«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет132/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
 
Ә мәтіні 
Біздің дәуірімізде дүние жүзіндегі барлық халықтар мен елдердің тағдырына тікелей 
қатысы бар адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік мәселелер пайда болды. Оларды төрт 
топқа бөлеміз: 
• әлеуметтік-саяси сипаттағы мәселелер: ядролық соғыстың өртін өшіріп, қарулану 
үрдісін ауыздықтау, мемлекетаралық, ұлтаралық және аймақтық шиеленістерді бейбіт 
жолмен шешу, халықтар арасында өзара сенім мен сыйласым дәстүрін орнықтырып, 
қауіпсіздік жүйесін нығайту, ақпараттық ағымдарды игілікті пайдалану; 
• әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер: артта қалуды, кедейшілікті жою, 
энергетикалық, шикізаттық, ішіп-жемдік, демографиялық дағдарыстарды реттеп, 
олардан шығу жолдарын бірлесіп іздеу; 
• әлеуметтік-экологиялық мәселелер: қоршаған ортаны, табиғатты күтімге алып, ұқыпты 
пайдалану; 
• адам мәселесі: әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға 
өміршеңдік сипат беру, надандықтың жолын кесіп, рухани дамуға жол ашу, қасіретті 
аурулармен тізе қосып күресу. 
Бүгінгі таңда дүниенің өзара жауласқан, антогоистік саяси-экономикалық екі жүйеге 
бөлінуі ыдырады. Екі полюстік текетірес көп полюсті қарым-қатынасқа негізделген 
адамзат қоғамының қауымдастығына ығысып орын берді. Әлемдік маңызы бар саяси 
мәселелерді шешуге барлық мемлекеттер өз үлестерін қосатын болды. Жер шарының бір 
түкпірінде бой көрсеткен шиеленіс болса, оған бүкіл дүние жүзі елең етіп, 
жауапкершілікпен қарайтын болды. Бұл ретте халықаралық ұйымдардың, әсіресе 
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен арнаулы мекемелерінің (ЮНЕСКО, МАГАТЭ, т.б.) атқарып 
отырған игілікті әрі ықпалды іс-әрекеттерін ерекше атаған жөн. 
(184 сөз) 


Оқылымнан кейінгі тапсырма 
 
3-тапсырма.
«Уақыт шеңбері» әдісі.
Орындыққа немесе еденге шеңбер құрып 
отырыңдар. Ортада сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп, т.б.). «Уақыт 
шеңберіндегі» құрылымдық ережелердің сақталуын мұғалім қадағалайды. «Уақыт 
шеңберіндегі» ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысуы және кезекпен 
біреу ғана сөйлеу керек. Әдістің мақсаты – идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. 
Талқыланатын сұрақ: А.Печчейдің келесі сөзі: «Адамзатқа ең керекті нәрсе – 
руханияттылық, әсіресе, адамгершілік. Тек сонда ғана қордаланған мәселелерді шешуге 
болады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет