4.3. С60 -мен асқын өткізгіштік қосылыстар Фуллерендердің ГЦК құрылымында көлемнің 26% бос қалады, және сілтілік металдардың атомдары заттың сфералық молекулаларының арасындағы бос орында ешқандай қиындықсыз орналаса алады. 1991 жылдың басында сілтілік металдардың аз ғана мөлшерімен қатты С60 –ны қосындылау (легирлеу) кезінде, төменгі температурада асқынөткізгішке ауысатын, металдық өткізгіштікке ие материалдың пайда болуына әкелетіні анықталды.
С60–ны қосындылау (легирование) бірнеше жүздеген градус Цельси темпеатура кезінде кристалдарды металдардың буымен (пар) өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Осы кезде X3С60 (Х — сілтілік металдың атомы) сияқты құрылым пайда болады. Бірінші интеркалиленген (интеркалированным) меттал калий болып табылады
Егер С60 кристалдары және металдық калийді сорылған трубаға орналастырса және сонымен қатар 400оС дейін қыздырса, онда калий буы бос орында К3С60 қосылыстарын түзу арқылы диффундирлейді. С60-ны калиймен легирлеу кезінде калий атомдары К+ дейін иондалады, ал олардың электрондары С60 –пен байланысады және заряды -3 болтын теріс ионға айналады.
Осылайша, С60 –тің әрбір молекуласы, молекуламен әлсіз байланысқан және кристалдың бойымен қозғалуға қабілетті, сонымен қатар осы қосылысты электрөткізгішке айналдыратын, үш қосымша электрондарға ие болады. К3С6 байланысының асқынөткізгішк күйге өтуі 19 Ктемпература кезінде орын алады. Бұл молекулалық асқынөткізгіштер үшін рекордық шама. Көп кешікпей, асқынөткізгіштікке Х3С60 немсе XY2С60 (X,Y — сілтілік металдардың атомдары)сияқтысілтілік металдардың атомдарымен легирленген көптеген фуллеритер ие екені анықталды. Жоғарғытемпературалық асқынөткізгіштердің (ЖТАӨ) көрсетілген түрлерінің арасында RbCs2С60 — его Ткр=33 К рекордсмен болып табылады.