Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет75/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ақылды материалдар
Қазіргі кездегі барлық өндіріс, биомедицина, энергетика, химия 
және электроника наномасштабты нысаналармен байланысты. Нано- 
масштабты материалдар және үдерістер көптеген жаңа материалдар- 
ды алу үшін пайдаланылады. Әртүрлі ойларды жүзеге асыру үшін, 
мысалы аса тиімді күн батареяларын немесе электрөткізу желілерін 
жасау үшін аса тиімді материалдар жеткіліксіз. Мұндай материалдар 
пайда болу нәтижесінде энергияны үнемдеуге байланысты жаһандық 
мәселе шешілер еді. Көптеген жылдар бұрын өрлеудің нәтижесінде 
тас дәуірінен кейін қола дәуірі, одан кейін темір және индустриалды 
дәуір келгендей, қазіргі кезде ақпараттық ғасырдың орнына молеку- 
лярлы ғасыр келуде.
Жаңа наноматериалдар, мысалы, көміртекті нанотүтікшелер 
және наноқабықшалар жай көміртегі немесе кремний бөлшектерімен


салыстырғанда, біршама жоғары мүмкіншіліктерге ие. Мысалы, 
көміртекті нанотүтікшелер болаттан 100 есе берік, олар алмасқа 
қарағанда жылуды және мысқа қарағанда электр тоғын жақсы 
өткізеді. Міне осындай әмбебап қасиеттеріне байланысты көптеген 
материалдарды, мысалы фуллерендерді, бірқабатты көміртекті 
нанотүтікшелерді, наноқабықшалады, квантты нүктелерді және 
микрокапсулаларды көбінесе «ақылды материалдар» деп аталады
ғылым мен техника саласындағы қауымда олардың әмбебаптылығы 
жоғалған жоқ.
Ғылымның әртүрлі тараулары сияқты, әртүрлі өндіріс салала- 
ры, мысалы, авиақұрылысты, биомедицинаны, химияны, электро- 
техниканы, машинақұрылысты, энергетиканы және т.б. бір нәрсе 
біріктіреді, ол - жақсартылған қасиеттері бар материалдарды іздестіру. 
Нанотүтікшелер және наноқабықшалар ашылғаннан бері ғалымдар 
және инженерлер осылардың көмегімен ашылған барлық қасиеттерді 
тексеріп, олардың қолданылу аясын іздестіріп жатыр.
Мысалы, пластмассаны зерттеу оның қолдану аясын үлкейтті, 
қазіргі кезде пластмасса контейнерлерден ойыншықтарға дейін, көз 
линзалары мен протездер өндірісінде қолданылып жатыр. 1950 - 1960 
жж. ғылым және техниканың ерекше жаңалықтарының бірі пласт- 
массалар болды. Оларды ендіру әлемді түгелімен өзгертті. Көптеген 
заттардың арзандағаны соншалық, оларды жуып және жөндегеннен 
гөрі лақтырып, жаңасын сатып алу тиімді болды (алайдабір рет пай- 
даланылатын пластик ыдыстардың пайдасы мен зияндығы туралы әлі 
күнге дейін қызу пікірталастар бар).
Міне 
наноматериалдардың қолданылуы да осы жолмен 
келе жатыр, бірақ олардың қоршаған ортаға зияны аз болуы 
мүмкін. Сонымен қатар, наноматериалдардың кейбір қасиеттері 
пластмассаның ұқсас қасиеттерінен біршама жоғары болып табы­
лады. 8.1-кестеде наноматериалдардың қолданылу саласы бойынша 
артықшылықтарының салыстырмалы сипаттамасы келтірілген.
Енді инженерлердің қолында үлкен беріктік, жылуөткізгіштік, 
электрөткізгіштік, иілгіштік бар және ескі мәселелердің (мысалы ауру- 
ларды емдеудің жаңа тәсілдерін) жаңа шешімін табумен қатар, қазіргі 
таңда ерекше материалдар мен өнімдер жасай алады. Және олар пай­
да болған кезде, бізге оларсыз қалай ұзақ уақыт жүргенімізді елестету 
қиын болады. Атомдарды басқару технологиясы қалыптасқан кезде 
барлығы мүмкін болады!


8.1-кесте. Наноматериалдардың қолданылу саласы бойынша 
артықшылықтарын салыстыру
Қасиеті
Органи- 
калық по- 
лимерлер
Метал-
дар
Жарты­
лай
өткізгіш-
тер
Керами­
ка
Көміртегі
Оптикалық
***
***
*
Механикалық
*
*
*
***
Электрлік
**
***
Магнитті
*
***
Катализдік
**
*
Абсорбцион-
ды
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет