Екінші жүргізуші:
|
Шынында да, күнделікті өмірде кейде байқамай бір-бірімізді ренжітіп алатын, қателесетін кездеріміз болатыны рас. Ендеше, қазір бәріміз бір бірімізден кешірім сұрап, бір бірімізге құшақ жайып, қол алыссақ, бүгінгі күніміз одан сайын нұрлана түсері сөзсіз.
екінші жүргізуші бірінші жүргізушіге:
...., сені байқаусызда ренжітіп алсам, мені кешір!
|
Бірінші жүргізуші
|
иә, сен де мені кешір!
|
Екінші жүргізуші:
|
Әр халықтың өз ұлттық құндылықтары бары сөзсіз. Қазақ халқының да ... ұлттық құндылықтары мол. Ендеше дәстүрлі дүниелерімізге тереңірек үңілейік!
|
Екінші жүргізуші:
|
Наурыз күні «жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын» деген ақ тілекпен наурыз көже жасалады. Наурыз көже жеті тағамнан тұрады.
|
Бірінші жүргізуші:
|
Дастарханда бауырсақ
Тойғаныңша алып қой.
Көңілді бұл мереке
Есте қалсын Наурыз той!
|
Әжелер (қолында үлкен ыдыста наурыз көже):
9-сынып
Сахнаға әже шығады
|
Ау, аналар, аталар,
Айналайын балалар!
Жеп ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып, наурыз көже пісірдім.
|
Екінші жүргізуші:
|
Дәстүр бойынша наурыз көжені тауысып ішу керек.
Сондықтан қазір екі оқушыны немесе екі ата-ананы сахнаға шақырайық.
Сонымен сахнаға кім шығады? Кәне, ата-аналар! Мұғалімдер! Балалар!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |