Науқас, 70 жаста, хирургиялық бөлімшеге келесі шағымдарымен түсті: сол аяғының ісінуіне, ауырлауына, ұюына, балтыр мен санда к



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата04.06.2020
өлшемі241,02 Kb.
#72364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
837 916 389 тромбофлебит каз

Оқиғалық есептер

Есеп  1.  Науқас  47  жаста  ісікке  байланысты  жасаған  асқазан  резекциясынан  кейін  6 

күнде оң жақ балтырының ауырсынуы пайда болды. Қараған кезде науқастың жағдайы 

қанағаттанарлық.  Пульс  87  рет,  тілі  таза,  ылғалды.  Іші  кеппеген  жұмсақ,  операция 

болған аймақта ауырсынады. Сол жақ төменгі шеткі мүшесі өзгермеген. Оң жақ аяқтың 

терісі  қалыпты  түсті.  Аяқ  басы,  табан  айналасында  әлсіз  ісік  байқалады.  Буындағы 

қозғалыс  сақталған,  сезімталдығы  бұзылмаған.  Артериялды  пульсация  сол  аяқта 

толығымен  сақталған.  Аяқ  басын  сыртқа  бұрғанда  балтыр  бұлшық  етте  ауырсыну 

байқалады.  Қандай  ауруға  күмән  тудырады?  қандай  әдістермен  зерттеп 

диагностикалауға  болады?  Қандай  шаралармен  осы  операциядан  кейінгі  асқынудың 

алдын алуға болады? 

 

Есеп  2.  Науқас  45  жаста  төменгі  шеткі  мүшенің  варикозды  ауруымен  аурады. 



Клиникаға түсер алдында 1 аптп бұрын ауырсыну,қызару және балтырдың жоғарғы 1/3 

бөлігінің  беткей  веналарының  бойымен  қанығу  пайда  болды.  Дене  температурасы 

көтерілді.  Амбулаторлы  ем  алды.  Ем  нәтижесіз  болған  соң,  госпитализацияланды. 

Жалпы  жағдайы  қанағаттанарлық,санның  ортаңғы  1/3  бөлігіне  дейін  ішкі  бетінде 

кеңейген  беткей  варикозды  вена  бойымен  гиперемия,ауырсыну  байқалады.  I  125 

фибриногенмен  зерттеген  уақытта  шап  аймағына  дейін  тері  асты  венаның  бойында 

индикатордың толуы байқалады. 

Науқаста  варикоз  ауруының  қандай  асқынуы  пайда  болды?  Науқасты  қалай  емдеу 

қажет? 

Есеп 3. Науқас 67 жаста 1 ай бұрын трансмуральды инфарк миокарды бастан кешкен. 

Хирургиялық клиникаға түсер алды 3 күн бұрын сол жақ аяқта ауырсыну пайда болды. 

Қарағанда жағдайы ауыр. Тыныштық күйдегі ентікпе, пульс 98 рет, жыбырлы аретмия. 

Оң  жақ  аяғы  ісінкіреген.  Сол  жақ  аяқта  шап  аймағында  көлемді  ісік  анықталады. 

Аяқтардың  терісі  цианозды.  Сол  жақ  санның  тамырлар  будағы  проекциясы  тұсында 

пальпацияда ауырсынады. Хоманс симптомы оң мәнді. Ретрогратты илеокаваграфияда 

төменгі қуыс венасы суреттемесі алынды. Сол жақ мықын венасы контрастанған жоқ. 

Науқаста  қандай  ауру  пайда  болды.  Флебографияда  не  байқауға  болады.  Емдік 

тактикаңыз қандай. Қандай оперативті ем қолдану қажет. 

Есеп  4.  Сізді  45  жастағы  науқас  үйге  шақыртты.  Кеше  сол  жақ  балтыр  мен  санда 

керілмелі  ауырғандық  пайда  болды.  Бүгін  ауырғандық  күшейеді.  Аяқ  басында 

балтырда  бүкіл  санда  көлемді  ісік  пайда  болды.  Сол  аяғымен  басқанда  ауырсыну 

күшейеді. 

Сіздің тактикаңыз. Диагнозды негіздеуге қандай зерттеу тағайындайсыз. 



Н ПРО БҚММУ 703-10-15. Сабақтар (практикалық, семинарлық, зертханалық) үшін әдістемелік

 

нұсқамалар. Төртінші басылым. 



Ф ПРО ЗКГМУ 703-10-15. Методические рекомендации для занятий (практических, семинарских, лабораторных). Издание четвертое. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет