4.Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады ?
A) жалын
В) маяк
С) үй
D) электр қуаты
Текст 5
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды. Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi.Техника өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек болды. Электронды есептеу машиналар осылай шықты.
«Балдырған» журналы
5. Мәтіннің идеясы неде ?
Адамдардың
A) есептеуге бейімделуінде
В) жазуға үйренуінде
C) сызу құралдарын қолдануында
D) ұсақ тастармен ойнауында
Текст 6
Құс төресі аққу адамзатты талай таңғалдырған. «Қыз Жібек» фильмінде көл бетінде қалықтаған аққуларды бейнетаспаға түсіру керек болыпты. Сол үшін Нұрғиса Тілендиев таң ата ерте тұрып, көл басына барып, «Аққу» күйін тартады. Екінші күні аққулар күйге елтіп, жағаға жақындап келеді. Осы сәтте операторлар аққуларды түсіріп алады.
Ақтау қаласының маңында қыстайтын аққулар Каспий теңізі бетінде жүзіп жүреді. Қала халқы оларға тимейді. Әсіресе, аққулардың адамдарға бауыр басып кеткені соншалық - қолдан жем жейді. Осында кейде сырт қарасаңыз, қазға да, аққуға да, үйрекке де ұқсамайтын сұр құстар қалқып жүреді. Бұлар - аққудың балапандары, яки көгілдірлері.
«Астана ақшамы» газеті
Достарыңызбен бөлісу: |