«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша


   Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата21.10.2019
өлшемі1,34 Mb.
#50346
1   2   3   4
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп
Ашық сабақ. Рационал сандарды көбейту тақырыбына есептер шы.ару

4.2.2.2  

Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау  

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

спецификациясына 

сәйкес 


құрастырылады. 

Жиынтық 


жұмыс 

тапсырмаларына  сәйкес  балдар  қойылатын  балл  қою  кестесі 

құрастырылады.  

Мұғалім  әр  жауапқа  қойылған  балдардың,  нәтижелердің  дұрыс 

жазылғанына көз жеткізуі тиіс.  

Бағалау  нәтижелерін  мұғалім,  білім  алушы  оқудағы  ілгерілеуді 

бағамдау үшін қолдануына болады. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау 

нәтижелерін  білім  алушылардың  оқу  бағдарламасы  мазмұнын 

қаншалықты  тиімді  меңгергенін,  қандай  дағдыларды  игергенін  талдау 

үшін  қолдануына  болады.  Сонымен  бірге  мұғалім  үшін  аталған 

ақпараттың  келешекте  қалыптастырушы  бағалау  кезінде  оқу  үдерісін 

жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.   



4.2.2.3 

Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау  

Бағалауды 

стандарттау 

мақсатында 

мұғалімдер 

білім 


алушылардың  жазбаша  тоқсандық  жиынтық  бағалау  жұмыстарының 

35 


 

нәтижелерін  талқылауы  үшін  модерация  белгіленген.  Модерацияда 

белгілі  бір  пән  бойынша  мұғалімдердің  балл  қою  кестесі  бойынша  бір 

ұғымда,  түсінікте  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  жұмысты  бағалауды 

алдын ала талқылайды.   

Модерация  отырысында  жиынтық  бағалау  дұрыс  өтті  ме,  білім 

алушылардың  барлық  жауаптары  ескерілді  ме,  мұғалімдер  арасында 

бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мәселелерді түсіну және 

талқылау  қажет.  Модерация  қорытындысы  бойынша  мұғалімдер  балл 

қою  кестесіне  толықтырулар  немесе  өзгерістер  енгізуге  қатысты  шешім 

қабылдайды.  Модерацияны  аяқтаған  соң  барлық  шешімдер  хаттамада 

көрсетіледі.  

Модерация  қорытындысы  бойынша  білім  алушылардың  балына 

өзгеріс  енгізу  қажет  болғанда  жиынтық  жұмыстарын  қайта  тексереді. 

Мұғалім  мұнда  тоқсандық  жиынтық  бағалау  нәтижелерінің  модерация 

қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі 

мүмкін екенін ескеруі қажет.

    

Модерацияны  өткізу  орнын,  уақытын  алдын  ала  қарастыру 



ұсынылады.  Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  мен  модерация 

өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн.  

Бір отырыста бірнеше пәнге модерация өткізуге болады.  

Модерация  отырысына  бір  параллель  сыныпта  сабақ  беретін 

мұғалімдер  қатысады.  Модерация  төрағасы  әдістемелік  бірлестіктің 

жетекшісі,  одан  басқа  кез  келген  пән  мұғалімі  бола  алады.  Шағын 

жинақталған  мектептер  үшін  модерацияны  мұғалім  жақын  пәндер 

мұғалімдерін  немесе  критериалды  бағалау  бойынша  мектеп 

үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады.  

Модерация  отырысы  үшін  мұғалім  тексерілген  жиынтық 

жұмыстардың  ішінен:  жоғары  және  төмен  балл  қойылған,  сондай-ақ, 

бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады.  

Модерация  кезінде  іріктелген  жиынтық  жұмыстарда  көрсетілген 

білім  алушының  аты-жөнін  жұмысты  қарастырған  кезде  нақты  бір  білім 

алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады.  

Отырыс  кезінде  ұсынылған  жұмыстар  балл  қою  кестесіне  сәйкес 

қарастырылады.

  

Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады:   



дұрыс  жауап  есептелмеген,  сол  сияқты  балл  қою  кестесінде  де 

көрсетілмеген;  

жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою 



кестесінде көрсетілмеген; 

36 


 

балл қою кестесінде қателіктер жіберілген; 

жалпы балл саны дұрыс есептелмеген және т.б.. 



Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл 

қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі 

(8-

қосымша).  



Модерация  қорытындысы  бойынша  мұғалім  білім  алушының 

жұмысын  балл  қою  кестесінің  өзгертілген  (толықтырылған)  соңғы 

нұсқасына сәйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға 

өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады және соңғы 

нақты нәтижесі электрондық журналға қойылады.  

Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті  

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  модерациялау  үдерісі  белгілі  бір 

тәртіппен жүргізіледі.  

Модерацияға дейін:  

• 

білім  алушылардың  жиынтық  бағалау  жұмыстарын  балл  қою 



кестесіне сәйкес бағалайды;  

• 

жиынтық  жұмыс  үлгілерін  іріктеп  алады  (максималды, 



минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);  

• 

жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын 



модерацияға дайындайды.  

Модерация кезінде: 

• 

білім  алушылардың  жұмыс  қорытындысын  әріптестермен 



талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына 

көз жеткізеді; 

• 

қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне 



өзгерістер енгізеді;  

• 

отырыс хаттамасына қол қояды. 



Модерациядан кейін: 

• 

модерацияны  ескере  отырып,  өзгеріс  енгізу  қажет  білім 



алушылардың  барлық  жұмыстарын  қайта  қарастырады.  Мұндай 

жағдайда  жоғарылату  немесе  төмендету  жағына  қарай  балдардың 

өзгеруі де мүмкін; 

• 

білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады; 



• 

соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.  

  

Модерацияны  ойдағыдай  жүргізу  үшін  қажетті  жағдайлар: 



ынтымақтастық  мәдениеті,  ашық  және  анық  коммуникация,  сындарлы 

(конструктивті)  кері  байланыс  және  ұжымдағы  кәсіби  қолдау  болып 

табылады. 

37 


 



БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ  

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау,  тоқсандық 

жиынтық  бағалау  нәтижелері  электрондық  нәтижелерді  тіркеу 

журналында  тіркеледі.  Барлық  балдар,  бағалардың  есебі  электрондық 

журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.   

Білім  алушылардың  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және 

тоқсандық  жиынтық  бағалау  нәтижелерін  қою  электрондық  журналда 

оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар 

туралы ақпараттарды көрсетеді.  

Жиынтық  бағалаудың  нәтижелері  білім  алушыларға,  ата-аналарға 

тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. (9-кесте). 

 

9-

кесте. Нәтижелерді тіркеу  



Білім алушыларға қойылады 

Сипаты  

 

Әр  бөлім/ортақ  тақырыптар 



бойынша  жиынтық  бағалаудың 

балы  


Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері (жоғары, 

орта, төмен). 

Тоқсандық 

жиынтық 


бағалаудың балы  

Балл қою кестесіне сәйкес жинақталған балдар саны. 

Тоқсандық баға   

Балдарды  бағаға  ауыстыру  шәкіліне  сәйкес  қойылады.  Білім 

алушылар  50%  тоқсандық  бағаны  бөлім/ортақ  тақырыптардың 

қорытындысы  бойынша,  50%  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

қорытындысы бойынша жинайды.     

Жылдық баға  

Балдарды  бағаға  ауыстыру  шәкіліне  сәйкес  қойылады.  Білім 

алушылар  50%  тоқсандық  бағаны  бөлім/ортақ  тақырыптардың 

қорытындысы  бойынша,  50%  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

қорытындысы бойынша жинайды.     

 

Тоқсан  соңында  бағалаудың  барлық  нәтижелері  «2-ден»  «5-ке» 



дейінгі  бірыңғай  баға  шәкілі  негізінде  есептеледі,  бұл  бағалаудың 

ашықтығын, 

салыстырымдылығын, 

білім 


беру 

үдерісіне 

қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (10-кесте).  

 

10-



кесте. Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі  

Баға  

Сипаты  

1-

сынып 

бойынша 

балдың 

пайыздық 

мазмұны  

2-11(12)-

сыныптардағы 

балдың 

пайыздық 

мазмұны  

«2» 


Қанағаттанғысыз  

0% - 20% 

0- 39% 

«3» 


Қанағаттанарлық  

21% - 50% 

40% - 64% 

«4» 


Жақсы  

51% - 80% 

65% - 84% 

«5» 


Өте жақсы  

81% - 100% 

85% - 100% 

38 


 

6.1 

Тоқсандық баға қою 

 

Тоқсандық  бағалар  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және 



тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады.  

Тоқсандық  бағаны  қою  үшін  бөлім/ортақ  тақырыптар,  тоқсандық 

жиынтық  бағалау  қорытындысының  белгілі  пайыздық  арақатынасы 

пайдаланылады:    

-  

тоқсандық  бағаның  50%  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 



жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді; 

тоқсандық  бағаның  50%  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 



қорытындысы бойынша белгіленеді.  

 

Жиынтық бағалау (ЖБ) 



 

Үлес салмағы  

Бөлім/ортақ тақырыптар 

бойынша ЖБ  

50% 


Тоқсандық ЖБ  

50%  


Тоқсандық баға: 

100% 

 

Төменде  «Математика»  пәнінен  5-сынып  білім  алушыларының    1-



тоқсан бағалары есебі мысал түрінде берілген.  

 

«Математика»  пәнінен  5-сынып  білім  алушыларының  бөлім  бойынша 

және 1-тоқсанның жиынтық бағалау нәтижелері 

 

 

№ 



Жиынтық 

бағалау (ЖБ) 

Білім 

алушыл

ар балы 

Максимал

ды балл 

Оқу 

жетістігі 

деңгейі 

және 

тапсырман

ы орындау 

пайызы 

5 балдық 

шәкілге ауысу 

кезіндегі 

болжам  

Арақаты 

насы, 



Балдың 

пайыздық 

мазмұны 

1-



бөлім бойынша 

ЖБ  


12 


33% 

Төмен  


50% 


29,4% 

2-



бөлім бойынша 

ЖБ 


10 


60% 

Орта  


3-4 

3-



бөлім бойынша 

ЖБ 


10 

12 


83% 

Орта  


3-4 

Тоқсандық ЖБ 



18 

20 


90% 

Жоғары  


 

50% 


45% 

Барлығы: 

74% 

 

 



 

39 


 

Тоқсандық бағаның есебі келесі формулада жүргізіледі: 

Тоқсандық баға = �

Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы

Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы ∗ 𝟓𝟎%� 



 

 

                                          + �

Тоқсандық ЖБ нақты балы

Тоқсандық ЖБ макс. балы  ∗ 𝟓𝟎%�                                                     

 

 

Тоқсандық  бағаны  есептеу  үшін  бөлім  бойынша  және  тоқсандық 



жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.     

 

29% + 45% = 74%  

 

Балдарды  бағаға  ауыстыру  шәкілі  бойынша  баға  білім  алушының 



тоқсандық бағасымен анықталады.  

 

Баға  



Негізгі мектептегі 

балдардың пайыздық 

мазмұны 

«2» 


0- 39%

 

«3» 



40% - 64%

 

«4» 



65% - 84%

 

«5» 



85% - 100%

 

 



Аталған шәкіл негізіндегі 74%,  «4» деген бағаға сәйкес.  

«Математика» пәні бойынша білім алушының 1-тоқсандағы бағасы – «4».  

 

6.2 

Жылдық баға қою  

Білім  алушының  пән  бойынша  жылдық  бағасы  барлық  төрт 

тоқсанның нәтижелерінен құралады. (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).  

Төменде  5-сыныптың  «Математика»  пәнінен  білім  алушының 

жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.   

 

«Математика»  пәнінен  5-сынып  білім  алушыларының  1-4-



тоқсандардағы нәтижесі

 

  

Жиынтық 



бағалау 

(ЖБ) 

1-

тоқсан 

2-

тоқсан 

3-

тоқсан 

4-

тоқсан 

Жалпы  

балл 

саны 

Арақатынасы, 



Оқу жылы 

бойынша 

балдардың 

пайыздық 

мазмұны  

Бөлім 

бойынша 

ЖБ  

34-


тен 23 

30-


дан 20 

25-


тен 21 

20-


дан 18 

109-


дан 

82 


50% 

37,6% 


Тоқсан 

дық ЖБ  

20-


дан 18 

20-


дан 15 

20-


дан 19 

20-


дан 16 

80-


нен 

68 


50% 

42,5% 


 

 

40 



 

Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі: 

Жылдық баға = �

Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы

 (𝟏 − 𝟒 т. )

Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы

 (𝟏 − 𝟒 т. ) ∗ 𝟓𝟎%�



 

 

+ �


𝟏 − 𝟒 тоқсанның ЖБ нақты балы

 𝟏 − 𝟒 тоқсанның ЖБ макс балы ∗ 𝟓𝟎%�

 

 

Жылдық  баға  есебі  үшін  білім  алушының  бөлім/ортақ  тақырыптар 



бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. 

Бұдан  соң  оқу  жылындағы  балдың  пайыздық  мазмұны  (50%:50%) 

пайыздық арақатынаспен анықталады.  

Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық 

балдың  пайыздық  мазмұны  жинақталады,  балдарды  бағаға  ауыстыру 

шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады.   

 

37,6% + 42,5% = 80,1%  

Дөңгелектелген мәні 80% тең 

 

Баға  

Негізгі мектептегі балдың 

пайыздық мазмұны 

«2» 


0- 39%

 

«3» 



40% - 64%

 

«4» 



65% - 84%

 

«5» 



85% - 100%

 

 



Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес 80 %,  – «4» деген баға. 

«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушысының жылдық бағасы – «4».  

41 

 


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1. 



Блум Б.С. Классификация учебных целей. - Нью Йорк: Лонгман, 1956. 

 

2. 



Блум  Б.С.,  Кратволь  Д.  Таксономия  целей  обучения.  -  Нью  Йорк: 

Лонгман, 1956. 

 

3. 


Блэк  П.,  Уильям  Д.  Педагогические  исследования:  формативное 

оценивание. // Британ ғылыми-зерттеу журналы №29, 2009. 

 

4. 


Выготский  Л.С.  Развитие  высших  психических  функций.  –  М.:  баспа 

АПН РСФСР, 1978. 

 

5. 


Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 

курсының  деңгейлік  бағдарламасы  глоссарийі:  оқу-әдістемелік  құрал.  - 

Астана:  «Назарбаев  Зиякерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық 

шеберлік орталығы, 2012. 

 

6. 


Зимняя И.А. Психология слушания и говорения. – М.: Дисс. … п.ғ.д., 

1973.  


 

7. 


Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. / 

Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. – 

80 

б. 


 

8. 


ОЭСР.  Среднее  образование  в  Казахстане:  Обзор  национальной 

образовательной политики. – Астана: ИАЦ, 2014. 

 

9. 


Уильям  Д.  Изменяя  практику  в  классе.  Заметки  из  исследований 

Ш.Кларк, Д.Уильяма и Национальной стратегии. – 2008. 

 

10. 


Уильям  Д.,  Томсон  М.  5  основных  стратегий  для  формативного 

оценивания. – 2007. 

 

11. 


Фишман  И.С.,  Голуб  Г.Б.  Формирующая  оценка  образовательных 

результатов  учащихся:  Методическое  пособие.  -  Самара:  «Учебная 

литература» баспасы, 2007. - 244 б. 

 

12. 



Шамова  Т.И.  Современные  средства  оценивания  результатов 

обучения в школе. – М.: Педагогическое общество Ресей, 2007. 

 

13. 


Өңірлік  және  мектеп  үйлестірушілеріне  арналған  критериалды 

бағалау  бойынша  нұсқаулық:  Оқу-әдіст.  құрал. (2016)/  О.И.Можаева, 

А.С.Шилибекова,  Д.Б.Зиеденованың  редакциялауымен.  –  Астана: 

42 


 

«Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 46 б. 

 

14. 



Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау 

бойынша  нұсқаулық:  Оқу-әдіст.  құрал.  /  О.И.Можаева,  А.С.Шилибекова, 

Д.Б.Зиеденованың  редакциялауымен.  –  Астана:  «Назарбаев  Зиякерлік 

мектептері» ДББҰ, 2016. - 48 б. 

 

15. 


Монина  Г.Б.,  Лютова-Робертс  Е.К.  Коммуникативный  тренинг 

(педагоги, психологи, родители). - СПб.: «Речь» баспасы, 2007. – 224 б. 

 

16. 


200  рецептов успеха  в  коммерции  (Одностраничный  метод).  Пер. с 

нем. / Э.К.Геффрой. – М.: Интерэксперт, 1997. - 248 б. 

 

17. 


Толковый словарь русского языка [Электронный ресурс]  / Под ред. 

Д.Н.Ушакова. // http://ushakovdictionary.ru/view_search.php

 

 

 



18. 

Эшкрофт К., Лоррейн Ф-П. Управление преподаванием и обучением 

в дальнейшем и высшем образовании. - Оксфорд: 2013. – 224 б. 

 

19. 



Клинтон Б., Лоррейн Ф.-П., Крис Х. Исследование методов обучения 

в колледжах и университетах. - Рутледж:  2017. – 148 б.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

43 



 

1-

қосымша 

 

Критериалды бағалау жүйесін реттейтін нұсқаулық-әдістемелік құжаттар  

 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  (бастауыш,  негізгі 

орта, жалпы орта) 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  негізгі  орта  білім  беру  стандарты  (бұдан  әрі  - 

МЖМББС)  бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, 

білім алушылардың  оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын 

жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.  

Бағалаудың  стандарты  болып  табылатын  күтілетін  нәтижелер  пәндер 

бойынша  МЖМББС-нда  таксономиялық  тәсіл  арқылы  ұсынылды.  Таксономиялық 

тәсілдер  негізінде  білім  беру  деңгейін  аяқтау  бойынша  білім  алушылардың  білуі, 

түсінуі, қолдануы, талдауы, синтез жасауы және бағалауы анықталады.   

 

Оқу бағдарламасы 

Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің 

ұстанымына  сәйкес  педагогикалық  тәсілдерді  қысқаша  сипаттайды.  Бұл  құжат  әр 

пәннің  құрылымы  мен  мазмұны  туралы  ақпараттарды  қамтиды.  Оқу 

бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.  

 

Оқу жоспары 

Оқу  жоспарында  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  пәндер  бойынша  оқытудың 

ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген 

іс-шаралар  түрлерін  білім  алушылардың  оқу  бағдарламасы  мазмұнын  білетініне 

және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.   

Мұғалім  мен  білім  алушылардың  сабақта  нәтижеге  қол  жеткізуі  үшін  оқу 

мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін 

мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.   

 

 

Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге 



асыратын,  білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушылардың  оқу  жетістігін 

критериалды бағалау тәртібі

 

 

Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 

беру стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алатын білім алушылардың 

оқу  жетістіктерін  бағалауды  ұйымдастыру,  өткізу  тәртібі  анықталады.  Құжат 

төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі: 

• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері; 

• жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;   

• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері. 

 

Негізгі  және  жалпы  орта  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  критериалды 



бағалау бойынша нұсқаулық  

Критериалды  бағалауға  арналған  бұл  нұсқаулық  жаңартылған  білім  беру 

мазмұнын  енгізу  аясында  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  бойынша 

44 


 

мұғалімнің  іс-әрекетіне  өзгерістер  енгізудің  теориялық  және  тәжірибелік  негізін 

анықтайды.  Берілген  ұсыныстар  бағалау  рәсімдерін,  олардың  белгіленген 

стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге 

мүмкіндік береді.  

  

 

Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалауды 



енгізу бойынша нұсқаулық  

Әрбір  қалалық/аудандық  білім  беру  бөлімдерінде,  мектептерде  критериалды 

бағалау  жүйесін  енгізу  үдерісін  үйлестіретін  жауапты  тұлғалар  тағайындалады. 

Өңірлік  үйлестірушілер  қалалық/аудандық  білім  беру  бөлімдерінің  әдіскерлерінің 

ішінен,  мектепте  жалпы  білім  беретін  мектеп  директоры  орынбасарларының  ішінен 

анықталады.  Үйлестірушілердің  негізгі  рөлі  бағалау  жүйесінің  сапасын  жалпы 

басқаруды,  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалаудың  рәсімдерін,  үдерістерін 

жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.  

Өңірлік  және  мектептегі  үйлестірушілер  үшін  критериалды  бағалауға  арналған 

нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, 

облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын 

қамтып  көрсететін  құжат  болып  табылады.  Нұсқаулықта  бағалау  үдерісін 

ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар 

үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.    

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы  



Жинақта  оқу  бағдарламасындағы  барлық  оқу  мақсаттары  бойынша 

қалыптастырушы 

бағалауды 

өткізуге 

арналған 

тапсырмалар 

үлгілері 

дескрипторлармен  бірге  ұсынылған.  Тапсырмалар  ұсыныс  түрінде  берілген,  білім 

алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.   

  

 



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар  

Әдістемелік  нұсқаулықта  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және  тоқсандық 

жиынтық  бағалауды  ұйымдастыру,  өткізу  жолдары  көрсетілген.

 

Құжат  бөлім/ортақ 



тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  дескрипторлары,  балдарымен  бірге 

берілген тапсырмалар үлгілерінен тұрады.  

 

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы  

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  стандартталған  және 

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін міндетті құжат болып табылады.  

 

45 



 

2-

қосымша 

 

Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің рефлексияға қатысты 



сұрақтары  

 

Сабаққа дейін (жоспарлау) 

• 

Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден тұрады.  



• 

Мен білім алушылардың

 

 

қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын, мұны қалай 



түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар. 

Сабақта   

• 

Менің білім алушыларым сабақтың оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін біледі.  



• 

Мен  әуелі  білім  алушыларымның  осы  сабақтағы  тақырып  бойынша  білім,  дағды, 

түсіну деңгейлерін анықтаймын. 

• 

Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.  



• 

Әр  білім  алушы  өзі  орындайтын  тапсырмалардың  бағалау  критерийлерін,  одан  не 

күтілетінін біледі.  

• 

Мен  білім  алушылардың  тапсырманы  орындау  бойынша  нәтижелерін  сабақ 



барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.  

• 

Мен  білім  алушылардың  өз  білімдеріне  жауапкершілікпен  қарауына,  бір-бірінен 



үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.   

• 

Ашық  сұрақтар  білім  алушылардың  түсінгенін  үнемі  тексеріп  отыру  үшін 



қолданылады.   

• 

Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.  



• 

Мен  білімін,  түсінгенін  тексеру  үшін  қалыптастырушы  бағалаудың  түрлі  әдістерін 

қолданамын.  

• 

Мен білім алушылардың ілгерілеуін мониторингілеу үшін бағалау нәтижелерін тіркеп 



отырамын.  

• 

Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі бар.  



• 

Бағалау  нәтижелері  білім  алушылардың  оқудағы  олқылықтарын  анықтау  үшін 

қолданылады.  

• 

Мен  өз  білім  алушыларымның  жұмысына  сындарлы  (конструктивті)  кері  байланыс  



беремін.   

Сабақтан соң 

• 

Мен талдаймын: 



 

оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?  

 

не орындалды, нені орындау керек еді? 



 

не орындалмады? 

 

келесі жолы басқаша қалай жасауға болады? 



 

нені қайталау қажет?   

 

жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді? 



 

білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды ма?   



 

 

46 



 

3-

қосымша 

 

Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу  

 

Оқу  мақсаттарына  жету  деңгейін  анықтау  үшін  бағалау  критерийлері 



құрастырылады,  ол  Б.Блум  таксономиясы  арқылы  оқу  мақсаттарына  сәйкес  ойлау 

дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі.  

Блум  таксономиясын  1956  жылы  америкалық  психолог  Бенджамин  Блум 

когнитивтік  ортада  педагогикалық  оқу  мақсаттарын  болжайтын  алты  ойлау 

дағдылары:  білу,  түсіну,  қолдану,  талдау,  синтез,  бағалау  арқылы  топтастыруды 

ұсынды. 


Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі 

болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың төңірегінде берілді (1-

кесте):  

• 

білу және түсіну; 



• 

қолдану; 

• 

жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).  



 

 

Бағаланатын дағдылар сипаттамасы  

Ойлау 

дағдыларының 

топтары 

Сипаты  

Етістіктер  

Білу және түсіну 

Нақты  деректерді,  ақпараттар 

мен 


сипаттамаларды, 

есте 


сақтау 

немесе 


елестету, 

меңгерген  материалды  дұрыс 

жеткізу, 

болжау 


немесе 

ақпаратты  жеткізу  арқылы  түсіну 

және 

түсіндірудегі 



баға 

қабілеттілігі.  

атайды, назар аударады, есте 

сақтайды, талқылайды, анықтайды, 

айтады, жазады, қайталайды, 

көрсетеді, хабарлайды.  

 

Қолдану  



Бір мәселені нақты жаңа 

жағдайда шешу үшін меңгерген 

материалды қолданудағы баға 

қабілеттілігі. Білімді қолданудың 

таныстыру әдісі тәжірибелік 

жұмыстар, эксперименттер, жоба 

жұмыстары, мәселені шешу және 

жаңа және/немесе түрлі 

нәтижелер жасау болып  

табылады.   

қолданады, санайды, өзгертеді, 

таңдайды, топтастырады, аяқтайды, 

қорытындылайды, таныстырады, 

табады,  жасайды, ықпал етеді, 

зерттейді,  эксперимент жүргізеді, 

түсіндіреді, сахналайды, түрлендіреді, 

сәйкестендіреді, жоспарлайды, 

көрсетеді, шешеді, пайдаланады, 

құрайды, іске асырады.  

Жоғары деңгей 

дағдылары 

(талдау, жинақтау 

және бағалау) 

Баға қабілеттілігі:  

ақпараттық материалдарды 



жеке бөліктерге бөлу, дәлелді 

анықтау жолымен түрлі пікірлер 

алу үшін ақпараттарды немесе 

себебін, тұжырымын меңгеру, 

жалпы ережелер үшін дәлелдер 

табу;  


талдайды, бағалайды, топтастырады, 

есептейді, қабылдайды, салыстырады, 

байланыстырады, қарсы қояды, 

сынайды, талқылайды, саралайды, 

ажыратады, бөледі, зерттейді, 

эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, 

пікір білдіреді, сәйкестендіреді, 

тексереді.  

47 

 


Ойлау 

дағдыларының 

топтары 

Сипаты  

Етістіктер  

жаңа мәнмәтінде бөліктерді 



(идея, элементтер) біріктіру, 

қиыстыру, мысалы хабарлама 

(сөз сөйлеу, баяндама оқу), 

әрекет жоспары, қажет мәліметті 

реттейтін кесте;  

осы немесе басқа материалдың 



маңызын бағалау (бекітілген 

көркем шығарма, зерттеу 

мәліметтері).    

топтастырады, жинақтайды, қосады, 

үйлестіреді, құрайды, құрады, 

құрастырады, жалпылайды, біріктіреді, 

саралайды, ұйымдастырады, 

жоспарлайды, ұсынады, орнатады, 

біріктіреді, аргумент келтіреді, 

негіздейді, келіседі, салыстырады.  

дәлелдейді, таңдайды, салыстырады, 

қорытынды жасайды, сендіреді, 

негіздейді, түсіндіреді, өлшейді, 

болжайды, алдын алады, ұсынады, 

пікір білдіреді, саралайды, бөліп 

көрсетеді, қосады, қолдайды, 

тексереді, бағалайды, талдайды.  

 

Бағалау  критерийлерін  құрастыру  кезінде  мұғалім  әр  ойлау  дағдыларының 

деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

48 


 

4-

қосымша 

 

Қалыптастырушы бағалау әдістері 

№ 

Әдісі  

Сипаты  

1.   


Қолмен белгі 

беру 


Мұғалім түсіндіруін тоқтатып, қолды көтеру арқылы материалды түсініп 

немесе түсінбей отырғанын айғақтайтындай белгі беруін өтінеді. Белгілер 

алдын ала келісіледі. Мысалы:   

− 

қолдың бас бармағы жоғарыға қарай бағытталған: мен бәрін түсіндім 



және түсінгенімді айта аламын; 

− 

қолдың бас бармағы төменге қарай бағытталған: мен әлі түсінген 



жоқпын; 

− 

қол бұлғау:  мен өзіме сенімсізбін; 



Мұғалімнің білім алушыларға қосымша сұрақтар қоюына болады, 

мысалы, кім өзіне сенімсіз? кім түсінбеді? кім түсінді? 

2.   

Бағдаршам  



Әр білім алушының қолында бағдаршамның үш түсі көрсетілген 

парақшалар болады. (барлығы түсінікті – жасыл, сұрағым бар – сары, 

түсініксіз – қызыл). 

3.   


Жинақтау 

парақшасының 

индексі  

Мұғалім білім алушыларға екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар 

парақтарды жиі таратып отырады: 

1-

беті: Өткен тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шығыңыз 



(бөлімдер, тақырыптар) және оны қорытып айтыңыз. 

2-

беті: Өткен тақырыптан тағы нені түсінбегеніңізді анықтаңыз (бөлімдер, 



тақырыптар) және өз сұрақтарыңызды құрастырыңыз. 

4.   


Бір минуттық 

эссе 


Білім алушылардың оқу материалын меңгергенін кезең-кезеңмен 

қадағалау үшін сабақтың кез келген уақытында қолдануға болады. 

Мұғалім қоюы мүмкін сұрақтар: 

Ең бастысы (бүгін) сіз не білдіңіз? 



Есіңізде не қалды?  

Қандай сұрақ сіз үшін түсініксіз болды? 



5.   

Екі жұлдыз, бір 

тілек 

Білім  алушылардың  шығармашылық  жұмыстарын,  шығарманы,  эссені 



бағалау  кезінде  қолданылады.  Білім  алушыларға  екі  жағымды  тұсын 

анықтау  әрі  оны  жұлдызшамен  белгілеу  («екі  жұлдыз»)  және  өз  ойы 

бойынша  оның  қай  тұсын  толықтырып  жазу  қажеттігін  анықтау 

тапсырылады («тілек»).   

6.   

Үш минуттық 



үзіліс 

Мұғалім білім алушыларға сабақты түсінуін, идеясын, өткен тақырыппен 

байланыстылығын, білімі мен тәжірибесін, сондай-ақ түсініксіз тұстарын 

анықтау үшін ойлануға мүмкіндік беретін үш минуттық үзіліс береді. 

Мысалы:  

… туралы көп білдім  

Мен бұған таң қалдым, себебі …                     ƒ  

Мен …    … сездім. 

Мен …   … қарадым. 

7.   


Ауызша бағалау  Білім алушы мен мұғалімнің ауызша кері байланысы сабақтың барлық 

кезеңінде тиімді.  

8.   

Температураны 



өлшеу 

білім алушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін 

қолданылады. Ол үшін мұғалім білім алушыларды тоқтатып, сұрақ қояды: 

Біз не істеп жатырмыз?  

Білім алушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы, 

оны орындау үдерісі туралы ақпаратты ұсынады. 

 

 

49 



 

5-

қосымша 

 

 

20_____ - 20______ 

оқу жылына жиынтық бағалау өткізудің жоспары 

Пән_____________________________                                                                                                           Сынып________________________ 

 

Т



оқ

сан

  

Т

оқ

сан

дағ

ы

 

ап

та с

ан

ы

 

Жиынтық бағалау рәсімдері  

(

бөлім бойынша жиынтық 

бағалаудың тақырыптары) 

Ап

та

  

Бағалауды өткізу түрі 

Жиынтық бағалау 

рәсімдерінің 

орындалу ұзақтығы  

Мерзімі  

Ескерту  

құ

ра

ст

ы

ру

 

сар

ап

там

а 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

50 


 

6-

қосымша 

 

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ БӨЛІМ 



БОЙЫНША ОҚУ ЖЕТІСТІГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ  

 

Білім 

алушының 

аты-жөні

 

 

Пән 

 

Тоқсан  ____ 

 «______________» 

бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен  

Орта  

Жоғары  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің 

қосымша пікірі 

 

 



 

 

 



 

 

Мұғалімнің аты-жөні _______________________________ 



Қолы  ________ 

Күні  ________ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

51 



 

7-

қосымша 

 

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге 



арналған нұсқау  

 

Білім алушылар орындарына жайғасып, тоқсандық жиынтық бағалау 



жұмысын  орындауға  дайын  болған  кезде  мұғалім  төмендегілерді 

орындауы қажет: 

• 

Тапсырманы  білім  алушы  отырған  партаның  үстіне  бетін  төмен 



қаратып қояды, бетті аударып қарамауын өтінеді.   

• 

Білім  алушыларға  бағалауды  өткізу  ережелерін  сақтау  қажеттігі 



туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.   

• 

Бағалауды  өткізу  кезінде  білім  алушылардың  бір-бірімен 



сөйлесуіне,  көмек  сұрауына,  біреуге  көмектесуіне  болмайтыны  туралы 

ескертіледі.  

• 

Білім 


алушылардың 

тапсырманы 

орындауға 

қажетті 


құралдарының бар екеніне көз жеткізеді.  

• 

Білім  алушылардан  тапсырма  парағының  бетін  аударып,  өзі 



туралы  мәліметті  толтыруын  сұрайды:  білім  алушының  тегі,  аты  және 

сыныбы (мектебі).  

• 

Жұмысты  орындауға  берілген  уақытты  хабарлайды.  Бағалау 



жүргізіліп  жатқан  кезде  білім  алушылардың  бір-бірімен  сөйлеспеу 

керектігін ескертеді.  

• 

Білім  алушылардың  нұсқауды  түсінгеніне  көз  жеткізеді,  сұрақ 



туындаған жағдайда жиынтық бағалау жұмысы басталмас бұрын жауап 

береді.  

• 

Тақтаға  жиынтық  бағалау  жұмысының  басталу  және  аяқталу 



уақытын  жазады,  білім  алушылар  хабардар  болу  үшін  қосымша 

дауыстап айтады.  

• 

Бағалау  жүріп  жатқан  кезде  білім  алушылардың  жұмысты  өз 



бетінше орындап жатқанына көз жеткізеді. Олар бірі-бірімен сөйлеспеуі 

қажет, бір-бірінен көшіруіне болмайды.   

• 

Білім алушылардың тапсырманы орындау кезінде көмек болатын 



қосымша  құралдарды  қолданбағанына  көз  жеткізеді,  мысалы,  сөздіктер 

немесе  калькуляторлар  (егер  аталған  заттар  тоқсандық  жиынтық 

бағалаудың спецификациясында қарастырылмаған болса).  

• 

Бағалау  өтіп  жатқан  кезде  мұғалім  нұсқауға  немесе  жұмысты 



орындау  уақытына  қатысты  сұрақтарға  жауап  береді.  Мұғалімнің  білім 

52 


 

алушылардың  жазуына,  сұрақты  өзгертіп  айтуға  көмектесуіне  немесе 

ақпарат беруіне болмайды.  

  

Білім  алушылардың  келген,  келмегенін  белгілеп  алу  қажет.  Білім 



алушылардың  жас  ерекшелігіне  қарай  анықталған  уақыт  аралығы,  яғни 

жұмысты орындауға неше уақыт қалғаны туралы ақпарат беру маңызды. 

 

Бағалау  жұмысын  аяқтауға  5  минут  қалғанын  білім  алушыларға 



ескерту қажет.   

 

Егер  кейбір  білім  алушылар  жиынтық  бағалау  жұмысын 



белгіленген  уақыттан  бұрын  орындайтын  болса,  мұғалім  оларға  өз 

жауаптарын  қайта  қарап  шығуын  өтінеді.  Жиынтық  бағалау  жұмысын 

орындау  уақыты  аяқталған  соң  мұғалім  білім  алушылардан  жұмысты 

орындауды  тоқтатуын  және  қалам/қарындаштарын  үстел  үстіне  қоюын 

өтінеді. Барлық жұмыс жиналып біткенше білім алушылардың бір-бірімен 

сөйлеспеуі және тыныш отыруы өте маңызды.  

 

 

 



 

 

53 



 

8-

қосымша 

 

Тоқсандық жиынтық бағалау модерациясын өткізу қорытындысы бойынша 



отырыс хаттамасы  

           

 

Білім беру мекемесінің атауы  

Пән 

Сынып  

Тоқсан  

Оқу жылы 

Модерацияға 

қатысушылар 

Аты-жөні 

Қолы  

Модерация  

төрағасы 

 

 



Пән мұғалімдері  

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Модерацияға қатысушылардың қолы:  



 

Аты-жөні______________________ қолы_____________  

Аты-жөні______________________ қолы_____________  

Аты-жөні______________________ қолы_____________  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жұмыс 

 

№ 

Модерация 

ға дейінгі 

балл 

Модерация 

дан кейінгі 

балл 

Шешімнің негіздемесі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

54 


 

ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ

Теруге 19.07.2017. берілді. Басуға 25.07.2017. қол қойылды.  

Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс.  

Шартты б. т. 5,9. Таралымы 20 дана. Тапсырыс № 1574

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. 

e-mail: info@cpm.kz.



Document Outline

  • КІРІСПЕ
  • 1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
  • 2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
  • 3 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
  • 4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
    • 4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі
      • 4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
      • 4.1.2 Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
      • Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
      • Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.
      • Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да н...
      • Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қа...
      • Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
      • Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
      • 4.1.3 Кері байланыс беру
      • 4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
    • 4.2 Жиынтық бағалау үдерісі
      • 4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
        • 4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
        • Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу.
        • 4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау
      • 4.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі
    • Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алын...
      • 4.2.2.1 Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
      • 4.2.2.2  Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау
      • 4.2.2.3 Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
  • 5.1А Бөлім: «Натурал сандар және нөл саны»
  • 6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ
    • 6.1 Тоқсандық баға қою
    • 6.2 Жылдық баға қою
  • 1-қосымша
    • Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы ...
    • Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсетет...
  • 2-қосымша
  • 3-қосымша
  • 4-қосымша
  • 5-қосымша
  • 6-қосымша
  • 7-қосымша
    • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқау
  • ++.pdf
    • 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
    • «Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
    • 6. Модерация және балл қою
    • 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
      • «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • «Шамалар және өлшем бірліктері»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • «Жиын және оның элементін белгілеу. және таңбалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
    • 6. Модерация және балл қою
    • 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
      • «Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы»
      • бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • «Көбейту және бөлу. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • «Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
    • 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
      • «Тиімді есептеу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • «Есептерді шешу тәсілдері»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • «Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
      • 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет