Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет109/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

пәні
еңбек және оның жағдайы мәселелері ғана емес, сонымен бірге 
әртүрлі 
әлеуметтік
-
тұрмыстық
мәселелер болуы мүмкін, мы-
салы, қызметкерлердің белгілі бір категориясы үшін жеңілдіктер 
белгілеумен байланысты және т.б. 
Елдегі экономикалық жағдайлар еңбек дау-дамайларының 
динамикасына, олардың ерекшеліктеріне де ықпал етеді. Егер 
80-жылдары негізінен өмір деңгейі мен сапасындағы кемші-
ліктерге байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселелер қоз-
ғалса, 1980-1990 жылдар аралығында оларға саяси талаптар қо-
сылды. Өндірістік емес сала ұйымдарының ұжымдарындағы 
дау-дамайлар төмен жалақы, оның индексациясын кешіктіруге 
байланысты туындады. Бірақ кейінірек ұжымдық еңбек дау-да-
майларының негізі аренасы өнеркәсіп, ең бірінші кезекте отын-
энергетикалық кешенді өндіруші салалар болды. 
Сонымен, бұл сала кәсіпорындарында 2008 жылы барлық 
ереуілге шығушылардың 60 пайызы ереуілге шықты, бұл бү- 
кіл жылдық жұмыс уақытын жоғалтудың 70 пайызы жоғары 
болды. Орта және жоғары білім беру, денсаулық сақтау, ғылы-
ми мекемелер өкілдері де шетте қалмады. Біртіндеп еңбек дау-
дамайларына машина жасау, өңдеуші салалар, көлік және авиа-
циялық диспетчер қызметкерлері де қатысты. Осы кезде жеке 
кәсіпорындарда еңбек дау-дамайлары іс жүзінде болған жоқ 
деуге болады [33, 34].
Бүгінгі таңда еңбек дау-дамайларының негізгі себептері 
мыналар болып табылады: 

айлық жалақыны төлеуді кешіктіру; 

ұлғайып отырған инфляцияға байланысты айлық жалақы 
индексациясының болмауы; 

еңбекке ақы төлеу мөлшеріне қанағаттанбау; 

өндіруші-кәсіпорын мен тұтынушылар арасында өзара 
төлемеушіліктер; 


265 

еңбек заңдылығын іске асыруға байланысты заң бұзушы-
лықтар (қызметкердің қабылданған міндеттемелерін бұзуы, ба-
сшының еңбек туралы заңды бұзуы, ұжымдық келісім-шартты 
екі тараптың да бұзуы); 

бюджеттік ассигнациялауды жүйелі кешіктіру; 

еңбек қорғаудың нашарлауы және өндірістік жарақаттар-
дың ұлғаюы; 

жекелеген құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері мен 
басшылары арасындағы ақпараттық байланыстың кемшіліктері.
Төлемдерді кешіктіру бюджеттік саланы ұзақ уақыт жеткі-
лікті қаржыландырмау және төлемеушіліктер дағдарысынан, 
сонымен бірге жалақыны кешіктіру мемлекеттік те, сондай-ақ 
жеке кәсіпорындарда жоғары табысты бизнеске айналдыру орын 
алғаны туралы фактіге назар аудара кету керек. Статистика 
бойынша Мемлекеттік комитет деректеріне сәйкес әр үшінші ірі 
және орта кәсіпорында жалақыны уақытында төлемеу және 
үлкен қарыз болған. Сонымен, 2006 жылы жеті айында 89 мың 
кәсіпорындар мен ұйымдар тексерілген, онда еңбек қорғау 
бойынша 45 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталған.
Соңғы жылдары қызметкерлердің өздерінің 
заңды
 
мүдделері
 
мен
 
құқықтарын
 
қорғауда
 
ұйымдастырылған
 
күрестің
көпте-
ген алуан түрлі формалары пайда болды: ұжымдық ереуілдер, 
өкімет және жергілікті әкімшілік ғимаратына пикетке шығу, 
митингілер және т.с.с. 
Адамдардың ашынуына жеткен топтық қарсыласудың неғұр-
лым өткір формалары да пайдаланылады: аштық жариялау, жұ-
мыс орнында құрылғыларды сындыру, іріткілік. Кейде жұмыс 
орнында дау-дамайға түсушілердің қарсылығы азаматтық өкі-
метке бағынбау және қоғамдық тәртіпті халық пен әкімшіліктің 
назарын өзінің мүшкіл жағдайына аудару мақсатында саналы 
түрде бұзу акцияларымен үйлесіп жатады.
Бүгінгі таңда қызметкерлердің өздерінің құқықтары үшін 
күрестің мейлінше белсенді формаларының бірі – ереуіл.
Ереуіл – бұл ұжымдық еңбек талас-тартысының формасы. 
Бұл қызметкерлердің еңбек міндеттемелерін орындаудан (то-
лықтай немесе ішінара) ұжымдық еңбек талас-тартыстарын шешу 
мақсатында өз еркімен бас тартуы.


266 
Ереуіл – күрестің шекті, төтенше шарасы. Оны жалдамалы 
жұмысшылар өздерінің мақсаттарына жету және жұмыс беруші 
мен оның өкілдерін қызметкерлердің талаптарын орындауға 
мәжбүрлеу үшін пайдаланылады, яғни, беймәлім (жасырын) ке-
зеңнен шығып кеткен ұжымдық еңбек дау-дамайын реттеудің 
өзіндік бір әдісі болып табылады.
Қазіргі таңдағы Ресей үшін ереуіл – салыстырмалы жаңа 
құбылыс. Алыс шет елдер де ол өзінің дамуының ұзақ жолынан 
өтті. Әлемдік ереуілдік қозғалыс тәжірибесі көрсеткендей, ереуіл-
дер оларды өткізу формасы бойынша – біртекті емес. Оларды 
бірнеше түрге бөлуге болады:
1) «
әдеттегі
 
ереуіл
»
– жұмысшылар өндірісті тоқтатып, өз-
дерінің жұмыс орнын тастап кетеді. Өнімді, әртүрлі бұйымдар-
ды шығару толықтай тоқтайды; 
2) «
ережелер
 
бойынша
 
жұмыс
 
істеу
»,
немесе «итальяндық 
ереуіл» – жұмысшылар өндірісті тоқтатпайды, керісінше, өн-
діріс барысында өндірістің барлық ережелерін, құрылғыны тех-
никалық пайдалану, қауіпсіздік техникасы ережелерін және 
т.с.с. қатаң сақтайды. Бұл ережелердің барлығын қатаң сақтау 
әдетте кәсіпорын, ұйым, мекеме жұмысында қандай да бір 
іркілістерге алып келеді. Мұндай ереуілдер қолданыстағы заңмен 
реттелмеген – құқықтық реттеуден тыс. Мұндай ереуілге шыққан 
жұмысшыларға наразылық білдіру іс жүзінде мүмкін емес; 
3) «
жұмысты
 
баяулату
»
– «әдеттегі ереуілмен» салыстыр-
ғанда ол жартылай сипатқа ие: өнімді өндіру толықтай тоқта-
майды, тек оның көлемі азаяды; 
4) «
өтіп
 
тұратын
 
ереуіл
» 
– бүкіл кәсіпорын жұмысшыла-
рының немесе олардың еңбегі өндіріс технологиясының қандай 
да бір кезеңімен анықталатын жұмысшылардың (жөндеуші-
слесарлар, құрастырушылар, токарлар, жабдықтаушылар және 
т.с.с.) жұмысты ішінара, уақытша тоқтатуы.
Ереуілдердің бұл формаларының барлығы шет елде кеңінен 
тараған. Ал Ресейде көбінесе «әдеттегі ереуілдер» пайдаланы-
лады, бірақ «итальяндық ереуілдер» де орын алған сәттер бол-
ды. Сонымен, «ереже бойынша жұмыс істеу» туралы ниет біл-
діру, яғни, желіде жарамсыз поездарды шығармау жөнінде өз 
уақытында мәскеулік метрополитен машинистері білдірді.


267 
Ереуілдер қандай формада өткізілмесе де ереуілге шығуға
әр қызметкердің құқығы бар екенін айта кету керек, ол азаматтарға 
РФ Конституциясымен 
кепілдік
 
берілген
, ал «Ұжымдық еңбек 
талас-тартыстарын шешу тәртібі жөніндегі» Заңның өзі оларды 
өткізумен байланысты барлық сұрақтарды толықтай реттейді.
Қазіргі таңдағы Ресейдегі көптеген өнеркәсіптік кәсіпорын-
дар мен бюджеттік ұйымдардағы еңбек қатынастарының ерек-
шеліктері жалақыны ұзақ уақыт кешіктіру бойынша созылмалы 
дау-дамайлар болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет