Жеті жұт.
Бұл тіркестегі
жеті
де жұмбақ санға айналып бара
жатқан сөз.
«Жұт жеті ағайынды содырмен сегіз, салақпен тоғыз,
олақпен он»
деп мақалдай отырып, қария кісілер «ағайынды жетіге»
мыналарлы жатқызады: жұт, қуаңшылық, індет (көлденең кесел),
зілзала, сел, өрт, соғыс. Сөз себепсіз айтылмайды. Халықтың байырғы
кезде бұларды «ағайынды жеті» деп атауы тегін болмаса керек.
«Елге ел
қосылса – құт, селге жел қосылса
–
жұт»
дейді мақалда.
Ақ қар, көк
мұз жұтының
аяғы да қауіпті, тасқын болып сел жүреді. Оны
қайталаманың ақ бораны
дейді.
Ақ қар, көк мұздың жұты (ақ жұт )
тәрізді тігерге тұяқ қалдырмай, ел ішін күйзелтіп, шығындатып кететін
табиғи апаттың арты індетке де айналуы ықтимал. Кезқұйрық, құзғын,
сақалтай, тазқара тәрізді тазалықшы (санитар) құстар жұтқа ұшыраған
малдың өлексесінен даланы «арылтып» үлгере алмаса керек. Кейбір
жылнамаларда келтірілген дерекке қарағанда, біздін жыл санауымызға
дейінгі 68-жылы болған жұтта хундар 60% малынан айрылған. Мұның
салдарынан халықтың тең жартысы қырылған (Знание-Сила, 1978, М.).
Жұттан титықтап шыққан жұртқа соғысқұмар көршілерінін көз алдартар
кезі де осы тұс. Қар мүлде аз түсіп, қатқақ болатын
қара жұттың
аяғы
құрғақшылыққа айналып, өрт жиі шығады. Ы.Алтынсарин «Жұт
туралы» жазбасында қар түспеген жұттан кейін Торғай өлкесіндс
куаңшылық болып,өрттің көп шыққанын айтқан
9
.
Достарыңызбен бөлісу: