Науқас 14 жаста ауруханаға жүрек айнуы, лоқсуға, оң жақ қабырға астының



Pdf көрінісі
Дата12.09.2020
өлшемі27,88 Kb.
#78044
Байланысты:
Жибек Токтарбаева - №9 тақырып Балалардағы абдоминалды синдром кезіндегі шұғыл жағдайлар



Науқас 14 жаста ауруханаға жүрек айнуы, лоқсуға, оң жақ қабырға астының 

ауырсынуына жəне кернеуіне шағымданып түсті. Бұл жағдайды тамақ қабылдап 

болғаннан кейін пайда болатынын байқады. Қабылдаған тағамды бөлшектерімен 

лоқсуын айтады. Өтпен көп мөлшерде құсу болады, содан кейін жағдайы жақсарады. 

Жарты жыл бұрын асқазан жарасына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Жалпы 

жағдайы қанағаттанарлық, аз-аздап тамақ танумен. Қан талдауында патология жоқ. Іш 

қуысының УДЗ патология анықталған жоқ. 

 

Болжама диагноз. Диагностика. 



 

Жауабы: Ішектің əкелуші ішек синдромы. АІЖ рентгеноконтрасты зерттеу. 

 

 

 



Науқас В. 13 жаста. Анамнез: кешкі асты ішкеннен кейін 3-4сағат өткенде сау отырып 

кенеттен оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болып, оң жақ жауырынға 

берілген. Екі рет өт аралас құсық болған. 

Қабылдау бөлімінің хирургі науқастың бетінен қиналғандығын жəне дене қызуының 38, 

5°С болғандығын, тахикардия, тіліндегі ақ жабындысын анықтаған. Ішін тексеру 

барысында оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезімін, бұлшық етінің қатайғандығын 

жəне Ортнер симптомы мен френикус-симптомы оң болғандығын анықтаған. 

Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, басқа аймақта ауру сезімі жоқ. 

 

Алдын ала диагноз қойыңыз. 



 

Жауабы: Жедел холецистит. 

 

Науқас 12 жаста ауруханаға жедел түрде ауру басталысымен 3 сағ соң түсті. 6 айдан 



бері он екі ішектің ойық жара аурумен зардап шегеді. Ішіндегі қатты ауру сезіміне 

шағымданады. Оң жақ бүйірімен екі аяғы ішіне бүгілген күйінде мəжбүрлік қалыпта 

жатыр. Тері жабындылары бозғылт,пульсі-160 рет мин. АҚ 90/60 мм.сб. Іші демалу 

актісіне қатыспайды. Пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасында тақтай тəрізді 

кернелуі, барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. 

Жалпы шолу ренгенографияда диафрагманың оң жақ күмбезі астында орақ симптомы 

бар. 

 

Диагноз. Емдеу тактика. 



 

Жауабы: он екі ішектің ойық жарасы. Перфорациямен асқынған. Жедел операция 



жасау. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет