159
лескенімен, басымдықтары бойынша иерархияға тізілгенімен
және өзінің кезектілігі бойынша оңтайлы екендігімен анықта-
лады.
Басқару шешімдерін қабылдау процестері шешім шыға-
рудың жалпы циклі бойынша проблеманы тану мен қоя білу-
ден, бақылау мен түзетуге дейін таралады. Олардың жиын-
тығы басқару шешімдерін шығару, қабылдау және іске асыру
жөніндегі уақытша құрылымдық операциялар болып табы-
лады.
Басқару
шешімдерін
қабылдау
процестерінің
феноменологиясы
Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде
байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар жиын-
тығын білдіреді. Олар тек шешім процестеріне ілесіп қана қой-
май, олардың жүру барысын да реттейді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы фе-
номенологиясына жеке және топтық таңдауға тән негізгі
құбылыстар кіреді. Бұл процестер әлеуметтік және ұйымдық
тұрғыдан жүзеге асады, сондықтан да олар жалпы көпте-
ген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға таралады. Басқа-
ру шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы феномено-
логиясында құбылыстардың негізгі төрт тобын атап көрсе-
теді:
1) Басқару шешімдерін қабылдау процестерін сипаттайтын,
нәтижесінде олардың жеке таңдауға тиесілі құбылыстар;
2) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде олардың
Достарыңызбен бөлісу: