км) 600 000 ретке жуық созылады! Егер де
су тамшысының барлық
молекулаларын (диаметрі 0,3 нм шамасында) бір сызықтың бойымен
орналастырып қою мүмкін болса, онда оның ұзындығы Жерден Күнге
дейінгі екі арақашықтыққа тең болар еді!
Химиялық формулада төменгі индекстер түрінде атомдардың
мөлшерін көрсетудің әртүрлі заттарды анықтауда маңызы өте зор.
Төменде қарапайым химиялық формулалардың
бірнеше мысалдары
келтірілген:
• натрий хлориді № С 1 - натрийдің 1 атомы және хлордың 1 атомы;
• сутегі тотығы (Н2О2) - сутегінің 2 атомы және оттегінің 2 атомы;
• этанол (С2Н 6О) - көміртегінің 2 атомы, сутегінің 6 атомдары және
оттегінің 1 атомы.
Жердегі зат қатты, сұйық және газтәрізді түрде кездесуі мүмкін.
Заттардың
атомдары нанодеңгейде ірі, тіпті, шексіз, комбинация-
лар санын түзуі мүмкін. Алайда, ғалымдар салыстырмалы аз эле-
менттер мен заттардың санын ашты.
Сонымен қатар, кейбір сыр-
тынан қарағандағы әртүрлі заттардың көбінесе,
бірдей химиялық
формуласы бар. Әртүрлі заттардың түрлерін ажырату үшін, ғалымдар
құрылымдық формулаларды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: