бедерінің ерекшеліктері
Шекараның аты
|
Аумақтың негізін құрайтын тектоникалық құрылымдар
|
Пайда болу уақыты
|
Жер бедерінің формалары
|
Пайдалы қазбалары
|
Қазақстанның ойпаттары
|
|
|
|
|
3. Климаттық картадан Қазақстанның жекелеген пункттерінің жиынтық радиациясын және ылғалдану коэффицентін анықтау.
Мақсаты: Оқушылардың климаттық карталарды салыстыра және талдау жасай алу дағдыларын жетілдіру, заңдылықтарды анықтау, олардың себептерін аша білу.
Құралдар: Атлас, оқулықтың климаттық картасы, синоптикалық карта.
Жұмыстың мазмұны: Оқулықтың 85, 95, 96, 99 беттеріндегі климаттық картаны пайдаланып кестені толтырыңдар.
Кесте 2. Қазақстанның жекелеген пункттерінің жиынтық радиациясын және ылғалдану коэффицентін анықтау
р/с
|
Аумақ
|
Жиынтық радиация (ккал/см²)
|
+0
|
Жылдық жауын-шашын мм.
|
Жылдық булану мм есебімен
|
Ылғалдану коэффиценті
|
Қорытынды
|
Қаңтар
|
Шілде
|
1
|
Өскемен
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Қорытыңды жасаңдар:
- климаттың типі туралы, климаттық элементтердің өзара байланыстары
- оқылатын аумақтың ауа райының қалыптасу себептерін көрсету
- климаттық жағдайдың адамның өміріне әсер етуі және іс-әрекетіне баға беру
- Аумақты шаруашылыққа пайдалану мүмкіншіліктері сонымен қатар аумақтың экологиялық зардаптары, оқушының өз ойы бойынша оларды шешу жолдары.
4. Тақырыптық картадан Қазақстан өзендерінің режимін, қоректенуін, жылдық ағысының ерекшеліктерін, құламасын және шаруашылыққа қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
Мақсаты: Оқушылардың әр түрлі географиялық ақпаратты (инструкциялық) басылымдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, оқулықтың анықтама материалдары (112-113 бет).
Ертіс өзеніне физикалық-географиялық сипаттама беру
Ертіс қай мұхиттың алабына жатады?
Өзен ағысының сипаты
Су режимінің типі
Қоректену көздері
Құламасы және жылдық ағыны
Шаруашылыққа пайдалану мүмкіншіліктері
Төмендегі өзендерге салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама беріңдер: Іле-Жайық, Сырдария-Ертіс.
Жұмыстың нәтижелерін көрсету түрлері:
кесте сызу
текст бойынша анықтама беру
берілген мағлұматтарды кескін картаға жазу.
5. Қазақстанның бір табиғат зонасының мысалға алып табиғат компоненттерінің бір-бірімен өзара байланыста болуын анықтау
Мақсаты: оқушылардың тақырыптық карталарды оқып білу дағдыларын жетілдіру.
Құралдар: Табиғат зонасының картасы, оқулықтың текстеріндегі карталар, атлас, слайдттар, бейнефильмдер, суреттер.
Жұмыстың мазмұны:
Жұмыс вариант бойынша орындалады, әр оқушы бір табиғат зонасына сипаттама беруі керек. Жұмыстың нәтижесін төмендегі формада көрсетуге болады:
схема толтыру
сұрақтарға жауапты кесте түрінде беру
жоспар бойынша жазбаша сипаттама
Схеманы нақтылы деректермен толтырыңдар және орманды дала, дала, шөлейт, шөл, биік таулы зоналардағы табиғат компоненттерінің бір-бірімен өзара байланысын стрелкамен көрсету.
Тест сұрақтары:
Қазақстан қай материкте орналасқан?
а) Солтүстік Америка
b) Еуропада
c) Еуразияда
d) Азияда
e) Африкада
2. Қазақстан Республикасы аумағының көлемі қандай?
а) 2,7 млн.км²
b) 1,7 млн.км²
c) 4,7 млн.км²
d) 0,7 млн.км²
e) Дұрыс жауабы жоқ
3. Қазақстан шекарасының ұзындығы:
а) 25 км
b) 2500 км
c) 13331 км (15000 км)
d) 17000 км
e) 3000 км
4. Қазақстан аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады?
а) 1- орын
b) 3- орын
c) 9- орын
d) 5- орын
e) 13- орын
5. Қазақстан Республикасының халқының саны қанша? (2005 ж, қаңтар)
а) 15 млн.адам
b) 16,7 млн.адам
c) 18 млн.адам
d) 20 млн.адам
e) 14 млн.адам
6. Қазақстан құрлықта қандай мемлекеттермен шекараласады?
а) Түркия, Ауғанстан, Өзбекстан, Иран
b) Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия
c) Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан
d) Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Пәкістан
e) Дұрыс жауабы жоқ
7. Халықтың орташа тығыздығы қанша?
а) 5,4 адам
b) 2,9 адам
c) 8,9 адам
d) 6,7 адам
e) Дұрыс жауабы жоқ
8. Бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты атаңыз:
а) Декреттік уақыт
b) Сағаттық уақыт
c) Жергілікті уақыт
d) Белдеулік уақыт
e) Дұрыс жауабы жоқ
9. Әрбір белдеулік уақыттың көршілес белдеулік уақыттың айырмасы қанша?
а) Жарты сағат
b) 1 сағат
c) 2 сағат
d) 5 сағат
e) Айырмасы жоқ
10. Даталардың ауысу сызығы қандай мақсатта тағайындалған?
а) Жазғы уақытта өту үшін
b) Тәуліктерді белгілеу үшін
c) Адам қолайсыздығы үшін
d) Жергілікті уақытқа көшу үшін
e) Дұрыс жауабы жоқ
11. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы мемлекет:
а) Қырғызстан
b) Түркіменстан
c) Иран
d) Өзбекстан
e) Ресей
12. Қазақстанның Арал теңізіндегі шекарасы .... мемлекеті арқылы өтеді
а) Қырғызстан
b) Ресей
c) Қытай
d) Түркіменстан
e) Өзбекстан
13. Қазақстан Республикасының батыс шеткі нүктесі өтетін ендік
а) 55º 26'
b) 40º 56'
c) 87º 20'
d) 45º 27'
e) 20º 56'
14. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы:
а) 2200 км
b) 1600 км
c) 3200 км
d) 900 км
e) 1000 км
15. Қазақстан оңтүстік-батысында автономиялық республикамен шектеседі
а) Дағыстан
b) Тәжікстан
c) Қарақалпақстан
d) Башқұрстан
e) Алтай өлкесі
16. Қазақстан неше мемлекетпен шекараласады?
а) 5
b) 4
c) 3
d) 6
e) 7
17. Астана қай жылы Қазақстан Республикасының ел ордасы атанды
а) 17 қаңтар 1999 ж
b) 6 мамыр 1998 ж.
c) 12 сәуір 1998 ж.
d) 18 сәуір 1999 ж.
e) 20 мамыр 2000 ж.
18. Қазақ жерінде көптеген географиялық атауларды дүние жүзінің картасына түсірген, сондай-ақ, «Диуани лұғат-ат-түрік» атты еңбекті жазған, ғалымның атын ата.
а) Қадырғали Жалаири
b) Махмұт Қашғари
c) Әбу-Насыр әл-Фараби
d) Әл-Идриси
e) Шоқан Уалиханов
19. Қазақстан Республикасы жер көлемі жағынан Ұлыбританиядан (жер көлемі 2441 мың.км²) қанша есе үлкен?
а) 9
b) 8
c) 11
d) 6
e) 5
20. Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктерін қаншаға бөлуге болады?
а) 5-ке
b) 7-ге
c) 4-ке
d) 8-ге
e) 3-ке
21. «Үлкен сызба» кітабы қай жылы жарық көрді?
а) 1647 ж
b) 1637 ж
c) 1627 ж
d) 1592 ж
e) 1607 ж
22. Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдары:
а) С.Тян-Шанский, Потанин, Обручев, Мушкетов
b) Марко-Поло, В.Докучаев, И.Черский, Крашенников
c) Ф.Магеллан, Х.Колумб, М.Лазарев, Ф.Белинкгаузен
d) М.Сомов, Х.Лаптев, С.Челюскин, В.Берг
e) Барлығы да дұрыс
23. Махмұт Қашқари жасаған картаны қалай атайды?
а) Физикалық карта
b) Жер бедері картасы
c) Түріктердің географиялық картасы
d) Орталық және Орта Азия
e) Американың географиялық картасы
24. Әл-Фарабидің ойлап тапқаны:
а) Шәйнек
b) Күн сағаты
c) Телескоп
d) Теледидар
e) Микроскоп
25. Тянь-Шань тауын зерттеген ғалым:
а) П.П.Семенов
b) Л.С.Берг
c) Н.И.Андрусов
d) Птоломей
e) Ш.Ш.Уәлиханов
26. Әбу-Насыр Әл-Фарабиді кім деп атаған?
а) Екінші Геродот
b) Екінші Аристотель
c) Екінші Птоломей
d) Екінші Страбон
e) Дұрыс жауабы жоқ
27. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай бөлігінен өткен?
а) Қазақстанның Шығыс бөлігінен
b) Қазақстанның Оңтүстік бөлігінен
c) Қазақстанның Батыс бөлігінен
d) Қазақстанның Орталық бөлігінен
e) Қазақстанның Солтүстік бөлігінен
28. Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы қай жылы құрылды?
а) 1936 ж
b) 1946 ж
c) 1956 ж
d) 1945 ж
e) 1948 ж
29. Арал теңізі өңірін толық сипаттап материал жинақтаған кім?
а) Л.С.Берг
b) И.В.Мушкетов
c) П.П.Семенов
d) Н.Н.Баранский
e) Н.Н.Северцев
30. Ұлы Жібек жолының ұзындығы –
а) 6970 км
b) 6880 км
c) 3900 км
d) 5000 км
e) 4980 км
Тест жауаптары:
-
№
|
Жауабы
|
1
|
C
|
2
|
A
|
3
|
C
|
4
|
C
|
5
|
A
|
6
|
C
|
7
|
A
|
8
|
D
|
9
|
B
|
10
|
B
|
11
|
A
|
12
|
E
|
13
|
D
|
14
|
B
|
15
|
C
|
16
|
A
|
17
|
B
|
18
|
B
|
19
|
C
|
20
|
C
|
21
|
C
|
22
|
A
|
23
|
C
|
24
|
B
|
25
|
A
|
26
|
B
|
27
|
A
|
28
|
B
|
29
|
A
|
30
|
A
|
Қосымша 1
Қазақстанның басты ірі өзендері
Өзен аттары
|
Өзен ұзындығы (км)
|
Алабының ауданы (мың шаршы км²)
|
Солтүстік Мұзды мұхит бассейні
|
Ертіс
Есіл
Тобыл
Нұра
|
1700 (4248)
1700 (2450)
800 (1600)
978
|
234 (1643)
113 (155)
212 (237)
55,1
|
Каспий теңізінің бассейні
|
Жайық
Елек
Ойыл
Жем
Үлкен өзен
Кіші өзен
|
1082 (2428)
605 (623)
800
712
217 (650)
296 (638)
|
72,5 (237)
- (41,3)
31,5
40,4
-
-
|
Арал теңізінің бассейні
|
Сырдария
Шу (сағасы жоқ өзен)
Торғай
Сарысу
Талас
|
1400 (2219)
800 (1186)
827
800
661
|
240 (482)
62,5
157
81,6
52,7
|
Балқаш көлінің бассейні
|
Іле
|
815 (1001)
|
68,4 (131)
|
Қосымша 2
Қазақстанның аса ірі мұздықтары
Мұздықтар
|
Орналасқан жері
|
Мұздық шетінің теңіз деңгейінен биіктігі (м)
|
Ауданы (км²)
|
Ұзындығы
|
Мұздық көлемі (км³)
|
Корженевский
|
Іле Алатауы, Шілік өзені алабы
|
3270
|
38
|
11,7
|
6,32
|
Богатырь
|
Іле Алатауы, Талғар өзені алабы
|
3420
|
30,3
|
9,1
|
4,50
|
Симонов
|
Теріскей Алатауы, Текес өзені алабы
|
3491
|
28,1
|
9,1
|
4,02
|
Мәрмәр қабырға
|
Теріскей Алатауы, Текес өзені алабы
|
3350
|
22,5
|
7,8
|
2,88
|
Жаңғырық
|
Іле Алатауы, Шілік өзені алабы
|
3370
|
17,7
|
8,9
|
2,01
|
Дмитриев
|
Іле Алатауы, Талғар өзені алабы
|
3400
|
17,4
|
5,7
|
1,9
|
Берг
|
Жоңғар Алатауы, Лепсі өзені алабы
|
2850
|
16,7
|
8
|
1,83
|
Калесник
|
Іле Алатауы, Талғар өзені алабы
|
2940
|
15,3
|
8,1
|
1,52
|
Воейков
|
Жоңғар Алатауы, Шажа өзені алабы
|
2720
|
13,6
|
8,6
|
1,38
|
Абай
|
Жоңғар Алатауы, Басқан өзені алабы
|
2830
|
13,2
|
1,9
|
1,1
|
Жаңа
|
Күнгей Алатауы, шілік өзені алабы
|
3370
|
13
|
6,4
|
1,29
|
Безсонов
|
Жоңғар Алатауы, Қаратал өзені алабы
|
2903
|
12,6
|
6
|
1,21
|
Жамбыл
|
Жоңғар Алатауы, Басқан өзені алабы
|
3120
|
11,2
|
6
|
1,01
|
Некрасов
|
Жоңғар Алатауы, Тентек өзені Алабы
|
3120
|
10,9
|
5,8
|
0,80
|
Шокальский
|
Іле Алатауы, Талғар өзені алабы
|
3370
|
10,8
|
4,7
|
0,96
|
Үлкен Берел
|
Алтай, Берел өзені алабы
|
1920
|
10,3
|
10,4
|
0,89
|
Тау-кен институты
|
Іле Алатауы, Түрген өзені алабы
|
3450
|
9,8
|
4,5
|
0,83
|
Қарасай
|
Теріскей Алатауы, Текес өзені алабы
|
3430
|
9,7
|
4,8
|
0,81
|
Короленко
|
Жоңғар Алатауы, Тентек өзені алабы
|
3000
|
9,5
|
6,2
|
0,6
|
Оңтүстік Жаңғырық
|
Күнгей Алатауы, Шілік өзені алабы
|
3370
|
9,2
|
8
|
|
Қосымша 3
Қазақстанның қорықтары туралы мәлімет
Қорық атауы
|
Құр/
жылы
|
Ауданы мың/га
|
Орналасқан жері
|
Ерекшелігі
|
Ақсу-Жабағалы (ең көне қорық)
|
1927
|
85,4
|
Оңтүстік Қазақстан, Талас Алатауы мен Өгем жотасында
|
Құстар – 239 түрі, бауырымен жорғалаушылар – 9, балықтың екі түрі, сүтқоректілердің 51 түрі. Өсімдіктің 1404 түрі бар. Мұнда палеонтологиялық филиал бар.
|
Наурызым
|
1934
|
87,7
|
Қостанай облысы, Наурызым ауданында
|
Қиыр шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрі өседі. шоқ-шоқ қарағай және құр, тоқылдақ кездеседі. Сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286 түрі, балықтардың 6 түрі, өсімдіктердің 687 түрі.
|
Алматы
|
1961
|
71,7
|
Іле Алатауы құмды шөл Іле өзенінің атақты «Әнші тауы» аққұм – Қалқан жатады
|
Сүтқоректілердің 39 түрі, құстардың 200 түрі, өсімдіктердің 965 түрі. Мұнда Тянь-Шань шыршасы және барыс сілеусін кездеседі.
|
Барсакелмес
|
1939
|
16,8
|
Арал теңізінің, Солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан
|
Аралдың апатты экологиялық мәселесі салдарынан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорықтан көшіруге тура келді.
|
Қорғалжын
|
1968
|
259
|
Ақмола облысында орналасқан Қорғалжын, Теңіз көлдері кіреді
|
Сүтқоректі – 41, құстар – 315, балық – 14, өсімдік – 343. ЮНЕСКО-ның тізімінде ерекше қорғалатын батпақты шөлді ландшафт ретінде енген. Мұнда құстар көп және қоқиқаз кездеседі.
|
Марқакөл
|
1976
|
75
|
Солтүстік Қазақ Алтайының Күршім жотасы мен Оңтүстігінде Азутау жотасы аралығында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы
|
Сүтқоректі – 58, құстар – 260, өсімдік – 721. Мқнда дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтын тамыр» және марал кездеседі.
|
Үстірт
|
1984
|
223,3
|
Маңғыстау облысы
|
Қызыл кітапқа енген шөл зонасының 12 түрлі аң мен құстарды қорғау үшін құрылды. Мұнда үстірт муфлоны мен қарақұйрық, құлан кездеседі.
|
Батыс Алтай
|
1992
|
56
|
Шығыс Қазақстан облысының, Глубокое ауданында орналасқан.
|
Сүтқоректі – 50, құстар – 131, өсімдік – 564, балық – 5. Мұнда бұлғын, аю, құндыз кездеседі.
|
Алакөл
|
1998
|
20,7
|
Алматы облысы, Алакөл ауданы
|
Атыраулы су батпақты ландшафтары қорғалады. Сүтқоректі – 40, құстар – 283, өсімдік – 323, қосмекенділердің 2, бауырмен –жорғалаушылар – 4. Мұнда аққу, реликт шағала, қаз кездеседі.
|
Қосымша 4
Ұлттық табиғи парктер мен қорықшалар
Атауы
|
Құрылған
|
Ауданы мың/га
|
Орналасқан жері
|
Ерекшелігі
|
Баянауыл ұлттық паркі
|
1977
|
50,7
|
Павлодар облысы, Баянауыл орман шаруашылығы
|
Биік жері – Ақбет тауы (1026м). Құстар – 54, балық – 8, өсімдік – 438 түрі бар. Мұнад қайталанбас жартас, шоқылар «Найзатас», «Жалмауыз кемпір», «Тас және Ат басы» т.б. қалыптасқан.
|
Іле Алатауы ұлттық паркі
|
1996
|
181,6
|
Іле Алатауының солтүстік беткейінен қаскелең асуына дейін
|
Ерекше ландшафты қорғау мақсатында құрылған.
Андар – 43, құстар – 138, балық – 8, өсімдік – 1282 түрі бар.
|
Қарқаралы ұлттық паркі
|
1998
|
90,3
|
Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданында
|
Әйгілі «Шайтанкөл» орналасқан. Андар – 39, құстар – 55, балық – 11, өсімдік – 68 түрі бар.
|
Алтынемел табиғи ұлттық паркі
|
1996
|
212,1
|
Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов ауданында орналасқан
|
Аңдар – 6, құстар – 231, балық – 30, өсімдік – 1800 түрі бар.
|
Көкшетау паркі
|
1996
|
135,8
|
Ақмола облысы
|
Аңдар - 305, құстар – 223, балық – 22, өсімдік – 800 түрі бар.
|
Катон-Қарағай ұлттық паркі
|
2001
|
940,7
|
Шығыс Қазақстан облысы (Катон-Қарағай ауданы)
|
Таулы аймақтың орманды ландшафтысы; құстардың – 260, сүтқоректілердің 30 түрі қорғалады. 24 тарихи, 11 табиғи, 1 мәдени ескерткіштердің әлемдік маңызы бар. Туризмді дамыту, табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, т.б.
|
Шарын
|
2004
|
93,1
|
Алматы облысы
|
4,5-5 млн.жылдық тарихы бар шатқал. Өсімдіктің – 1500, құстардың – 103, сүтқоректілердің -17 түрі қорғалады. Реликті шетен (ясень) тоғайы. Табиғатты қалпына келтіру туризмді дамыту, табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, т.б.
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Н.Н.Баранский. Экономикалық географияның оқыту әдістемесі.Учпедгиз. М.1960. 11 бет.
- Назарбаев Н. Қазақстан – 2030: Алматы, «Білім», 1997.
- Алтай Казахстанский: Сост.: Кобозев А.Л.: Алма-Ата, Қайнар, 1986.
- Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков: Қазақстанның физикалық географиясы: 8-сынып, оқулық, Алматы, «Атамұра», 2003.
- Энциклопедия: т.3. География.
- Алтай Казахстанский: Сост.: Кобозев А.Л.: Алма-Ата, Қайнар, 1986.
- Ахмедова К.Б., Двоскин Б.Я., Семенова М.И. – Производительные силы Восточного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1976 г.
- Дублинский Н., Степанова В. – Путешествия по Казахстану, М: «Физкультура и спорт», 1976 г.
- География және табиғат журналдары.
- Ердавлетов С.Р., Рутковский О.О. – Занимательная география Казахстана. Алма-Ата, 1989 г.
- Карпов В.Г., Соловьев А.А. – Хрестоматия по физической географии СССР. М: Министерство просвещения РСФСР, 1963 г.
- Карпов В.Г., Соловьев А.И. – Хрестоматия по физической географии СССР. М: Просвещения, 1974 г.
- Кисилев Г.Ф., Сперансов Н.Н. – Эмблема мира и труда. М, 1968 г.
- Макашев А.Т. – Жемчужины Казахстана. Алма-Ата, Қайнар, 1983.
- Мильков Ф.Н. – Словарь-справочник по физической географии. М: Мысль, 1970 г.
- Михайлов В.Ф. – Маркаколь. Алма – Ата. Кайнар, 1983 г.
- Муханов Б., Мусакулов Т., Суворов Н. – Растительный и животный мир Казахстана. Алма – Ата, 1963 г.
- Раковская Э.М., Баринова И.И. – Физическая география СССР. М: Просвещение, 1990 г.
- Рольник Г., Бирмагамбетов А. – Хрестоматия по географии Казахстана. Алма – Ата, 1962 г.
- Рычагов Г.И. и.др. – Мир географии: география и географы. Природная среда. М: Мысль, 1984 г.
- Сухов В.П. – География. Физическая география СССР. М: Просвещение, 1991 г.
- Трешников А.Ф. – Географическая энциклопедический словарь.
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2 том.
Достарыңызбен бөлісу: |