Нар тұлғалы Елбасы
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтіп, кең көлемде тойланып келе жатқанынан биыл жеті жыл болыпты. Ал осы атаулы мереке біздің мектебімізде де атаусыз қалмайды. Айтулы мереке қарсаңында С.Бердіқұлов атындағы орта мектебінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 9 «А» сыныбының сынып жетекшісі Койлыбаева Лиза Калиевнаның сыныбының ұйымдастыруымен «Нар тұлғалы Елбасы» атты тәрбиелік мәні жоғары ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағаттың алғы сөзін Лиза Калиевна: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігіне еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау – Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы жанған қазақтың есесін қайтарып беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады» деп ашып бергеннен кейін, «Н.Әбішұлы түп атасынан арғы тегінен батырлық үзілмеген қазақ тарихында қолбасшылығымен, бірлігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – Еңсегей бойлы ер Есімнің туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасай ұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, құдайдан тілеп алған баласы» деп тұңғыш президентіміз туралы слайдттар көрсету арқылы өмірбаянына шолу жасады. Елбасымыз жайлы ешкім көп біле бермейтін қызықты деректер де айтылды.
Н.Назарбав атындағы оқу орындары туралы видеофильмдер көрсетіліп ашық тәрбие сағатының өту барысын жандандыра түсті.
Сондай-ақ әр сынып осы тақырып төңірегінде мектептің барлық қабырғасына Елбасы туралы қабырға газеттерін жариялауы – мектептің Елбасы күнін кең көлемде тойлайтындығын дәлелдей түскендей.
Президент елдігімнің ақ пырағы
Астанамның төрінде нақ тұрағы
Тыныштығын күзеткен айбынды елдің
Көгінде самғап ұшқан сақ қыраны
Қазақтың маңдайына біткен бақыт
Өзіңе тең келмейді алтын, ақық
Елімнің көк байрағы жерге түспей
Мәңгілік болғай енді маржан-жақұт.
Нұрын шашқан Елбасым елдігіме
Сай келеді пейілі кеңдігіне
Атыңнан айналайын атаң қойған
Үйлесімді жарасқан Нұр мен Сұлтан.
Патшамыздың мерекесі құтты болсын
Айналасы шуақ пен нұрға толсын
Денсаулығы мықты боп Нұр ағамның
Басыңыздан бақ таймай қыдыр қонсын!
Достарыңызбен бөлісу: |