Науқастың жеке гигиенасы



бет1/3
Дата15.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#131924
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№4 ауд саб


«Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
4 Дәріс
Тақырып: Науқастың жеке гигиенасы.
Сабақтың жоспары:
1. Тиімді емдеу үшін пациенттің жеке гигиенасын сақтаудың маңызы.
2. Күтім принциптері.
3. Науқастардың тері күтімі.
4. "баздану", "жібу", "терінің ойылу"анықтамалары.
5. Ойықтардың пайда болуына әкелетін негізгі және екінші дәрежелі факторлар.
6. Ватерлооо және Нортон шкаласы бойынша ойылған жерлердің даму тәуекелін сандық бағалау
7. Ватерлооо бойынша ойықтардың даму қаупі кезіндегі алдын алу және қосымша құралдар.
8. Ойықтардың алдын алу үшін ұсыныстар.

Орта медицина қызметкерлері үшін өзінің кәсіптік жұмысында гигиеналық сауаттылық айырықша маңызды, өйткені олардың күнделікті жұмысы, аурухана жағдайы болсын, өнеркәсіп кәсіпорындарында болсын әр түрлі факторлардың әсер сипатын біліп, аурудың пайда болуын анықтауға, дәрігерге дейінгі көмекті дұрыс көрсетуге және алдын алу шараларын дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді.


Мейіргерлік күтім - бұл білім мен дәлелденген дағдыларды талап ететін күрделі процесс, ал кәсіби мейіргерлік күтімі ең алдымен жоғары сапалы күтім болып табылады. Науқасқа қолайлы жағдай жасау, сыпайы қарым-қатынас, кез келген сәтте көмек көрсетуге дайындық сапалы мейірбике күтіміне қажетті шарт болып табылады.
Тері күтімі. Қалыпты қызмет істеу үшін тері таза болу керек. Теріде жиналатын тері безде іріңнің секреттерімен, шаң және мкробтармен тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының түсуіне, жараларға, ойықтарға әкеп соғады. Науқастарға ванна немесе душта 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады. Төсек жағдайындағы науқастарға мейірбике легенге су құйып, жуынуға көмектеседі.
Ойылулардың алдын алу және емдеу. Төсек орын мен іш киімді ауыстыру. Науқастың жеке бас тазалығын сақтау, палата мен төсек орнын таза ұстау емнің нәтижелілігі үшін қажет. Аурудың ағымы мен нәтижесі үшін науқас жатқан ортаның маңызы зор. Бұл ең алдымен палата тазалығы , таза төсек - орын, жеке бас тазалығы ережелерін сақтау, науқасты уақытымен тамақтандыру. Ауыр халдегі науқастарға төсекте неғұрлым ыңғайлы жағдай жасау қажеттігі төсектің құрылымына белгілі бір талаптар қояды. Науқастың төсектегі қалпы ыңғайлы, төсек-орны таза, матрасы тегіс болуы керек. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау үшін жастықшаларды, қосымша жастықтарды, жұмыр жастықтарды, аяқтарға тіреуіш және омыртқасы зақымданған науқастарды жатқызу қажет болғанда ағаш тақта пайдаланады. Нәжісі мен зәрі тоқтамайтын науқастардың матрасының үстіне клеенка төсейді. Жастықтар орташа болуы қажет, кейде науқасқа биік жастықта (ауыр ентігуде), кейде төмен немесе жастықсыз жатқан ыңғайлы.


Іш киімін ауыстырудағы мейірбикенің технологиясы.
Халі ауыр пациенттердің көйлектерін шешіндіріп-киіндіру оңай емес, сондықтан киімнің алды ашық болғаны қажет.
Бірізділік іс - әрекеті:
- ішкі киімін арқасынан шиыршықтап, басынан шешіңіз;
- егер бір қолы жарақаттанған болса онда сау қолынан шығарыңыз;
- содан кейін жарақаттанған қолынан шығарыңыз.
Кигізгенде қарама – қарсы істелінеді.


Баздану - дамудың тоқталуы, "көгеруі", "мүктенуі". Баздану терінің қатпарлы жерінде ұзақ уақыт нәжіс пен зәрдің теріге жанасуынан туындайтын тері ауруы. Көбіне терінің ылғалды, сезімтал аймағында пайда болады.

Ойылу дегеніміз – терінің дистрофиялық немесе жаралы-некротикалық өзгерістері. Жиі әлсіз пациенттерде, жүйелі қысым түсетін аймақтарда байқалады. Ойықтар - ауыр халдегі науқастарды нашар күтуінен, дымқыл, ластанған іш киімдерден, төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан, кірлеген теріден пайда болады.

Ойықтың жиі орналасатын жерлері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет