кішіпейілділік
беделі
.
Қарамағындағы-
лармен мұқият қарым-қатынастың мәнін жалған түсіну (басқаға
жақсылық жасайды). Бұл бедел оларға деген төмен талап қоюға
негізделеді.
Сатып
алу
немесе
сыбайластық
беделі
.
Қарым-қатынас «сен
маған – мен саған» принципі бойынша орнайды (сен маған жақ-
сылық жаса, мен саған жасаймын). Іскерлік қарым-қатынас же-
келікке айналады, жеке берілу формасын қабылдайды.
Резонерстік
бедел
.
Жетекші көңілсіз оқыту мен үздіксіз ақыл
айту оның адамдарға деген ықпалын күшейтеді деп есептейді.
Педантизм
беделі
.
Жетекшінің майда қамқорлыққа, атқару-
шылар жұмысының іске қатысы жоқ тетіктерін қатаң реттеуге
бейімділігі (майда-шүйделерді жинап, бедел жинауы).
Менмендік
бедел
.
Жетекшінің бұрынғы еңбектеріне, даңқ-
құмарлығы мен үстем мінезділігіне құрылады (өзін мақтағанды
жақсы көреді).
Басым
(
басымдылық
)
бедел
.
Мұндай беделге жетуге, әдет-
те, мәдени деңгейі төмен жетекшілер ұмтылады, билікті пер-
маненттік үрей орнату мақсатында қолдану қаупі олардың
басты қаруы болып табылады (мен сені құртам, жоям деп
қорқытады). А.С. Макаренко оны «ең қауіпті және жабайысы»
деп санады.
202
Адамдар қарым-қатынас барысында өзара түсінісіп, ақ-
парат алысып қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспар-
лайды, бір-бірімен әрекет, қимыл алмасады, өзара әрекеттің
түрі мен нормаларын анықтайды. Бұл әрекетке бір сәтте көп
адамдардың қатынасуы әркімнің өз үлесін қосуын талап
етеді.
Өзара әрекет жасағанда адамдар әртүрлі мотивтерді мақсат
тұтады. Солардың ішіндегі маңыздылары:
– кооперация – жалпы ұтысты көбейту;
– индивидуализм – өз ұтысын көбейту;
– конкуренция – салыстырмалы ұтысты көбейту;
– альтуризм – өзгенің ұтысын көбейту;
– агрессия – өзгенің ұтысын азайту;
– тепе-теңдік – ұтыстардың айырмашылықтарын азайту.
Осыларға әлеуметтік өзара әрекетке түрткі болатын мотивтің
барлығы енеді, өйткені қарым-қатынастың құралдары, нәтиже-
лері, адамдардың қатынастары қатынасушылардың мотивтерінің
сипатына тәуелді.
Қарым-қатынастың мақсатына қарай тиімді және тиімсізін
ажыратуға болады. Адамдардың мақсаттары сәйкес келген жағ-
дайда қатынас нәтижелі болмақ (кооперация). Ең ұтымсыз мо-
тивтер – индивидуализм және агрессия, қарым-қатынаста өз
серіктерінің қызығушылығы мүлдем назарға алынбағандықтан,
оның да қорғану стратегиялары қоздырылады.
Тұлғааралық өзара қатынаста қатысушылардың әлеумет-
тік мотивтеріне қарай бес негізгі стратегиясын белгілеуге бо-
лады:
–
қарсыласу
– бұл өз ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Адам
тек өз мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды.
«Саған емес, маған»;
–
қашу
– өзгенің ұтысын азайту мотивіне сәйкес. Шынайы
өзара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту, өзгенің ұтысын
азайту үшін өзінің де мақсатына жетпеу. «Саған да емес, маған
да емес»;
–
жол
беру
– өзгенің ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Өз-
генің мақсатына жету үшін өз мақсатын құрбандыққа салу.
«Саған, маған емес»;
203
–
компремисс
– ұтыстардың айырмашылықтарын азайту мо-
тивін жүзеге асырады. Шартты теңдік үшін өз мақсаттарына то-
лық жетпейді. «Саған қанша болса, маған да сонша»;
–
Достарыңызбен бөлісу: |