«Наука и образование в современных реалиях»


МЕКТЕПТЕРДЕ БАСКЕТБОЛДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН



Pdf көрінісі
бет135/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143
Байланысты:
6-.-

МЕКТЕПТЕРДЕ БАСКЕТБОЛДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН 
ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМДЕРІ 
 
аға оқытушы Ундемесов О.С. 
студент Ӛтеміс Айдос Ауезханұлы 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
В данной научной статье описывается особенности развития 
физических качеств учащейся молодежи через оздоровительную работу 
 
Ел Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты халқына жолдауында «Ҧлт денсаулығы – 
біздің табысты болашағымыздың негізі» желісінде денешынықтыру – 
сауықтыру нысандары кӛбейтіліп, нақ сол салауатты ӛмір салты ҧлт 
денсаулығының кілті болып саналады» - деп басымдылық айтылған [1]. 
Бҥгінгі заман талабына қарай оқыту мен тәрбие беру ҥрдісін, тиімді 
жаңашыл әдіс-тәсілдермен және салауаттану бағытында ҧлттық салт-
дәстҥрімізді насихаттай отырып, оқушы бойына сіңетіндей етіп 
ҧйымдастырған абзал. Ӛйткені, қоғамымыздың дамуының барлық 
сатыларында ӛскелең ҧрпақты тәрбиелеу мен оларға білім беруге салмақты 
ҥлес қосып, елін әлемге танытып келе жатқан ҧрпақ тәрбиелеу. Халықтың 
ҧлттық мәдени тарихы мен рухани –адамгершілігі дамуының негізінде дене 
тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты ӛмір сҥру 
дағдылары арқылы дене тәрбиесін қалыптастырудың ӛзектілігі артуда. Бҧл 
мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» 
бағдарламасында[2],ҚР «Білім туралы» Заңында [3], «Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасында» [4], «2007-2011 жылдарға арналған 
«Қазақстан балалары» бағдарламасы» [5], «Қазақстан Республикасы Туризм 
және спорт министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық 
жоспарында» [6], «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» 
[7]білім беру жҥйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде кӛрініс тапқан.
 
Денсаулық, спорт, тәрбие, білім егіз ҧғымдар. Олай болса, 
қоғамымызды ӛркендететін бҥгінгі ҧрпақтың денсаулығы мықты болу ҥшін 
спорт қажет, спорт арқылы тәрбие қалыптасса, бҧлар жинақталып білімді 


345 
азамат шығарады деп ойлаймын. Яғни, спорт жас ҧрпақтың бойында кҥш, 
ептілік, тӛзімділік, мықтылық, сергектік секілді моральдік ерік сапаларын 
қалыптастырады. Біздің Елбасымыз Н.А. Назарбаев «Қазақстан - 2050» 
халыққа Жолдауында: «Біздің болашақ ҧрпағымыздың ӛсіп жетілуіне 
әлеуметтік жағдайларын дҧрыс қалыптастырып, балалардың білімді, дені 
сау, епті, кҥшті, сымбатты болып ӛсуіне кӛңіл бӛлу қажет» - деген. 
Жеке тҧлғаның дамуына биологиялық, экономикалық, әлеуметтік 
жағдайлар қатты әсер етуде. Қазіргі уақытта оқушылардың енжарлығын, 
қажығандығын, әлсіреп, шаршап тҧратындығынан спорттық ойындарға 
қатысқысы келмейтіндігі байқалады. Сондықтан оқу процесінде, оқу 
бағдарламасында ӛзгерістер енгізіліп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер 
қолданылуда. 
Осыған 
орай 
мектеп 
бағдарламасы 
бойынша 
ҧйымдастырылған дене тәрбиесі оқушылардың жас ерекшеліктерін 
ескеретін, дене тәрбиесін организмге сай жетілуіне бағытты тҥрде әсер 
ететіндей қҧрастырылады. Онда жаңа әдіспен технологияны қолдану 
арқылы іс-қимыл жаттығуларын одан әрі шыңдайды. Дене қуаты қабілетін 
жетілдіріп, ӛз бетімен оқу, еңбек іс-әрекетінің артуына, жеке мәндік 
қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді. 
Адамның дене тәрбиесі – аса бағалы қазына. Дені сау, жан-жақты 
шыныққан адам елдің шын мәніндегі байлығы. Денсаулықты нығайтудың 
негізгі қҧралы ретінде дене тәрбиесі мен спорт олардың қалыптасуына берік 
дағдылардың дәнін егеді. 
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене тәрбиесі 
сабақтары арқылы дене жаттығулары мен дене бітімі жетілдіру 
тетіктерімен бастапқы танысуын және дене тәрбиесі бойынша 
сауаттылығын жҥзеге асыра алады. Ал, болашақ қоғам мҥшесінде дене 
тәрбиесін қалыптастыру ҥшін, ең алдымен дене тәрбиесі саласының 
барлық мҧғалімдері мен жаттықтырушылар дене тәрбиесі жҥйесі туралы 
білімді жетік меңгеруі тиіс.
Дене жаттығуларының әдістері мен негізгі қҧралдары. Дене тәрбиесінің 
нәтижелілігіне 
жҥйедегі 
барлық 
қҧрал 
және 
мҥмкіншіліктерді 
пайдаланғанда ғана жетуге болады, дегенмен оқыту мен тәрбиелеу 
міндеттерін шешуде дене жаттығуларының ҥлесіне кӛп салмақ тҥседі. Бҧл 
жағдайлар мына бірнеше себептерге байланысты: 
1.Педагогикалық қызметтің кӛптеген тҥрлерінің ішінде тек дене 
тәрбиесінде ғана жаттығушының денені жетілдіруге және сол қимылды 
игеру 
ҥшін 
орындауға 
бағытталған 
оқытып 
ҥйрету 
жҥйесін 
анықтауғаболады. 
2. 
Дене жаттығулары ағзаның морфофункциональдық жағдайына 
әсер етумен шектелмейді, сонымен қатар орындаушының жеке басына да ӛз 
әсерін тигізеді. Ал бҧл жағдай дене жаттығуларын адамның тҧлғасындағы 
және психикалық қызметіндегі бірлік туралы ілімнен кӛрінетін қимыл 
есебінде қарау заңды. 
Дене жаттығулары қозғалыс жҥйесі есебінде адамның ойы мен сезімін, 
оның ӛзін қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. Бҧл қағида 


346 
И.М.Сеченовтың сӛзінде анық кӛрсетілген: "Ми қызметінен тысқары пайда 
болғандардың бәрі бҧлшық ет қозғалысына келіп тірелуі мҥмкін". 
Дене жаттығулары дене тәрбиесі саласындағы ғылыми және 
тәжірибелік табыстарды, қоғамдық-тарихи тәжірибені берудің бірден-бір 
әдісі. 
Дене жаттығулары адамның қозғалысы кезінде табиғи қимыл қажеттілігін 
толығынан қанағаттандыруы мҥмкін. 
Орындалуы бірдей бірнеше дене жаттығулары адам денесіне әр тҥрлі 
әсер етуі және керісінше әр тҥрлі дене жаттығулары бірдей нәтиже беруі 
мҥмкін, Демек, қайсы бір дене жаттығулары болмасын, бҧл олардың 
тҧрақты қасиеттерді иеленбегендігінің айғағы. Нәтижесінде дене 
жаттығулары әсерінің тиімділігін анықтайтын қозғаушы кҥштерді білу 
педагогикалық жҧмысты тиімді басқаруға мҥмкіншілік туғызады [60]. 
Қозғаушы кҥштердің кӛп жақтылығы тӛмендегідей топтарға бӛлінуі 
мҥмкін: 
Мҧғалім мен оқушылардың жеке тҧлға есебіндегі сипаттамасы 
маңызды қозғаушы кҥш болады. Оқытып ҥйрету екі жақты-мҧғалім 
ҥйретеді, оқушы ҥйренеді, оқиды. Сондықтан дене жаттығуларының әсері 
кімнің оқытқанына және оқушыларының ынталарына тікелей байланысты. 
Дене жаттығуларының тиімді әсері ҥйретуші мен ҥйренушінің адамгершілік 
қасиеттері мен интеллектілеріне, білім деңгейіне, дененің дамуы мен 
дағдыларға, қызығушылығы мен белсенділігіне тәуелді. 
Ғылыми қозғаушы кҥштер адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын тану 
ӛлшемін 
сипаттайды. 
Дене 
жаттығуларының 
педагогикалық, 
психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері неғҧрлым терең зерттелген 
сайын, соғҧрлым алға қойған педагогикалық міндеттерді шешу жолын да 
тиімді пайдалану мҥмкіншіліктері молаяды. 
Тәсілдік қозғаушы кҥштер дене жаттығуларын пайдалану кезінде 
жҥзеге асырылуға тиісті талаптардың кең кӛлемдегі тобын біріктіреді. 
Дене жаттығуларын ҥйрете отырып немесе басқа да педагогикалық 
міндеттерді шешу ҥшін оны қолдана отырып, (мысалы, дене қабілеттілігін 
дамыту ҥшін) мынаны ескерген жӛн, біріншіден, пайдаланып отырған 
жаттығудан мҥмкін болатын тиімділік немесе осы жаттығулар арқылы 
қандай міндеттерді шеше алатындығымызды (білімділік, тәрбиелілік, 
сауықтыру) білу; екіншіден, оның қҧрылымы (статистикалық па немесе 
динамикалық па, циклді ме әлде ациклді ме т.б.), ҥшіншіден, дене 
жаттығуларын бірнеше рет қайталаған жағдайда жаңа әдістерді қарастыру 
(жаттығуды тҧтас немесе бӛлек-бӛлек жасау немесе қайталау аралығында 
белсенді немесе жәй демалыс беру). Дене жаттығуларының осы 
сипаттамасы қойылған педагогикалық міндеттерді шешу ҥшін дене тәрбиесі 
сабағы кезіндегі пайдаланатын қҧрал-жабдықтарды және пайдаланатын 
әдістерін іріктеуді міндеттейді [61]. 
Дене жаттығуларының пайдалы әсері жҥктеменің қайталануы тиімді 
болғанда ғана дҧрыс болады. Қайталануы қимылдың ҧзақтығына, оның 
жиілігіне және қайталау арасындағы демалыс сипатына, бастапқы қалпына 


347 
тәуелді. Қайталауды реттегенде айтылған барлық кезендердің ӛзара іс-
қимылын есептеу қажет. Мысалы, жаттығудың ҧзақтығын арттыру оның 
жиілігін азайтумен қоса жҥргізіледі. 
Дене жаттығуларының нәтижелілігі оның орындалу әдісіне тәуелді. 
Мысалы, арқанға ҥш әдіспен ӛрмелеу,еркін әдіспен ӛрмелеуден гӛрі тиімді, 
сондықтан да мҧнда жоғары нәтижеге жетуге мҥмкіншілік мол. 
Дене жаттығуларын орындау белгілі бір мезгілге дейін сақталатын адам 
тҧлғасына тән ӛзгерістер әкеледі. Соның нәтижесінде келесі жаттығулардың 
әсері тиімділік жағынан ӛзгеріске ҧшырауы мҥмкін. Алдыңғы және келесі 
жаттығулардың қасиетін арттыруға арналған жаттығулар кҥрделі 
қимылдарды игеруге қолайлы жағдайларды туғызады немесе тӛмендеуі 
мҥмкін (мысалы, алға қарай аунап тҥсуден кейін тепе-теңдік жағдайында 
қимыл жасауға ҥйретуде қиыншылықтарға әкеп тірейтін жағдайлар 
туындайды). Бҧндай әсерлердің қаншалықты ҧзаққа баруы оқушылардың 
дайындык деңгейіне тікелей байланысты. Жаттығулардың тиімділігін есепке 
алып отыру кейінгі жаттығулар жиынтығының кешенін (комплексін) 
жасауда шешуші талаптарды қҧрайды. 
Гигиеналық талаптар дене тәрбиесі жҥйесінің сауықтыру бағыты 
бар қағидаларын жҥзеге асыруда шешуші қозғаушы кҥш болып табылады. 
Оның ен басты мақсаты - дене жатгығуларын адамның ӛмір қызметінің 
қҧрамдас бӛлігі ету. Екінші жағынан, дене жаттығуларының тиімділігі тек 
қана гигиеналық талаптарды сақтаған жағдайда ғана жоғары болмақ. Дене 
тәрбиесінің арнаулы қҧралы болмаса да, гигиеналық талаптар дене тәрбиесі 
міндеттерін толық ӛз дәрежесінде шешуде ҥлкен маңызға ие болады. 
Қаншалықты педагогикалық жҥйе жақсы ҧйымдастырылғанымен, тамақтану 
тәртібі (режимі) бҧзылып жатса, керекті мӛлшерде ҧйықтамаса, жаттығулар 
тазалық жағдайы жоқ жерде ӛткізілсе, онда педагогикалық жҧмыс барысы 
ешқашан да кҥткендегідей нәтиже бермейді. Сондықтан да дене тәрбиесі 
бойынша мектеп бағдарламасында оқушылардың гигиеналық талабының 
кӛлемін анықтайтын ілімдік материалдар кӛрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет