«Наука и образование в современных реалиях»



Pdf көрінісі
бет27/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143
Байланысты:
6-.-

Библиографиялық тізім 
1.
Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі Астана-2017 
Ҧ.Мҧхаммеджанова.Оқулық
2.
Дене шынықтыру және спорттағы ғылыми зерттеулердің қазіргі 
заманғы әдістері. Ордабаев Н.О., Беков А.А.,Садыкова Д.Б. оқу 
қҧралы Шымкент 2019 
3.
Тӛтенай.Б.Дене тәрбиесі.А.2017.Оқулық
4.
Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі.-Астана.-2011. 
БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМУЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІГІ,ОНЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ 
 
аға оқытушы Баранов А.В 
Студент Сейіт М.А 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
Баскетболшылардың дене сапаларын дамыту баскетболшылардың 
спорт шеберлігінің негізі ретінде туралы ақпарат берілген.
 
Денсаулық, спорт, тәрбие, білім егіз ҧғымдар. Олай болса, 
қоғамымызды ӛркендететін бҥгінгі ҧрпақтың денсаулығы мықты болу ҥшін 
спорт қажет, спорт арқылы тәрбие қалыптасса, бҧлар жинақталып білімді 
азамат шығарады деп ойлаймын. Яғни, спорт жас ҧрпақтың бойында кҥш, 
ептілік, тӛзімділік, мықтылық, сергектік секілді моральдік ерік сапаларын 
қалыптастырады. Біздің Елбасымыз Н.А. Назарбаев «Қазақстан - 2030» 
халыққа Жолдауында: «Біздің болашақ ҧрпағымыздың ӛсіп жетілуіне 
әлеуметтік жағдайларын дҧрыс қалыптастырып, балалардың білімді, дені 
сау, епті, кҥшті, сымбатты болып ӛсуіне кӛңіл бӛлу қажет» - деген. 


80 
Жеке тҧлғаның дамуына биологиялық, экономикалық, әлеуметтік 
жағдайлар қатты әсер етуде. Қазіргі уақытта оқушылардың енжарлығын, 
қажығандығын, әлсіреп, шаршап тҧратындығынан спорттық ойындарға 
қатысқысы келмейтіндігі байқалады. Сондықтан оқу процесінде, оқу 
бағдарламасында ӛзгерістер енгізіліп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер 
қолданылуда. 
Осыған 
орай 
мектеп 
бағдарламасы 
бойынша 
ҧйымдастырылған дене тәрбиесі оқушылардың жас ерекшеліктерін 
ескеретін, дене тәрбиесін организмге сай жетілуіне бағытты тҥрде әсер 
ететіндей қҧрастырылады. Онда жаңа әдіспен технологияны қолдану 
арқылы іс-қимыл жаттығуларын одан әрі шыңдайды. Дене қуаты қабілетін 
жетілдіріп, ӛз бетімен оқу, еңбек іс-әрекетінің артуына, жеке мәндік 
қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді. 
Адамның дене тәрбиесі – аса бағалы қазына. Дені сау, жан-жақты 
шыныққан адам елдің шын мәніндегі байлығы. Денсаулықты нығайтудың 
негізгі қҧралы ретінде дене тәрбиесі мен спорт олардың қалыптасуына берік 
дағдылардың дәнін егеді. 
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене тәрбиесі 
сабақтары арқылы дене жаттығулары мен дене бітімі жетілдіру 
тетіктерімен бастапқы танысуын және дене тәрбиесі бойынша 
сауаттылығын жҥзеге асыра алады. Ал, болашақ қоғам мҥшесінде дене 
тәрбиесін қалыптастыру ҥшін, ең алдымен дене тәрбиесі саласының 
барлық мҧғалімдері мен жаттықтырушылар дене тәрбиесі жҥйесі туралы 
білімді жетік меңгеруі тиіс.
Жалпы орта мектептерде оқушыларды салауатты ӛмір салтына, 
денені шынықтырумен және спортпен шҧғылдануға баулу әртҥрлі 
мемлекеттік бағдарламалар аясында жҥзеге асырылады [4]. 
Жалпы 
орта 
мектептерде 
оқушылардың 
дене 
тәрбиесін 
қалыптастырудың белсенді тҥрінде мектеп оқушыларының дене 
тәрбиесі сабағында жетілдіру мәселесіне А.К.Атаев, Ю.С.Жилко, Д.В. 
Биданов, Ж.Егізбаев, С.Тайжанов және т.б. еңбектерін арнаған 

3

.
Дене тәрбиесі және спортты насихаттау әрбір орта мектеп оқушысына 
бағытталған, дене тәрбиесінің басымдығын дәлелдей кӛрсетуге, сондай-ақ 
жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және 
басқа да жат қҧбылыстардың таралуына қарсы кҥреске бағытталуда. 
Оқушылармен дене тәрбиесі жӛнінде жҧмыс жҥргізу, олардың ортасында 
қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бҧқаралық спортты 
танымал ету, олардың санасында ―тәні саудың – жаны сау‖ деген қағидатты 
орнықтыру ҥшін бҧқаралық кӛпшілік мәдени, спорттық-сауықтыру іс-
шаралар ҧйымдастырылуда. Бҧл орайда бҧқаралық ақпарат қҧралдарының 
міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген 
қызығушылығын арттыру, жалпы орта мектеп оқушыларының спортпен ӛз 
бетінше шҧғылдануын белсенді тҥрде таныту, денені шынықтырумен және 
спортпен шҧғылдану қажеттігін кӛпшіліктің санасына сіңіру және оны 
насихаттау болып табылады.


81 
Дене тәрбиесі және спортты насихаттау мектеп оқушыларының жан-
жақты спорттық және дене тәрбиесі даярлығын арттыруға ықпал етуге 
негізделуде. Дене тәрбиесі және спортты дамытудағы басты бағыттардың 
бірі– олардың ізгілікті жағын кҥшейту.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастыру 
тӛмендегі Қазақстандық ғалымдардың зерттеу проблемаларына негізделеді: 
біртҧтас педагогикалық ҥдеріс (Хмель Н.Д. және т.б.), дене мәдениеті 
(Қасымбекова С., Оңалбек Ж.К., Қарақов А.Қ., Мухамеджанов Б.Қ. және 
т.б.) 

5


Жалпы орта білім беретін мектептің басты мақсаты- алдыңғы қатарлы 
жасӛспірімдерді тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және ӛнегелілік деңгейі 
мен оның ой-ӛрісін арттыру, оқушыларға дене тәрбиесін оқытып, ҥйрету 
мен Отанды қорғауға дайындау. Білім саясатының ӛзекті мәселелері – 
жалпы орта мектеп қабырғасында кәсіптік бағдар негізінде болашақ 
мамандығын таңдауға даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз 
етудің ғылыми-әдістемелік жҥйесін тҥбегейлі жаңарту, оқытып ҥйретудің 
әдістері мен ҧйымдастыру тҥрлерін ӛзгерту, педагогикалық оқу-тәрбие 
ҥдерісін ҧйымдастыруды қайта қҧру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие 
тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сҧраныстарының алшақтығын жою, 
білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру ҥдерісіндегі 
ҥздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рӛлін арттыру.
Жалпы орта мектептердегі білім берудің кӛп нҧсқалы қҧрылымы және 
жалпы орта мектептің халықаралық білім беру жҥйесіне жоспарлы 
интеграциялануы, жалпы орта мектептерді қазіргі заманның талаптарына 
сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Мектеп оқушыларының 
шығармашылық мҥмкіндіктерінің дамуына, оларға білім беруде заманауи 
жҥйені енгізу жағдайларында хабардарлығының бейімделуі жалпы орта 
мектептерде оқу ҥдерістерін ҧйымдастыруда сапалы ӛзгерістердің 
қажеттілігін кӛрсетеді. 
Қазіргі жалпы орта мектептерде оқушылардың білімінің дамуының, дене 
тәрбиесі білімінің маңыздылығымен анықталатын, мектептегі оқу-тәрбие 
ҥрдісіндегі ҥлесін, білім беру философиясының шеңберіндегі денені 
шынықтыру-сауықтыру жҧмыстарының жаңа мақсаттарын және оны 
меңгеруде қалыптасқан жҥйенің жоқтығын ескере отырып, дене тәрбиесі 
қҧралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеуді жеке мәселе ретінде тек 
практикалық қана емес, теориялық тҧрғыдан да айырып кӛрсету керек. 
Жалпы орта мектепте білім мазмҧнын, оқыту ҥдерісін, оқу 
бағдарламалары мен жоспарларын және оқу қҧрылымын ықшамдап 
тиімділеу республика бойынша жалпы орта мектептерде дене тәрбиесі 
сабағы бойынша білім жаңаша кӛзқарасқа ие болды.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесі - оқушылардың 
денсаулығын жақсартуға, қозғалыс жҥйелерінің жан-жақты жетілуіне, 
ӛзі 
таңдаған 
спорт 
тҥрімен 
айналысуға, 
дене 
мәдениетін 
қалыптастыруға, белгілі жетістіктерге жетуге, еңбек пен әскери міндетті 
атқаруға дайындалуына бағытталған арнаулы тәрбиелік ҥдеріс.


82 
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесінің мақсаты – оқушыларды
жан-жақты қалыптастыруға бағыт беру, әсер ету. Мектеп оқушыларында 
дене мәдениетін қалыптастыру оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін 
меңгеруін кӛздейді. 
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастыру 
ҥшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады: 
-денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту; 
-ӛмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру; 
-қозғалыс қабілеттерін дамыту және ҥйлестіру; 
-дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру; 
-денені шынықтыру жаттығуларымен ӛз бетінше шҧғылдануға қажетті 
қабілетті ҥйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жҧмыс қабілеттерін 
арттыру; 
-адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық 
ҥдерістер мен жеке тҧлғаның қасиеттерін дамыту. 
Кӛптеген 
ғалым-педагогтар, 
атап 
айтқанда 
М.В.Антропов 
«Оқушылардың жҧмыс қабілеті және олардың оқу мен еңбек ҥдерісі 
кезіндегі қозғалмалылығы»; [2]. А.Г.Сухарев «Оқушылардың қозғалыс 
белсенділігінің гигиеналық ҥдерісін ҧйымдастыру» [3] еңбектерінде 
оқушылардың жҧмыс қабiлетiн қалпына келтiру және кҥшейту мақсатында 
тиiмдi демалыс ретiнде дене жаттығу сабақтарын жҥргiзудiң нақты 
практикалық мысалдарын ҧсынады. Бҧл практикалық ҧсыныстар бойынша 
ғалым-педагог Ә.Ж.Тастанов ӛз ғылыми зертеу жҧмысында тӛмендегідей 
қорытынды жасаған: 
1.Қозғалу белсендiлiгiнiң тәуелдiлiк кӛлемi ағзаның қозғалыс ҥстiндегi 
биологиялық қажеттілігіне сай болуы қажет. 
2.Дене тәрбиесiнiң қалыптасқан жҥйесi тҧрмыста жетiспейтiн 
қозғалыстың орнын толтыру қажет. 
3.Балалардың қозғалу белсендiлiгiн бiр кҥн iшiнде олардың ағзасының 
жҧмыс қабiлетiндегi ӛзгерiстердi есепке ала отырып бiлу тиіс. 
4.Дене тәрбиесiнiң тҥрлерi мен кҧралдары әр тҥрлi болуы тиiс. 
5.Дене жаттығулары сабақтарының ҧзақтығы мен жылдамдығы ӛсiп 
келе жатқан ағзаның жас ерекшелiгiне сай болуы тиіс. 
Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын 
қҧрастыру бағыт-бағдары ӛзгерді. Алайда, бҧлардың бәрінде мектеп 
оқушыларының қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс 
негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар 
кӛрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс 
дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бҧл 
бағдарламалар базалық, ҥлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог 
жергілікті жағдай мен салт-дәстҥрлерге орай ӛзгертулер мен толықтырулар 
енгізіп, ӛзгерте алады.
Бағдарлама - оқушылардың дене дайындығы мен дене бітімі туралы 
білім деңгейіне, дене тәрбиесін ҧйымдастыру және оның мазмҧнына 
қойылатын нормативтік талаптар жҥйесін ҧсынатын мемлекеттік қҧжат. 


83 
Онда тҥсінік хат талаптарында жеке оқу-танымдық және қозғалыс 
қызметінің тиімділігін қалыптастыратындай біліммен оқушыларды 
қаруландыру қарастырылған (ӛзінің дене қабілеттерін жетілдіру, дене 
жаттығулары әдіс-тәсілдері негіздерін, тӛрешілік ету әдістері негізін 
меңгеру). Алайда мҧндай оқу материалының мәтіні жоқ. Дидактикалық 
міндеттерді және оқушылардың жас ерекшелігі топтарына сәйкес танымдық 
мҥмкіндіктерді есептей отырып, мҧны мҧғалімнің ӛзі анықтайды.
Практикалық материал «дағдылар, біліктілік, қозғалыс қабілеттерін 
дамыту» деген жалпы тақырыппен әр сыныптың бағдарламасында 
баяндалған. Онда спорттың нақты тҥрінің белгілері бойынша енетін дене 
жаттығуларының қатыстылығына сәйкес әрқайсысының атауы бӛлініп 
қарастырылған. 
Жылдық оқыту уақытының 102 сағаты міндетті тараулар есебінде 
гимнастикаға, қозғалыстың және спорт ойындарына, шаңғы дайындығы, 
суда жҥзуге, жеңіл атлетикаға бӛлінген. 5-сыныптан бастап «Спорттық 
ойындар» тарауы енгізіледі, бҧл жағдайда оған «Қимылдық ойындар» 
қосымша сабақ есебінде сақталып қалдырылады. Мектептің материалдық 
базасы, ішкі мҥмкіндіктеріне орай «Ӛзгермелі» бӛлімде қосылады 
(Қосымша А).
 
«Дене тәрбиесі» сабағы. «Дене тәрбиесі сабағы туралы жалпы ережеге 
сҥйене отырып, мектеп сабағы әр тҥрлі сынып оқушыларының жас 
ерекшеліктеріне, оқу бағдарламасының мазмҧнына, педагогикалық 
міндеттерді шешудің тҧтастығына, оқу кҥнінің режіміне және сабақ 
кестесіндегі ӛзге де жалпы білім беретін пәндердің қатарында ӛзіндік 
ерекшеліктерге ие болады. Мҧның барлығы сабақ әдістерінде кейбір 
талаптарды сақтауды қажет етеді. 
Дене тәрбиесін ҧйымдастырудың тҥрлері.
Оқушылар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің та-
быстылығы мектеп педагогикалық ҧжымының, мектептен тыс мекемелер 
мен ата-аналардың кҥш-жігерін жҧмылдыруға байланысты. Сонда ғана дене 
тәрбиесін толық ҧйымдастыруға қол жеткізуге болады. 
Бҧл жҥйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп 
оқушыларының дене тәрбиесін ҧйымдастыру жҥйесінің бӛліктері мынадай: 
- әр сыныпта жетісіне 3 рет ӛткізілетін дене тәрбиесі сабағы тҥріндегі 
сыныптық-сабақтық жаттығу жҥйесі; 
- оқу кҥні режіміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа 
дейінгі гимнастика, сергектік минуттары, денені шынықтыру ҥзілістері, 
ҧзартылған ҥзілістегі дене жаттығулары); 
- ҧзартылған кҥн тобындағы кҥн сайынғы дене жаттығулары; 

спорт-сауықтыру ҥйірмелеріндегі, жалпы дене дайындығы 
топтарындағы, спорт тҥрлері бойынша секцияларда, спорттық жарыстарда, 
саяхат жорықтары мен слеттердегі жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс 
жҧмыстар. 
Бҧл 
жҥйе 
мектептен 
тыс 
мекемелердегі 
дене 
тәрбиесін 
ҧйымдастырудың тҥрлерімен толықтырылады: 


84 
-балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептерінде, тҧрғылықты 
жерлерде, жазғы лагерьлердің әр тҥрлі типтеріндегі спорт секцияларында 
ӛткізілетін спорттық жарыстар мен жҥйелі жҥргізілетін оқу-жаттығу 
сабақтары; 
- балалардың жазғы және қысқы лагерьлерінде ҧйымдастырылатын 
кӛпшілік дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік бой жазу 
жаттығулары, кҥн сайын суға тҥсу, даладағы ойындар, туристік саяхаттар, 
т.б.); 
-спорттық, туристік базаларда, мәдениет және демалыс бақтарында 
балалар секторлары ҧйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, 
конкурстар, кӛпшілік ойындар. 
Соңғы жылдарда барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерде дене 
тәрбиесі сабақтары бойынша кӛптеген оқу бағдарламалары енгiзiлгенi 
белгiлi. Жаңа оқу бағдарламалары оқушылардың ақыл-ой қызметiн 
жеделдетуге педагог-ғалым Ә.Ж.Тастановтың ғылыми-зерттеу еңбегінде
кӛмектеседі деп кӛрсетілген [56. 44 -б]. Осыған байланысты оқушының кҥн 
тәртiбiн дҧрыс ҧйымдастыру және жҥйелi спорт тҥрлерінің секцияларына 
қатыстырып қозғалу белсендiлiгiн тиiмдi етiп арттыру мiндетi тҧр. Жалпы 
орта мектеп оқушыларының негiзгi бӛлiгiн бос уақыттарында жҥйелi тҥрде 
спорт тҥрлері бойынша секцияларға қатыстыру, спорт тҥрлеріне қызықтыру 
арқылы дене бітімін, дене сапаларының дайындығын және оны жетiлдiру 
кезiнде бҧл секциялардың оқушы iс-әрекетiнiң басқа тҥрлерiне ең алдымен 
оқу ҥдерісiне қалай әсер ететiнiн мiндеттi тҥрде ескеру қажет делінген. 
Бҥкіл әлемдік Денсаулық сақтау ҧйымы денсаулықты және дене 
ақауының болмауы ғана емес, дененің рухани және әлеуметтік аман-
саулықтың, дене мәдениетінің бҥтіндей жағдайы ретінде дәлелдейді.
Шын мәнінде жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін 
қалыптастыру бҧл оқушылармен педагогикалық-тәжірибелік жҧмыс 
жҥргізуде ҧмтылыс жасайтын мақсатты мҧратымыз деп есептейміз.
Демек, оқу-тәрбиелеу ҥдерісінде дене мәдениеті және спорт тҥрлеріне 
баулу және қызықтыру, оқушылардың денсаулығын жақсартып, оқуға деген 
қабілетін жоғарылата отырып сапалы білім беру – жалпы халықтық міндет 
деп санаймыз.
Адамның денсаулығының жақсы болып, ҥйлесімді дамуында дене 
мәдениетінің рӛлі орасан зор екені баршаға мәлім, яғни оқушыларға әрбір 
кҥнін денені шынықтырумен бастау дағдысын қалыптастыруды неғҧрлым 
ерте бастасақ, солғҧрлым оның денсаулығы нығаяды, дене мәдениеті туралы 
білім алу қалыптасады, оқуға, білім алуға деген қҧлшыныс пайда болады. 
Ата-аналардың 
таңертеңгілік 
гигиеналық 
гимнастикамен 
тҧрақты 
шҧғылдануы мектеп оқушылары ҥшін ӛнегелі іс. Ӛкінішке орай, 
стататистика мекемелерінің мәліметі бойынша Оңтҥстік Қазақстан ӛңірі 
тҧрғындарының 6%-ы ғана кҥнделікті таңертеңгілік денені шынықтыру 
гигиеналық жаттығуларымен шҧғылданады. Салыстырмалы тҥрде алғанда 
кӛрсеткіш ӛркениетті елдерде, мысалы АҚШ-та - 78%, Жапонияда - 75%, 
Германияда - 68% және т.с.с. 


85 
Білім беру жҥйесін жаңғырту барысында келесі іс-шараларды жҥзеге 
асырудың маңызы зор. 
Біріншіден, оқыту ҥдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен 
технологияларды енгізу. 
Екіншіден, педагогтар қҧрамының сапасын арттырудың маңызы зор. 
Арқаулық педагогтік білім берудің ҥлгі-қалыптарын, мектептер мен 
жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды кҥшейту 
қажет.
Ҥшіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен 
бірге оларды әлеуметтік бейімделу ҥдерісінде пайдалана білуге де ҥйретуі 
тиіс. Ҥкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту 
жӛнінен бесжылдық Ҧлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырды. 
Тӛртіншіден, оқыту ҥдерісінің тәрбиелік қҧрамдасын кҥшейту қажет. 
Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ҧлтаралық 
келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға 
мойынҧсынушылық. 
Бҧл қҧндылықтар, меншіктің қандай тҥріне жататынына қарамастан, барлық 
оқу орындарында да сіңірілуге тиіс деп жолдайды.
Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларыныңқозғалу белсендігін 
дамыту, кӛпшіліктің шҧғылдануы ҥшін спорттық секциялар қҧру, әсіресе, 
адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жҥйесі 
салдарынан әлсірегендігі қазіргі таңда ӛзекті мәселе. Гиподинамияның 
қарқынды ӛсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасӛспірімдік 
шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті 
қамтамасыз ету жҥйесінің, жҥйке жҥйесінің, тірек-қозғалу аппаратының 
және т.б. қалыптасуы мен дамуы ҥдерісінде жинақталған кері қҧбылыстар 
мен бҧзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ҧрпақтың, яғни тҧқым 
қуалауда кӛрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғҧмырында денсаулықтың 
нашарлауына жол береді [57. 84-89 -б].
Қазақстан Республикасы оқушыларының дене тәрбиесі жҥйесінің 
қазіргі кезеңінде, оның мақсаты мен міндеттері Ҥкіметтің тҥрлі 
қҧжаттарында, «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандартта 
белгіленген . Яғни, «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен 
спортты 2007-2011 жылдар аралығында дамытудың мемлектеттік
бағдарламасында» оқу- жатығу процесін тереңдетіп және спорт тҥрлері 
бойынша кҥн ҧзағына оқып- ҥйренетін мамандандырылған сыныптарды 
ашуды жалпы білім беретін мектептерге ҧсыну, жасӛспірімдер клубтарын 
ашу арқылы жалпы білім беретін мектеп дене тәрбиесі сабақтарының 
қҧрылымы мен мазмҧнын толықтыратын дене шынықтырудың мектептен 
тыс тҥрлерін ҧйымдастыруды жетілдіру» кӛзделген. «Дене шынықтыру» 
пәні бойынша мемлекеттік стандарт осы пәннің мақсаты есебінде 
«денсаулықты нығайту, білімді, ӛмірлік маңызды қозғалыс іскерліктері мен 
дағдыларын, адамгершілік, еңбек жане эстетикалык тәрбиенің міндеттеріне 
сәйкес жеке адамды ҥйлесімді дамытуды» белгілеп отыр. Қазіргі мектеп 
оқушылары дене тәрбиесінің мақсаты бҧл дене жатығулары және спортпен 


86 
ҥздіксіз шҧғылдану арқылы салауатты ӛмір салтының бір бӛлшегі есебінде 
оқушының жеке, дербес дене тәрбиесінің жоғарғы деңгейін қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет