«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі



Дата05.11.2016
өлшемі97,65 Kb.
#750
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Үлгі
2012-2013 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғары мектеп бітірушілерін қазақ әдебиеті пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған

емтихан жұмысы


  1. Тест құрылымы

Тест деңгейлері күрделенген 30 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырмаға бірнеше жауап нұсқалары берілген, жауап нұсқаларынан дұрысын таңдау қажет.

Тест сұрақтары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының экспериментальды оқу бағдарламасы базалық компонент жобасы негізінде жасалған және келесі бөлімдеріне сәйкес келеді:


1. Ежелгі дәуір әдебиеті

2. Халық ауыз әдебиеті

3. Жыраулар поэзиясы

4. ХІХ ғ. әдебиеті

5. ХХ ғ. әдебиеті

6. Қазіргі заман әдебиеті

7. Әлем әдебиеті

8. Әдебиеттану


Тест құрылымы:

  • «Ежелгі дәуір әдебиеті» бөлімі 2 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері ежелгі дәуір әдебиеті шығармалары, авторы туралы мәлімет.

  • «Халық ауыз әдебиеті» бөлімі 4 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- халық ауыз әдебиеті үлгілері: ертегілер, эпостар, лиро-эпостық жырлар, тұрмыс салт жырлары, шешендік сөздер, т.б.

  • «Жыраулар поэзиясы» бөлімі тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- ХҮ, ХҮІІІ ғ. өмір сүрген жыраулар өмірі мен шығармашылығы, толғауларының тақырыбы, көтерген мәселесі.

  • «ХІХ ғ. әдебиеті» бөлімі 6 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- ХІХғ. 1 және 2-жартысында өмір сүрген ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, шығармаларының тақырыбы, идеясы, көтерген мәселесі, кейіпкерлері, т.б.

  • «ХХғ. әдебиеті» бөлімі 8 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері - ХХғ. өмір сүрген ағартушылардың, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, шығармаларының тақырыбы, идеясы, көтерген мәселесі, кейіпкерлері, т.б.

  • «Қазіргі заман әдебиеті» бөлімі 3 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- қазіргі заман әдебиеті ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығы, шығармаларының тақырыбы, идеясы, көтерген мәселесі, кейіпкерлері, т.б.

  • «Әлем әдебиеті» бөлімі 2 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері - Әлем әдебиеті шығармалары, авторлары туралы түсінік

  • «Әдебиеттану» бөлімі 2 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері - қазақ әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшелігі, көркемдегіш құралдардың шығармалардағы орны.



2. Бағалау жүйесі

Бағалау дихотомиякалық шкаласында өткізіледі.

Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады, ал қате жауапқа 0 балл қойылады.

Ең жоғарғы балл -30




  1. Балды бағаға айналдыру шкаласы:




0-50 %

51-74 %

75 - 89%

90- 100%

0-15

16-22

23-26

27-30

2

3

4

5




  1. Емтихан жұмысының орындалу уақыты 45 мин


1-нұсқа
1. «Құтадғу білік» дастанының авторын көрсетіңіз.

А) Жүсіп Баласағұн

В) Махмуд Қашқари

С) Әл-Фараби

D) Қыпшақтар кітабы

Е) Қорқыт ата



2. Сәбидің дүниеге келуімен байланысты туған жыр түрін белгілеңіз.

А) Бесік жыры

В) Тұсаукесер

С) Малдың баласын сүюі

D) Тойбастар

Е) Ат мінгізу



3. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген батыр жазушыны анықтаңыз.

А) Мәлік Ғабдуллин

В) Бауыржан Момышұлы

С) Рақымжан Қошқарбаев

D) Қасым Қайсенов

Е) Әзілхан Нұршайықов



4. «Дүниеде не өлмейді?» сұрағының авторын көрсетіңіз.

А) Әз Жәнібек

В) Жиренше

С) Төле би

D) Майқы би

Е) Қарашаш сұлу



5. «Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым» деген өлең жолының авторын анықтаңыз.

А) Махамбет

В) Шортанбай

С) Исатай

D) Дулат

Е) Қашаған



6. Дулат Бабатайұлы жазған «Еспембет» дастанының негізгі тақырыбын белгілеңіз.

А) Елжандылық

В) Махаббат

С) Кәрілік

D) Жастық шақ

Е) Батырлық



7. «Түркістан» өлеңінің авторын көрсетіңіз.

А) Мағжан Жұмабаев

В) Міржақып Дулатұлы

С) Шерхан Мұратаза

D) Ахмет Байтұрсынов

Е) Шыңғыс Айтматов



8. Олжас Сүлейменовтың «Арғымақ» өлеңінің тақырыбын табыңыз.

А) Ұлттық мінездің асқақтауы

В) Жүйрік арғымақтың шабысы

С) Бақытты өмір

D) Қазақ елінің тарихы

Е) Адам жанының рахаты



9. «Шыңырау» повесінің авторын көрсетіңіз.

А) Әбіш Кекілбай

В) Мұхтар Мағауин

С) Олжас Сүлейменоа

D) Мұхтар Әуезов

Е) Спандияр Көбеев



10. Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңіндегі қолданылған троптың түрін табыңыз.

А) Кейіптеу

В) Гиперболла

С) Литота

D) Ассонанс

Е) Аллитрация



11. «Оғыз қаған» жырының негізгі идеясын анықтаңыз.

А) Елжандлық, бірлік, халық бақыты

В) Махаббат, сүйіспеншілік, достық

С) Батырлық, жауласу, қорғау

D) Молшылық, жаулап алу

Е) Достық, халық бірлігі



12. «-Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жатқандықтан, енді құлауға таяу тұр.» Қандай ертегіден алынғанын, қай кейіпкердің сөзі екеніні анықтаңыз.

А) Қарлығаш

В) Төбет

С) Бай


D) Бай баласы

Е) Жалмауыз



13. Толғауларының басты тақырыбы – ел бірлігі болған жырауды белгілеңіз.

А) Бұхар

В) Шалкиіз

С) Ақтамберді

D) Сүйінбай

Е) Жамбыл



14. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романынындағы көтерілген мәселені анықтаңыз.

А) Ұрпақ тәрбиесі

В) Сүйіспеншілік

С) Бақытты өмір

D) Батырлық

Е) Жаугершілік



15. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев» деп бағалаған қайраткерді табыңыз.

А) Ахмет Байтұрсынов

В) Мағжан Жұмабаев

С) Мұхтар Әуезов

D) Міржақып Дулатов

Е) Сәкен Сейфуллин



16. Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» негізгі тақырыбын анықтаңыз.

А) Әйел теңсіздігі

В) Қазақ елінің тарихы

С) Сүйіспеншілік

D) Батырлық, ерлік

Е) Елжандылық



17. «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектің авторын көрсетіңіз.

А) Ахмет Байтұрсынов

В) Міржақып Дулатов

С) Мұхтар Әәуезов

D) Шәкәрім Құдайбердіұлы

Е) Ғабит Мүсірепов



18. І. Жансүгіров «Жарғақ шал, жарық қобыз, жалғыз дауыс» деп қандай кейіпкер туралы айтып тұрғанын табыңыз.

А) Молықбай

В) Бозінген

С) Күйші


D) Жігіт

Е) Бота


19. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» дастанындағы «Мені» төмендегілердің қайсысына сәйкес келетінін көрсетңіз.

А) Азаматтық ар-ожданы, қоғамдық сыр-сипат

В) Ақын махаббаты, жүрек сезімі

С) Адамгершілігі, отансүйгіштігі

D) Анаға деген махаббаты

Е) Бақытты өмір, болашақ



20. Адамгершілік пен адалдық туралы айтылатын Дулат Исабековтің шығармасын белгілеңіз.

А) «Ата үміті»

В) «Әпке»

С) «Ертеңді күту»

D) «Мұрагерлер»

Е) «Сүйекші»



21. «...Аварша бір жазып қойған құлыптас,

Тұрса ауылда, аварлар да ұмытпас. ...» өлең жолдарының авторын көрсетіңіз.

А) Расул Ғамзатов

В) Шыңғыс Айтматов

С) Мұса Жалел

D) Ғафур ғұлам

Е) Мұстай Кәрім



22. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы адам қайғысы мен табиғат көрінісінің қабаттаса суреттелетін тұсын көрсетіңіз.

А) Ақбілектің жау қолынан босап елге келе жатуы

В) Ақбілетің үйіне келген кезі

С) Ақбілектің жау қолына түсуі

D) Ақбілектің әкесімен кездесу

Е) Ақбілектің мұртты орыспен бірге қалуы



23. Қазақ эпосының түрлерін анықтаңыз.

А) Батырлық, ғашықтық, тарихи

В) Тарихи, эпостық, лирикалық

С) Махаббат, сүйіспеншілік, ерлік

D) Батырлық, ерлік, қоғамдық

Е) Эпостық, лиро-эпостық, батырлық



24. Темір бейнесін асқақтата, аспандата жырлаған жырауды табыңыз.

А) Шалкиіз

В) Ақтамберді

С) Жиембет

D) Бұхар

Е) Доспамбет



25. Қожаш – Ғайша деген кейіпкерлері бар шығарманы анықтаңыз.

А) Спандияр Көбеев «Қалың мал»

В) Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»

С) С. Торайғыров «Қамар сұлу»

D) Сәбит Дөнентаев «Көркемтай»

Е) Мағауия Абайұлы «Медғат Қасым»



26. С.Торайғыровтың арман-тілегі, мақсат-мұраты көрінетін өлеңін көрсетіңіз.

А) «Шәкірт ойы», «Туған еліме»

В) «Оқу», «Оқып жүрген жастарға»

С) «Оқудағы мақсат не?», «Кедей»

D) «Байлық», «Ей, махаббат, ей досытқ»

Е) «Партияшыға», «Дін»



27. С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасындағы Көкшетау сипаттарын қандай эпик ақынның шығармасымен салыстыруға болатынын көрсетіңз.

А) І.Жансүгіров «Құлагер»

В) С.Жүнісов «Ақан сері»

С) Т.Айбергенов «Жел»

D) Балуан Шолақ «Ғалия»

Е) Қ.Аманжолов «Туған жер»



28. Төмендегілерден тағдыр үндестігі сәйкес келетіндерін белгілеңіз.

А) Құлагер – Ақан – Ілияс

В) Адам – Табиғат – Жануар

С) Сакен – Отан - Адам

D) Арман – Бақыт - Молшылық

Е) Өмір – Көңіл – Жақсылық



29. Шерхан Мұртазаның әке мен бала арасындағы сүйіспеншілікті көрсететен шығармасын көрсетіңіз.

А) «Қызыл жебе»

В) «Табылған теңіз»

С) «Қырық бірінші жылғы келіншек»

D) «Белгісіз солдаттың баласы»

Е) «Жалғыз жалау»



30. Шыңғыс Айтматовтың мәңгүрттік мәселесін көтерген шығармасын белгілеңіз.

А) «Найман ана»

В) «Ақ кеме»

С) «Қош бол, Гүлсары»

D) «Бетпе-бет»

Е) «Алғашқы мұғалім»



***
*** Ескерту:

Барлық дұрыс жауаптар «А» нұсқасы болып табылады.

Емтихан кезінде жауап нұсқалары өзгеретінін ескертеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет