Науқастың аты-жөні: Красиков Валентин Георгиевич Жасы



бет6/8
Дата16.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#101943
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қойшын фтиз 3 доработка

Тамыр шоғырының шекарасы.

• Оң жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде

• Сол жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде

• Қан тамыр шоғырының ені-6 см.



Аускультацияда: жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары жеткілікті дыбысты, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет. Артериялық қан қысымы 120/80 мм сынап бағанасында. Екі қолының білек артериясында пульс жиілігі бірдей, 80 рет.

Ас қорыту жүйесі.

Жалпы қарағанда: тәбеті жақсы, жұтыну актісі сақталған. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылт түсті, қабыну процесстері байқалмайды. Тілі ылғалды, тіл түбірінде ақ өңезбен жабылған. Кариозды тістері бар. Қызыл иегі қалыпты.

Ішінің пішіні теріасты май қабаты есебінен көлемі ұлғайған, симметриялы, тыныс алуға іш бұлшықеттері қатысады.

Беткей пальпацияда: іші жұмсақ, эпигастрий, оң жақ қабырға доғасы аймағында ауырсыну бар.

Терең пальпацияда:Образцов-Стражеско бойынша терең жылжымалы пальпацияда: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек сезіледі, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынусыз, шұрқұрамайды, d-3 см; соқыр ішек оң жақ мықын аймағында пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз, d-4-5 см; тоқ

ішектің көлденең бөлігі кіндік маңында пальпацияланады, d-3 см, ауырсынусыз;Тоқ ішектің өрлемелі және төмендеген бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз.

Бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды.

Курлов бойынша бауыр перкуссия:

1. media clavicularis – 10 см.

2. media anterior – 9 см.

3. arkus costalis – 7 см.

Курлов бойынша көкбауыр өлшемі 6*4 см.

Нәжісі қалыптасқан,күніне 1 рет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет