Жәңгір ұсынысы ұнамады
(Сонда).
Онда арифметика, алгебра,
геометрия және артиллерия мен әскери жер жұмыстары жөнінде
сабақ жүреді; ...Үшіншісі төмендегі дәрежеде санау, әріп тану және
намаз сабақтары жүретін болады
(Сонда).
Әдетте
мәселе
сөзімен
тіркесіп келетіндер (мысалы,
шешімін таппаған мәселе, күн
тәртібіндегі мәселе, негізгі мәселелердің бірі
т.б.) іс қағаздарына тән
сипат үстейді, сөзге ресми реңк береді.
Ал
сабақ жүреді
деген қолданыс газет, радио тілінде жиі айтылатын
хабар жүргізді, әңгіме, сұхбат жүргізді
дегендерді еске түсіреді. Кітаби
тіл
реңкіндегі тіркестер, бәлкім, өз «аулында», орынды да шығар. Ал
ондайлардың Шоң би туралы тарихи романда кездесуі үйлесімсіздеу
көрінеді. Әңгіме жиналыс өткізіп, қаулы қабылдап жатқандар жайында
болса, бәлкім, жиналғандарға
ұсыныс жасады, Жәңгір ұсынысы
дегендерді арашалап алуға да болар еді. Бірақ бұл жерде де сөз орынды
болмаған соң, қонымды да емес. Бөгде стильдік элементтерді жазушы
белгілі бір мақсатқа орай әдейі жұмсап, стильдік бояуларды дәл бере
білсе, көркем шығарма тілінің жарасымы арта түседі.
Сонда ғана бұл
тәсіл көркем сипатқа ие болып, шығарма тілінде тартылған жаңа желідей
көрінеді.
Ал әр түрлі стильдердің парқын ажыратпай, әйтеуір осылай екен
деген желеумен көркем әдебиет тілінде қолдана беру автордың тіл
түйсігінің төмендігін көрсетеді. Әдеби тілдің жүйеге түскен стильдік
нормасымен санаспай, әр басқа стильдік элементтерді көркем шығарма
тілінде мақсатсыз араластырып жіберу – эклектизм. Тіл бояуы бұзылған
ондай шығарма өмірдің, шындықтың
көркем суретін дұрыс бере
алмайды.
Әдетте сөз мағынасына жете мән бермей қолдану, тігісі теріс тіркес
құру немесе жалған метафора, жасанды теңеуге бой ұру тәрізділердің
көркем тіл өрнегіне мүлдем жат екендігі белгілі. Сондықтан да кейбір
жазушылардың тілінде ұшырайтын мұндай олқылықтар ара-тұра
орынды сыналып, кемшіліктер дәл көрсетіліп те жүр. Ал әр түрлі
стильдік элементті көркемдік мақсатқа сай жұмсамай, араластырып
жіберу де сөздің стильдік өрісін білмей жұмсау да, сайып келгенде, тіл
көркемдігін мүлдем төмендететін дерттер. Бірақ мұндай кемшіліктер
шығарма тілін талдаған сын, мақала,
рецензияларда көбіне сын
қаламына ілінбей, жабулы күйде қалып жүр. Ал баспа беттерінде жарық
123
көріп жатқан әңгіме, повесть, романдардың қайсы бірін оқып отырсақ,
кейбір авторлардың сөздің стильдік бояуына мән бермей
жұмсайтындығы байқалады. Әр түрлі стильдік элементтер жөнсіз
араласқан ондай шығарманың тілі ала-құла көрінеді.
–
Достарыңызбен бөлісу: