Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды: 1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілер: 1.Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.