261
Еңбек қатынасындағы субъектілердің бұл ерекшеліктері сәй-
кесінше құқықтық нормалардың талаптарын ұғыну мен тереңі-
нен жете түсінуге жету жолында кедергі болады және оларды
көбінесе бұл талаптарды менсінбеуге бағдарлайды.
Бұған сонымен бірге қолданыстағы еңбек заңдарындағы
кемшіліктер де, ондағы олқылықтар, бағалау ұғымдарының ай-
тарлықтай саны ықпал етеді, бұл оны әртүрлі түсінуге және
еңбек қатынасы субъектілерінің мүдделеріне зиянын тигізбей
қоймайды.
2. Ұйымдастыру-шаруашылық және экономикалық сипатта-
ғы себептерге мыналарды жатқызуға болады:
−
еліміздегі экономиканың қазіргі дағдарыстық жағдайына
байланысты туындаған ұйымның жұмыс істеуі үшін қалыпты
жағдайлардың болмауы;
−
жабдықтарды, техниканы жаңарту үшін қажетті айналым
қаражатының жетіспеушілігі;
−
еңбек қорғау деңгейінің төмендеуі;
−
қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталмауы;
−
ұзақ уақытқа созылған төлемеушіліктер, жұмысшылардың
еңбек ақысын төлеуді кешіктіру және т.с.с.
Осының барлығы, әрине, қызметкерлер мен жұмыс беруші-
лердің өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативті құжаттар-
ды көптеп бұзуға алып келмей қоймайды, кәсіпорында жеке ең-
бек дау-дамайларының туындауына себепкер болатын дау-да-
майлық жағдайды қалыптастырады.
Жеке еңбек дау-дамайлары немесе талас-тартыстар,
Достарыңызбен бөлісу: