Нанотехнология негіздері оқу құралы Алматы


Нанотехнологияның тәжірибелік қолданудағы мысалдры



бет6/38
Дата28.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#199823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
нанотех

Нанотехнологияның тәжірибелік қолданудағы мысалдры

1.5 сурет Нанотехнологияны енгізудегі экономикалық және әлеуметтік зардаптарының болжамдары

Нанотехнологияның даму қарқындығының себебі, мысалы, Японияда АҚШ-тың осы бағыттағы жұмыстарының активизациясы болды. Ертеден АҚШ ақпараттық технология мен биология салаларында дүние жүзі бойынша басшы екендігі белгілі, ал микро- немесе нанотехнологиямен байланысты көптеген басқа салаларда жоғары көрсеткіштерге ие Жапония екендігі белгілі.


1996-1998 жылдар аралығында Құрама Штаттары айтарлықтай барлық нанотехнологиялық зерттеулерде өздеріне дүние жүзі бойынша басшылық мақсатын қойды, сол себептен кейінірек 2000 жылы қаңтар айында Ұлттық Нанотехнологиялық Ықыластығы (ҰНЫ) атауымен рәсімделген кең бағдарлама дайындалған. 2001 жылдың өзінде АҚШ нанотехнолгияның дамуына 500 миллион доллар бөлуді жоспарлаған, және ол өткен жылға қарағанда шығынның 84 %-ға өскендігін көрсетеді. ННИ ҰНЫ таяудағы 20 жылда жаңа технологиялардың дамуының толық жоспары мен стратегиясын білдіретін бағдарлама болып табылады, әрі оған орта мерзімді және ұзақ мерзімді негізгі зерттеулердің көбі қосылған. Бағдарлама АҚШ-тың үлкен экономикалық және техникалық негізіне сүйенеді және сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да тіпті сенімді болып табылады. Дегенмен, нанотехнологияда жапондық жетістіктер де айтарлықтай дүниежүзілік деңгейде екені белгілі, бірақ Жапонияның әлі де (АҚШ-қа қарағанда) бұл салада дамудың ешбір ортақ мемлекеттік стратегиясы жоқ, және бұл жайт нақты маңызды нәтижелер алуда әртүрлі фирмалар мен зерттеу орталықтарының жігерлерін қосуда мүмкіндік бермейді. Осындай жағдайды ғалымдар зерттей отырып, Жапонияның өндірісі бәрінен бұрын ақпараттық технологияда бәсекелесу қабілетін жоғарылату және өзінің ғылыми-техникалық стратегиясының негізгісін қатаң түрде қайта қарауы керек екендігі туралы шешімге келді. АҚШ нанотехнологиялық дамуын ұйымдастыруда басқа мемлекеттерді «елеусіз» озды .
Жапония арнайы бөлім құрды,2000 жылдың тамыз айында ол бөлім «XXI ғасырдағы Нанотехнология» деген атпен және нанотехнологиялық зерттеулерді шешуші қарқындатуға бағытталған баяндама жариялады. Тағы бірнеше айдан кейін 2001 жылдың наурыз айында «Нанотехнология және қоғамның болашағы» деген атаумен, Жапонияда нанотехнологияны дамытудағы іскерлік бағдарламалық және аса түпкілікті стратегиясы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі ережелері болып:
1. Жапония үкіметпен белгіленген мақсатты - «табиғатпен үйлесiмдi» қоғамын құру үшін басты мәндері бар негізгі бірнеше салаларда (ақпараттық технологиялар, биология, қоршаған ортаны қорғау, энергетика, материалтану) күштерін салу керек.
2. Осы бағыттағы зерттеулер тезарада қатаң қаржыландырылуы керек.
3. 5-10 жылдар бойы «флагмандық» деп аталатын қысқа мерзімді жобалар іске асырылуы керек және солардың негізінде расында «төңкерістік», басты зерттеулер іске асырылады, осылар үшін де сәйкес қаржылай көмек болу керек.
4.Мемлекеттік деңгейде нанотехнологияның дамуының ортақ ұлттық стратегиясы дайындалуы керек. Зерттеулерді тез және пайдалы жүргізуге, олардың нәтижелерін өнеркәсіптік өндіріске енгізуге мүмкіндік беретін, үкіметтік, өнеркәсіптік және ғылыми мекемелердің, ұжымдардың әрекеттесу жүйелерін құру қажет.
2000 жылдың 21 қаңтары АҚШ президентінің Б. Клинтонның мәлімдемесінде нанотехнологияның дамуымен байланысты кейбір нақты мақсаттар мен болжалдар нұсқалды (1.2 кесте). Әсіресе, президент ерекше үш зерттеу бағыттарын белгіледі:

  • жаңа материалдар дайындау(әдеттегі болаттан он есе қатты және өте жеңіл);

  • жоғары қуатты есте сақтағыш құрылғылар(кішкене чипта АҚШ Конгрессінің кітапханасының барлық ақпаратын сақтай алатын);

  • рак ауруларымен күресудегі жаңа әдістердің дамуы(дәл бірінші жараланған жасушаның пайда болған кезінен-ақ ісікті табуға мүмкіндік беретін).

Мұндай айтарлықтай маңызы зор мәселелерді шешу шынымен АҚШ нанотехнолгиясының 20-жылдық даму жоспарна тіркелген, бірақ бізді мазалайтын сұрақ ол: американдықтардың уміті қаншалықты ақталатындығы мен іске асырылуы?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет