Қазақ хандығы тарих толқынында: Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған ғылыми мақалалар жинағы / Бас.ред. Б.Ә. Байтанаев. – Алматы, 2015. – 708 с
Қазақ хандығы тарих толқынында: Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған ғылыми мақалалар жинағы / Бас.ред. Б.Ә. Байтанаев. – Алматы, 2015. – 708 с. Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған жинақта, Қазақстан мен Еуразия археологиясының келелі мәселелеріне қатысты мақалалар талқыланады. Қазақ хандығының даму кезеңдері, зерделену тарихы және Қазақ хандығы қалаларының зерттелу нәтижелері қарастырылады.
АБЫЛАЙ ХАН. Энциклопедия / Бас. ред. Б.Ӛ. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – 656 б. Энциклопедия 18 ғасырда ғұмыр кешкен ұлы хан, дарынды әскери қолбасшы, кемеңгер мәмілегер Абылай ханның қазақ халқының басынан ӛткен зор-зобалаң замандағы қазақтың елдігін сақтап калудағы тарихи рӛлі және ұлтты ұйыстырып, біріктіру мақсаты жолында ӛзінің бүкіл күш-жігері мен ақыл-парасатын сарп еткен саяси қайраткерлік әрі мемлекеттік істеріне арналған. Энциклопедияда болашақ ханның бозбалалық шағынан ержетіп, есейіп-толысқан кезі, абыройы мен айбыны артып, ӛскен ортасы мен сұлтандықтан хан дәрежесіне дейінгі кӛтерілген ӛмір соқпақтары, Абылайдың арғы ата-бабалары мен одан тараған ұрпақтары мен үрім-бұтақтары, тұстас- замандастары, елі мен жерін жат жұрттықтардан қан кешіп жүріп қорғаған үзеңгілес жаужүрек батырлары, ел болашағының қамын жеген ақылгӛй даналар мен билері; қазақ халқының тәуелсіздігі жолында Абылай ханның ұстанған ӛмірлік мақсат-мұраты жолында күрес жүргізген ілгері-кейінді ел басылары, қаһарман ерлер және ханның ӛмірі мен еңбегі жайында қалам тартқан ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ Абылай ханнан кейінгі ұрпаққа мұра болып калған жер-су аттары, т.б. қамтылған.