«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы



Pdf көрінісі
бет137/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы 
халықаралық ынтымақтастық 
саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады. 
Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы. 
Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат 
тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді 
үдете түседі. 
Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық 
сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады. 
Бізге 
өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен 
өткізудің
қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға 
кіріс құя отырып, 
оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты 
экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.
Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция. 
Адамзат 
Үшінші индустриялық революция
табалдырығында тұр, ол өндіріс 
ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар 
әлемдік нарықтың құрылымы 
мен қажеттіліктерін
түбегейлі өзгертеді. Біз 
бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше 
технологиялық болмыста
өмір сүріп жатырмыз. 
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген 
ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап


күнделікті ақиқатқа айналады. 
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз. 
Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. 
Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – 
күшейе түскен 
әлеуметтік тұрақсыздық
. Оның негізгі себебі – 
әлеуметтік теңсіздік.
Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық 
Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, 
көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. 
Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын 
мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең 
төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға 
тиіс емеспіз. 
Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс 
Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. 
Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық 
мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет