«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет28/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
Ықтимал жауап: 
Кіріспе дәріс, себебі пәннің мақсаты, терминнің шығу төркінін түсіндіреді, мәдениет 
түрлерін саралайды. 
Құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады. 
 
3-тапсырма. Асқар Жұмаділдаевтың 
newsasia.kz сайтына берген сұхбатын
 оқы. 
Өнер мен мәдениетті дамытудың маңызы туралы көпшілікке арналған 
дисскусиялық дәріс ұйымдастыр.
Мұны былай деп айтамын: Қазақ ел болып қалу үшін технократтық елге айналу керек. 
Технократтық елге айналмай қазақ ел болмайды. 
«Ұлттық намыс, ұлттық рух» деген сөзді қазақ көп айтады. Мұның барлығы технократтық 
реформа болмай, бос сөз болып қалады. 
Рух деген не өзі. 
«Ойбай, рух қайда?» деп сіз күніге жүз рет айқайлаңыз. Не өзгереді? 
Бір бес минутқа сіздің рухыңыз көзін ашар, «әй не болып қалды, бұл не шу?» деп. Содан 
кейін қайтадан қалың ұйқыға кетеді. Рухыңыз ұйықтамай, мүлгімей, сергек жүру үшін 
оның артында бір тірек болу керек. Бұл – тірек технократтық. 
Яғни, қазақты өзгелерге мойындататын өзінің жасайтын бірденесі болу керек. 
Қазақ деген ақылды халық. Мінекей, жасаған заттарын қараңыз дегізетіндей. 
Мысалға, жапондық сапа дейтін ұғым бар. Ол не? «Тойотаны» айтайық. Оны жұрттың 
барлығы алады. «Сониді» айтайық. Оған деген сұраныс сұмдық. Жапон компьютер 



Дискуссиялық лекцияда 
қоғамдағы белгілі-бір 
мәселені көтере отырып, 
аудиториямен байланысқа 
түсіп, тақырыпты жан-
жақты қарастырады. 
жасаса, бүге-шігесіне дейін керемет қылып, түбін түсіре жасап шығады, сондықтан, 
жапондық өнімге жұрттың барлығы басын иеді. 
Тағы бір мысал. Жапонның жазушысы мықты дейді. Дулат ағамыз да қазақтың мықты 
жазушысы. Бірақ, қазақтың арасында жасағандықтан қадірі азырақ білініп тұр. Неліктен? 
Өйткені, жапонның «тойотасын» айттық, «сониін», компьютерін айттық. Жапондық сапа, 
жапондық іс дейтін ұғым бар. Дүниеде жапондар жасаған өнім жайында «бұл керемет, 
сапалы» деген түсінік қалыптасқан. 
Сондықтан, жапон болғандықтан да Муракамиді мықты жазушы деп таниды. 
Егер қазақтар да мықты бір компьютердің түрін ойлап тапса, не бір автокөліктерді 
жасайтын болса, онда бізге де қатысты осындай бір түсініктер қалыптасар еді. 
Қазақ ісі, қазақы сапа деген ұғым пайда болар еді. 
Сонда бұл сапаның басқа да салаларға септігі тиер еді. Сонда барып Дулат ағамыздың аты 
әлемге жайылар еді. 
4-тапсырма. 
Алдыңғы тапсырма бойынша жазған жазбаңды қарсы жұппен айырбаста. 
Жұбыңның жазбасын оқы. Кері байланыс бер. Өзің жазған дискуссиялық дәрістің жанрын 
анықта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет