Т. 3. Тұрақты Қазақстан. - 320 б. Кітап социализм жүйесінің күйреуі, Кеңес Одағының құлауы, мемлекеттілік негіздерінің калыптасуы мен жаңғыруы, мемлекеттік шекараның делимитациясы, 90-жылдардың алғашқы жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму және тағы да басқа ӛзекті мәселелер қамтылған тәуелсіз Қазақстан тарихына арналады. Мәтін түсіндірме, тарихи анықтама, қызықты оқиғалар мен деректер, биографиялық анықтама, дәуір құжаттары, дәйексӛздер, кестелер мен негізгі ұғымдар сияқты қосымша материалдарды қамтиды.
Басылымның екінші томы Егемен Қазакстанның дамуының маңызды мәселелеріне арналады. Кітапта «Қазақстан-2030» стратегиясының тарихи маңызы, мемлекеттің әлеуметтік саясаты, саяси жүйені жаңғырту, сыртқы саяси бастамалар және басқа да ӛзекті мәселелер қарастырылған. Жұмыс тарихи құжаттардан алынған үзінділер, карталар, фотосуреттер, биографиялық мәліметтер және басқа да ақпараттық материалдарды қамтиды.
Кітапта тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша бай ақпараттық-құжаттық материалдар қамтылған. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ӛзгерістері, сонымен катар Қазақстан халкының этносаралык және кӛпконфессионалдық жетістіктері қарастырылған.