белгісіз. Бұл архаизм
ел санатына қосылды (кірді), санатқа қосылды
деген фразеологизмдердің құрамында да кездеседі.
Осы
фразеологизмдердің байырғы ақындар тілінен
кеңеске кіру
деген
синонимдік қатарын кездестіреміз:
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кеңеске.
Ерегескен дұшпанмен,
Шығар болсам күреске
(Ақтамберді).
Мұндай қолданысқа қарағанда
санатқа кірді, санатқа қосылды,
кеңеске кірді
дегендердің семантикалық структурасында 1) «ер жетті», 2)
«шаршы топта», 3) «ой айтарлық» азамат болды деген семалар бар.
Мұндай «ой айтарлық» деген сема
санат-
ты
сана
«ой» сөзімен
жақындастырады. Енді мынадай контекске назар аударайық:
Осы күні
жеңгеміз Анар сұлу ағамызды жалғыз меңгеріп алды да, өзгеміз санда
бар, санақта жоқ, далада жалғыз қалдық
(Ғ.Мүсірепов. Жат қолында).
Сырт қарағанда, жазушы көне элементті жаңамен ауыстырған тәрізді.
Шындығында, олай емес, бұл жерде жазушы, біздің ойымызша, екі түрлі
фразеологимзді –
санда бар, санақта жоқ
және
есепте жоқ –
контаминациялаған. Көркем шығарма тілінде кездесетін кейбір
жаңғыртулар жазушы тілінде бір қолданар ғана мәнде болады, өйткені
фразеологизмдердің құрамын жаңарту тек сол контексте ғана орынды
көрінеді.
Екі жақтан сайланып шыққан жігіттер сайыстың серпінімен
көздің жауһарын алады
(Т.Әлімқұлов. Ат – ердің қанаты).
Фразеологиялық сөз орамдарын жаңғырту, жоғарыда айтылғандай,
белгілі бір уәжге (мотивке) негізделеді. Нормадан ауытқудың мұндай
түрі көбіне стильдік мақсатқа тәуелді болады. Алайда сөз мәдениетін
төмендететін жөнсіз ауытқулар қазіргі кезде басқалардан гөрі ең
алдымен тілдің фразеология саласында жиі әрі көп кездеседі. Жөнсіз
ауытқулардың типтерін анықтап, нақты себептерін ашып көрсетудің сөз
мәдениеті үшін күресте айрықша мәні бар.
Фразеологизмдердің құрамындағы фразеолексемаларды жөнсіз
жаңғыртулардың тіл қолданысында жиі кездесетін бір типі – тірек
сыңарларының талғампаздық қасиетін елеп-ескермеу. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: