«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата21.10.2019
өлшемі1,34 Mb.
#50346
1   2   3   4
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп


4.2 

Жиынтық бағалау үдерісі 

Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын  меңгеру  деңгейін  тіркеу,  анықтау  үшін  жүргізіледі.  Тіркеу 

үдерісі  кезінде  оқу  бағдарламасының  мазмұнына  сәйкес  білім 

алушылардың  білімін,  дағдысын  көрсететін  дәлелдерді  жинау  жүзеге 

асырылады.  Жиынтық  бағалау  тоқсан  барысында  (бөлім/ортақ 

23 

 


тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау),  тоқсан  соңында  (тоқсандық 

жиынтық  бағалау)  және  білім  беру  деңгейін  аяқтағанда  (негізгі  орта, 

жалпы орта) жүргізіледі.   

Жиынтық  бағалау  бойынша  балл/деңгей/баға  туралы  шешімді 

мұғалім  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  қолданады.  Сонымен  бірге 

мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы 

үшін  дескрипторлар  немесе  балл  қою  кестелері  көмектеседі.  Аталған 

ақпарат  қалыптастырушы  бағалаудағы  сияқты  жоспарлау,  түзету,  оқу 

үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.  

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты 

бақылау  тапсырмаларын,  әдістерін,  кезеңдерін  көрсетіп,  оқу  жылына 

жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (5-қосымша). 

 

4.2.1 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  оқу 

бағдарламасына,  оқу  жоспарына  сәйкес  бөлім  немесе  ортақ 

тақырыптарды  аяқтаған  кезде  өткізіледі.  Аталған  жиынтық  бағалаудың 

нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке 

алынатын балдар қойылады.   

Бөлім  бойынша  жиынтық  бағалаудың  қай  сабақта  және  қандай 

формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, 

жоба,  ауызша  сауал,  эссе  және  т.б.)  өткізілетінін  мұғалім  өз  бетінше 

анықтайды.  

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын 

құрастыруды  мұғалім  оқу  бағдарламасындағы  өтілген  материалдың 

күрделілік  деңгейі  мен  мазмұнын  есепке  ала  отырып,  жүзеге  асырады. 

Тапсырмалар  оқу  мақсаттары,  бағалау  критерийлері  мен  ойлау 

дағдылары  деңгейлеріне  сәйкес  болуы  тиіс.  Жиынтық  бағалауға 

арналған  әдістемелік  ұсыныста  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 

жиынтық  бағалау  өткізудің  тапсырмалар  үлгілері,  ұсыныс  түрінде 

берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған.  

Сапалы  бағалаудан  бөлек  жақсы  құралдардың  болуы  бағалау 

рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты 

екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі 

және  олардан  не,  қандай  мерзім  талап  етілетінін  білуі  тиіс.  Аталған 

кезеңде  мұғалім  білім  алушылар  «жақсы  жұмыс»  қандай  болатынын 

және  бөлім\ортақ    тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  қалай 

өткізілетінін  түсінуі  үшін  бағаланған  жұмыстар  үлгілерін  қолдануына  да 

болады.  

24 

 


 

4.2.1.1 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 

жоспарлау және ұйымдастыру 

Бөлім/ортақ 

тақырыптар 

бойынша 


жиынтық 

бағалауды 

ұйымдастыру,  жоспарлау  бекітілген  бағалау  критерийлері  ережесіне 

сәйкес  өткізіледі.  Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық 

бағалаудың  рәсімдер  саны  жиынтық  бағалауға  қатысты  әдістемелік 

ұсыныста берілген: 

• 

жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша; 



• 

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;  

• 

тілдік  пәндер  –  сөйлеу  әрекетінің  түрлері:  тыңдалым,  айтылым, 



оқылым, жазылым бойынша анықталады. 

Бөлім және оқу мақсаттарының саны (5-кесте) пәндерге байланысты 

әр түрлі болуы мүмкін.  

 

5-



кесте. «Математика» пәнінен бөлім бойынша мысал, 5-сынып 

 

1-



тоқсан - 9 апта 

Ұзақ мерзімді 

жоспар бөлімі 

Бағдарлама бойынша бөлімшелер 

Мақсаттар 

саны 

Натурал сандар 

және нөл саны 

 

Натурал сандар және нөл саны. 



18 

Координаталық сәуле. Натурал сандарды 

салыстыру.  

Натурал сандарға арифметикалық  амалдар 

қолдану.  

Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері.  

Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу. 

Мәтін есептерді шығару. Натурал сандардан 

тұратын сандар тізбегі. 

Натурал сандардың 

бөлінгіштігі   

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. 

 

16 


Жай және құрама сандар. 

2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. 

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. 

Дәреже. 


Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. 

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші 

ортақ еселік. 

Жай бөлшектер

  

 

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу. 



Жай бөлшектің негізгі қасиеті. 

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. 

Аралас сандар. 

Жай бөлшектер мен аралас сандарды 

координаталық сәуледе кескіндеу. 



Барлығы: 

42 

 

 



 

25 


 

Мысалы, 5-сыныптағы  математика  пәнінен  оқу  бағдарламасының 

ұзақ мерзімді жоспарында 1-тоқсан бойынша 3 бөлім берілген: «Натурал 

сандар  және  нөл  саны», «Натурал  сандардың  бөлінгіштігі», «Жай 

бөлшектер».  Сәйкесінше,  математикадан  1-тоқсандағы  бөлім  бойынша 

жиынтық  бағалау  әр  бөлімді  меңгеру  және  аяқталуына  қарай  үш  рет 

өткізіледі.  

 

Кейбір  пәндерден  ұзақ  мерзімді  жоспарға  сәйкес  бір  тоқсан 



барысында  меңгеру  үшін  1-ден  5-ке  дейін  бөлімдер  берілген.  Бөлім 

бойынша жиынтық бағалау 1 бөлімнен тұрған жағдайда тоқсанның екінші 

жартысында  1  рет,  тоқсан  соңына  дейін  2  аптадан  кем  емес  уақытта 

өткізіледі. 

 

Осыған  байланысты,  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалаудың 



максималды саны тоқсанда 3-тен артық болмауы қажет, 4 және одан да 

көп бөлімдерді меңгеру қажет болған жағдайда, мұғалім оқу мақсаттарын 

есепке ала отырып, бөлімдерді біріктіреді.   

Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанда екі рет 

өткізіледі.  Әр  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалауда  сөйлеу  әрекеттерінің 

(

тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) екі түрі тексеріледі.  Сонымен 



бірге  айтылым  дағдысын  бірінші  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалау 

уақытында  өткізу  ұсынылады.  Айтылым  дағдысын бағалауды  жиынтық 

бағалау өткізу жоспарланған апта ішінде сабақ үстінде өткізуге болады. 

Әр  білім  алушының  жауабы  шамамен  1-ден  5  минутқа  дейінгі  уақыт 

аралығын қамтуы мүмкін.  

Бөлім  бойынша  соңғы  жиынтық  бағалауды  тоқсан  соңына  дейін  1 

аптадан кем емес кезеңде өткізу жоспарланады.  

Бөлім  бойынша  жиынтық  бағалауды  орындау  уақытын  мұғалім 

берілген  тапсырмалар  мен  оны  орындауға  кететін  орташа  уақытты, 

жұмысты  орындауды  есепке  ала  отырып  анықтайды.  Сонымен  бірге 

бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 15-20 минут уақыт 

аралығын  қамтитындай  етіп  жоспарлау  ұсынылады.  15-20  минуттық 

шектеу  –  шартты,  сабақтың  белгілі  бір  кезеңін  ғана  алатындай,  шағын 

көлемді бағалау жұмыстарын көрсету мақсатында енгізілген.  

Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары жиынтық жұмыстың 

мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 

жиынтық  жұмыстың  мазмұнына  меңгерген  бөлім  бойынша  білім  мен 

дағдылар  деңгейіне  жеткенін  көрсетуге  мүмкіндік  беретін  оқу 

мақсаттарын қамту ұсынылады.  

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын 

құрастыру  кезінде  мұғалім  жиынтық  бағалауға  қатысты  әдістемелік 

26 


 

ұсыныста  көрсетілген  үлгілерді  қолдануына  болады.  Одан  басқа, 

мұғалімге  өз  бетінше  бағалау  құралдарын  құрастыру  ұсынылады.  Ол 

үшін мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады (6-

сурет): 


1) 

оқу  бағдарламасы,  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  оқу 

мақсаттарын меңгеру;  

2) 


жиынтық  бағалауда  тексерілетін  оқу  мақсаттарына  сәйкес 

бағалау  критерийлерін  анықтау,  ойлау  дағдыларының  деңгейлерімен 

сәйкестендіру;  

3) 


ойлау  дағдыларының  деңгейлеріне  сәйкес  келетін  тексерілетін 

критерийлердің,  оқу  мақсаттарының  мазмұнын  қамтитын  бір  немесе 

бірнеше тапсырмалар дайындау;  

4) 


әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;  

5) 


білім  алушыларға,  олардың  ата-аналарына  жиынтық  бағалау 

нәтижелерін  ұсыну  үшін  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық 

бағалауға  рубрикалар  құрастыру  (бағалау  критерийлерінің  деңгейлерге 

сәйкестігін сипаттау).   

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



6-

сурет. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 

тапсырмаларын құрастыру алгоритмі  

 

Осылайша  мұғалім  бөлім  немесе  ортақ  тақырыптар  бойынша 



жиынтық  бағалауды  жоспарлау  кезінде  оқу  мақсаттарының  негізгілерін 

көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін 

бағалау  критерийлерін  анықтайды.  Оқу  мақсаттары  мен  бағалау 

критерийлері 6-кестеде көрсетілген.  

   

6-

кесте.  «Натурал  сандар  және  нөл  саны»  бөліміндегі  оқу 



мақсаттары мен бағалау критерийлері, «Математика» 5-сынып 

Бөлім 


Оқу мақсаттары 

Ойлау дағдыларының 

деңгейлері 

 

Бағалау 



критерийлері 

Түрлі деңгейдегі 

тапсырмалар 

Дескрипторлар, балдар  

Рубрикалар  

27 


 

Бөлім

 

Оқу мақсаты 

Бағалау критерийі 

Ойлау 

дағдыларының 

деңгейі 

Білім алушы 

Натурал 


сандар және 

нөл саны 

Натурал сандар 

жиыны ұғымын 

меңгеру  

натурал сандар жиынын анықтайды  

Білу және түсіну 

Бірлік кесінді 

ұғымын түсіну 

бірлік кесіндіні анықтайды 

Білу және түсіну 

Натурал сандарды 

координаталық 

сәуледе кескіндеу   

берілген координатаға сәйкес 

координаталық сәуледе нүктелерді 

кескіндейді  

Қолдану  

сол жақта/оң жақта орналасқан 

нүктелерді анықтайды  

берілген нүктеден оңға қарай 

орналасқан нүктені анықтайды  

 

Бөлім  бойынша  жиынтық  бағалаудың  міндеті  –  білім  алушының 



ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу.   

 

 



4.2.1.2 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау 

нәтижелерін талдау  

Мұғалімге  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың 

нәтижелеріне  талдау  жүргізу  ұсынылады.  Аталған  талдау  білім 

алушыларға  кері  байланыс  беруге,  сыныптың  оқу  жетістігі  деңгейін 

анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда 

қалыптастырушы,  жиынтық  бағалау  рәсімдерінің  алдағы  уақыттағы 

әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.  

Жалпы алғанда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

білім  алушының  оқудағы  кемшіліктерін  уақытында  анықтау  және  оның 

алдын алу үшін өткізіледі. Белгілі болғандай, білім алушылардың басым 

бөлігі  өз  оқуында  түріне,  санына,  сапасына  және  т.б.  қарай  белгілі  бір 

кемшіліктерді жинақтай бастайды және жалғастырады.  

Егер «кемшілік» сөзінің мағынасына мән беретін болсақ, ол қателік 

немесе  кемшілік,  жетіспеушілік  дегенді  білдіреді  (Ушаков,  1940).  Өз 

кезегінде  қателік  дегеніміз  тиісті  нәрсені  орындамау,  жеткіліксіз  қарау, 

ұқыпсыздықтан  қателік  жіберу,  ал  кемшілік,  жетіспеушілік  дегеніміз 

жетілмеу,  ақаулық,  олқылық,  бір  нәрсенің  сапасыздығы  деп 

сипатталады.  Сондықтан  оқудағы  кемшіліктердің  сипатын  қарастыра 

келіп,  кейбір  білім  алушылардың  кемшілік  деп  танылатын  мардымсыз, 

жөндеуге  болатын  қателіктері,  кейбіреуінде  маңызды  кемшіліктер, 

олқылықтар бар деп айтуға болады. 

 

Кемшіліктерді  анықтау  үшін  мұғалімдерге  сапалы  (валидті) 



тапсырмаларды  іріктеуі/құрастыруы,  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 

28 


 

жиынтық  бағалау  үдерісін  сабақта  әр  білім  алушының  материалды 

меңгеру  деңгейін  дер  кезінде  диагностикалауға  мүмкіндік  беретіндей 

жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс 

шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым 

тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі 

тиіс.  


Оқу  білім  алушының  басында  түсіну,  жеткізу,  болжау  түрінде 

болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау 

үшін  ең  сенімді,  жарамды  (валидті)  негізді  талап  ететін  үдеріс  екенін 

естен  шығармауымыз  қажет.  Негіз  ретінде  қалыптастырушы  бағалау 

кезіндегі  бақылау  және  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық 

бағалау  кезіндегі  нәтижелер  қызмет  атқаруы  мүмкін.    Бұдан  басқа 

қосымша негіздеме ретінде мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы 

шешім  қабылдауы  кезіндегі  сенімділігін  арттыру  мақсатында  туындаған 

қиындықтарды білім алушымен бірге талқылауына болады. Оған көмегі 

тиетін жағдай туындағанда, осы шара туралы оның пікірін, ойын білуіне 

болады.  

Бағалаудың  дәстүрлі  жүйесінде  мұғалім,  білім  алушы  мен  ата-

аналар  туындаған  таптаурын  жағдайларды  анықтауда,  кемшіліктерді 

түсінуде  сапалық  көрсеткішті  пайдалануға  дағдыланған.  Егер  мұғалім 

«5» немесе «4» деген баға қойса – бұл кемшілік жоқ немесе елеусіз ғана 

қателік деген сөз; «3» деген баға қойса – түзетуге болатын және түзетуді 

қажет  ететін  кемшіліктер  бар;  «2»  деген  баға  қойса  –  қосымша  күшті 

қажет  ететін  салмақты  қателері  бар  деген  сөз.  Мұндай  түсінік  кейбір 

мектеп  мұғалімдері  мен  өз  балалары  тарапынан  кемшіліктердің  алдын 

алуға болады дейтін немесе сыртқы көмекке, мысалы, сабақ үйретушіге 

(репетитор)  сүйенуге  болады  деп  түсінетін  ата-аналарға  жеткілікті, 

қолайлы  болуы  мүмкін.  Алайда  білім  алушылар  мен  мұғалімдер  үшін 

мұндай бағалау тәсілінің пайдасы шамалы.   

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  үдерісінде 

оқудағы  кемшіліктерді  айқындау  үшін  білім  алушының  нақты  неден 

қиналатынын  анықтау  ғана  маңызды  емес,  сондай-ақ,  қалай,  неге 

туындағанын анықтау да маңызды.  

Білім  алушылардың  оқудағы  кемшіліктерінің  алдын  алу  үшін 

бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  нәтижелеріне 

қатысты  сындарлы  (конструктивті)  кері  байланыс  беру  және  мұғалім 

тарапынан (оқыту үдерісіне түзетулер енгізу) да, білім алушы тарапынан 

(қосымша  және/немесе  өз  бетінше  оқу)  да  білім  мен  дағдыны 

толықтыруға бағытталған әрекеттер жасалуы қажет.   

29 


 

Ақпараттарды  жинау  және  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 

жиынтық  бағалау  нәтижелерінің  талдауы  үшін  «Тапсырманы  орындау 

пайызы»  көрсеткішін  қолдану  ұсынылады.  Бұл  көрсеткіш  максималды 

мүмкін балдарға қатысты білім алушылардың жинақтаған балдық үлесін 

көрсетеді.  Тоқсан  барысындағы  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 

жиынтық бағалауға қатысты білім алушы нәтижесінің мысалы 7-кестеде 

берілген.   

 

7-



кесте.  Білім  алушының  тоқсан  барысындағы  бөлім/ортақ 

тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері 

 

 

Бөлім 



бойынша 

ЖБ 

№  

Білім 

алушы 

балы  

Бөлім бойынша 

ЖБ 

максималды 

балл 

Тапсырманы 

орындау 

пайызы * 

Деңгейі  



10 

70% 


Орта   



10 

80% 


Орта  



12 

33,3% 


Төмен  



Есептеулер электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады 

 

 



Бөлім  бойынша  жиынтық  жұмыс  қорытындысы  негізінде  білім 

алушының  жеткен  оқу  жетістігі  деңгейі  тапсырманы  орындау  пайызына 

сәйкес  анықталады.  Білім  алушылардың  оқу  жетістігі  деңгейлерінің 

жалпы сипаты 8-кестеде көрсетілген.  

 

 

30 



 

8-

кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты 



Деңгейлер   Тапсырманы 

орындау 

пайызы 

Сипаты  

Төмен 


деңгей  

 

0%-39% 



 

• 

Пән  бойынша  терминдер  мен  ұғымдарға  қатысты  қарапайым 



білімін және түсінігін көрсетеді  

• 

қарапайым 



тапсырмаларды 

орындайды 

және 

тікелей 


нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі 

• 

ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер 



және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасайды  

• 

қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады 



Орта 

деңгей 


40%-84% 

• 

пән  бойынша  терминдер  мен  ұғымдарды  жеткілікті  түсінгенін 



және білімін көрсетеді   

• 

әдеттегі  тапсырмаларды  орындайды,  таныс  және  кейбір  таныс 



емес жағдайларда білімін орынды қолданады 

• 

ақпаратты  жинақтайды  және  ішінара  негіздей  отырып, 



қорытынды  жасайды,  алынған  нәтижелерге  қатысты  аргументтер 

келтіреді 

• 

әдеттегі 



тапсырмалар 

үлгілерін 

ажыратады, 

шешудің 


стандартты жолдарын ұсынады және қолданады  

• 

тапсырмалардың  бекітілген  жиынын  шешу  үшін  оқу 



бағдарламасының  басқа  өрістеріне  қатысты  білімін,  дағдыларын 

кіріктіреді 

Жоғары 

деңгей 


85%-100% 

• 

пән  бойынша  терминдер  мен  ұғымдарға  қатысты  терең  білімін 



және түсінгенін көрсетеді  

• 

қиын  тапсырмаларды  орындайды  және  кең  өрістегі 



жағдайларда білімін орынды қолданады 

• 

әр  түрлі  дереккөздерден  алынған  ақпаратты  жинақтайды  және 



толық  негіздей  отырып,  қорытынды  жасайды,  алынған 

нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді 

• 

қиын 


тапсырмалар 

үлгілерін 

ажыратады, 

шешудің 


альтернативті  және  стандартты  емес    жолдарын  ұсынады  және 

қолданады  

• 

тапсырмалардың  кең  өрісін  шешу  үшін  оқу  бағдарламасының 



басқа  өрістерінен  білімін,  дағдыларын  кіріктіреді,  әр  түрлі 

стратегияларды 

қолданады, 

алынған 


нәтижелердің 

маңыздылығын және негізділігін бағалайды 



 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалауда  орындалған 

жұмыстардың  нәтижелері  білім  алушыларға  түсінікті  болып,  одан  әрі 

білім  алуға  ынталандыруы  қажет.  Кері  байланыс  –  білім  алушылардың 

оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім 

алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз 

бетінше  анықтайды.  Аталған  ақпаратты  рубрика  түрінде  беру 

ұсынылады  (6-қосымша).  Рубрика  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша 

жиынтық  бағалаудың  әр  рәсімі  үшін  құрастырылады,  ол  әр  критерий 

аясындағы  оқу  жетістігі  деңгейін  көрсетеді.  Бөлім/ортақ  тақырыптар 

31 

 


бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру 

кезінде  оған  оның  жиынтық  жұмысын  және  оқу  жетістігі  деңгейі 

көрсетілген  рубриканы  ұсынуға  болады.  Рубрика  үлгісі  7-суретте 

көрсетілген.   



 

 

7-



сурет. Бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша 

рубрика үлгісі 

 

Мұғалімдерге көмек ретінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік 



ұсыныста  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың 

тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.

 

  



 

4.2.2 

Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасы  мазмұнындағы 

білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы 

оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан 

соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар 

қойылады.  

32 

 


Тоқсандық  жиынтық  бағалауда  бақылау-тексеру  жұмыстарын  әр 

түрлі  өткізу  қарастырылады.  Жиынтық  бағалау  жұмыстарын  құрастыру 

кезінде  ойлау  дағдыларының  деңгейлерін,  жетістігін  көрсетуін,  ойлау 

деңгейлерінің  талдау,  жинақтау  және  бағалау  сияқты  жоғарғы 

сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.  

 

4.2.2.1 



Тоқсандық 

жиынтық 

бағалауды 

жоспарлау 

және 

ұйымдастыру   

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  жоспарлау  мен  ұйымдастыру 

жұмыстары  оқу  бағдарламалары  мен  оқу  жоспарларына  сәйкес 

жүргізіледі.   

Әдістемелік  бірлестіктер  жасаған  оқу  жылына  арналған  жиынтық 

бағалаудың  жоспарында  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  рәсімдері 

көрсетілуі қажет (4.2 Жиынтық бағалау үдерісі бөлімін қараңыз). Аталған 

жоспар  бойынша  білім  алушыларға  шамадан  тыс  қиындық  туғызбауы 

және тиімсіз болмауы үшін әр тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың 

кестесін  құру  ұсынылады,  яғни,  бір  күнде  2-ден  артық  жиынтық 

жұмыстарды  өткізу  ұсынылмайды.  Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 

кестесі  мұғалімдерге,  білім  алушыларға,  олардың  ата-аналарына 

таныстырылады. 

 

Егер мектепте мүмкіндік болса әр пән бойынша бір параллельдегі 



сыныптарға бірдей кесте құру ұсынылады, мысалы, 7-сыныптар үшін бір 

күнде,  бір сабақ үстінде  математика  пәнінен  жиынтық  жұмысын  өткізу. 

Мұндай  мүмкіндік  болмаған  жағдайда,  тоқсандық  жиынтық  бағалауды 

кесте  бойынша  өткізуге  болады,  алайда  ақпараттың  тарап  кетуі  және 

көшіріп алу сияқты кемшіліктерді  болдырмау үшін жиынтық жұмыстың 

бірнеше нұсқасын құрастырған дұрыс.  

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу  уақытын жоспарлау кезінде 

демалыс  және  мереке  күндерді,  сондай-ақ,  тоқсандық  және  оқу 

жылының  аяқталу  мерзімін  есепке  алу  қажет.  Тоқсандық  жиынтық 

бағалауды  тоқсанның  және  оқу  жылының  соңғы  күндерінде  өткізу 

ұсынылмайды.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  жоспарлауда  әуелі  оқу 

бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарына  шолу  жасау  керек,  себебі 

бағалау олардың меңгерілуін тексереді.  

Бағалаудың  аталған  рәсімдерін  ұйымдастыру,  жоспарлау  кезінде 

жиынтық  бағалауға  арналған  әдістемелік  ұсыныста  берілген 

тапсырмалар  үлгілері  бар  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 

спецификациясы қолданылады.  

33 

 


Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  мазмұнын, 

құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады: 

• 

тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты; 



• 

пән бойынша күтілетін нәтижелер; 

• 

пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты; 



• 

ойлау  дағдыларының  деңгейіне  байланысты  тексерілетін 

мақсаттарды тоқсандарға бөлу; 

• 

тоқсандық жиынтық  бағалауды өткізу ережесі; 



• 

тоқсандық жиынтық бағалауға шолу; 

• 

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;  



•   

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері; 

• 

тапсырмалардың балл қою кестелері.  



Әр  мектептің  ұсынылған  үлгілерді  қолдануына  немесе  өз  бетінше 

тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау 

тапсырмаларын  құрастыру  спецификацияға  сәйкес  бір  параллельдегі 

барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.  

Тапсырмалар  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  диктант,  мазмұндама,  эссе, 

тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.  

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  бір  параллельде  бірдей  жағдайда 



өткізіледі.  Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  қайта  орындауға  (көшіруге) 

рұқсат етілмейді.   

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  уақытында  белгілі  себептерге 

байланысты  (ауруына,  жақын  туыстарының  қазасына,  конференция, 

олимпиада,  ғылыми,  спорттық  жарыстарға  және  т.б.  қатысуына 

байланысты)  білім  алушылар  келмеген  жағдайда  оларға  мектепке 

келген  соң  екі  апта  ішінде  тапсыруға  рұқсат  етіледі,  ол  үшін  жиынтық 

бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.   

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  материалдарын  білім  алушылар 

жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.    

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  әдетте  мұғалімдермен  өткізілетін 

болғандықтан,  білім  алушылар  жиынтық  бағалауды  орындайтын 

кабинетте  тек  бір  мұғалім  ғана  болады.  Мүмкіндігінше  кез  келген  бос 

мұғалімнің  тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізуді  ұйымдастыруға, 

өткізуге,  мысалы,  бақылаушы  ретінде  көмектесуі  ұсынылады. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  мұғалімнің  жиынтық 

бағалаудың  өткізілуін  үздіксіз  қадағалауы  маңызды  және  басқа 

әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен 

жұмыс жасау).   

 

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер 



34 

 


алдын  ала  дайындайды.  Айналасы  білім  алушыларға  таныс  болуы, 

күнделікті  сабақ  өтіп  жүрген  кабинеттері  болуы  ұсынылады. 

Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет: 

• 

Көшіріп  алудың  алдын  алу  үшін  білім  алушылардың  отыратын 



орнын ойластыру қажет.  

• 

Білім  алушыларда  сұрақ  немесе  мәселе  туындаған  жағдайда 



парталардың  арасы  мұғалім  мен  бақылаушының  еркін  жүріп  тұруына 

мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.   

• 

Негізгі  нұсқаулық  пен  уақыт  жазылып  тұратын  болғандықтан 



тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.  

• 

Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі 



мүмкін 

деген 


плакаттар, 

ақпараттық 

сипаттағы 

қабырға 


материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.    

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізуге  дейін  мұғалім  білім 

алушылардың  тапсырманы  орындау  барысында  көмегі  тиюі  мүмкін 

тыйым  салынған  заттарды  әкелмегеніне  көз  жеткізуі  қажет.  Тыйым 

салынған  заттардың  болу  жағдайы  ережені  бұзушылық  болып 

саналады.     

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  туралы  жан-жақты  ақпарат 

тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  бойынша  мұғалімдерге  арналған 

нұсқаулықта берілген (7-қосымша).    

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет