Нанотехнология негіздері оқу құралы Алматы


Көмiртектi нанотүтікшелердің қасиеттерi



бет34/38
Дата03.10.2022
өлшемі3,32 Mb.
#151429
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
treatise34956

4.8. Көмiртектi нанотүтікшелердің қасиеттерi.
4.8.1. Капиллярлық эффекттері
Капиллярлық эффекттерді бақылау үшін, нанотүтікшелерді ашу керек, демек жоғарғы бөлігі (қақпақшаларды) алып тастанылады. Бұл операциялар өте оңай. Қақпақтардың алып тастау әдiстерінің бірі бірнеше сағат көміркышқыл газы ағымында нанотүтікшклерді 8500С температурада күйдiруден тұрады.Тотығудың нәтижесiнде 10% шамасындағы барлық нанотүтікшелер ашық болады екен. Нанотүтікшелердің жабық түптерін бұзудың басқа жолы конденсирленген азот қышқылында 2400С температурада 4,5 сағат ішінде ұстау болып табылады. Бұндай өңдеу нәтижесінде нанотүтікшелердің 80% ашуға болады. Капилляр құбылыстарын алғашқы зерттеулер сұйықтың беттiк керiлiсiнiң шамасы және оны нанотүтікшелер каналы ішіне тарту мүмкiндiгiнің арасында байланыс бар екенін көрсетті. Егер беттiк керілуі 200 мН/м-нан жоғары болмаса, онда сұйықтық нанотүтікшенің каналы ішіне енеді. Сондықтан қандай да бір заттарды нанотүтікшелер ішіне енгізу үшін беттiк керiлуі кіші болған ерітінделер қолданылады.
Мысалы, кейбiр металлдарының нанотүтікшелер каналы ішіне енгiзуi үшiн беттiк керiлiсi (43 мН/м ) үлкен емес кондицирленген азот қышқылы қолданады. Содан соңынан күйдiру 4000С температурада сутек атмосферасында 4 сағат күйдіріледі, бұл металлдың тотықсыздануына келеді. Осы жолдармен құрамында никель, кобальт және темірі бар нанотүтікшелер алынды.
Көміртектік нанотүтікшелерге өтпелі металлдарды енгізгенде, жартлай өткізгіштер және металлдық нанотүтікшелердің өткізгіштігінің бірден жоғарлауға алып келетіндігін есептеулер қөрсетті. Жартылай өткiзгiштік нанотүтікшелерде бұл металлдың электродық күйлерінде рұқсат етілмеген зоналардың пайда болу есебінен іске асады. Металлдық нанотүтікшелерде бос емес күйлерді еркiн күйлерден ажырататын энергия- Ферми деңгейі жанындағы күй тығыздығының жоғарлауы есебінен іске асады.
Металлдармен бірге көміртек нанотүтікшелері газ күйіндегі заттармен толтырылуы мүмкін, мысалы молекулярлық түріндегі сутегімен. Бұл қабылеттілік іс жүзінде үлкен маңызға ие, өйткені сутегін сақтау қауіпсіздігі мүмкіндігіне қол жеткізіледі, оларды іштен жану двигателінде экологиялық таза жанармай ретінде қолдану мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет