Науқасқа осы жағдайда қандай ем түрі көрсетілген?



Дата05.06.2020
өлшемі62,41 Kb.
#72374
Байланысты:
7 kurs zhosparly khirurgia-1 docx


1. Әйел, 48 жаста, жоспарлы қаралу кезінде УДЗ-де өт қабында диаметрі 0,7 см дейін бос жүрген 4 тастар анықталды. Өт қабы кедергісіз жиырылады. Науқасты еш нәрсе мазаламайды.

Науқасқа осы жағдайда қандай ем түрі көрсетілген?

А) Тастарды еріту;

В) Холецистостомия;

С) Санаторлы-курорттыем;

D) Дәстүрлі холецистэктомия;

+Е) Лапароскопиялық холецистэктомия;
2.Ер адам 36 жаста, анамнезінде 4 жыл бұрын эхинококкэктомия операциясы болған. Құрсақ қуысының эхинококкозымен түсті. Операция кезінде торсылдақтар ішек ілмектері арасында орналасқан, оларға әлсіз жабысқан, өлшемдері 8х8см және 7х5см.

Аурудың осылай таралу себебі неде?

А) Торсылдақтың қалдық қуысы өнделмеген;

+В) Операция кезіндегі диссеминация;

С) Торсылдақтың қалдық қуысын қалдыру;

D) Құрсақ қуысын ұзақ уақыт бойы дренаждау;

Е) Бауырдың толық алынбаған торсылдағы;
3. Ер адам 59 жаста, эхинококк торсылдақ себебінен бауырдың торсылдақпен бірге шеттік резекциясы орындалды.

Науқасқа қандай операция түрі жасалды?

А) Типті эхинококкэктомия;

+В) Мінсіз эхинококкэктомия;

С) Кеңейтілген эхинококкэктомия;

D) Ашық эхинококкэктомия;

C) Жабық эхинококкэктомия;
4. Әйел 50 жаста, хирургиялық бөлімшеге жедел калькулезді холецистит клиникасымен түсті. Консервативті терапиядан кейін ауру сезімі басылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Қант диабетімен ауырады. Анамнезінде 3 жыл бұрын миокард инфаркты болған.

Осы науқасқа қандай әрі қарайғы емдеу әдісін қолданған дұрыс?

A) Екпінді толқынды литотрипсия;

B) Санаторлы-курортты ем;

+C) Жоспарлы хирургиялық ем;

D) Ұзақ уақыт бойы урсафальк қолдану;

E) Диета ұстану және дюбаж;
5. 64 жасар әйелде жоспарлы түрде болған холецистэктомиядан 2 күннен кейін склер мен теріде сарғаю пайда болды.

Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі неде?

A) Гепатикохоледохтың интраоперациялық зақымдануы

B) Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы;

C) Операциядан кейінгі панкреатиттің дамуы;

D) Холестатикалық гепатиттің белсенденуі;

+E) Холедохты байлау;
6. Әйел 43 жаста, тексергенде бауыр альвеококкозы анықталды. Оң жақ бауыр зақымдалған.

Бұл жағдайда төменде көрсетілген қандай операция анағұрлым радикалды?

+A) Бауыр резекциясы;

B)Аальвеококкозды түйінді сылып тастау;

C) Торсылдақты ашу және дренаждау;

D) Өт жолдарын сыртқа дренаждау;

E) Өт жолдарын ішке дренаждау;
7. Әйел 52 жаста, хирургиялық бөлімде жиі құсуға, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болды. Емдәм сақтамаған, алькогольді шектен тыс пайдаланған. Қарап тексергенде: бауыр қабырға доғасы астынан 3-4 см шыққан, төмпешікті, ұлғайған көкбауыр пальпацияланады.

Төмендегілердің қайсысы гепатоспленомегалияның анағұрлым ықтимал себебі болып табылады?

A) Бауыр обыры;

+B) Бауыр циррозы;

C) Токсикалық гепатит;

D) Бауыр эхинококкозы;

E) Бадд-Киари ауруы;
8. Ер адам 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 тәулік бойы Пиковский-Холстед сыртқы дренажы бойынша 1000 мл дейін өт бөлініп жатыр.

Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Бауыр өзегіне жіп байланған

В) Дренаж дұрыс орнатылмаған;

С) Дренаждың үлкен диаметрі таңдалған;

+D) Холедохтың терминальді бөлімінде блок;

E) Холедохтың проксимальді бөлімінде блок;
9. Ер адам 62 жаста, холецистэктомиядан кейін 2-тәуліктен бастап бауыр асты дренаждан күнделікті 200 мл өт бөлініп жатыр.Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған жоқ, іште ауру сезімі жоқ. температура 370С, лейкоциттер – 8,6х109, А/Қ – 135/70, пульс – 82 рет 1 мин.

Осы жағдайда ары қарайғы емдік тактика қандай?

А) Щұғыл релапаротомия;

В) Фистулография жасау;

+С) Динамикалық бақылау;

D) Дренажға элктроотсос қосу;

E) Эндоскопиялық папиллотомия жасау;
10. Әйел 54 жаста, холецистэктомия операциясынан кейін 2-тәулікте тері жамылғысының сарғаюы, әлсіздік, дене температурасының 38 дейін жоғарлауы пайда болды.

Осы жағдайда сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

+А) Холедохты операция кезінде байлау;

В) Созылмалы гепатиттің белсенденуі;

С) Созылмалы панкреатиттің қозуы;

D) Жарақаттан кейінгі холедох стриктурасы;

E) Өт қабы өзегінің тұқылын ұзын қалдыру;
11. Курвуазье синдромы қай ауруға тән?

А) Жедел холецистит;

В) Бауыр гемангиомасы;

С) Созылмалы панкреатит;

D) Ұйқы безінің кистасы;

+Е) Ұйқы безі басының ісігі;


12. Бадд-Киари синдромы кезінде қандай вена тромбозы дамиды?

А) Жоғарғы шажырқай венасының;

В) Көкбауыр венасының;

С) Кіндік венасының;

+D) Бауыр венасының;

Е) Қақпа венасының;


13. Ер адам 78 жаста колоноскопия кезінде дивертикулдер байқалды.

Жиек ішектің қай бөлімінде дивертикулдер жиі орналасады?

А) Соқыр ішек;

+В) Сигма тәрізді ішек;

С) Көлденең тоқ ішек;

D) Тоқ ішектің төмендеген бөлігі;

E) Тоқ ішектің жоғарлаған бөлігі;
14. Науқас М., 57 жаста, емхандағы хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінен дене салмағының 7 кг-ға азайғанын байқаған. Қан анализдерінде: Нb-78 г/л, эритроциттер – 2,7х1012.

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

А) Асқазан мен өңеш рентгеноскопиясы;

В) Қанның биохимиялық талдауы;

+С) Эзофагогастродуоденоскопия;

D) Асқазан сөлінің талдауы;

Е) Құрсақ уысының УДЗ;
15. Қандай клиникалық симптомдар Курвуазье синдромымен сәйкестеніп қосарланады?

+ A) Өт қабының ауру сезімсіз ұлғаюы сарғаюмен қосарлану;

B) Бауырдың ұлғаюы, асцит, іштің алдынғы қабырғасы көк тамырларының кеңеюі;

C) Сарғаю, пальпациялағанда ауыратын өт қабы;

D) Іш қуысында пальпациядан пайда болған түзіліс;

E) Айқын сарғаю, ұлғайған кедір бұдыр бауыр, спленомегалия;


16. 67 жасар әйел қысылған жарық диагнозымен жедел отаға алынды. Ота барысында дәрігер жарық қапшығын ашқанда, жарық қапшығы бірнеше камералардан және бөлімдерден тұратынын байқады. Сол камералардың біреуінде жіңішке ішектің қысылуы байқалған. Қысылған ішек бөлігі өмірге жарамды.

Осы отадағы жағдай қандай жарыққа тән?

A) Трейцтің ішкі жарығы

B) Жарықтың сирек орналасуы

C) Спигель сызығының жарығы

D) Үлкен кіндік жарықтары

+E) Отадан кейінгі вентральды жарықтар
38 жастағы еркек емхана хирургына оң жақ қабырға астындағы сыздап ауру сезіміне, шаршағыштыққа шағымданып келді. Кейде теріде аллергиялық өзгерістер болады. Тексерісте: іштің алдыңғы қабырғасының оң жақ қабырға астында көзге көрінетін томпаю анықталады, перкуссияда бауырдың шекаралары улкейген, пальпациякезінде осы жерде аздап ауру сезімі бар, домалақ, беті тегіс түзіліс анықталады.Хирургтабауыр эхинококкозына күмәні туындады.

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бастапқы мезетте орынды болады?

А) Компьютерлік томография;

В) Радиоизопты зерттеу;

С) Диагноздық лапароскопия;

+D) Ультрадыбыстық зерттеу;

Е) Пункциялық биопсия;
46 жастағы еркекте іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуінде кездейсоқ бауырдың оң бөлігінің паренхимасында терең орналасқан, d – 2,3 см қуысты, контурлары тегіс түзіліс анықталды. Тексерісте: іш пішіні қалыпты, пальпацияда жұмсақ, ауру сезімсіз. Эхинококк маркерлеріне қанның иммуноферментті анализі және латекс агглютинация реакциясы оң.

Осы жағдайда анағұрлым орынды тактика қандай?

+А) Схема бойынша альбендазол тағайындау;

В) Динамикада бақылау;

С) Эссенциале ұсыну;

Д) Жоспарлы түрде операциялық ем;

Е) УДЗ бақылаумен киста пункциясы;
40 жастағы әйелге бауырдың оң жақ бөлігінің эхинококкозына байланысты операция жасалған, бауыр астына дренаж орнатылған. Оперциядан кейін 4 тәулікте дренаж арқылы 200 мл өт шықты. Науқастың жалпы жағдайы нашарлаған жоқ. Пульс 88 соққы/мин, АҚ 130/80 мм.сын.бағ. Іші операциялық тілім бойымен ауырсынуы бар, перитонеалдық симптомдар теріс

Осы жағдайда анағұрлым орынды тактика қандай?

А) Фистулография;

+В) Динамикада бақылау;

С) Бауыр асты дренажды алу;

Д) Жедел жағдайда операция жасау;

Е) Жоспарлы жағдайда операция жасау;
43 жастағы еркек бауырдың эхинококкозына байланысты операция жасалған. Киста құрамын аспирациялау және хитин қабығын алғаннан кейін, қалдық қуысты эффекті күшті және уыттылығы төмен гермицидты ерітіндімен өңдеу қажет.

Төмендегі ерітінділердің қайсысы осы сұраныстарға сай болып келеді?

А) Йодонат;

В) 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі;

С) 5% формалин ерітіндісі;

Д) 10%натрий хлорид ерітіндісі;

+Е) 80 – 100% глицерин ерітіндісі;
Қанның негізгі мөлшерін v. рortae осы көк тамыр арқылы қабылдайды..

А) V. lienalis;

В) V. mesenterica inferior;

+С) V. mesenterica superior;

Д) V. ventriculi dextra;

Е) V. ventriculi sinistra;


Тамақ қабылдағаннан кейін порталды жүйеде қанмен толықтырудағы маңызды роль атқаратын эногенді вазодилятаторлар.

А) Инсулин;

+В) Өт қышқылдары;

С) Липолизистік ферменттері;

Д) Гликолизистік ферменттері;

Е) Протеолизистік ферменттері;


46 жастағы еркек ауыр жағдайында асқазан-ішек жолдарынан қан кету клиникасымен қабылдау бөліміне жеткізілді. 5 жыл бойы бауыр циррозымен сырқаттанады. Эндоскопиялық зерттеуде қан көзі өңештің төменгі бөлігінің варикозды кеңейген веналары екені анықталды. Комплексті емінің құрамында, порталды жүйеде қысымын төмендету мақсатында, октреотид тағайындалды.

Препараттың әсер ету механизімі қандай?

А) Порталды жүйеде қысымды тіке төмендетеді;

В) Ішкі ағзаларда вазоконстрикцияны дамытады;

+С) Вазоактивті гормондардың секрециясын тежейді;

DЭндогенды вазоконстрикторларға сезімталдықты жоғарлатады;

Е)Порто-кавалды анастомоздар арқылы қан лақтырысын жақсартады;
46 жастағы еркек ауыр жағдайында асқазан-ішек жолдарынан қан кету клиникасымен қабылдау бөліміне жеткізілді. 5 жыл бойы бауыр циррозымен сырқаттанады. Эндоскопиялық зерттеуде қан көзі өңештің төменгі бөлігінің варикозды кеңейген веналары екені анықталды. Комплексті емінің құрамында, порталды жүйеде қысымын төмендету мақсатында, терлипрессин тағайындалды.

Препараттың әсер ету механизімі қандай?

А) Порталды жүйеде қысымды тіке төмендетеді;

+В) Ішкі ағзаларда вазоконстрикцияны дамытады;

С) Эндогенды вазодилятаторлардың белсенділігін тежейді;

DЭндогенды вазоконстрикторларға сезімталдықты жоғарлатады;

Е) Порто-кавалды анастомоздар арқылы қан лақтырысын жақсартады;
Бауыр циррозымен ем қабылдап жатқан 62 жастағы ер кісіге «Резистентті асцит» диагнозы қойылды.

Резистентті асциттің диагноздық критерийлері?

А) 2 дәрежедегі асцит + қарқынды ентігу;

В) Кернелген асцит, емнің ұзақтылығы;

С) Іш қуысындағы сүйықтық мөлшері 4 л асуы;

+Д) Емге бағынбайтындығы, емнің ұзақтылығы;

Е) ) Іш қуысындағы сүйықтық мөлшері 6 л асуы;
Бауыр циррозы бар 47 жастағы еркек ауруханаға, өңештің 3 дәрежедегі варикозды кеңейген веналарынан қан кетуімен түсті. АҚ – 90/50 мм.сын.бағ, пульс – 100 соғыс/мин. Варикозды қан кетудің біріншілік профилактикасы жүргізілмеген, қан кету рецидиві кауптілігі өте жоғары. 5-ші тәулікте өңештің варикозды кеңейген веналарына эндоскоп көмегімен лигатура салынды.

Қан кету рецидиві кауіптілігін азайту мақсатында, науқасқатағы не тағайындау қажет?

А) Викасол;

+В) Октреотид

С) Кальций хлориды;

Д) Натрий этамзилаты;

Е) Пропранолол;
Бауыр циррозы, порталды гипертензиясы бар 52 жастағы еркек емханаға хирургына ауыз қызыл иегінің жиі қанағыштығына, шаршағыштыққа, соңғы 6 айда жалпы әлсіздіктің жоғарлауына шағымданып келді. Тексерісте: бауыр көлемі азайған, спленомегалия 10*15см. Қан анализы: эритроцит – 2,5 млн, Нв – 70г/л, лейкоцит – 2,1 мың, тромбоцит – 85 мың, билирубин – 67 мкм/л.

Қан анализіндегі өзгерітердің анағұрлым ықтимал себебі?

А) Интоксикация;

В) Спленомегалия;

+С) Гиперспленизм;

Д) Бауыр жетіспеушілігі;

Е) Қызыл иегінің қанағыштығы;
48 жастағы еркекемхана хирургына іштің сол бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, 39 С0 дейінгі жоғары температураға, көп мөлшерде қан, ірің, шырыш аралас сұйық нәжіске, айқын интоксикацияға шағымданып түсті. Науқасқа болжам диагноз қойылған: бейспецификалық жаралы колит.

Науқасқа қандай зерттеу әдісін жасау анағұрлым орынды?

А) Ректороманоскопия;

+В) Ирригоскопия;

С) Колоноскопия;

D) Лапароскопия;

E) Аноскопия;
35 жастағы еркекемхана хирургына 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, қалтырау,бұтаралықтағы,физикалық күштеме және дефекация кезінде күшейетін, солқылдайтын ауру сезімінешағымданып келді. Ауырғанына 6 тәлік болған. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы, пальпация кезінде ауру сезімі бар. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған, қатайған, ауру сезімі өте айқын.

Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Шатаралық теріасты абсцесс;

+В) Шонданай-тік ішектік абсцесс;

С) Перианалды аймағының фурункулы;

D) Тік ішек эрозиясы;

E) Тік ішек ісігі;
43 жастағы еркек емхана хирургына аналды аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне, дефекациядан кейін аздап қан ағуына шағымданып келді. Тік ішегін саусақпен тексергенде сағат 11 тұсында артқы тесіктен 3 см жоғары өлшемдері 1,5х2см болатын, жұмсақ эластикалық консистенциялы, тигенде ауру сезімсіз түзіліс анықталады, аздап ішек қуысына шыққан.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А)Негізі кең полип;

В)Шырыш асты парапроктит;

+С) Ішкі геморрой;

D) Бүртікті ісік;

E) Тік ішек обыры;
25 жастағы науқас емхана хирургына дефекация кезінде күшейетін аналды аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 380С дейін жоғарлауына шағымданып келді. Ауырғанына 4 тәулік болған. Қарап тексергенде перианальді аймақта қатты ауру сезімді инфильтрат, тері гиперемиясы анықталады. Инфильтрация қырлы сызыққа дейін таралған.

Науқаста анағұрлым ықтимал диагнозы қандай?

+А)Тер асты парапроктит;

В)Шырыш асты парапроктит;

С) Ретроректальді парапроктит;

D)Жамбас-тік ішекті парапроктит;

E)Шонданай-тік ішекті парапроктит;
34 жастағы әйел емхана хирургына диареяға, салмақ жоғалтуына, кейде іш қуысында, көбіне оң жақ бөлігінде, ауру сезімі мазалайтынына шағымданады.Қан анализінде – лейкоцитоз 12 мың, Нв-107г/л. Хирург,Крон ауруына күмәнмен колоноскопия тағайындады.

Қандай макроскопиялық сурет Крон ауруына анағұрлым ықтимал?

+А) Шырыш қабаты «тастармен төселген жол» тәріздес;

В) Шырыш қабатының көптеген сызаттары;

С) Шырышты қабат өзгеріссіз;

D) Бойлық ойық жаралар;

E) Көптеген полиптер;
64 жастағы еркекхирургияның қабылдау бөлімшесіне эпигастральді аймағындағы ауру сезімі, құсу, жүрек айну шағымдарыменгоспитализацияланды. Анамнезінен, 6 ай ішінде 15 кг арықтаған. Асқазан рентгенографиясында оның алға қарай ығысқаны анықталды.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+А) Ұйқы безінің қатерлі ісігі;

В) Асқазан ойық жарасы;

С) Тоқ ішек қатерлі ісігі;

D) Пилорустың тарылуы;

E) Асқазан обыры;
52 жастағы еркекте ирригоспиядағы тоқ ішек қабырғасының қабыну процессі анықталды.

Ирригограммада қандай өзгеріс байқалады?

+А) Сегментарлы спазм;

В) Клойбер табақшалары;

С) Ойықша тәріздес дүрдіту;

D) Ішек өзегінің толық обтурациясы;

E) Тоқ ішек шырыш қабаты рельефінің өзгеруі;
53 жастағы еркекте асқазан резекциясынан кейін (2 жыл бұрын) эпигастрий аймағында ару сезімінің бар екендігіне, тәтті және сүт тағамын қабылдағаннан кейін есінен тануға дейін баратын әлсіздікке шағым жасайды.

Жоғарыда аталған белгілерінің ең ықтимал себебі?


+А) Демпинг-синдром;

В) Әкелер ілмек синдромы ;

С)Ұйқы безінің инсуломасы;

D)Кішкентай асқазан синдромы;

E)Анастомоздың пептидті жарасы
Еркек 69 жаста, ішінің кебуіне, үлкен дәретке қиналып баратындығына, ауру сезімі мен ал қызыл түсті қанның ағатынына шағымданады. Дәрігер науқасқа зерттеулер жүргізді.

Бұл жағдайда қандай зерттеу түрі бірінші жүргізілуі қажет?

А) Зерттеуді аноскопия жасаудан бастау;

В) Ең алдымен колоноскопияны жасау;

С) Ирригоскопияны бірден жүргізу қажет;

D) Ең алдымен копрограмма тағайындау;

+E) Тік ішекті саусақпен зерттеп көру;
64 жастағы әйел ангиохирург кеңесіне аяқтарындағы ауру сезіміне, кешке қарай ісінуіне шағымданып келді. Тексерісте: аяқтарының тері астылық веналары варикозды кеңейген, балтырының төменгі бөліктерінде тері гиперпигментациясы бар, сол жақ ішкі тобығынан жоғары трофикалық жара байқалады. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі, созылмалы көк тамырлық жеткіліксіздігі диагнозы қойылды.

Созылмалы көк тамырлық жеткіліксіздігінің негізгі симптомы?

А)Аяқ терісінің бозаруы;

+В)Балтырының трофикалық жарасы;

С)Аяқтардың бұлшық етінің атрофиясы;

D) Тырнақтардың сынғыштығы және суытуы;

E)Гипотрихоз және бұлшық еттің атрофиясы;
Еркек 49 жаста, «Бауыр циррозы, портальды гипертензия, асцит» диагнозымен емхана хирургына 3 күн бойы мазалайтын ішіндегі ауру сезімі, құсу, ұйқышылдық, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Қарау кезінде, іш көлемі асцит себебінен ұлғайған, пальпация кезінде барлық аймақта ауру сезімді, іш пердесінің тітіркену белгілері күмәнді. Дене температурасы 38,6ºС, пульс – 96 рет/мин, АД – 100/60 мм.рт.ст., қандағы лейкоциттер – 17 мың, ЭТЖ – 25мм/сағ. Науқаста спонтанды бактериальды перитонит дамыды деген күмән бар.

Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі көмектеседі?

А)Лапароскопия;

+В) Асциттік сұйықтықтың зерттеу анализі;

С) Жалпы қан анализі;

D) Диагностикалық лапаротомия;

E)Іш қуысының УДЗ;
Еркек 47 жаста, емханадағы хирург қабылдауына эпигастрий аймағындағы түнгі ауру сезіміне, ауру сезімі тамақ қабылдағаннан кейін азаяды. Анамнезінен 3 жыл бұрын он екі елі ішектің ойық жарасы бойынша операция жасалынып, жара перфорациясы тігілген. Операциядан кейін консерватиті ем қабылдаған. Операция жасалғаннан кейін 1,5 жыл өткен соң ауру сезімі мазалаған. Қарау кезінде іші жұмсақ эпигастрий аймағы пальпацияда ауру сезімді.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Жедел гастрит;

В) Жедел холецистит;

С) Асқазан денесінің ойық жарасы;

+D) Он екі елі ішек ойық жарасының рецидиві;

E) Он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы;
Еркек 52 жаста., емханадағы хирургқа эпигастрий аймағындағы тұйық ауру сезіміне, ауру сезімінің тамақ қабылдағаннан 10-15 кейін мазалайды, уақыт өткен сайын интенсивтілігі жоғарылайды, қыжылдау, қышқылмен кекіру, кейде құсық жеңілдік алып келетініне шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, маусымдық аурудың өршуі байқалады. Қарау кезінде, іші жұмсақ эпигастрий аймағы ауру сезімді.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+А) Асқазан ойық жарасы;

В) Жедел гастрит;

С) Жедел холецистит;

D) Он екі елі ішек ойық жарасы;

E) Он екі елі ішек перфорациясы;
Еркек 17 жаста хирургиялық бөлімге оң жақ мықын сан аймағындағы 3 күн бұрын пайда болған ауру сезімді түзіліс бар екені анықталды , Дене температурасы 38,2, пульс 86 рет минутына. Оң жақ мықын сан аймағында тығыз, диаметрі 2,5 см болатын түзіліс анықталды, терісі гиперемияланған. Жөтел түрткісі симптомы теріс. Сіздің болжама диагнозыңыз?

А) Липома;

В) Шап жарығы;

С) Іріңдеген атерома;

D) Қысылған сан жарығы;

+E) Жедел шап-сандық лимфаденит;


Еркек 43 жаста емханадағы хирургқа белдемелі, тұйық ауыру сезіміне, лоқсуға, сілекей ағуға, үлкен дәретіні тұрақсыздығына шағымданды. Жоғарыдағы аталған шағымданды 2 айдан бері мазалайды, соңғы 2 күн көзі сарғыштанған. Ауру басында тағам қабылдағаннан кейін қоятын аштық ауру сезіміне шағымданатын, 3 жыл бұрын зерттеуде он екі елі ішектің пиязшығының ойық жарасы анықталған, ем қабылдаған одан кейін мазаламаған. Қарау кезінде іші оң жақ қабырға астында, эпигастрий аймағында ауру сезімді. Жалпы билирубин 56,3 мкмоль/л.

Ауру сезімінің сипатының өзгеру ең ықтимал себебі ?

А) Малигнизация;

В) Жара перфорациясы;

С) Жара ауруының асқынуы;

+D) Ұйқы безінің басына пенетрациясы;

E) Ұйқы безінің құйрығына пенетрациясы;
Еркек 56 жаста, асқазан денесінің ойық жарасымен диагноздалған, тәбетінің төмендеуі, 3 айда 8 кг себепсіз салмақ жоғалтқан,әлсіздік. Эпигастрий аймағындағы ауру сезімі интенсивті, тұрақты сипат алған. Эпигастрий аймағы аздаған ауру сезімді. Нв 102 г/л, эритроцит-3,0млн. Жараның малигнизациясына күдік туды. Ауруды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

А)Іш қуысының жалпы рентгенографиясы;

В) Іш қуысына УДЗ;

С) Іш қуысына КТ;

+D) ФГДС, биопсия;

E) Лапароскопия;


58 жастағы еркек қабылдау бөліміне тамақтанғаннан кейін құсуға, әлсіздікке, салмағының азаюына шағымданып түсті. Анамнезінен, 18 жыл бойы он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар.

Пилоростеноздың сатысын анықтауға қандай зерттеу әдісі мәліметті болып табылады?

А) Іш қуысының компьютерлік томографиясы;

В) Іш қуысының рентгенографиясы;

С) Асқазанды зондтау;

+D) Асқазан рентгеноскопиясы;

E) Іш қуысын УДЗ;
Еркек 72 жаста, шұғыл жағдайда жедел калькулезды холецистит бойынша операция жасалған.

Науқасқа тағайындалған тромбоэмболиялық асқынуларды арнайы емес профилактикасы?

А) Ішек стимуляциясы;

В) Гепарин тағайындау;

С) Реополиглюкин тағайындау;

D) Ерте энтеральды тамақтандыру;

+E) Аяқтарды эластикалық бинттеу;
Еркек 43 жаста., емханадағы хирургқа оң жақ шап аймағындағы түзілістің барына шағымданып келді, 1 жыл бұрын қысылған шап жарығы диагнозымен оперативті ем алған. Хирург шап жарығының рецидивін диагностикалады.

Аталған жағдайда Сіздің әрі қарайғы тактикаңыз?

А) Дианамикалық бақылау;

+В) Жоспарлы операцияға жолдау;

С) Бандажды үнемі киюді ұсыну;

D) Жалпы жағдайды жақсартуға арналған жаттығулар;

E) Жарықтың прогрессивті үлкеюі кезінде оперативті ем;
Ер адам 58 жаста, құрсақ қуысының УДЗ-де бауырдың 5-сегментінде анық капсуласы бар гипонегативті түзіліс анықталды.

Осы жағдайда қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Бауыр обыры;

В) Бауыр гемангиомасы;

С) Бауырдағы метастаздар;

+D) Бауырдың эхинококкты торсылдағы;

Е) Бауырдың орталық гематомасы;
Ер адам 46 жаста, асқазанның кардиальді бөлігінің сызатынан қан кету себебінен болған операция кезінде бауырдың тығыздалуы және оның бүкіл бетінде диаметрі әртүрлі түйіндер, спленомегалия, көкбауыр ұлғаюы анықталды. Асқазан веналары кеңейген.

Науқаста қандай патология анағұрлым ықтимал?

А) Бауыр обыры;

В) Созылмалы гепатит;

С) Бауыр эхинококкозы;

D) Бауыр гемангиомасы;

+Е) Бауыр циррозы;
Ер адам 46 жаста, емханадағы хирург дәрігерге оң қабырға астындағы ауырлық және ауру сезімі, тері жамылғысының кышуы, әлсіздік, тәбетінің болмауы мазалайды. Анамнезінде 1 ай бойына тері қабатының сарғаюы. Жалпы билирубин 108 ммоль/л, тік – 89 ммоль/л. Дене салмағын жоғалтқан. Ұлғайған өт қабы пальпацияланады.

Науқаста қандай алдын ала диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Бауыр обыры;

В) Бауыр циррозы;

С) Калькулезді холецистит;

D) Склероздаушы холангит;

+Е) Ұйқы безі басының ісігі;
Әйел 45 жаста емханадағы хирург дәрігерге эпигастрий аймағындағы белдемелі ауру сезімі, ағыл-тегіл саливация, іштің кебуі, сұйық нәжіс мазалап тұрады. Ауырғанына 2 жыл бодды. Анамнезінде салмақ тастаған.

Науқаста қандай алдынала диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Гипертрофиялық гастрит;

+B) Созылмалы панкреатит;

C) Өт-тас ауруы;

D) Асқазанның ойық жара ауруы;

E) Тітіркенген ішек синдромы;

Ер адам 42 жаста, хирургиялық бөлімшеге құсуға, жиі сұйық нәжіске, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына бір жыл, жағдайының нашарлағанына 5 күн болған. Анамнезінде: диета сақтамаған, алкогольді шектен тыс пайдаланаған. Қарап тексергенде ұлғайған бауыр мен көкбауыр.

Төмендегі диагноздардың қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

+A) Бауыр циррозы;

B) Токсикалық гепатит;

C) Созылмалы панкреатит;

D) Жедел гастроэнтерит;

E) Холедохолитиаз;


Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне 65 жасар ер адам оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына, қышынуға, түссіз нәжіске шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болды, соның ішінде 10 күн ішінде жағдайы нашарлады. Дене салмағы 6 кг азайған. Тексеріс барысында: ұлғайған ауру сезімсіз өт қабы пальпацияланады, қозғалмалы (Курвазье синдромы). Жалпы билирубин 68 ммоль/л, тік – 43 ммоль/л, тік емес – 25 ммоль/л.

Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым себебі қандай?

A) Холедохолитиаз;

B) Бауыр циррозы;

C) Бауыр өзегінің;

+D) Ұйқы безі басының обыры;

E) Склероздаушы холангит;
Ер адам 69 жаста хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып госпитализацияланды. Ауырғанына 2 ай болған. Ретроградты холангиопанкреатография кезінде науқаста холедохтың терминальді бөлігінің 3 см дейін стриктурасы анықталды.

Осы жағдайда қандай араласу түрі анағұрлым орынды?

A) Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;

B) Холедохты сыртқа дренаждау;

+C) Холедоходуоденоанастомоз;

D) Гепатикоеюноанастомоз;

E) Панкреатодуоденальді резекция;
Ер адам 34 жаста, жоспарлы түрде холецистэктомия операциясынан 3 тәуліктен кейін дренаж түтігінен көп мөлшерде өт ағып жатыр.

Науқаста өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Операция кезінде өт жолдарын зақымдау;

B) Өт қабы орнынан өт ағу;

+C) Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы;

D) Қалдырылған тастың холедох қабырғасы арқылы ойылуы;

E) Гипертензия әсерінен өт жолдарының қабырғасы арқылы өттің кетуі;
Әйел 47 жаста, хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, ауызындағы ашты дәмге шағымданып жатқызылды. Науқасақа консервативті ем жүргізілді, бірақ ауру сезімі басылған жоқ. Операция көрсетілген. Операция кезінде өт қабы өзегінде тығыз бекіген тас анықталды,тығыз, өт қабы ішіндегі өт түссіз.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+A) Өт қабының шемені;

B) Өт қабы эмпиемасы;

C) Өт қабының холестерозы;

D) Бауырдан тыс жолдардың торсылдағы;

E) Холецисто-холедохеальді жыланкөз;
Ер адам 45 жаста, бауырдың эхинококкты торсылдақпен отаға алынды. Операция кезінде хирург марсупиализация жасау керек деген шешім қабылдады.

Төмендегілердің қайсысы бұл операцияға көрсеткіш болып табылады?

+A) Торсылдақтың іріңдеуі;

B) Көпкамералы торсылдақ;

C) Торсылдақтың үлкен өлшемдері;

D) Торсылдақтың киын орналасуы;

E) Өт жолымен қатынасатын торсылдақ;
Әйел 52 жаста, хирургиялық бөлімшеге әлсіздікке, тәбетінің болмауына шағымданып түсті. 2 айда 15 кг-ға азып кеткен. Объективті: кіндік айналасындағы аймақта алдыңғы құрсақ қабырғасының кеңейген веналары, спленомегалия.

Науқасқа қандай зерттеу әдісі портальді гипертензия түрін анықтау үшін анағұрлым орынды?

+A) Целиакография;

B) Спленопортография;

C) Бауырды сканирлеу;

D) Компьютерлі томография;

E) Ультрадыбыстық зерттеу;
Ер адам 32 жаста, терапия бөлімшесінде бауыр циррозы және портальді гипертензия себебінен ем қабылдаған. Шыққаннан кейін қан кету қаупі бар өңеш веналарының варикозды кеңеюінің III сатысы бар болғандықтан хирургке жіберілді.

Осы жағдайда қандай эндоскопиялық гемостаз анағұрлым қауіпсіз және орынды?

A) Веналар электрокоагуляциясы;

B) Эндоскопиялық склеротерапия;

C) Аргон-плазмалық коагуляция;

+D) Эндоскопиялық лигирлеу;

E) Желімді заттарды енгізу;
50 жасар ер адам өкпенің эхинококкты торсылдағы себебінен операция жасалған. 4 сағаттан кейін науқас жағдайы нашарлады: әлсіздік, реңі боз, суық тер, АҚ 90/60, ЖҚЖ минутына 110 рет. Жағдайының нашарлауына байланысты науқас реторакатомияға алынды.

Қандай асқыну реторакатомия жасауға көрсеткіш болды?

A) Көптеген өкпе жыланкөздері нәтижесінде өкпе коллапсы;

B) Бронх тұқылының біріншілік тұрақсыздығы;

+C) Плевраішкілік қан кету;

D) Оң жақтағы кернелген пневмоторакс;

E) Операциядан кейінгі өкпе ателектазы;
Ер адам 65 жаста, 1 ай бұрын холецистэктомия болған.Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне белдемелі ауру сезіміне, 380С дейінгі жоғары температураға, тері жамылғысының сарғыштығына шағымданып келді.

Осы жағдайда клиникалық көріністің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Холедохтың тыртықты стриктурасы;

В) Перихоледохеальді лимфаденит;

+С) Асқынған панкреатит;

D) Холедохқа байланған жіп;

E) Өзектің ұзын қалдырыған тұқылы;
Әйел адам 68 жаста, холецистэктомиядан кейін 10 күн бойы Пиковский-Холстед дренажы бойынша 300 мл өт бөлініп жатыр.

Сіз осы жағдайда қандай ары қарайғы емдік тактика қолданасыз?

А) Дренажды тез алып тастау;

В) Дренажды қысу және бақылау;

+С) Фистулохолангиографияны жасау;

D) Эндоскопиялық папиллотомия жасау;

E) Дренажды 1 айдан кем емес уақытан кейін алу;
Үлкен дуоденальді емізік (ҮДЕ) стенозы кезінде қандай операция анағұрлым орынды?

А) Холедохқа сыртықы дренаж қою;

В) Лапаротомия, трансдуоденальді папиллотомия;

С) Холедоходуоденоанастомоз салу;

+D) Эндоскопиялық ретроградты папиллотомия;

E) Гепатикоеюностомия салу;


Ер адам 59 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы, кышыну, тәбеттің жоғалуы, әлсіздікке шағымданып келді. Ауру сезімі жоқ. Анамнезінде: 6 жыл бұрын холецистэктомия операциясы болған. Соңғы үш айда 7 кг-ға азып кеткен.

Науқаста жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Асқазан обыры;

В) Пилородуоденальді стеноз;

С) Холедохтың тыртықты стриктурасы;

+D) Ұйқы безі басының обыры;

E) Созылмалы гепатиттің белсенденуі;
Әйел 49 жаста, емханаға хирург дәрігеріне арқаға ирридациямен эпигастрий аймағында ауру сезімі, іш кебу, тамақтанғаннан кейінгі сұйық нәжіс, саливацияның жоғарлауы мазалап тұратын болды. Анамнезден: 7 жыл бұрын холецистэктомия операциясы жасалған. Осы уақыт ішінде 12 кг-ға азып кеткен.

Науқаста осы айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Асқазан обыры;

В) Крон ауруы;

С) Созылмалы гепатит;

D) Асқазанның ойық жара ауруы;

+E) Созылмалы панкреатит;
Әйел 54 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тері жамылғысының сарғайғанына, әлсіздікке, шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. Науқасқа ретроградты холангиопанкреатографияжасалды. 3 сағаттан кейін эпигастрий мен оң қабырға астында бел аймағына берілетін ауру сезімі, жоғары температура, іштің кебуі пайда болды.

Осы жағдайда жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Созылмалы гепатиттің қозуы;

В) Іріңді холангиттің дамуы;

С) Жедел пиелонефрит оң жақтан;

+D) Жарақаттан кейінгі панкреатит;

E) 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы;
Әйел 54 жаста, ЭРХПГ жасалғаннан 3 сағаттан кейін белдемелі ауру сезімі, 37,9 дейінгі жоғары температура, қалтырау, құсу пайда болды. Қарап тексергенде іштің бүйір беттерінде цианозды дақтар, Мейо-Робсон симптомы оң.

Осы жағдайда сіздің ары қарайғы іс-әрекетіңіз қандай?

А) Ішке суық басу және бақылау;

В) Ыстыққа қарсы дәрілер тағайындау;

С) Асқазанға зонд қою және антибиотиктер тағайындау;

+D) Контрикал, октреотид, антибиотиктер тағайындау;

E) УДЗ жасау және спазмолитиктер енгізу;
Ер адам 48 жаста бауырдың оң бөлігінің эхинококкты торсылдағы себебінен операцияға алынды. Операция жасау барысында торсылдақ 5 сегментте бауырдың төменгі шеті бойынша орналасқан, өлшемдері 3,5х4,0 см екені анықталды.

Осы жағдайда операцияның қандай түрі көрсетілген?

А) Аралас эхинококкэктомия;

+В) Идеальді эхинококкэктомия;

С) Кеңейтілген эхинококкэктомия;

D) Ашық эхинококкэктомия;

Е) Жабық эхинококкэктомия;
Бауыр эхинококкозы бар жоспарлы түрде жатқызылған 30 жастағы ер адамда операция алдында кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальді белгілер, температурасының көтерілуі және теріде бөртпелер пайда болды.

Науқас жағдайының нашарлауы немен байланысты?

+А) Сарысулы ісіктің жарылуы;

В) Сарысулы ісіктің іріңдеуі;

С) Пирогендік реакция;

D) Асқазан ойық жарасының перфорациясы;

Е) Асқынған паразиттік гепатит;
Портальді гипертензиямен асқынған бауыр циррозы бар науқастарға хирургиялық емінің радикальді түрі қандай?

А) Спленэктомия;

+В) Бауыр трансплантациясы;

С) Порто-кавальді анастомоз жасау;

D) Лимфавенозды анастомоз жасау;

Е) Бауырға электрокоагуляция жасау;


Әйел 47 жаста, емханадағы хирург дәрігерге әлсіздікке, дене салмағының азаюына, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанына 1 жыл болған. Қарап тексергенде: Науқас жүдеген, іші үлкейген, перкуторлы жатық орындарда тұйықталу, склералары сарғайған, терісінде телеангиоэктазиялар, бауыр алақандары бар.

Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Асқазан обыры;

+B) Бауыр циррозы;

C) Ойық жара ауруы;

D) Ұйқы безі обыры;

E) Созылмалы панкреатит;
Ер адам 43 жаста, симптомдар үштігі мазалайды: төс артындағы күйдіретін ауру сезіміне, ұзақ уакыт бойы қыжылдау, кекіру мазалайды.

Науқаста төменде көрсетілгендірдің қайсысысипаттамағасәйкес келеді?

A) Кардиоспазм;

+B) Рефлюкс-эзофагит;

C) Эпифренальді дивертикулы;

D) Өңештің тыртықты стриктурасы;

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы;
Ер адам 42 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, артқы тесік аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған, жедел ауырсыну сезімі байқалады.

Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Шатаралық теріасты абсцесс;

+B) Шонданай-тік ішектік абсцесс;

С) Жамбас-тік ішектік абсцесс;

D) Ретроанальді абсцесс;

E) Шырышасты абсцесс;
54 жасар ер адамда тік ішекті саусақпен тексергенде сағат 11 тұсында артқы тесіктен 3 см қашықтықта өлшемдері 1,5х2см болатын, жұмсақ эластикалық консистенциялы, тигенде ауру сезімді түзіліс анықталады, аздап ішек қуысына шыққан.

Науқаста суреттелген сипатына сәйкес төменде көрсетілгеннің қайсысы анағұрлым ықтимал?

А) Шырыш асты парапроктит;

В) Негізі кең полип;

+С) Геморрой түйіні;

D) Бүртікті ісік;

E) Тік ішек обыры;
Ер адам 32 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тәулігіне 20 ретке дейін қан аралас сұйық нәжіске, іштегі толғақ тәріңзді ауру сезіміне, дене температурасының 380С дейін жоғарлауына, сондай-ақ жалпы жағдайының нашарлауына, дене салмағының азаюына шағымданады. Анамнезінен: ауырғанына 3 апта болды.

Сіз науқасқа қандай алдын ала диагноз қоясыз?

А) Гастроэнтерит;

В) Жуан ішек обыры;

С) Жуан ішек дискинезиясы;

+D) Спецификалық емес жаралы колит;

E) Созылмалы спастикалық колит;
Ер адам 67 жаста, емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекацияның қиындауына, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданды. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады.

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте орындалуы керек?

А) Аноскопия;

В) Колоноскопия;

С) Ирригоскопия;

D) Рентгенография;

+Е) Ректороманоскопия;
Ер адам 72 жаста, емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекация кезінде ауру сезіміне, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданады. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 5 см қашықтықта адырлы түзіліс пен қуыстың тарылуы және анальді тесікте ауру сезімі анықталады.

Науқаста қандай алдын ала диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Көтеу;

B) Тік ішек полипі;

+C) Тік ішек обыры;

D) Артқы тесік сызаты;

E) Параректальді жыланкөз;
Ер адам 76 жаста, хирургиялық бөлімшеге іштегі қайта-қайта ауырсыну сезімімен іш кебуіне шағыммен жатқызылды. Бір жыл бойына ауырған.Тексеру барысында: іші жұмсақ, сол жақ мықын тұсындағы локалды ауырсыну. Хирург диагностикалық лапароскопияны тағайындады. Диагностикалық лапароскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінің аймағында ішек қабырғасында өлшемдері 2х3см болатын қапшық тәрізді түзіліс анықталды, сырт көзге өзгеріссіз.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Полип;

B) Ішек ісігі;

+C) Ішек дивертикулы;

D) Бөгде зат;

E) Долихосигма;
Әйел 67 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне асқазандағы ауру сезіміне, тамақ ішкеннен күйдіру сезіміне, тамақтан кейін болып тұратын құсуына шағымданып келді. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанның пилороантральді бөлімінде диаметрі 5,0 см мүшенің қуысына қарай шығып тұрған түзіліс анықталады.

Науқаста анағұрлым ықтимал ауруы қандай?

А) Асқазан ойық жарасы;

В) Асқазан обыры;

С) Менетрие ауруы;

D) Асқазан полипі;

+Е) Лейомиома;
Ер адам 76 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, оң мықын аймағындағы болып тұратын ауру сезіміне, 37,60С дейінгі температураға шағымданды. Анамнезінен ауырғанына 4 ай, жағдайының нашарлағанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде оң мықын аймағында ауру сезімді, шекаралары анық емес инфильтрат пальпацияланады. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012, лейкоциттер 9,0х109, гемоглобин – 87 г/л, гематокрит – 29%.

Науқаста қандай болжам диагнозы анағұрлым ықтимал?

А) Аппендикулярлы инфильтрат;

В) Меккел дивертикулының қабынуы;

С) Тоқ ішектің бұралуы;

D) Ішек инвагинациясы;

+Е) Соқыр ішек обыры;
Ер адам 69 жаста, ирригоскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінде анальді сфинктерден 32 см қашықтықта тарылған бөлік және одан жоғары орналасқан бөліктердің кеңеюі анықталды.

Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жасау қажет?

+А) Колоноскопия;

В) Ректороманоскопия;

С) Ультрадыбыстық зерттеу;

D) Компьютерлі томография;

E) Диагностикалық лапароскопия;
23 жасар әйелде стресстен кейін дисфагия, тамақ ішкеннен кейін төс артындағы ауру сезімі, лоқсу пайда болды. Анамнезінен: 3 ай ауырған.

Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Өңеш обыры;

+B) Кардия ахалазиясы;

C) Өңеш дивертикулы;

D) Диафрагма жарығы;

E) Гастроэзофагеальді ауру;
Ер адам 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге сол шап аймағында түзілістің барына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: шап аймағында түзіліс өлшемдері 5,0х4,5 см, жұмсақ эластикалық консистенциялы, жөтел түрткісі оң. Ертеретк сол қиғаш шап жарығы себебіне операция жасалған.

Осы жағдайда науқаста қандай пластика әдісін қолдану анағұрлым орынды?

A) Напалков;

B) Мартынов;

+C) Лихтенштейна;

D)Руджи-Парлавеччио;

E) Жирар – Спасокукоцкий;
56 жасар ер адамда диафрагма жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қақпаларының жоқтығы, диафрагма ығысқан мүшелерден жоғары тұрғаны анықталды.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Диафрагманың өңештік тесігінң жарығы;

B) Параэзофагеальді жарық;

C) Ларрей-Морганьи жарығы;

+D) Диафрагма релаксациясы;

E) Бохдалек жарығы;
Әйел 28 жаста кардиоспазмның IV сатысы. Ұзақ консервативті терапия нәтижесіз. Науқас хирургия бөлімшесіне оперативті емге жатқызылған.

Осы науқаста қандай ота түрі анағұрлым орынды?

A) Эзофагофундопексия;

B) Диафрагмокрурорафия;

C) Ниссен бойынша фундопликация;

D) Айналмалы өңеш-асқазандық анастомоз;

+E) Өңеш резекциясы және одан кейінгі пластикасы;
Ер адам 47 жаста, дисфагияға, төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 2 күн бұрын тамақ ішіп отырып байқаусызда сүйек жұтып қойған. Динамикада жағдайы нашарлаған.

Өңештің зақымдануын диагностикалау үшін қандай зерттелуі анағұрлым мәліметті?

A) Торакоскопия;

B) Эзофагоскопия;

C) Кеудеаралық томографиясы;

D) Шолу рентгенографиясы;

+E) Контрастпен рентгеноскопия;
Ер адам 48 жаста, проктологиялық бөлімшеге жуан ішектің дивертикулезіне күмән туғызған науқас түсті. Түскен кезде ішек бойымен ауру сезіміне шағымданып, іш қату болып тұратынын айтты.

Диагнозды верификациялау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

A) Аноскопия;

+B Ирригоскопия;

C) Ректороманоскопия;

D) Компьютерлі томография;

E) Ультрадыбыстық зерттеу;
Әйел 54 жаста, емханадағы хирургке іштегі орташа ауру сезіміне, әлсіздікке, күшінің жоқтығына, дене салмағының жоғалуына шағымданып келді. Ауырғанына бір жыл болды. Қарап тексергенде: оң мықын аймағында ауру сезімді, тығыз өлшемдері 8,0х5,0 см, аз қозғалмалы түзіліс анықталды. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012 , гемоглобин 103 г/л, гематокрит 29%, лейкоциттер 6,0х109 дене температурасы 36,70 С.

Төмендегі диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Аппендикулярлы инфильтрат;

B) Соқыр ішектің бұралуы;

+C) Соқыр ішек обыры;

D) Оң аналық бездің сарысулы ісігі;

E) Оң жақ нефроптоз;
Ер адам 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа дефекация кезінде қан кетуге шағымданып келді. Дефекацияның аяғында күнделікті 30 мл қан тамшылап ағады. Ауырғанына 1 ай болды.

Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Көтеу;

B) 12 елі ішек ойық жарасы;

C) Крон ауруы;

D) Тік ішек обыры;

+E) Артқы тесік сызаты;
Қабылдау бөліміне хирургқа 54 жастағы ер адам 38,0 С дейін дене температурасының жоғарлауына, оң мықы аймағының тартып ауруына, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас сұйық нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен бірнеше рет амбулаторлы емделген. Перитонеальді симптом дар оң. Қан анализінде: - лейкоцитоз 11,2 дейін, таяқша ядролы нейтрофилдер - 26%, ЭТЖ - 22 мм/ч, эозинофилдер - 0.

Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

+A) Крон ауруы;

B) Жедел аппендицит;

C) Жедел гастроэнтерит;

D) Бейспецификалық жаралы колит;

E) Шажырқай тамырларының тромбозы;
Әйел адам 20 жаста, емхана хирургына ас өтудің қиындығына, лоқсу, түнде болатын тұншықтыратын, отырып ұйықтауға мәжбүрлейтін жөтелге шағымданып келді. Таңертең жастығы су болып тұрады.

Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

+A) Кардиоспазм;

B) Бронхоспазм;

C) Өңеш стриктурасы;

D) Бронхоэктазды ауру;

E) Эзофаготрахеальді жыланкөз;
Әйел 78 жаста, емханадағы хирургқа төс артындағы күйдіру, ауру сезімдеріне, қыжылдауға шағымданып келді. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы ауырады, соңғы жағдайының нашарлау 7 ай бойы. Төсекте жатқанда бұл көріністер күшейе түседі.

Науқаста төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Кардия ахалазиясы;

B) Өңеш ісігі;

+C) Рефлюкс эзофагит;

D) Асқазанның ойық жара ауруы;

E) Өт-тас ауруы;
Әйел 23 жаста, дәрігер тексеруден кейін кардиоспазмға күмәнданып тұр.

Науқас диагнозын нақтылау үшін қандай инвазивті емес зерттеу әдісін жасау қажет?

A) Эзофагоскопия;

B) Эзофагоманометрия;

+C) Өңеш рентгеноскопиясы;

D) Компьютерлі томография;

E) Ультрадыбыстық зерттеу;
Әйел 76 жаста, емханадағы хирургқа ауру сезіміне, қыжылдауға, кекіруге, тамақпен құсып тұруына шағымданып келді. Анамнезінен: 4 ай бұрын қанмен құсу болған. Эрозивті эзофагит бойынша емделген.

Науқасқа қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте өткізу қажет?

A) Ультрадыбыстық зерттеу;

B) Эндоскопиялық зерттеу;

C) Кеуде торының компьютерлі томографиясы;

D) Кеуде торының шолу рентгенографиясы;

+E) Полипозиционды өңеш рентгеноскопиясы;
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа тамақтағы (жұтқыншақтағы) ауру сезіміне, жұтқанда қиналу сезіміне, тамақтың өтпеуіне шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 2 тәулік болған. Алдында кәуап жеп, шарапты көп мөлшерде қабылдаған.

Науқаста аурудың қандай себебі анағұрлым ықтимал?

A) Кардия ахалазиясы;Рефлюкс эзофагит;

B)


C) Өңеш дивертикулдары;

+D) Өңештегі бөгде зат;

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы;
Ер адам 37 жаста, шағымдарына, анамнезіне, клиникалық және зерттеу көрінісіне сүйене отырып, өңештің жоғарғы 1/3-де бөгде зат деген диагноз қойылды.

Осы науқаста әрі қарайғы емдік тактика қандай болуы тиіс?

A) Парентеральді тамақтану көрсетілген;

B) Шұғыл торакотомия көрсетілген;

C) Өңешті буждау көрсетілген;

D) Тек сұйық тамақ ішу көрсетілген;

+E) Эндоскопиялық алып тастау көрсетілген;
Ер адам 37 жаста, мас болғанда 1 түйір етті шайнамай жұтып қойған. Өңештің жоғарғы 1/3-дегі бөгде зат (түйір ет) эзофагоскопия кезінде бөлшектеу әдісімен алынды. Келесі күні науқаста жоғарғы температура, жұтқанда ауру сезімі байқалды. Қарап тексергенде: мойын аймағында ісік, қатты ауру сезімі, тері асты крепитация, АҚ 100/60, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 20 рет 1 мин. Қан анализінде: лейкоциттер-17,5х109.

Науқастағы осы жағдай немен шақырылған?

A) Эзофагитпен;

B) Кардиоспазммен;

C) Кеудеаралық эмфиземасымен;

+D) Өңештің зақымымен;

E) Шараптың суррогаттарымен улану;
Ер адам 56 жаста, хирургия бөлімшесіне төс артындағы ауру сезіміне, жұтынудың қиындығына, кұсу, лоқсуға шағыммен жеткізілді. Анамнезінен:1 жыл бұрын өңештің кенеттен жыртылуына байланысты ота жасалған. Тексеру барысында: нашар тамақтану, АҚ 100/60, пульс минутына 90 рет, қан талдауы: эритроциттер 3,0х1012, Hb 90 г/л, Ht 30%, жалпы ақуыз 52 г/л.

Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Ценкер дивертикулы;

B) Кардиоэзофагеальды асқазан обыры;

C) Өңеш саңылауы диафрагмасының жарығы;

+D) Берішті өңеш тарылуы;

E) Ауыр рефлюкс эзофагиті;
22 жастағы әйел колопроктологиялық бөлімшеге Крон ауруына күмәнмен жатқызылды. Дәрігер колоноскопия тағайындаған.

Осы жағдайда колоноскопия жасағанда дәрігер қандай макроскопиялық суретті көре алады?

+A) Эрозиялар;

B) Сызат;

C) Бойлық жара;

D) Көптеген полиптер;

E) Шырышты қабат өзгеріссіз
44 жастағы әйел емханадағы хирургқа өңештің күйіктен кейінгі тарылуы клиникасымен жатқызылды. Анамнезінде 1-жыл бұрын суицид болған. Науқасқа бұрын буждау жасаған. Түскен кезде 18 кг азып сусызданған.

Осы жағдайда қандай іс шаралар қолдану орынды?

А) Тағамдық клизмалар тағайындау;

+В) Хирургиялық емдеуді тағайындау;

С) Күндізгі стационарда ем қабылдауды тағайындау;

D) Өңешті қайта буждау;

Е) Сұйық - бөлшекті тамақтануды тағайындау;
Әйел 39 жаста, жүрек аймағында болып тұратын ауру сезіміне, тахикардия және ентігумен қатар жүретініне шағымданады. Кардиолог дәрігерінде үнемі емделеді, бірақ медикоментозды емнен әсер болған жоқ. Кеуде торының рентгенографиясында диафрагма күмбезінің жоғары тұруы анықталады.

Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Перикард торсылдағы;

В) Созылмалы бронхит;

+С) Диафрагма релаксациясы;

D) Созылмалы панкреатит;

E) ЖИА. Жүктеме стенокардиясы;
Емханадағы хирургқа 56 жасар әйел адам іш аймағындағы түзіліске және ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен 5 жыл бойын ауырады, бірақ соңғы кезде түзіліс үлкейе бастаған. Дәрігер қарап кіндіктен жоғары іштің ортаңғы сызығы бойынша өлшемі 5,0х6,0 см болатын жұмсақ-эластикалық түзілісті анықтады. Горизонтальді қалыпта кішірейеді.

Науқаста анғұрлым ықтимал болжам диагноз қандай?

А) Кіндік жарығы;

+В) Іштің ақ сызығының жарығы;

С) Іштің тік бұлшықеттерінің диастазы;

D) Алдыңғы құрсақ қабырғасының липомасы;

Е) Алдыңғы құрсақ қабырғасының атеромасы;
Әйел 65 жаста емханадағы хирургқа алдыға енкейгенде және горизонтальді қалыпта күшейетін төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Тұрғылықты жеріндегі терапевтте стенокардия бойынша бірнеше жыл қаралуда. Ауру сезімі қыжылдаумен, кекірумен және тамақ аралас лоқсумен қоса жүреді.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу әдісінбірінші кезекте орындау қажет?

А) Коронарография;

В) Эхофонокардиография;

С) Кеуде торының рентгенографиясы;

D) Жүректің ультрадыбыстық зерттеуі;

+E) Өңештің рентгенологиялық зерттеуі;
Ер адам 43 жаста емханадағы хирургқа асқазан аймағындағы, кеуде торындағы, сол қабырға астындағы ауру сезіміне, тойып тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ентігуге және жүрек қағуға шағымданады; кеуде торында сол жақтан жиі бүлкілдеу және құрылдау болатынын, горизонтальді қалыпта ентігудің күшейетінін атап өтті. Тамақтан кейін жеген тамағын құсып тастайды.

Осы жағдайда қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Кардии ахалазиясы;

В) Диафрагмарелаксациясы;

С) Жүректің ишемиялық ауруы;

+D) Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы;

Е) Бел-қабырға кеңістігінің жарығы;
Ер адам 30 жаста, хирургиялық бөлімшеге түскен кезде ұлғайған бауыр пальпацияланады, тері жамылғыларының сарғыштығы байқалады. УДЗ кезінде гепатоспленомегалия, құрсақ қуысыныда бос сұйықтық анықталады.

Науқасқа қандай қосымша инвазивті емес зерттеу әдісін жүргізу қажет?

А) Эндовидеколоноскопия;

+В) Компьютерлі томография;

С) Эзофагогастродуоденоскопия;

D) Мезентерикоспленопортография;

E) Лапароскопия және бауыр биопсиясы;
Ер адам 43 жаста, емханаға хирургқа асқазан аймағындағы, кеуде торындағы, сол қабырға астындағы ауру сезіміне, тойып тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ентігуге және жүрек қағуға шағымданады; кеуде торында сол жақтан жиі бүлкілдеу және құрылдау болатынын, горизонтальді қалыпта ентігудің күшейетінін атап өтті. Тамақтан кейін жеген тамағын құсып тастайды. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығына күмән туды.

Науқасқа осы жағдайда қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?

А) Видеоэзофагогастроскопия;

В) Кеуде торының компьютерлі томографиясы;

С) Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі;

+D) Асқазанның полипозиционды рентгеноскопиясы;

E) Құрсақ қуысының магнитті-резонансты томографиясы;
Ер адам 77 жаста емханаға хирургқа іш кебуге, дефекацияның қиындауына, нәжістен кейін ауру сезімі мен алқызыл қанның болатынына шағымданады. Тік ішекті саусақпен тексергенде сфинктерден 7 см қашықтықта қуыстың тарылтатын түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады.

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

А) Компьютерлі тамография;

В) Биопсиямен колоноскопия;

С) Баримен ирригоскопия;

D) Шолу рентгенографиясы;

+Е) Биопсиямен ректороманоскопия;
Әйел 58 жаста, тиретоксикалық жемсау себебінен струмэктомия опреациясы жасалды. Операциядан кейінгі 2 тәулікте науқаста келесі симптомдар пайда болды: тахикардия 1 минутта 150 соғуға дейін, аритмия, 390С дейін температура, тахипноэ, бет терісінің гиперемиясы. Науқас мазасыз, қорқыныш сезініп тұр.

Төмендегілердің қайсысы осы жағдайға анағұрлым тән?

+A) Операциядан кейінгі тиреотоксикалық криз;

B) Жараның іріңді-қабыну асқынуы;

C) Операциядан кейінгі тетания;

D) Ауалы эмболия;

E) Трахеомаляция;
Әйел 58 жаста, струмэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін бірден тырысулар дамыды, Хвостек, Труссо симптомдары пайда болды.

Бұл белгілер қандай асқынуға тән?

A) Гипотиреоз;

B) Тиреотоксикоз;

+C) Гипопаратиреоз;

D) Тиреотоксикалық криз;

E) Көмей жүйкесінің жарақаты;
Әйел 56 жаста, емханадағы хирург дәрігеріне ентігуге, әлсіздікке, жүректің жиі қағуына шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанын 1 жыл болды, соңғы 1 айда жағдайы нашарлаған. Қарап тексергенде: қол треморы бар, тері ылғалдылығы жоғарлаған, АҚ 140/90, пульс 120 рет 1 мин., беті ісінген, цианоз, мойын көктамырлары улкейген.

Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Трахеит;

В) Түйінді жемсау;

С) Тиреотоксикоз;

D) Жедел струмит;

+Е) Төс арты жемсау;
Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне 58 жасар ер адам оң аяқ санының ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезден: аяқ тамырларының түйнеліп кеңеюінен қиналады. Тексеріс барысында: аяқ санының ортаңғы 1/3 аймағында тығыздалған көктамыр, ісіну, соның үстіндегі терінің гиперемиясы, тері асты шелмай қабаттың инфильтрациясы анықталды.

Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+A) Беткей веналардың асқынған тромбофлебиті;

B) Паркс - Вебер – Рубашов синдромы;

C) Илеофеморальді флеботромбоз;

D) Клиппель – Треноне синдромы;

E) Тромбофлебиттен кейінгі синдромы;
Ер адам 67 жаста, хирургиялық бөлімшеге оң аяқтағы айқын ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 18 сағат болған. Қарап тексергенде: оң аяқтың ісінуі, айқын ауру сезімі анықталады. Тері боз. Оң жақтан сан артериясының пульсациясы жоқ.

Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Илеофеморальді тромбоз;

B) Аяқ тамырларының ангиоспазмы;

+C) Сан артериясының тромбоэмболиясы;

D) Беткей көктамырлардың жедел тромбофлебиті;

E) Құрсақ қолқасының қабатталған аневризмасы;
Емханаға хирургқа 16 жасар жас жігіт оң сан аймағындағы түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен: осы түзіліс бала кезінен бар. Қарап тексергенде: санның жоғарғы 1/3 алдыңғы бетінде өлшемдері 3,0х2,0 см, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ұстағанда ауру сезімсіз, соққылап тұратын түзіліс бар.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым көрсетілген?

A) Аортография;

B) Доплерография;

+C) Артериография;

D) Сфигмография;

E) Флебография;
Емханаға хирургқа 16 жасар жас жігіт оң сан аймағындағы түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен: түзіліс бала кезінен бар. Қарап тексергенде: санның жоғарғы 1/3 алдыңғы бетінде өлшемдері 3,0х2,0 см, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ұстағанда ауру сезімсіз, соққылап тұратын түзіліс бар.

Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

A) Сан атеромасы;

B) Сан липомасы;

C) Варикоздытүйін;

D) Сан саркомасы;

+E) Күретамыр аневризмасы;
Ер адам хирургиялық бөлімшеге эпигастральді аймағындағы ауру сезімі, құсу, жүрек айну белгісі бойынша жатқызылды. 6 ай ішінде 15 кг арықтаған. Асқазан рентгенографиясында оның алға қарай ығысқаны анықталды.

Сіздің осы жағдайдағы болжамды диагнозыңыз қандай?

+A) Ұйқы безінің қатерлі ісігі;

B) Асқазан ойық жарасы;

C) Тоқ ішек қатерлі ісігі;

D) Привратник тарылуы;

E) Асқазан обыры;
66 жастағы ер адам 5 жылдан бері сол аяғының ауыратыны, аялдамай 50 м жүре алады. Сол табаны мен сирағында тері жабындылары бозғылт, салқын, белсенді қозғалтады. Тамыр соғысы сан артериясы шап тұсында айқын, тізе арты мен тобықта байқалмайды. Ангиографияда сан артериясының ортаңғы үштен бір бөлігіне дейін көрінеді. Контурлары тегіс емес, иректелген. Тізе арты артериясы коллатералдармен тығыз толтырылған.

Осы жағдайда Сіз қандайалдын ала диагнозқояр едіңіз?

A) Рейно ауруы;

B) Лериш синдром;

C) Сол сан артериясының эмболиясы;

D) Сол сан артериясының тромбозы;

+E) Сол сан артериясының атеросклерозды окклюзиясы;
Әйел 49 жаста, екі жыл бұрын калькулезды холециститке байланысты холецистэктомияоперациясы жасалған. 6 айдан кейін оң жақ қабырға астындағы ауырсыну мен қаралау зәр

Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі шүбәсіз болып табылады?

A) Бауыр УДЗ;

B) Бауыр сцинтиграфиясы;

C) Тамырішілік холеграфия;

+D) Ретроградты холангиопанкреатография;

E) Тері арқылы бауыр арқылы холеграфия;
Ер адам 60 жаста, созылмалы алкоголизммен ауратын емханадағы хирургқа дисфагияға, жұтқыншақта бөгде зат тұрған сезіміне, жүдеуге шағымданады.

Науқастың болжамды диагнозы қандай?

A) Диффузды эзофагит;

B) Ценкер дивертикулы;

C) Өңеш ахалазисы;

+D) Өңеш карциномасы;


E) Ойық жаралы рефлюкс-эзофагит;
Созылмалы алкоголизммен ауыратын 65 жастағы ер адам емханадағы хирургқа дисфагияға, жұтқыншақта бөгде зат тұрған сезіміне, жүдеуге шағымданады.

Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілген?

A) Ларингоскопия;

B) Компьютерлік томография;

+C) Эндоскопиялық зерттеу;

D) Ядерлі-магнитті резонанстық томография;


E) Іш қуысының шолу рентгенографиясы;
Диафрагманың өңеш тесігінің жылжымалы жарығында ем түрін таңдау үшін мәліметті зерттеу әдісі қандай?

А)Тренделенбург жағдайында ренгенография жасау;

+B) Фиброэзофагогастродуоденоскопия;

C) Өңештің мониторлық pH-метриясы;

D) Диагностикалық лапароскопия;

E)Эзофагоманометрия;


Марш сынамасы мынаны анықтау үшін жүргізіледі:
A) Жедел тромбофлебитті;

B) Тізе асты тақымдық артерияның тромбозы;

C) Коммуникантты тамырлардың қауқарсыздығы;

+D) Аяқтардағы терең тамырлардың өткізгіштігі;

E) Аяқтағы күретамырлардың өткізгіштігі;
Претта сынамасы мынаны анықтау мақсатында жүргізіледі:

A) Жедел тромбофлебитті;

B) Тізе асты артериясының тромбозы;

+C) Коммуникантты тамырдардың қауқарсыздығы;

D) Аяқтардағы терең тамырлардың өткізгіштігі;

E) Аяқтағы күретамырлардың өткізгіштігі;


Әйел 76 жаста емханадағы хирургқа сол аяғының кернеп ауыруына шағымданды. Дене температурасы 38С0. 2 тәулік бойы ауырып жатыр. Дәрігер науқасты қарау барысында сол аяғының ісінгенін, көлемі ұлғайғандығын, гиперемия, пальпациялау барысында ауру сезімі байқалғандығын анықтады. Тамырлардың соғысы сақталған.

Науқастың алдын ала диагнозы қандай?

A) Тілме қабынуы және аяғының лимфадемасы;

B) Төменгі аяқтарының беткей тамырының тромбофлебиті;

+C) Төменгі аяқтардың терең тамырының тромбофлебиті;

D) Тізе асты тақым артериясының жедел тромбозы;

E) Сан артериясының тромбоэмболиясы;
Ер адам53 жаста, асқазанының бөлігін алып тасатағаннан кейін эпигастрия аймағында ару сезімінің бар екендігіне, тәтті және сүт тағамын қабылдағаннан кейін есінен тануға дейін баратын жағдайдағы әлсіздікке шағым жасайды.

Науқаста жоғарыда аталған белгілердамуының себебі қандай?


A) Ұйқы безінің инсулемасы;

B) Жүйелейтін ілмек синдромы ;

C) Анастомоздың пептидті жарасы;

+D) Демпинг-синдром;

E) Кішкентай асқазан синдромы;
Ер адам 32жаста, шап аймағында орналасқан ісік тәріздес түзілістің пайда болуына шағымданады. Физикалық күштеме кезінде ауру сезімі және кіші дәретке шығу қажеттілігі туындайды. Дәрігер науқаста жарық диагнозын болжамдады.

Жарықтың қай түрі науқаста болуы мүмкін?


A) Жапқыш тесігінің жарығы;

B) Тік шап жарығы;

C) Сан жарығы;

D) Қиғаш шап жарығы;

+E) Жылжымалы жарық;
Әйел 59 жаста, 2 жыл ішінде оң жақ қабырға астында ұстамалы ауру сезімі мазалайды, одан кейін терінің және көз ақ қабығының сарғаюы пайда болады.

Ауыспалы сарғаюдың себебін немен түсіндіруге болады ?

A) Өт қапшық өзегіндегі таспен;

+B) Холедохтың вентильді тасымен;

C) Бауырдан тыс өт жолдарының ісігімен;

D) Он екі ішектің үлкен бұршігінде тұрып қалған тасымен;

E) Өт қапшық өзегінің окклюзиясы бар өт қапшығының тастарымен;
Әйел 69 жаста, операция үстінде себебі өт тастары болған ішектің обтурациялық түйілуі анықталған.

Ішекке конкременттің түсу себебі қандай?


A) Өт қапшығы және соқыр ішек арасындағы жыланкөз;

B) Өт қапшығы және асқазанның кіші иіні арасындағы жыланкөз;

+C) Өт қапшығы және ұлтабардың арасындағы жыланкөз;

D) Өт қапшығы және ашы ішек арасындағы жыланкөз;

E) Өт қапшығы және тоқ ішек арасындағы жыланкөз;
Ер адам 65 жаста, доспарлы түрде асқынған асқазан ойық жараға байланысты асқазан резекциясы жасалған. Операциядан кейін 2 тәуілікте зонд арқылы қан ақты.

Асқазанның типті резекциясынан кейін көбіне қай жерден қан ағады?


A) Эрозивті гастрит;

B) Гастроэнтероанастомоз аймағы;

C) Асқазан тұқылының ойық жарасы;

+D) Асқазанның кіші иіні;

E) Он екі елі ішектің тігілген тұқылы;
Төменде көрсетілгеннің қайсысы өт қабының шеменінің дамуына себепкер болады?
A) 12 елі ішектің созылмалы өтімсіздігінің бұзылысы;

B) Үлкен дуаденальды бүршікті таспен обтурациялау;

C) Жалпы өт жолдарын таспен обтурациялау;

D) Жалпы бауырлық жолдарын таспен обтурациялау;

+E) Қап жолдарын таспен обтурациялау;
Ер адам 45 жаста, хирургиялық бөлімшеге жоспарлы жағдайда зерттеуге жатқызылған, Жүрек айнуына, тамаққа тәбеті жоқтығына шағымданады. Емдәмді сақтамағаннан кейінкейін 2 тәуілікте көп рет, қан аралас құсты. Ойық жара анамнезі жоқ. 3 жылдан бері ішімдікке салынған, анамнезінде панкреатиті бар.

Қан кетудің ықтималды себебі не?

A) Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету;

B) Золлингера-Элиссона синдромы;

+C) Меллори-Вейсса синдромы;

D) Асқазанның қатерлі ісігі;

E) Асқазанның ойық жарасы;
Ер адам 47 жаста, декомпенсацияланған стенозбен асқынған он екі елі ішек ойық жарасы бар науқаста аяқ тартылуы, талу пайда болды.

Науқаста осындай жағдайдың болуының себебі неде?

A) Ойық жарадан қан кету;

+B) Электролит алмасуының бұзылуы;

C) Он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы;

D) Гипогликемиялық шок;

E) Ми қан айналымының бұзылуы;
Әйел адам 50 жаста, 3 күн бұрын интраоперациондық холангиографиямен бірге жүргізілген холецистэктомия отасы жасалынған. Науқастың тәбеті жоғары, қосалқы аурулары-төменгі аяқтарындағы тамырының варикозды кеңейуі бар. Үшінші тәулікте ота жасалғаннан соң ентігу дамыды, кеудеде ауру сезімінің болуы, қоңырқай түсті қақырық түкірді. АҚҚ - 110/70 с.б, пульс-90 минутына соқты, ЧД – 1 минутта 30 рет, субфебрилитет.

Науқастың бұндай жағдыйының себебі қандай?

+A) Өкпе артериясы тармақтарының эмболиясы;

B) Аспирационды пневмония;

C) Бауыр астылық абсцесс;

D) Холангит;

E) Панкреатит.
Әйел адам 41 жаста, 2 ай бұрын холецистэктомия отасы жасалған. Соңғы 3 аптада эпригастрия аймағында ұстамалы ауру сезімі мен сарғаю байқалды.

Осы жағдайға не себеп?

A) Токсикалық гепатит;

B) Жедел вирустық гепатит;

C) Бауырдың холангиогенды абсцессі;

D) Созылмалы панкреатиттің асқынуы;

+E) Холедох конкрементінің қалып кетуі;
Ер адам 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге терінің және көз склерасында сарғаюымен, қалтырау, қызбаның болуы, оң жақ қабырға асытының ауру сезімімен шағым айтып түсті. Диета сақтамағаннан кейін жедел ауырған, науқасқа зерттеу әдістері жүргізіліп, ота жасау алдында консервативтік ем тағайындалды.

Жоғарыда аталған клиникалық көрініске қандай синдром түрі тән?

A) Фалло триадасы;

+B) Шарко триадасы;

C) Мондора синдромы;

D) Педжета – Шреттер синдромы;

E) Лериш триадасы;
Ер адам 56 жаста, 9 ай бұрын 12 елі ішектің ойық жарасы болғандығына байланысты, Бильрот бойынша асқазанына ота жасалынған. Диета сақтамаған, кәдімгідей тамақтанып жүрген. Оташыға 3 тәулік бойына үлкен дәретінің қара түсті болғанына шағымданады. ФГДС жасау кезінде анастомоз жасалған жерде 1,5 см қызыл тромбты жараны анықталды.

Төменде аталған қандай жағдайлар жараның пайда болуына себепкер болды?

А) Тамақтану тәртібінің бұзылуы;

В)Асқазанның көп бөлігі кесіліп алынып тасталған;

С) Асқазанның кішкене бөлшегінің рефлюксті гастриті ;

+D) Асқазан резекциясы жеткілікті мөлшердеорындалмаған;

Е) Алып келетін ілмек синдромның қосарлана пайда болуы;
Ер адам 67 жаста, ЖКБ бойынша жасалынған ота кезінде холедохты сырттан дренаждау орындалды. Бұл кезде дренаж проксималды бағытта холедохотомиялық тесік арқылы енгізілді.

Бұл жағдайда дренаждаудың қандай тәсілі қолайлырақ болып табылады?

A) Кера;

B) Долиотти;

+C) Вишневский

D) Прадери-Смит;

E) Холстедт-Пиковский;
Сарғаю ұстамалы аурудан кейін пайда болды, бауыр аздап ұлғайған, өт қолға білінбейді, зәрдің түсі күңгірт, нәжісі ақ түсті, тікелей билирубин мөлшері көбейген билирубинемия. Осы клиникалық көрініс сарғаюдың қандай түріне тән?

A) Гемолитикалық;

+B) Обтурациялық;

C) Посттрансфузионды;

D) Паренхиматозды;

E) Энзимопатиялық;


34 жастағы әйелде УДЗ жүргізу барысында өт қабында 0,9-1,0 см көлемінде 3 конкремент табылды. Өт қабы мөлшері 7,0х4,5 см, қабырғасы 0,2 см. науқасты ешнәрсе мазаландырмайды.

Төменде аталғандардың қайсысын науқасқа ұсыну қажет?

А) Өт айдайтын дәрілік шөптерді ішу;

В) Тасты ерітетін препараттарды қабылдау керек;

С) Жыл сайын санаторлық-курорттық ем тағайындау;

+D) Лапароскопиялық холецистэктомия жасау;

Е) Дәстүрлі холецистэктомияны жасау;
35 жастағы әйелде созылмалы калькулезды холецистит бойынша жасалған лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін үшінші тәулікте жағдайының нашарлағандығы байқалды: іштің кебуі, іштің жоғарғы аймағында арқаға берілген ауру сезімінің пайда болуы, әлсіздік байқалды. Қарау кезінде көз склерасының сарғаюы, тамырдың соғуы минутына 98 рет, АҚҚ 100/70, дене температурасы 37,90С, лейкоциттер – 18,0х109, қандағы амилаза - 146 ммоль/л.

Асқынуға төменде аталған себептердің қайсысы себеп болып табылады?

A) Одди сфинктерінің жиырлуы;

B) Ложадан өттің ағуы;

+C) Операциядан кейінгі панкреатит;

D) Жалпы өт өзегін жабыстыру;

E) Операциядан кейінгі фермантативті перитонит;
Ер адам 65 жаста, хирургиялық бөлімшеге түсу кезінде, бауыры ұлғайған, тері жабындысы сарғайған. УДЗ гепатоспленомегалия, іш қуысында бос сұйықтық анықталды. 18 сағаттан соң науқаста үлкен көлемде асқазаннан қан кетті.

Осы жағдайдағы қан кету себебі неде?

А) Асқазанның жедел жарасы;

В) Меллори-Вейсс синдромы;

С) Асқазанның гепатогенді жарасы;

+D) Өңеш тамырының варикозды кеңеюі;

Е) Эрозивті геморрагиялық гастриті;
Әйел 47 жаста, гинекологпен хирургқа жолданды. 1 ай бұрын пайда болған үлкен жыныс ернінің ауру сезімі мен үлкеюіне шағымданып келді. Анамнезден: 5 рет босанған. Тексеріс кезінде: оң жақтағы үлкен жыныс ерні үлкейген, пальпацияда ісіктәріздес түзіліс анықталды. Жөтелгенде, күшенгенде үлкейеді, орнына келеді.

Қандай алдын ала диагноз қоясыз?

+A) Алдыңғы бұт жарығы;

B) Үлкен жыныс ернінің липомасы;

C) Дермоидті сарысулы ісік;

D) Асқынған бартолинит;

E) Асқынған парапроктит;
Ер адам 49 жаста, рефлюкс-эзофагитке консервативті емді ұзақ алып жүр. Оған себеп болған көкеттің өңештік тесігінің жарығы. Анамнезінде қан кету болған.

Осы жағдайда ең тиімді операция қандай?

A) Бағаналы ваготомия;

B) Эзофагофундоанастомоз;

+C) Ниссен бойынша фундопликация;

D) Бильрот-1 бойынша асқазан резекциясы;

E) Асқазанның проксимальды резекциясы;
37 жасар әйел адамда тиреотоксикалық жемсау себебінен жасалған струмэктомиядан кейін 2-тәулікте келесі белгілер пайда болды: дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарлауы, бет терісінің гиперемиясы, тахикардия минутына150 соғуға дейін, аритмия, тахипноэ, науқас мазасыз, үрейленген.

Төмендегілердің қайсысына осы жағдай сәйкес келеді?

A) Трахеомаляция;

B) Ауалы эмболия;

C) Операциядан кейінгі тетания;

+D) Операциядан кейінгі тиреотоксикалық криз;



E) Жараның операциядан кеінгі іріңді-қабыну асқынулары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет