173
Бұл талаптар іскерлік кеңестер барысында да оң болады. Бес
негізгі кезең атап көрсетіледі: кеңестің басталуы; негізгі ақ-
паратты беру; дәлелдеу; қарсы дәлелдерін бейтараптандыру
немесе жоққа шығару; шешім қабылдау. Оларға іскерлік
кеңестер өткізудің бес негізгі принципі әрбір негізгі кезең үшін
сай келеді:
1)
қатысушылардың зейінін проблемаға аудару, олардың
талқылауға қатысу қажеттігін түсіндіру;
2)
талқыланатын проблеманың әлдеқайда тиімді шешілуіне
қатысушылардың жеке қызығушылығын ояту;
3)
барлық айтылған пікірлерді барынша дәлелдеу;
4)
бөтен дәлелдерді жоққа шығарудан бұрын, олардың нақ-
ты себептерін ашуға тырысу;
5)
түбегейлі шешім шығаратын кезде кеңеске қатысушы-
лардың қызығулары мен мүдделерін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: