Табиғаттағы наноөлшемді заттар.
Нанотехнология адамзат дамуының 21 ғасырдағы жоғары деңгейлі алдыңғы қатарлы жетістектерімен үміттендіретін ілімдерінің бірі.
Наноөлшемділер табиғаттағы тірі және «өлі» заттар құрамында бар. Мысалы, фуллерен көміртек атомының аллотропиялы түрлерінің бірі, екі миллиард жылдар бұрын жерге түскен метеорит-шунгит құрамынан табылған және жұлдыздар арасындағы газдар қоспасында болатындығы анықталды.
Табиғатта тірі организмдердің пайда болуы, өсуі және бөлінуі наножүйелі жағдайда өтеді. Оған, мысал ретінде тірі ағзадағы клетканың пайда болуы, оның басқа да наноөлшемді заттармен әрекеттесуін келтіруге болады. Егер осы үдеріс тоқтаса тірі ағза және табиғат өзінің өмір сүруін шектейді. Олай болса табиғат та, оның ішінде жер де миллиард жылдар бұрын тіршілік субстансасының–нанобөлшектердің көмегімен пайда болды деп болжауы дұрыс деп түсінген жөн.
Табиғатта сулы жерде өсетін лотос деген өсімдігінің адамзат түсінігінде тазалық символы, жапырағы өте қызықты құрылымды болады. Оның бет жағы наноталшықты, өте қырлы өткір ұштары бар. Олар су молекуласын бойына сіңірмейтін өте таза зат. Осындай қасиеттің арқасында оның беттік жақтары өзін-өзі тазалу принципі бойынша қызмет етеді. Су молекуласы жапырақ бетімен аққанда оның беткі жағындағы керексіз заттар бірге түсіп, тазаланады.
Осындай қасиетті қырыққабат, тюльпан жапырақтарынан және шегіртке, көбелек қанаттарынан да байқауға болады..
Осыдан біздің жаңа эрамызға дейін төрт мың жыл бұрын Шығыс елдерінде мыстан жасалған заттар бетін гальваникалық элемент принципін пайдаланып, алтынмен қаптауды білген.
Бұрынғы карфогендер және финикийцілер әйнек балқыту кезінде оларға металл наноұнтақтарын қосу арқылы оған сәуле табиғатына байланысты, әйнек өзінің түсін өзгерту қасиетіне ие болатынын дәлелдеген. Римде әйнек балқытқыштарында оларға күміс, алтын нанотүйіршіктерін қосу арқылы табиғатта кездеспейтін түсті материалдар алды.
Мың жылдар бұрын өмір сүрген маялықтардың археологиялық қазбалардан табылған бұйымдарынан олардың да нанотехнология әдістермен айналысқанын көруге болады. Өйткені олардың жасаған бұйымдары, бүгінгі күнге дейін, өзінің қасиеттерін өзгертпеген және жоғалтпаған.
Сонымен нанотехнология адамзат өмірінің жалғасы, одан өзімізге керектілерін алып пайдалану және оны ары қарай дамыту бүгінгі біздің, ертеңгі болашақтың таусылмайтын ісі болмақ.