Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет9/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Басқару
 
іс
-
әрекетін
 
талдауға
 
рөлдік
 
тәсіл
.
Бұл тәсілді 
алғаш рет Г. Минцберг «Еңбекті басқару табиғаты» еңбегінде 
ұсынды. Ол рөлді нақты мекемеге немесе нақты қызметке тиісті 
мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде анықтайды. Ол
3 категорияға біріктірілген 10 негізгі басқару рөлдерін атап 
көрсетеді. 
Тұлғааралық
 
рөлдер

Бас жетекшінің рөлі. Символикалық түрде құқықтық немесе 
әлеуметтік сипаттағы қарапайым міндеттерді орындайтын же-
текші. 
Көшбасшы рөлі. Қарамағындағылардың мотивациялануы 
мен белсенділенуіне қызметкерлерді таңдау мен дайындауға 
жауапты адам. 
«Байланыстырушы буын» рөлі. Сыртқы байланыстар жүйесі 
мен ақпарат көздерінің жұмысын қамтамасыз етуші адам. 


25 
Ақпараттық
 
рөлдер

«Ақпарат қабылдаушы» рөлі. 
Ақпарат таратушының рөлі. 
Уәкілдің рөлі. Осы сала мәселелері бойынша сарапшы. 
Шешім
 
қабылдауға
 
байланысты
 
рөлдер

Кәсіпкер рөлі. Жетілдірудің алуан түрлі жобаларын жасай-
ды және бақылайды. 
Тәртіп бұзушылықты жоюшы рөлі. Маңызды шешімдер ке-
зінде іс-әрекетті реттеуге жауапты адам. 
Ресурстарды таратушының рөлі. 
Келіссөз жүргізуші адам рөлі. 
Г. Минцберг бойынша бұл рөлдерді жүзеге асыру тәсілі 
дегеніміз – басқару іс-әрекеті процесінің мазмұны. 
Басқару
 
іс
-
әрекетін
 
талдауға
 
дименсионалдық
 
тәсіл
.
Бұл 
тәсілді Г. Юкл жасаған. Ол басқару іс-әрекетін талдау бірлігі 
үшін «менеджерлік мінез-құлықты өлшеуді» (дименсияны) 
қабылдауды ұсынды. Басқару іс-әрекеті бірқатар дименсия-
лардан тұрады: 
1)
тәртіпке деген ынта; 
2)
жұмысқа қолдау көрсету; 
3)
мәселені шешу; 
4)
мақсат қою; 
5)
рөлді (орнын) түсіндіру; 
6)
тиімділікке зейін аудару; 
7)
жоспарлау; 
8)
үйлестік; 
9)
автономия (дербестік) беру;
10)
әзірлік; 
11)
ынталандыру; 
12)
зейін аудару; 
13)
шешім қабылдауға қатысу; 
14)
қолдау; 
15)
марапаттауды түрлендіру мүмкіндігі; 
16)
қарым-қатынасқа ықпал ету; 
17)
уәкілеттік; 
18)
ақпарат тарату; 
19)
кикілжіңдерді басқару. 


26 
Бұл тәсіл аса бөлшектенгеніне қарамастан, басқару іс-әре-
кетінің мазмұны жөнінде барынша толықтай түсінік береді. 
Басқару
 
іс
-
әрекетін
 
нормативтік
 
тұрғыдан
 
талдау

Бұл 
басқа іс-әрекеттерге қатынасы бойынша қосымша ретінде қол-
данылады және оларды жүзеге асыру әдістерінің бірі болып 
табылады. Мұндағының негізгісі – іс-әрекеттің нормативтік ма-
құлданған тәсілі ұғымы (ІHMT). Кәсіби іс-әрекет теориясында 
ІHMТ іс-әрекетті орындаудың қорытылған және нұсқаулық-
тармен бекітілген тәсілі ретінде анықталады. 
Нормативтік талдау екі кезеңнен тұрады: 1) ІHMT мазмұ-
нын қызметтік міндеттер мен оларды орындау талаптары тұр-
ғысынан талдау; 2) іс-әрекеттің нормативтік және жеке тәсіл-
дерінің алшақтауын талдау. Соңында осы екі кезеңнің нәти-
желері қорытылады және талданады. 
Басқару іс-әрекетін функционалдық талдау. «Әкімшілік 
мектеп» саласында пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейін 
басқару іс-әрекетінің табиғатын түсінуде және оны қарастыру-
да айқын басымдықта. А. Файоль еңбектерінде, сондай-ақ аме-
рикалық менеджмент мектебінде қазіргі кезде осы іс-әрекет- 
ті қарастыру нормасы пайда болған, функционалдық талдау- 
дың негіздері тұжырымдалды. Дидактикалық әдебиеттерде 
басқару іс-әрекетін талдау – басқарудың негізгі функцияларын 
ашу негізінде (жоспарлау, мотивация, мақсат қою, т.б.) келтірі-
леді. 
Басқару іс-әрекетін зерттеудің басты психологиялық бағыт-
тары негізгі қызметтерімен тікелей қарым-қатынаста болады. 
Мысалы, басқаруда шешімдерді қабылдау психологиясы, 
жетекшіні мотивациялау психологиясы, т.б. Бұл тұрғыдан іс-
әрекетті талдаудың бастысы – жекелеген басқару қызметтері 
қарастырылатын «бірліктерді талдау» мәселесі шешіледі. Бұл 
бірліктер кешенді, мазмұнға бай және қосымша мүшелеуді 
талап етеді. Басқару іс-әрекеті күрделі және кешенді болған-
дықтан, оның бірліктері қарапайым бола алмайды. Сондықтан 
теория мен тәжірибедегі функционалдық талдау әлдеқайда 
конструктивтік болып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет