Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – кәсіпкерлік болып табылады. Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында кәсіпкерлік қатынастар оның негізі болып табыла ма?Мен « кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі» осы пікірмен келісемін. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты кәсіпкерлік» деп аталынған. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; импортқа тәуелділігі; инфрақұрылымның нашар дамуы; аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.
Негізінен, қазір Қазақстанда кәсіпкерлік ісі үлкен жетістіктерге жетіп жатқан жоқ. Сөз жоқ, көптеген тиімді , дұрыс заңдар қабылданып жатыр, бірақ олардың бірі іске асса, екіншілері іске толығымен асып жатқан жоқ. Бір жағынан, осы кәсіпкерліктің дамуына көптеген кедергілер болғалы тұр, солардың бірқатарын қарастыратын болсақ, ол біріншіден бақылаушы органдар мен жергілікті әкімдер жанынан құрылған комиссиялардың үсті-үстіне тексерулер жүргізіп, кәсіпкер қызметіне заңсыз санкциялар қолданатындығы екен. Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданатын қосымша шешімдер мен қойылатын талаптар. Үшіншіден, түрлі ведомствалар мен құрылымдар тарапынан тексерулердің сансыз көптігі.Төртіншіден, кейбір мәселелерде кәсіпкердің құқықтық сауатының төмендігі. Бесіншіден, өзекті осы салаға бірыңғай мемлекет бақылау жасау саясатының жетіспей жатқандығы және осы сияқты көптеген кедергілер бар.
Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму өзгешелігіне көңіл аударған кезде республикадағы кәсіпкерліктің елеулі түрде қайшылықты қалыптасуын көруге болады. Мысалы, Трансұлттық корпорация, Қаржы-өндірістік топтар сияқты ірі корпорациялар түріндегі кәсіпкерліктің тиімділігіне қарамастан оларды қысқа мерзім ішінде құру, жүзеге асыру өте қиын мәселе. Кәсіпкерлікті дамытпайынша, қазіргі кездегі экономиканы қалпына келтіру мен дамыту мүмкін емес, өйткені қазірде бизнес нарықтық қатынастарда үнемі қайта өндіріп отыратын орта болып табылады. Қазіргі жағдайда тек бизнес қана республика мен облыс экономикасын жандандыруға қабілетті. Сондықтан да кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жасау мен ынталандыру жалпыұлттық басымдыққа айналды.
Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-форумында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша Орталық және Жергілікті атқарушы органдар 2003 жылғы 1 қаңтар – 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халқының санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатсын деген қаулы қабылданған. Және осында айта кететін басты мәселе – осы тоғыз ай ішінде кәсіпкерлік қызметтен Республикалық бюджетке 29953 млн. тенге табыс түскен.
Бұл әрине өте жақсы көрсеткіш, бірақ осы мораториядан кейін мемлекеттегі кәсіпкерлік жағдай бұрынғы қалпына келді. Яғни ол міндетті түрде салық төлеу, мемлекет тарапынан қысым көру және тағы да басқа жағдайлар. Осыған байланысты мысал келтіретін болсақ, кәсіпкерлердің көпшілігі қосылған құнға деген салық мөлшерлемесі шамадан тыс жоғары деп санайды. Соның нәтижесінде кәсіпорындар өздерінің өнімдеріне деген бағаны төмендету мүмкіндіктерінен айырылып, өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болғандықтан, ондағы жұмыс орындары да азайып, жұмыссыздық өседі. Қосылған құнға деген салықтың салмағы тұтынушыларға өседі, олардың қабілеттілігін төмендетіп қана қоймай, бағаны өсіруге итермелеу арқылы инфляцияны күшейтеді.
Қорытындылай келе, Қазақстандағы кәсіпкерлікке былайша анықтама беруге болады: «Кәсіпкерлік табыс алу үшін өз атынан жүргізетін, өз жауапкершілігіне алатын азаматтардың дербес ынталы қызметі». Кәсіпкер кез-келген шаруашылық қызмет түрін жүргізуі мүмкін, егер ол заңға қайшы болмаса, мәселен: коммерциялық, делдалдық, сауда- саттық, кеңес беру және басқа да қызметтерді, сондай-ақ бағалы қағаздар операциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |