Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет55/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

оңтайландыру
 
құралы
болуы мүм-
кін; іс-әрекетке тән стереотиптік жағдайларда симультандық 
(бір сәттік) шешімдер болуы, оның кең ашылған процессуалдық 
серпінсіз және 
репродукция
типі бойынша жүзеге асуы мүмкін 
(өткен тәжірибе жүйесі іске қосылады). 
Репродуктивтік шешімдер үнемді, тиімді тәжірибемен тексе-
рілген, тәуекелі төмен. Шешімдердің мұндай типі «артық кетпе-
ген таңдау» ұғымымен белгіленеді. 
Жағдай күрделенген және жаңалары туындаған кезде ше-
шімдердің сукцессивизациясы (оларда дербес кезеңдердің бөлі-
нуі) орын алады. Процестің кезеңдерге бөліну шамасы мен бұл 
кезеңдердің саны максималды емес, мақсатқа жету үшін 
жет
-
кілікті
болуға тиіс. Мақсат шешім процесінің және оның бүкіл 
мазмұны – тіпті оған қандай кезеңдердің кіретінінің де – ба-
ғытталуын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Процестің 
ашылу шамасы әр оқиға үшін минималды жеткілікті болуға тиіс. 
Басқару шешімдері теориясында шешім процестерін ұйым-
дастырудың екі принципі бар: 
1. 
Мақсаттық
 
детерминация
принципі: мақсат осы процес-
тің басты факторы және ұйымдастыру реттеуіші болып табы-
лады. 
2. Процестің кезеңдерге 
минималды
 
жеткілікті
 
дифферен
-
циациялану
принципі (таңдауды іске асыру үшін минималды 
жеткілікті). 


150 
Басқару шешімдерін процессуалдық ұйымдастырудың нор-
мативтік психологиялық мазмұнындағы өте маңызды айырма-
шылық, онда шешімнің өткен кезеңдеріне үнемі қайта оралу-
дың, оларды қайта саналаудың және жаңа ақпаратты ескере 
отырып өзгертудің болуында. Нәтижесінде өткен кезеңдер ке-
лесілермен түзетіледі, бүкіл процестің келісімділігі мен тұтас-
тық шарасы артады. Өткен кезеңдерді көп қайтара «қарастыру» 
және жетілдіруден көрінетін заңдылық процессуалдық ұйым-
дастырудың 
итеративтілік
 
принципі
ретінде белгіленеді [61]. 
Басқару шешімдерінің процессуалдық сипаттамасының екі – 
«беттік» және «тереңдік» деңгейлері бар. Біріншісі – негізгі ке-
зеңдердің 
мазмұны
 
заңдылықтарына
және олардың 
тізбектілі
-
гіне
негізделген. Ашылған түрде бұл кезеңдер шешім қабылдау 
процестерінің нормативтік оптимумына ұқсас. Екінші деңгей 
мақсаттық детерминация, итеративтілік, минималды жеткілікті 
дифференциация принциптерімен шартталады. Олар басқару 
шешімдері процесінің нақты мазмұнын анықтайды және маңыз-
ды бейімдеу – таңдау жағдайының мазмұны мен типін шешім 
процесінің мазмұнын, оларды оңтайландыра отырып келістіру 
функциясын атқарады. 
Басқару
 
шешімдерін

қабылдау
 
процестерін
 
құрылымдық
 
ұйымдастыру
 
Кез келген объектінің құрылымдық сипаттамасы оны ашып 
көрсету кезінде басты болып табылады. Басқару шешімдерін 
қабылдау процестеріне қатысты дәл осы негізгі жоспар таным 
үшін бұл процестердің жоғары күрделілігіне байланысты әлде-
қайда қиын, сондықтан ол басқаларға (мысалы, процессуалдық 
аспектілерге) қарағанда, нашар жасалынған. 
Басқалардың шешімдер сипаттамасын бір мезгілде құры-
лымдардың 
бірнеше
негізгі 
типтеріне
сүйене отырып береді, 
бұл осы шешімдердің күрделілігін шарттандырады. Құрылым-
дардың типтері кешенді ғана басқару шешімдері құрылысын 
сипаттай алады. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің 
формальды, деңгейлік және операциялық құрылымдарын атап 
көрсетеді. 


151 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет