Әбділдин С. Қазақ елінің ең биік күні. – Алматы, 2011. – 658 б. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Қазақстанның сан ғасырлар бойы күресіп, аңсаған ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ туды.
Бүгінде осы тарихи оқиға туралы кӛп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ ӛткен кезеңнің нәтижелерін бағалауда алшақтықтар жоқ емес. Ӛмір керуені неғұрлым ілгері жылжыған сайын әрбір жазушының немесе айтушының ӛз
«шындығының» пайда болуы ғажап емес. Сӛйтіп, тарих пен ақиқаттың басы - біреу де, аяғы – айыр қүйрық болып жүр.
Қолыңыздағы кітап Қазақстанның тәуелсіздігіне қатысты мағлұматтарды теріп алған нақты мәліметтердің негізінде жазылған. Құрастырушы тәуелсіздік туралы Заңды жариялап, Парламенттің Қаулысына қол қойған азамат.