Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


ӘБУ НАСР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ОЙШЫЛДАРЫ ІЛІМІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет169/221
Дата25.04.2022
өлшемі3,3 Mb.
#140821
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   221
Байланысты:
тарихи тұлға

ӘБУ НАСР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ОЙШЫЛДАРЫ ІЛІМІНДЕГІ
КЕМЕЛ АДАМ МҰРАТЫ 
 
Қабылова А.С., ф.ғ.д., профессор 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
 
Адамзат рахатының ең жоғарғы шыңы бақытқа қол жеткізу әділетті де саясаткер тұлға 
билік ететін қайырымды қала тұрғындарына нәсіп етіледі. Әл-Фарабидің ойынша 
қайырымды қала тұрғындары қоғаммен тұтастыққа күй кешіп, бақытты болудың 
теоретикалық және тәжірибелік мәнін түсінумен айналысады, ал, Жүсіптің ойынша бек 
қоғамның барлық қабатымен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Сонымен бірге 
отырарлық ойшылдың ойынша олар Бірінші Тұлға туралы білімдерін кеңейтіп, оның ерекше 
белгілерін зерттеп, рухани мәніне үңіліп, өзіне ғана тән қасиеттеріне сипаттама жасап
Белсенді интеллектіден туындайтын анықтамаға теңесуге тырысып өмір сүреді. Осыдан 
кейін барып аталмыш қала тұрғындары аспан денелері туралы ұғымдарын күшейтіп олардың 
қасиеттерін оқып, заңдылық пен даналық ережесін меңгеруі тиіс. Егер біреу аспан 
денелерінің орнын, ара қашықтығын білемін десе, ол 
жұлдыз (аспан)
ғылымы бойынша біліп 
отыр, бұл ақиқат заңдылықтар қатарына жатады,– дейді отырарлық ойшыл. Енді біреулер 
жұлдыздардың бірі бір жерге қарама-қарсы келгенде әсерді қабылдаушының кедергісі 
болмаса қыздырады десе, ол да жұлдыз ғылымы бойынша біліп отыр, бұл көбінесе 
құбылыстар санатына жатады. Ал енді біреулер бір жұлдыз екінші жұлдызға жақын келгенде 
жер бетінде біреу баийды екен немесе басқа бір оқиға болады екен десе, ол да жұлдыз 
ғылымы ережелері бойынша біліп отырмын деп ойлайды. Алайда бұл күдікті жорамал. 
Мұның табиғаты басқа біреуінің табиғатына қарама-қарсы, олардың бірігуі ортақ есімінде 
ғана. Сөйтіп көпшілік адамдар үшін жұлдыз арқылы болжаушылардың іс-әрекеттері күңгірт, 
өйткені олар ережелерді толық білмейді, ақиқат ғылымдарды меңгермеген. Сондықтан да 
қайырымды қала тұрғыны аспан денелері туралы білімін үнемі шыңдап, кеңейтіп отыруы 
шарт,– деп атап көрсетеді Әбу Наср. Олар үнемі білім қуып, тәлім алуға құштар болуы керек. 
«Ізгі қала бес түрлі адамдардан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, 
өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдар санатына даналар, 
пайымдағыш адамдар, маңызды істерде білімді болатын адамдар жатады. Олардан кейін діни 
қызметкерлер мен шешендер, атап айтқанда, дін уағызшылары, сөз шеберлері, ақындар, 
музыканттар, хатшылар және солар сияқтылар да солардың тобына жатады. Өлшеушілер 
дегеніміз – есепшілер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және басқа сондайлар. 
Жауынгерлер дегеніміз – жасақшылар, сақшылар және соларға ұқсастар солардың тобына 
жатады. Байлар дегеніміз – қалада байлық табатындар: егіншілер, мал өсірушілер
саудагерлер және басқа сондайлар» [1, 177 б.]. Осы тұста Жүсіптің де саудагерлер, мал 
баққан шаруалар, қолөнершілер, қалалық және көшпенді мәдениет өкілдеріне қарасты 
айтқандары да бар. Қоғамдық еңбек бөлінісін суреттей отырып, ондағы адамның орны мен 
маңыздылығына мән берген. «Құтадғу біліктің» берер тәлімі, ұлағаты көп және жан-жақты. 
Онда бүгінгі өз маңызын жоймаған философиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи, 
географиялық, педагогикалық, психологиялық ой иірімдері көптеп кездесіп отырады. 
Дастанды оқыған сайын оның ғажайып әлемі өзіне тез тарта береді» – дейді Н. Мұсаева. Осы 
ойшылдардың еңбегін жалғастырушы бүгінгі ғалымдар, әсіресе Ғ. Есімнің: «Заманды 
түзетуші де, жетілдіруші де – адам» [2, 1 б.] дегені ойға оралып отырады. Белгілі ғалым Ә. 
Нысанбаевтың: «Дүниеде барша жақсылық та, жамандық атаулы да адам қолынан 
жасалынып келеді. Әлемдік ауқымда алып қарасаңыз да, жеке ұлттың тарихы шеңберінде 
алып байқасаңыз да солай. Кез-келген қоғамның өсуі немесе өшуі ондағы адамдардың 
парасаты мен істеген істеріне байланысты болып келеді» [3, 41 б.],– дегені сол ойшылдардың 
пікірлерімен сабақтасып жатыр. Жүсіп Баласағұн қоғамның қабатын белгілі бір топтарға 
бөліп, ғалымдармен, оташылармен, құшнаштармен, түс жорушылармен, жұлдызшылармен, 


269 
ақындармен, диқандармен, сатушылармен, малшылармен, қолөнершілермен, кедей-
пақырлармен қалай қатысу керектігін айтып отырады. Барлығына жеке-жеке тоқталмай-ақ, 
«жақсы көріп, құрмет көрсет басына, шаң тигізбе хақына да, атына» [4, 407 б.] деген Жүсіптің 
пікірімен түсіндірме жасағым келеді, өйткені олардың барлығы қоғам қабатының қажетті 
өкілдері. Қайырымды қала тұрғындарының арасынан философтар санын көбейту керек. 
Әділетті әкім соған алғы шарттылықтар тудырады. Бақыт дегеніміздің өзі – адам фәлсафаның 
көмегімен ұғынатын абсолютті қайырымдылық. Жер бетіндегі адамзат адамзат атаулының 
әртүрлілігіне байланысты, олардың рухани заттарды ашуға да қабілеттері бір-біріне қарама-
қайшы. Алайда қайырымды қала тұрғындары қайырымдылық жасауға, бақытты талаптанып 
табуға және кемелденуге қол жеткізу үшін табиғи диспозицияны ерік жігер мен тәртіптің 
көмегі арқылы дағдыландырады. Үнемі жүргізілетін еңбектің арқасында нығаятын және 
көрінетін әртүрлі өнер мен ғылымдағы байқалатын бір-біріне қарама-қарсы қабілеттеріне 
байланысты адамдар үнемі ерекшеленіп отырады. Қайырымды қаладағы кез-келген адам 
өзінің қабілеті мен дайындығына байланысты әрекет етеді. Бақытқа қол жеткізудегі тұтыну 
талабын адамдар даралықта емес әділетті әкім ұйымдастырған көпшілік арасында яғни 
қоғамда жүзеге асырады. Ал осы қайырымды қаладағы нағыз билеуші дегеніміз – әрекет 
етуші интеллектіге мүлтіксіз жақындауша адам. Ол ақиқатты таниды. «Ел басқарудың 
алғашқы ізгілікті сабағы қалалар мен халықтар арсындағы ізгілікті тұрмыс салты мен ізгілікті 
қабілеттерді орнықтыруды, оларды жан-жақт насихаттауды және мәдениетсіз өмір салтының 
келеңсіз көріністерінен сақтануды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерден тұрады» [5, 59 б.]. 
Қайырымды қаладағы азаматтардың қол жеткізген бақыт деңгейі саны мен сапасы 
жөнінен әр түрлі. Жойылуға душар болған мінсіз адамдардың жаны уақыт өткен сайын 
тәнінен алшақтай түсіп, рухтың болмысын қалыптастырады. Бірінен соң бірі ұрпақ 
осылайша өте береді. Барлық жақсы адамдардың жаны көп мөлшерде бір-бірімен кездесіп, 
олардың бақыты өзара танымның арқасында көбейе түседі. «Тек тамаша көркемдікке жетуді 
мақсат ететін өнер философия немесе абсолюттік мағынада айтқанда, «даналық» деп 
аталады». Адам бақытқа тек көркемдікті меңгергеннен кейін ғана жетеді. Философия 
ғылымы болмайынша, ғаламның бағынысты үйлесімін, құрылысының сұлулығын 
түсінбейінше шын бақытқа жету мақсаты сағым іспеттес. Белгілі философ А.Х. Қасымжанов 
Фарабидің бұл көзқарасын жоғары бағалап өтті: «Теориялық философияның курсын түгел 
өту адамға жоғары бақытқа жету үшін қажет. Бақыттың не екенін білмей тұрып оған жету 
мүмкін емес, бақытты нақты және нақтылайтындай мақсат етіп, одан шеттемеу керек. 
Сондай-ақ бақытқа жету үшін не істеу керек екенін білу қажет. Бұған байланысты мәліметтер 
мен нұсқаулар практикалық философияда жасалады» [6, 142 б.]. Даналық бақытқа жетелейді. 
«Даналықтың тақ-тәжі сатылмайды ақшаға» десе енді бірде «даналардың әр сөзі тең ғой 
бейіш үнімен, даналықтың мәуесі – қайырымдылықтың бағы да» [4, 597 б.] дейді Жүсіп 
Баласағұн. 
Әбу Наср пайымында бақытқа қол жеткізудің алғашқы құралының бірі – дін. Жер 
бетінде әртүрлі қайырымды қалалар мен ізгі ұлттар, ұйымдар, тайпалар өмір сүреді. Олардың 
діни сенімдері де әртүрлі болу шарттылығын қарастыра отырып Фараби, барлық адамзаттың 
ұмтылысы бірақ нәрсе, ол – бақытқа қол жеткізу деп дәлелдейді. Діни ілімдер, мемлекет пен 
адамдардың бірігуі бір қоғамда жүргізіле береді, ең ақырында барлығының мақсаты бақытты 
болу деп тұжырымдайды әл-Фараби. «Бір сөзбен айтқанда, бұл дүниені Жаратушының салып 
берген қасиетті жолымен дұрыс жүре отырып, құдіретті күшті Алла Тағалаға барынша 
еліктеу және жаратқан ием дарытқан өзіндік ерекшеліктер мен инстинктері, табиғи 
түрлерімен сипатталатын болмыстың сан-алуандығына арқа сүйеп отыру қажет. Ал мұндай 
жағдайда дүниенің барлық түрлері олардың өз сатыларына сәйкес табиғи игілікпен өзара 
үндестік табады» [5, 69 б.]. «Қайырымда қалада»
 
әл-Фараби материядан тыс болмыс, мәңгі 
жаратылыс құбылысының бастауы болып табылатын алғашқы себеп – Алла туралы өте терең 
талдау жасағанын көруге болады. Бұл теория ислам философиясының маңызды бір бөлігін 
құрайды. Ай үсті және ай астындағы деп әлемді екіге бөледі. Бұл әлемдер әрдайым қозғалыс 


270 
үстінде, әрі ұдайы өзгеріп отырады. Әл-Фараби 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет