196
Ресми ұйым өзінің ішінде бейресми топтардың мүлде бол-
мауын емес, керісінше, олардың болу мүмкіндігін білдіретіні
өте маңызды. Сонымен ұйым құрылымында олардың құры-
лымдануының ресми және бейресми тәсілдері тығыз өзара
байланыста болады. Ұйымның ішінде мұндай өзара іс-әрекет
басқарудың басты проблемаларының бірі болып табылады.
Дәл осы жерде негізгіні атап көрсетеміз: топты ұйымдасты-
рудың екі типінің болуы – оларды басқарудың екі түрлі тәсіл-
дерінің және көшбасшылықтың екі типінің себебі. Олар күр-
делі қарым-қатынасқа түседі, сабақтасады, ажырамайды, өзара
іс-әрекетте болады.
«Көшбасшы» ұғымы топтағы «вертикаль бойынша» психо-
логиялық қатынастарға тән (үстем болу – бағыну). Әдебиеттерде
ресми көшбасшылықты белгілеу үшін «жетекшілік» ұғымы, ал
бейресмилікті белгілеу үшін қарапайым «көшбасшы» ұғымы
қолданылады. Ағылшынша
Достарыңызбен бөлісу: